В Осакаровке:  -4°C , Влажность 88%, Давление 721, ветер 9 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Шетелге шығуға салынған тыйымдардың бар/жоғын @EgovKzBot арқылы тексеруге болады

Шетелге шығуға салынған тыйымдардың  бар/жоғын @EgovKzBot арқылы тексеруге болады

Кезекті еңбек демалысы қарсаңында шетелде демалып, туристік сапарға шығуды жоспарлаған  қазақстандықтар алдын ала борышкерлер тізілімінде бар/жоғын тексергені абзал.

Мұны азаматтар бірнеше тәсіл арқылы тексере алады. Солардың бірі – Telegram қосымшасындағы @egovKzBot. Бот қызметін таңдағаннан кейін пайдаланушы  «Борышкерлер тізілімі және шет елге шығуға тыйым салынулар бойынша тексеру» сервисіне өтіп, жеке сәйкестендіру нөмірін енгізуі қажет. Борышкерлер тізілімінде болмаған жағдайда, автоматтандырылған ақпараттық жүйе берілген ЖСН бойынша ешқандай деректердің табылмағаны жөнінде хабарлама жібереді. Бот арқылы сапарға бірге шығатын туысқандарыңыздың не достарыңыздың да берешегін тексеруге болады.  Керекті ақпарат сұрау жіберілгеннен кейін бірден көрсетіледі.

Айта кетейік, бір жыл бұрын іске қосылған @egovKzBot-ты 300 мыңға жуық қазақстандық қолданып үлгерді. Бот қызметін пайдалану үшін қазақстандықтар мобильді азаматтар базасында тіркелуі шарт. Бүгінде ол базаға 6,8 млн адам өз мәліметтерін енгізген.    

Сонымен қатар электронды цифрлық қолтаңба иелері egov.kz порталындағы жеке кабинеті арқылы айыппұлдардың барын тексеріп, берешек анықталған жағдайда, портал арқылы қарызын өтей алады.  

Естеріңізге салайық,  Қазақстан аумағынан тыс жерге шығуға шектеу салықтар, айыппұлдар немесе басқа адамдар алдында сотқа жүгінуге дейін апарған қарыздар, алименттер, сонымен қатар коммуналдық қызметтер бойынша берешектері барларға қойылуы мүмкін.


Дата редактирования: 02 Июля 2019 14:31

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»