В Осакаровке:  10°C , Влажность 83%, Давление 708, ветер 12 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Telegram EgovKzBot көмекке келуге асығуда!

Telegram EgovKzBot көмекке келуге асығуда!

 

Бүгінде  танымал Telegram мессенджерінің көмегімен мынадай жаңа қызметтерді алуға болады:

•      бірыңғай зейнетақы жинақтау қорындағы  салымшы қаражатының түсімі және қозғалысы туралы ақпарат;

 

•     салымшының (алушының)  бірыңғай зейнетақы жинақтау қорындағы зейнетақы жинағының (инвестициялық табысы есебімен бірге) жағдайы туралы ақпарат;   

 

•      шетелге шығуы шектелген борышкерлердің тізілімі және атқару өндірісі бойынша борышкерлердің тізілімі бойынша шетелге шығуға салынған тыйымның болуын тексеру;

 

•      тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет алу.

Онлайн тәртібінде ақпарат алу процесі өте қарапайым және қызмет алушының уақытын едәуір үнемдейді.

Өз гаджетіңіздегі Telegram мессенджеріндегі қызметтер мен сервистерді пайдалану үшін,  «Мобильді азаматтар қорына» тіркелген болуыңыз қажет, яғни өз телефон нөміріңізді eGov.kz порталындағы Жеке кабинетке бекітуіңіз қажет. Одан кейін ботаны (іздеу бағанына @EgovKzBot енгізуді) қосуды жүзеге асыруыңыз қажет. Жөнелту көмегімен алдын ала анықталған командадан қажетті қызметтер мен сервистерді таңдаңыз, қажетті деректерді енгізіңіз және сіздің ұялы нөміріңізге жіберілген бір реттік парольді енгізу арқылы қызметтер мен сервистерді алуды растаңыз. 

Бүгінгі күні Telegram-бот арқылы қолжетімді қызметтер мен сервистер саны 24 автоматтандырылған мемлекеттік қызметке жетті. Құрметті қызмет алушылар, «Азаматтарға арналған үкімет» МК Ке АҚ аумақтық бөлімшесіне келгенде, Telegram EgovKzB қызметтерін міндетті түрде пайдаланыңыз және бұдан былай қажетті анықтамаларды өз бетіңізше алыңыз. 

 


Дата редактирования: 02 Июля 2019 14:36

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»