В Осакаровке:  -11°C , Влажность 38%, Давление 727, ветер 3 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Қарағанды облысы Осакаров ауданының Сарыөзек ауылдық округі әкімінің есебі

Құрметті Қайрат Абдоллаұлы!

Құрметті  ауылдастар!

 

  Еліміздің саяси, халықтың әлеуметтік өмірінде оң өзгерістерге тола болған жылда аяқталды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасымен әр жыл сайын  барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кезеңі, халықпен кездесуі өтеді.  

Бұл кездесудің негізгі мақсаты елді, халықты әлеуметтік – экономикалық және саяси даму реформаларының жүзеге асуы және осы елді мекендердің негізгі күрделі мәселелерінің шешілуі немесе шешілу жолдарымен хабардар ету.

Биылғы мақсат – міндеттерді ойдағыдай орындауда жол көрсетуші Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жолдауында қамтылған жаңа экономикалық саясаты әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіру жолындағы жаһандық қадамымыз болмақ. Жыл басынан халық қамы үшін атқарылар іс шараларға жол  көрсететін Елбасы Жолдауындағы негізгі басты  5 бағыт бойынша атқарылар жұмысты айқындап берді. Соның ішінде шағын және орта бизнесті дамыту, тұрғын үй құрылысын және ауыл шаруашылығын дамыту т.б.

         «Ұлт Жоспары – 100 нақты қадам» - бұл жаһандық және ішкі  - қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда  ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары. 

Қазір бүкіл әлемдік қаржы дағдарысын бастан өткізуде, бірақ Президентіміз еліміз мұндай қиын экономикалық дағдарысқа дайын деп, уақытында қолданылған шараларына орай, Қазақстанда әлеуметтік – экономикалық даму деңгейін сақтап қалды. 

   

Бүгін сіздердің назарларыңызға Сарыөзек ауылдық округі әкімі ретінде 2015 жылдағы  атқарылған жұмыстардың есебін қортындылаймын.

Біздің қазіргі кезде есеп беріп, негізгі көңілге алынып отырған бағдарламалардың барлығы да кедейшілікпен, жұмыссыздықпен күрес, яғни халықтың әл – ауқатын көтеру.

Биылғы  әкіммен кездесуде мынадай тапсырмалар берілген:

       1. Жунисхан Толағайды  жұмысқа  орналастыруын  бақылауға алу

Ауылдық округте бос орын жоқ болуына байланысты  бір ай  8 сағатпен жұмыссыздықта істеді. Жаз айларында ауылдағы халықтың малын бақты.

       2. Жас мамандарды жұмысқа орналастыру

Бұл сұрақ бойынша келер болсақ бірнеше жас мамандар жұмысқа орналасып, дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша документерин тапсырып, нәтижелерін күтуде.

     2016 жылдың 01 қаңтарында  ауылдық округімізде 1428 адам тұрады. Экономикалық белсенді халық саны 965 адам, жұмыс бастысы 672 адамды құрады.  

Ауылдық округінің әкімшілік аппараты кедейшілік пен жұмыссыздық деңгейін төмендету жұмыстарын аудандық және ауылдық бағдарламаларға сәйкес жүргізіледі. Халықты жұмыспен қамту бағдарламасында жоспар бойынша 2015 жылы  42 адамды жұмыспен қамту керек болса, 1 жыл ішінде  45 адамды жұмысқа орналастырдық.

 Жұмыссыздықта 12  адам жұмыс істеді.

 Округтегі табысы аз отбасыларын әлеуметтік қорғау сұрақтарына көп көңіл бөлінеді. Атаулы әлеуметтік көмек отбасының орташа айлық жан басына шаққандағы кірісі кедейшілік шегінен төмен болған отбасыларына мемлекет тарапынан берілетін көмек.   

2015 жылдың  01 қаңтарынан атаулы әлеуметтік көмек алушылар 41 адамға,  8 отбасына   жәрдемақы төленді.

18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына арналған жәрдемақы  12 отбасына, 60 балаға  жәрдемақы тағайындалды.

Өрлеу мемлекеттік бағдарлама бойынша 2 отбасына, 11 адамға 125 мың 977 теңге  төленді.

Тұрмыстық жәрдемақы 3 отбасы,  13655  тенге көлемінде  төленді.

Тұрмысы нашар отбасыларына бюджеттен тыс 13 отбасына,  235 мың теңге көлемінде жәрдем көрсетілді, бір адамға орта есеппен 4654 тенгені құрады.

Тағы бір маңызды бағдарламалардың бірі «Агроазықтүлік бағдарламасы» болып табылады. 2016 жылдың  01 қаңтарында, яғни бүгінгі таңда округ бойынша 36 жеке шаруа қожалығы, 6 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, 1 мемлекеттік сұрыптау учаскесі, 2 жеке кәсіпкер, азық түлік тауарларын сататын  6 кәсіпкер тіркелген.

2015 жылы 14742 га  егін егілді. 13487 га бидай, 350 га арпа, 1 жылдық шөпті – 200га, көп жылдық 97 га  салынды.

Алынған өнім  - 19124 тонна, 13 ц/га алынды.

Бұл әрине кейінгі жылдары біздің шаруа қожалықтардың жер өңдеуді жаңа тәсілмен жүргізудің, жаңа техника пайдаланудың нәтижесінде жақсы нәтижелер көрсетіп жүр. Жаңа техникалар сатылып  алынуда. Атап айтсақ «Янис» ш/қ, «Самал» ш/қ және  Рафик ш/қ, Ынтымақ ш/қ   барлығы 129 млн 443 мың  теңгеге алынды.

Жылдан жылға ең өзекті мәселе болып келе жатқан жеммен қамтамасыз ету. Азық-түлікпен қамтамасыз ету бағытының негізі болып табылатын мал шаруашылығы, сол мал шаруашылығы дамыту үшін,  көп жылдық шөптерді жаңарту, олардың ауданын арттыру жұмыстарын жүргізу.

Бұл жерде «Рафик» шаруа қожалығы және  «Ынтымак» шаруа қожалықтарын  атап өткім келеді.Округ бойынша 5500 тонна мал азығы дайындалды.

  Жол картасы 2020 бағдарламасы бойынша осы жылы ауылымыздан екі азамат 4 млн теңге несие алып, мал шаруашылығымен айналысып,  өзін – өзін жұмыспен қамтуда.

          Біздің селолық округтегі мал шаруашылығының дамуы төмендегідей  2016 жылдың 01 қаңтарында:

 ірі қара мал саны 1051, соның ішінде сиырлар – 556 бас

 жылқылар саны 232 бас

 шошқалар саны 115 бас

           қой және ешкі  2717 бас

           құстар               1506 басы бар.

2016 жылы ауыл шаруашылық өнімдері мынадай көрсеткіш берді:

  1.  Ет жоспар бойынша 450 тонна, орындалғаны 530  тонна
  2.  Сүт өнімі жоспар бойынша 1980 тонна, орындалғаны2440  тонна
  3.  Жұмыртқа жоспарда 532 мың дана, орындалғаны 755 мың дана
  4.  Жүн өнімі жоспар бойынша 7  тонна орындалғаны 9,5 тонна

       Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдіру бойынша жалпы өнім жоспары 415 млн теңге болса, орындалысы 505 млн. теңге орындалып отыр.          

       Азық - түлік тауарлар бағасын төмендету мақсатымен облыс әкімінің тапсырмасы бойынша «Ауыл береке» ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылған болатын. Оған біздің ауылдың шаруа қожалықтары белсене қатысады.

         Келесі басым бағдарламалардың бірі тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бағдарламасы. Бұл сұрақ бойынша 3 елді мекенде су орталықтандырылып беріледі.

         Ауылдарды дамыту бағдарламасы бойынша 1 млн 426 мың теңге бөлініп, оған балалар алаңы орнатылды.

         Көктемде су тасқыны болған Мустафин ауылына, ауылымыздың мемлекеттік мекемелерінен  26 адам барып  көмектер көрсетті.

Көктемде су тасқыны кезінде кауіптің алдын алу үшін аудандық төтенше жағдайлар бағдарламасынан 300 мың теңге қаражат бөлінді.

          Электр қуаты ауылдық округімізге уақытында және тұрақты беріліп отыр.

2015 жылдың көктем күз мезгілдерінде округте  аббаттандыру және  көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Бұл атқарылған жұмыс жүйесі  ұйымдастырушылықты, мекеме, үйлерді жөндеуді, оларды сақтауды көздейді және ауылымызды  көркейту мақсатында жүзеге асырылады.

Тазалық және көркейту бойынша жұмыстардың тиімді, нәтижелі орындалу мақсатында әрбір шағын аумақтарға жауапты топтар құрылады, оған ауылдық округтің әкімі, мектеп директоры және  округтегі елді мекендердің орталау мектептерінің  директорлары, ауылдық дәрігерлік амбулаторияның  бас дәрігері де қатыстырылады.

Округ аумағында 1 ауылдық дәрігерлік амбулатория (АДА) және 2 фельшерлік пункті бар, онда дәрігер мамандары жеткілікті.

Халықты рентгеннен, алдын –алу тексерістен өткізу уақытылы жүргізіледі.  Туберкулезге шалдыққандардың санының өсуін болдырмауға көп көңіл бөлінеді, халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп тұрады.

Болашақ аналарды анықтау және оларды уақытылы емханаға жеткізу, ана мен бала өлімін болдырмауға көп көңіл бөлінеді.  Балалар мен ересектер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселеллерімен де жұмыстар жүргізілуде.

Мәдениет: Сарыөзек ауылында ауылдық мәдениет үйі бар, ауылдағы барлық мәдени іс шаралар өткізіледі. Көркем өнерпаздар үйірмесі жұмыс істейді.

Білім: Сарыөзек ауылдық округінде 1 орта, 2 негізгі,   мектеп бар. Онда 302 оқушы білім алуда. Барлық мектептер компьютермен жабдықталған, ғаламторымен байланысы бар.  

Сарыөзек ауылында 2011 жылы ашылған  «Жұлдыз» балабақшасы жұмыс істейді, онда 100 бала тәрбиеленуде. Штатпен толық қамтылған. 

Кітапхана жұмыс істейді, онда кітаппен толық қамтылған, компьютерленген және телефоны бар.

  1. Байланыс: Сарыөзек округінде 2 почта байланыс бөлімдері жұмыс істейді, халықтың  еңбек ақысы мен зейнет ақысы, газеттер мен журналдар уақытылы жеткізіледі.

    Округ бойынша 2 участкелік инспектор белгіленген. Инспекторлар үшін қызметтік үй мен қызметтік кабинеті бар және осы жылы жеке Ваз 21021 автокөлігімен қамтамасыз етілді.

2016 жылғы міндеттер:

  1. Ауылда кәсіпкерлікті және микрокредиттердің бөлінуін жан жақты қолдау
  2. Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысссыз және аз қамтылған отбасы адамдарын жұмысқа тұрғызу және оқыту
  3. Ауылдағы инфраструктуралық жобалармен  халықты қамтамасыз етіп, село  тұрғын елді мекендерді  дамыту.

2015 жылда атқарылған жұмысты қорытындылай келе, айтқым келіп отырғаны әрине атқарылмаған мәселелер әлі де көп, олар міндетті түрде шешіледі.

Біз үшін ең маңыздысы еліміздің Президентінің алдымызға қойған міндеттерін жұмған жұдырықтай белсенді ат салысуға  ауыл тұрғындарын  шақырамын.

 

 

 


Дата редактирования: 13 Апреля 2016 15:07

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»