В Осакаровке:  10°C , Влажность 83%, Давление 708, ветер 12 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Қарағанды облысы Осакаров ауданының Сұнқар ауылдық округі әкімінің есебі

Құрметті жиылға қатысушылар!

«Қазақстан жана жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар даму», мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы еліміздің өркендеуіне, экономикалық және әлеуметтік дамуына жаңа серпін беретін, Қазақстан халқының игілігі, мақсат-мұраттарының орнығу жолын көздейтін құжат.

Жолдауда экономикалық реформалар негізінде дағдарыс жағдайындағы экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған экономика саласындағы кезек күттірмейтін және пәрменді кадамдар бойынша аса анық тапсырмалар бар.

Ел экономикалының 5% деңгейінде өсуін қамтамасыз ету, экономикаға салынатын инвестицияның жыл сайынғы көлемін 10 млрд.доллардан артық арттыру міндеті қойылды.

Осы міндеттерді жүзеге асыруға селолық округінің әкім аппараты өз жұмысын атқаруда.

Селолық округінде ауылшаруашылық жер көлемі 28 644 га.

Оның ішінде егістік 13 649 га

Жайылым 11 987 га

Селолық округінде 31 шаруа қожалығы және 8 ЖШС, «Заря» фермерлік шаруашылық тіркелген.

2015 жылы 10 668 га жерге дән сіңірілді, оның ішінде: бидай 9 324 га

Арпа 1 249 га

Сұлы 50 га

Көпжылдық шөп 856 га құрады.

Орылған алқаптан 9 892 тн. астық жиналды, әр гектарға шаққанда 9,3 ц айналды.

Биыл 2016 жылы шаруа қожалықтары 9 861 га жерге дән сіңіреміз деп жоспарлар отыр, оның ішінде бидай 9 521 га, арпа 340 га.

Селолық округінде 2016 жылдың 1 қантарына төмендегідегі малдың басы тіркелді: Ірі қара – 941 бас

Шошқа - 167 бас

Қой ешкі – 554 бас

Жылқы – 255 бас

Құс – 2 189 бас

2015 жылмен салыстырғанда ірі қараның басы кеміді, ал жылқы және шошқа басы котейді.

2015 жылға жоспарланған ветеринарлық жұмыстардың бәрі орындалды.

Бруцеллез ауруына 1 360 бас ірі қара тексерілді

500 бас қой, ешкі

Туберкулез ауруына 1 800 бас ірі қара тексерілді

Қарасан ауруына 1 200 бас ірі қара және1 000 бас қой, ешкіге вакцинация жасалды.

Орта және шағын бизнес бағдарламасына байланысты селолық округінде 6 дүкен жұмыс істеп тұр.

Селолық округінде 2 мектеп бар. Бірі орта білім беретін мектеп, екіншісі бастауыш мектеп. Биылғы оқу жылында 75 оқушы мектепте оқиды.

Мектептердің жылу жүйелері уақытында жөндеуден өтті.

Ұлт  денсаулығы-біздің табысты болашағымыздың негізі деп Елбасы белгімді.

Селолық округінде бір дәрігерлік амбулатория және екі фельдшерлік пункт жұмыс істейді.

2015 жылы Сұңқар ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория салу құрылысы басталды. Сметалық бағасы 119 958 млн.теңге.

2015 жылғе бөлінген қаражат 29 160 мың теңге.

Игерілгені 29 160 мың теңге. Мердігері ЖШС «Наладочный центр Темиртау».

Көктемгі және күзгі ауылдың ішін аббаттандыру екіайлықтарында сенбілік және бейсенбі таза күндері ауылдың ішін күл-қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді.

2015 жылы ауылдың ішін күл-қоқыстан тазартуға аудандық бюджеттен 573 мың теңге бөлінген болатын, бөлінген қаражат уақытылда игерілді.

Мереке күндері Мәдениет үйінде мәдени шаралар өткізілді.

2015 жылдың қантар айында аудан әкімі халықпен жүздесуінде 1 тапсырма берген еді.

Көктемгі сутасқының алдын алу шараларын өткізу.

Көктемгі су тасқының алдын алу шаралары уақытында өткізілді, дегенмен қардың күрт еруінде байланысты Сельстрой ауылында 7 үйдің ішіне сукірді. Үй иелеріне су тасқынына бойланысты өтемақы берілді.

Бірақта Николаевка ауылына баратын автомобиль жолы жөнделген жоқ, жолға қосымша су өткізетін құбырын салу керектін, бірақ бұл жұмыс 2015 жылы орындалған жоқ.

Біз осыған байланысты және Қоянды ауылына баратын автожолды жөндеуіне Осакаров ауданының тұргын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекция бөліміне хат жазып сұрау салғамыз. Төмендегідей жауап алдық бұл автожолдардың жөлдеу жұмыстары 2018 жылға жоспарланған.

Бізде күрделі шешімін таппай тұрған сұрақтар бар.

Жоғары айтылған сұрақ және Сельстрой ауылының маныңдағы Үлкен Құндызды өзенің үстінең өтетін көпір және Сельстрой, Қоянды ауылдарында ешетін су құбыры тартылмаған.

Бұл көпірдің сметалық жобасы жасалып Қарағандыоблысының жолаушылар тасымалдайтын көлік және автомобиль жолдарының мекемесіне жіберілген.

Сметалық жоба 21 828,29 теңге құрады.

Ден қойып тыңдағандырыңызға рахмет отбасыларыңызға амандық дендеріңізге саулық, бастарыңуға бақыт тілеймін.


Дата редактирования: 13 Апреля 2016 15:12

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»