В Осакаровке:  15°C , Влажность 45%, Давление 713, ветер 7 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Қарағанды облысы Осакаров ауданының Ертіс ауылдық округі әкімінің есебі

                Ертіс ауылдық округі  әкімінің  2015 жылдың есебі.

 

                                   Құрметті Қайрат Абдуллаұлы!

 

Құрметті  кездесуге қатысушылар! Сіздерге   ауылдық округінде 2015 жылда атқарылған  жұмыстары және 2016 жылдың мақсатттары туралы есебімді ұсынуға рұқсат етіңіздер.

 

  1. Округтің сипаттамасы.

 

Халық саны- 296 адам

Экономикалық белсенді хадық саны – 156 адам

Оның ішінде: 34 адам –ЖШС және ШҚ

                        42 адам- мемлекеттік мекемелерде

                         9 адам – жеке ауласында

                         5 адам – жеке кәсіпкер

                        40 адам -жеке еңбек шарты бойынша жұмысқа алынған

                        11 адам - жеке еңбек шарты жасалмай жұмысқа алыған

                        12 адам- кезекпен

                         3 адам- әскери борышын атқаруда

                          Жұмыссыздар тіркеу орталығында тұрғандар жоқ

                        140 адам экономикалық белсенді емес адамдар

Оның ішінде:

                        39 адам- мектепке дейінгі балалар

                        28 – оқушылар

                         12- колледж және кәсіпкерлік –техникалық лицей оқушылары

                          1 – студент

                        32- зейнеткерлер

                        15 – 3 жасқа дейінгі балалар тәрбиесімен айналысатын әйелдер

                        12 – мүгедек адамдар

 

Барлық жерлер көлемі – 12245 га

Шаруашылық жерлерінің жалпы көлемі- 9411 га

оның ішінде:  4510 га- егістік жері

Елді мекен жерлері -1701 га

Округ аймағында :  3-ЖШС, 2- фермерлік шаруашылығы, 13- шаруа қожалықтары(ның ішінде 10 шаруашылық  жұыс істеуде)тіркелген.

Қолданыстағы жерлердің жалпы көлемі : 2015 жыл бойынша 3479 га жерде  егістік егілді( бидай- 3211 га, арпа-188 га, сұлы- 80 га)

«Роза-Агро» фермерлік шаруа қожалыға тамшылап суару әдісімен 102 гектарға  картоп  және көкөніс егілді.

1566 га –алдынғы жылдардың  көп жылдық шөптері.

Барлық егістік жер көлемі 4990 га.

3467 тонна астық жиналды.

2016 жылға  3569 га  жер көлеміне астық отырғызуды жоспарлаудамыз

оның ішінде: 3251 га –бидай

218 га- арпа

100 га- сұлы

100 га – тамшылатып суару әдісімен «Роза-Агро» фермерлік шаруашылығы картоп жене көкөніс

200 га жерге шаруа қожалықтары бірігіп кртоп және көкөніс салуды

405 га жерге мал азығының дақылдарын отырғызуды жоспарлап отырмыз.

 

Мал шаруашылығы:

497 бас – ірі қара мал

1060 бас  қой және ешкі

150 бас – жылқы

100 бас әр-түрлі құстар

62,2 млн. тенге –жалпы өнім өндірісінің көлемі

92,2 тонна –ет өндірілді, 447 – сүт, 63,8 мың жұмыртқа, 200 тонна картоп, 6 тонна- көкөніс өндірілді.

 

Кәсіпкерлікті дамыту- 2  жеке кәсіпкер- дүкендер (Елубаева Г. К., Адуакасова С.О.)- (2016 жылға әлеуметтік –маңызды азық- түлік тағамдарына саудалық үстеме бағалары туралы мемарандум  жасалды)

1 жеке кәсіпкер- мал бағу

1 жеке кәсіпкер- аяқ киім жөндеу

1 жеке кәсіпкер – мал-құс өсірумен айналысады.

 

  1. Мемлекеттік салалар бағдарламалардың орындалу барысы туралы:
  • «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша 248000 теңге бөлінді.

2015 жылдың мамыр айында Ленин көшесінің жолы жөнделді -620 тонн тау-кен массасымен себу жұмыстарын «Алмик +» ЖШС жүргізді.

         -Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасы

М.С. Каренов «Ручима» ШҚ   «Тауарлы сүт фермасы» жобасы. 720 га жайылым жері және сүт бағытындағы 200 бас ірі қара малына арналған ферма құрылысына 15 га жер берілді.

2015 жылы ауыл округі бойынша инвестициялық құйылым 80 млн. теңгеден аса  құрады.

Ауыл окургінің шаруа қожалықтары өткен жылда:

1 егіс кешенін («Едірей+» ЖШС)

Мал азығын дайындайтын техникадан:

3 пресс- сұраптаушы  ПРФ-145(«Едірей+» ЖШС, «Қазақстан» ШҚ, «Мырза»ШҚ)

1 Екі брускалы шалғы («Мырза»ШҚ)

  1. Лидер-4 жер өндеу аралас агрегаты («Мырза»ШҚ) сатып алынды

 

  • «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша

2016 жылда «Алмик+» ЖШС (А.Б. Арыстанбеков)  тротуар плиткасы және шлакоблок кірпіштерін шығаратын цех ашуы жоспарлануда.

 

  • «2011-2020 жылдарға арналған ҚР ТКШ жаңғырту» бағдарламасы бойынша.

 

2014-2015 жылдар бойы әр үйге ауыз-су жеткізу және су есептегіш құралдарын орнату жұмыстары атқарылды, аудан бюджетінің тапшылығынан  қаражат бөлінбей су құбыры жүйесінің құқықтанушы құжаттарын ретке келтіре алмай отырмыз. Құжаттың  салдарынан К.Сатпаев атындағы каналымен су алуға келісім –шарт жасалмады.

2016 жылда-  ауыл тұрғындарын ауыз-сумен қамтамасыздау қызметінің сапасын жаңарту жұмыстарын жалғастырамыз (су құбырының жүйесін коммуналдық шаруашылыққа тапсыру, басты насос станциясының ғимаратын жөндеу, су тазарту құрылысының ғимаратын жөдеу, өрт сөндіру гидранттарын жөндету )

 

  • «Жұмыспен қамту жол картасы- 2020» бағдарламасы бойынша.

 

Екінші бағыт бойынша – 2 300 000 теңге көлеміндегі құс өсіруді және малшаруашылығын дамыту жобасы мақұлданды- А.Ф. Ворожбит

5 жұмыс орны құрылды.

 

  • «Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша.

 

«Едірей +» ЖШС (Мухамедияров Н.Ж.)  аумағында 2015 жылы 1 екі пәтерлік тұрғын үй, 1 бір пәтерлік  тұрғын үй, моншасымен және ат қора салынды.

 

  • «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша

 

«Роза-Агро» ФШ (Каумбеков Б.) 102 га жер көлемінде тамшылатып суару әдісімен картоп ж»не көкөніс отырғызды.

2015 жылы ауылдық округінде 2 ЖШС құрылды:

«Бүркіт-Агро» ЖШС (екі шаруашылық біріккен)

«Иртышское 2015» ЖШС («Арай» ШҚ және жеке тұлға)

 

  • «Білім беруді дамыту» және «Балапан»  бағдарламалары бойынша.

 

2015 жылдың 1 қыркүйекте негізгі мектеп бойынша -25 оқушы.

15 бала – шағын орталықта. Оқу-тәрбие процессі бекітілген жоспар бойынша өткізіледі.

2015 жылдың   қарашаның 6 мен 21 аралығында енгізгі мектепте жылу жүйесінің жөндеуі өтті.

Аудан бюджетінен 2 млн.713 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстарын «ЭЛОИМ ЛТД»  ЖШС  атқарды.

 

Елді мекенді көгалдандыру мен санитарлық тазалау.

 

Көктемгі және күзгі кезеңдерде елді мекенді көгалдандыру мен санитарлық тазалау айлықтары өтті: түбірлерді кесу,күл және қоқыстар шығарылды, 20 түп ағаш және бұталар отырғызылды, аллеяны  және ауылдық округі әкімінің аппаратының ғимаратының маңындағы гүлзарды, негізгі мектеп маңын, ауыл клубының маңын, фельдшерлік пункты, дүкендердің қасбеті көгалдандырылды. Апта сайын «Таза бейсенбіліктер» өткізілді. Үздік аула сайысы жарияланды. Ауылшаруашылық қызметкерлерінің күні мерекесін атап өткенде сайыс қортындысы жарияланды. Марапаттау грамоталары және құнды сыйлықтармен марапатталды.

 

Мәдени-көпшілік шаралары.

 

Ауыл клубы негізгі мектептің сол жақ қанатында орналасқан, 72 орынды көрермендер залы, би залы бар.  2 қызметкер -мәдениет -көркемөнер және музыкалық жетекшілері 0,5 ставка. Клуб ішінде 15 мың дана кітап қоры бар кітапхана орналасқан.

Барлық мәдени-көпшілік шаралар кітапхана, мектеп және клуб ұжымдарымен бірігіп өткізіледі, ауылдың көркем шығармашылықтары  қатысады.

«Наурыз-2015», Қазақстан халықтарының біріккен күні, 9 мамыр Жеңіс күні, 1 маусым балалар күні, ҚР Конституция күні, Қарттар және мүгедектер күні, ауылшаруашылық қызметкерлер күні, ҚР Бірінші Президент күні, ҚР Тәуелсіздік күні мерекелері ауқымды жүргізіліп өтті. Ауыл клубының музыкалық жетекшісі мен информатика мұғалімінің қатысуымен, видео проектор арқылы ауыл тұрғындарының жетістіктерін, ауыл ардагерлері, ауыл туралы деректі фильм көрсетілгенін атап өткім келеді. Ауылшаруашылық қызметкерлер күні мерекесіне орай шаруа қожалықтарының басшылары ауыл тұрғындарын үлкен дастарханға шақырып, ауылшаруашылық қызметкерлерін грамоталар және құнды сыйлықтармен марапаттады.

Ауыл округінің шаруашылық субъектілері 110000 теңгеге 156 адамға демеушілік көмек көрсетті, ҚБШ шотына 77400 теңге   аударылды. Сонымен қатар шаруа қожалықтары қоқыс, күл және көң шығаруға, ауылды санитарлық тазартуға көп көмек көрсетуде. Қысқы мезгілде- жолды қардан тазалауға, 2015-2016 жылдарда қысқы жолды күтіп ұстауға «Едірей+» ЖШС імен мемарандумға отырдық. (МТЗ-1221 таркторы)

 

Криминогендық жағдай.

 

2015 жылы округ бойынша оқиға және қылмыстар тіркелмеген. Округ бойынша жағдай қалыпты, әр аптаның сенбісінде дискотека өтеді, негізгі мектеп мұғалімдерінің арасында кезекшілік ұйымдастырылған, Учаскелік инспектор көмекшісі Елубаев А.К. ауыл ішін  аралап тұрады.

 Жергілікті қоғамдастық жиылысына учаскелік инспектор шақырылады,жеке меншік малын баққанды келісім шартқа отыру керектігі, мүліккті тонау, дабыл жүйелерін және бейне камераларын сарай маңына орнату туралы үнемі түсініктемелер  береді.

 Округ аумағында бас бостандығын айыру орындарынан келген адамдар жоқ. Молодежный ПТП жоспары бойынша құжатсыз жүргендерді анықтау, ауыл округі аумағында тіркелмеген, аймақты көгалдандыру ережесін бұзатындарды анықтай рейдтері өтіп тұрады.

 

Әлеуметтік шиеленістердіңалдын алу және оқшаулауғабайланысты атқарылған жұмыстар.

 

Әлеуметтік шиеліністер округ бойынша байқалмайды. Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарға арналған 2 сауда дүкендерінде бірінші қажеттілік тауарлар бар. Қазіргі таңда Қазақстандық тауарларды  сату жұмыстары жүргізілуде. Дүкендерде «Қазақстанда жасалған» логотипімен сөрелер безендірілген. Округ бойынша аз қамтамасыз етілген отбасылар, ӘМК алатындар тіркелмеген. 2010 жылда ауыл тұрғындарының жиылысында келісілген  адам басы 350 теңгемен пайдаланған ауыз су ақысы төленеді, осы күнге дейін бағасы сақталуда.

 

Есептік кездесу барысында  түскен ұсыныстар мен ескертулердің орындалуы туралы.

2015 жылдың 14 қаңтар – су тасқыны кезеңіне дейін көпір мен кіреберіс жолдың  тексеруін жүргізіп, көпірді жөндеу дефекті актісіне еңгізу.

 Кіреберіс жолдағы көпірдің су өткізетін құбырларының жағдайы туралы видео түсірілімдерімен бірге  ТҮШ және автомобиль жолдары бөліміне ақпарат тапсырылды. 9 074 000 теңге көлемінде есеп құрастырылды.

Техниканың және қаражаттың тапшылығынан жұмыстар жүргізілмеді. Су өткізетін трубалар үш бөліктен тұрады, құлаған бөліктерін  көпірден ары таман жинадық, 2016 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңінде кедергі келтірмесін деп.

  • Ауыл округі бойынша  ауылшаруашылық  мақсатындағы жерлерінің болуы туралы шаруа қожалықтарының басшыларымен түсіндіру жұмыстарын өткізілсін.

2015 жылдың 16 ақпанында аудан әкімінің орынбасары А.С. Молабаевтың қатысымен, жер қатынасы бөлімінің басшысы Ю.В. Моториншаруа қожалықтарының басшыларымен семинар өткізді.

 

                                   

Салық салу базасын кеңейту туралы.

 

Округ бойынша тұрғын үйді жалға берумен және жеке тасымалдаумен айналысындар жоқ. Мемлекеттік табыстарды  басқармасында барлық шаруашылық субъектілері тіркелген.

 

                Президентің 5 реформасын іске асыру үшін «Нақты 100 қадам»  

                               бағдарламасын іске асыру туралы.

2015 жылдың 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақтылықта: өсуі, реформалар, дамуы» Елбасының Қазақстан халықына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру  бойынша ауылдық округі әкімінің аппаратында ақпараттық-насихаттау тобы жұмыс атқаруда.

  • Заманауи мемлекеттік аппаратты қалыптастыру
  • Заңның үстемділігін қамту
  • Индустрилизация және экономикалық өсу
  • Болашағы біртұтас ұлт
  • Траспорентті есеп беретін мемлекет

 

 

 

 

 


Дата редактирования: 13 Апреля 2016 15:04

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»