В Осакаровке:  10°C , Влажность 83%, Давление 708, ветер 12 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Қарағанды облысы Осакаров ауданының Озерный ауылдық округі әкімінің есебі

Озерный селолық округ әкімінің

халық алдында есеп беруі

 

      Озерный селолық округінің былтырғы  жылғы жүргізілген  жұмыстары «100 нақты қадам» бағдарламасына сәйкес жүргізілді, дәлірек айтқанда, аудан әкімінің тапсырмалары мен ескертулері, жергілікті одақтың ұсыныстары бойынша. Біздің округтің  барлық  табысы мен кірісі, мал шаруашылығы мен егістік шаруашылығынан түседі.

       Округтің жекеменшік ірі қара мал, ұсақ қара мал және жылқы сандары өсуде, құс және шошқа бастары бірде төмендеген емес. «Жол картасы еңбекпен қамту 2020» бағдарламасы бойынша үш семья шағын кредит алып мал шаруашылығын өсіруді ұиымдастыруда.

       Жергілікті жекеменшік  малардың көбейуін және өнімділігін арттыру үшін асыл тұқымды бұқалар алу керек.

       Округ бойынша 12898 гектар алқаптан 13447 тонна бидай алынды, орта есеппен гектарына 10,5 центнер өнім түсті.  Ералы және Озерный селоларының ұсақ шаруа қожалары неше жылдан бері төменгі көрсеткіш  гектарына 5 центнерден өнім беріп келеді. Басты себептері: алқаптарды уақытында өндемеу, техникалардың тозуы, қаржының жоқтығы. Өнімділікті арттыру үшін осындай ұсақ шаруа қожалықтар бірігіп, ауылшаруашылықкооперативіне ұйымдасуы керек, сонда жаңа техника алуға, тұқым және гербецид алу үшін  кредитке қол жеткізе алады.

      Селолық округ халқының өмір сүру жағдайы, алда  атқарылатын жоспарлар, дау туған жағдайда,  жергілікті одақ  отырысында шешіледі.

      Өңірді жаңғырту программасы бойынша  Ералы селосының, Екінші көшесінің жолына жөндеу жұмұсы  жасалды.

      Өзін өзі басқару саласының бюджетіне түсетін қолмақол ақша жинағы жергілікті одақ  ұиымының шешімімен ауылды көркейтуге жұмсалады.

       Көктем айларынан бастап барлық тұрғын үй, мектеп және басқа ғимараттар маңына санитарлық тазалық жүргіземіз. Барлық қоқыс қалдықтарын трактомен арнайы қоқыс алаңына төгеміз. Жұма сайын «субботник» және «таза бейсенбі» тазалық күндерін өткізіп отырамыз, бұл шараға бүкіл аулы тұрғындарын қатысуға шақырамыз.

 Медециналық алғашқы көмек көрсету, медецина салаының жұмұскерлері Ульрих Н.С., Пискунова Т.Р., Кульбаева Б. атқарады.

        № 13 орта мектепте электоронды оқыту жүйесі іске қосылған.

Электронды жүйемен оқыту, білім алу деңгейін  жоғарлатады және ұстаздардың білімін котереді.

        Ауылдың мәдениет үйінде, елдік және халықаралық деңгейдегі мерекелер жоғарғы деңгейде өткізіледі. Әсіресе  үлкен деңгейде өткен шара, округтың барлық ұйымдары қосылып дайындаған жеңісіміздің 70 жылдық мерей тойы. Мерекемізде митинг, концерт, мерекеге арналып салют атылды, өлмес полк акциясы болды, осының бәрі ауыл тұрғындарының және қонақтардың көпке дейін естерінде қалатын шара болды.

         Кәзірігі кезде АШТӨ - бірлестігімен бірігіп мастер-план құрып жатырмыз, қысқы жолдарды сақтап қалу мәселесін шешіп жатырмыз, от жағу мерзімін мұқият қадағалап отырмыз.

         Әліде көптеген шешілмеген мәселелер жеткілікті,  оның ішінде әбден тозығы жеткен ауызсумен қамтитын құбұрларды сақтап қалу, су пайдаланғаны үшін төленбеген қарыздарды қайтару.

         Жаз айларында көше жолдарына жөндеу жұмұстарын жүргіземіз, көшені жусаннан тазартамыз, мәдениет үйінің шатырын айырбастаймыз.

         Кәзірігі болатын  өте ауыр кезең, біз үшін  сынақ болмақ.

         Біз оны қайтседе жеңеміз.

         Елбасымыз айтқандай, ол үшін бізде, халықымыздің бірлігі, халқымыздың айнымас ұлт дәстүрі және халқымыздың бостандығы бар.

Елбасы бұл сөздерімен ауыл тұрғындарының көңілдеріне сенім, шаттық ұялатты.  


Дата редактирования: 15 Апреля 2016 08:50

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»