В Осакаровке:  -3°C , Влажность 85%, Давление 719, ветер 1 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Қарағанды облысы Осакаров ауданының Пионер ауылдық округі әкімінің есебі

 

Пионер селолық округі әкімінің 2015 жылы атқарылған  жұмастарының есебі.

 

            Президент  өзінің "НҰРЛЫ ЖОЛ" атты    жолдауында былай деді: "Алда – үлкен және жауапты жұмыс бар. Біз ұйымшыл болуымыз керек. Біз барлық қазақстандықтар арасындағы сенімді нығайтуға тиіспіз! Бір-бірімізге толерантты болуымыз керек! Бұл Қазақстан болашағының кілті! Этносаралық келісім - ол өміріміздің оттегі спетті. Бұны біз сақтап және мәнін терең ұғуға тиіспіз. Біздің жастар жаңа, тәуелсіз елде, өсіп

Президент әр өз жолдауларында,  тұрақтылық пен бейбітшілік тақырыбын қозғайды. Және ол үшін елімізде көп нәрсе жасалуда. Шын мәнінде  әлемде болып жатқан сұмдықтарды ескере тұрып, бейбіт, тұрақты дамып келе жатқан елде тұрып жатқан біз, бұл еліміздің азаматтары үшін ең басты құндылық екенін түсінеміз,.

          Пионер ауылдық округі халық саны 2000-нан астам , мұнда қазақтар, орыстар, украиндықтар, гректер, татарлар, немістер және басқа да ұлт өкілдері тұрады бейбітшілік пен келісімде тұрып жатыр.

"Пионер ауылдық округінде:

Округ аумағы – 63,8 мың га.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер аумағы – 53,4 мың га.

Егістік көлемі -33,8 мың га.

 Көпжылдық шөптер аумағы – 3743 га.

Егістік алқаптары 2015 жылы – 23181га.

Жинау алаңы 20195 га.

Есептен шығарылды - 2986 га.

Орташа Өнімділік 9,4 ц/га.

Шөп – 7033 тонна.

Ш/Ф/Х - 48 , ЖШС – 5. ӨК – 1, ЖК - 29

Округ халқы – 2006. адам.

Экономикалық белсенді тұрғындар – 1243

Зейнеткерлер 268 адам.

Мүгедектер – 38 адам.

АӘК алушылар -0

МБЖ алушылар-5 адам.

тұрғын үй жәрдемақы алушылар – 33 адам.

 

                     Пионерское    Приишимское   Центральное       Барлығы

Оқушылар -    246                     69                      54                        369

1-сынып          14                        4                       27                          9

Мектепалды

даярлық тобы   8                        12                      6                          26

Шағын-орталығы 28                  18                     12                        58

Тегін тамақ           29                   22                     3                         54

 

 

ВА с. Пионерское – 1

ФП с. Орталық – 1

ФП с. Приишимское – 1

 

 

 

Ауыл шаруашылығы.

        Дәнді дақылдар 2015 жылы 23181 га, жалпы жинау 17765 тоннаны құрады, орташа өнімділік 9,4 ц/га.

Ауыл шаруашылық құрылымдарының басшыларының мәліметі бойынша  2016 жылы  24 500 га құрайды , оның ішінде 2500 га арпа, 300 гектарға сұлы, 21700 бидай.

Мал шаруашылығы саласы бойынша: мал шаруашылығы өнімдерін өндіру 2015 жылы: ет ( тірідей салмақта) – 340 тонна, сүт - 2860 тонна, жұмыртқа - 485 мың дана құрады.  Ауылдық жерлерде тұратын адамдарға қосалқы шаруашылық  негізгі табыс көзді.

Пионер  ауылдық округінде 1қараша 2015 жылы:

Ірі қара мал -1830

Қой мен ешкі – 1614

Жылқы -415

Құс – 4150

Шошқа – 712

 

Айта кетсек,  Пионерское аулының 2 тұрғыны, биылғы жылы несие алып, ірі қара мал сатып алды.

 

 

        Жаңа 2015 жыл бірқатар мәдени іс-шаралар өткізілуімен басталды. Біздің ЖК  К/Х қолдауымен "Крещение господне", "Наурыз мейрамы", "Қазақстан халқының бірлігі Күні", "Жеңіс Күні", "Астана Күні", "Қарттар Күні" жоғары деңгейде откізілді.

 

        ЖК Батрынча  қолдауымен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында христиандық мереке  "Крещение господне"? ұйымдастырылып өткізілді. СОНЫМЕН ҚАТАР , БІЗДІҢ ОКРУГ БІРНЕШЕ рет ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ ЕСТИФЕЕВ С. Н. қолдауымен ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ  мұзасты балық аулау бойынша ОСАКАРОВ АУДАНЫ АШЫҚ ЧЕМПИОНАТЫН өткізді.

        "Наурыз мейрамы"мерекесі де өте жоғары деңгейде атқарылды.Өткен жылы мереке с. Пионерское ауылында өткізілсе . Ал бірлескен Приишимское ауылы К/Х басшылырының қолдауымен ағымдағы жылы Приишимское ауылында өткізілді, сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, шара барысында түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға сый-сыяпат көрсетілді естелік сыйлықтармен марапатталды. Ал келесі жылы "Наурыз мейрамы" Центральное ауылында өткізу жоспарланып отыр.

        Пионер ауылдық округінің спортшылары, аудандық ғана емес, облыс және республикалық спорттық іс-шараларға белсенді қатысады . Мәселен президенттік көпсайыс бойынша командасы аудандық және облыстық жарыстарға қатысып, байқауда 1 орыналып  , республикалық жарыстарда облысымыздың намысын қорғап жур.

       Биылғы жылы біз ҰОС аяқталғанына 70-жыл болғанын атап өттік. Жеңіс Күнін тойлау қарсаңында, тыл еңбеккерлеріне лайықты марапаттар табыс етілді. Сондай-ақ, біздің округ "Мәңгілік алау" эстафета алауын барлық ауылдарымыздағы Центральное, Пионерское және Приишимское, ескерткіштерге жақты. Жеңіс алауын біздің спортшылар 20-дан астам шақырымды жүгіріп өтіп окугтің барлық елді мекендеін аралап ардагерлеріміз бен қатар іс шараға қатысты. Бұл іс-шараға да құрметті округ тұрғындары, сондай-ақ жас ұрпақ, ерекше қуанды.

        Сәуір айы бізге талай жағымсыз тосын жайлармен жетті. Бізде қабылданған шараларға қарамастан, біз қауіптенген оқиға орын алды. Ауылымыздың 16 үйін су басты, абырой болғанда адам мен мал шығыны болған жоқ. Барлық зардап шеккендерге азық-түлік, киім-кешек, құрылыс материалдары турінде көмек көрсетілді. Кейінірек біздің округ аумағында, тұрмыстық техника және жиһазбен  жеңілдікпен сатылды.

       Сонымен қатар тасқын су салдарынан Осакаровка – Молодежное облыстық маңызы бар тас жолының 32 км көпір айтарлықтай зардап шекті. Бұл көпір 1955 жылы салынды, 1979 жылы қайта жаңартылды. Қазіргі уақытта жаңадан тұрғызу бойынша жұмыстар. Көпірден шыққан қиыршықтас Пионерское ауылындағы бөгетті  нығайтуға жіберудеміз. Бүгінгі күні 3 км. бөгеттің 600 м , биіктігі 1-1.5. м көтерілді.

       Ауылымыздың экологиялық ақуалы да маңызды.  Сондықтан,ауыл тұрғындарының  бірлескен іс-қимылы нәтижесінде, жоспарлы және жоспарсыз сенбіліктер, таза бейсенбілік біздің округ бойынша тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Біз ұйымдастырылған ЖШС Жанай , қоқыс шығару арнайы техника көмегімен 250 камаз қоқыс шығарылды.

       Пионер с/о су құбыры желісі әрбір елді мекенде апаттық жағдайда және күрделі жөндеуді қажет етеді. Бірақ бүгінгі күні ЖК "Мечта" мен Осакаров ауданының  ТКШ бөлімі бірлесіп, Центральное , Приишимское Пионерское ауылдарында, 10-нан астам жерде  су құбыры жасалды.

Осы жылдың шілде айында с. Пионерское дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталды. Конкурстың қорытындысы бойынша мердігер ЖШС "ЖилСтрой-2003. Бүгінгі күні 70% - ға аяқталды.

        Бірінші бағыт бойынша құрылысына байланысты  17 әлеуметтік жұмыс орны жергілікті халық үшін ашылды. Пионерское ВА  3 жас маман тартылды. Бұл 1 дәрігер-терапефт, 2 медбике.

       Көктем басында бұл бізге № 7 ОМ директорынан – қатты жел салдарынан түтін мұржасының жоғарғы бөлігі майысып қалғаны туралы хат келді. Приишимское селосының шаруа қожалықтарымен ЖШС " Жилстрой -2003 қызметкерлері бірлесіп, бұл проблемашешеімін тапты.

         Сондай-ақ Пионер ауылдық округі аудандық және облыстық жәрмеңкелерге үздіксіз қатысады,.

        Тамыз айының аяғында «Өңірлер дамуы» бағдарламасы аясында, жергілікті мердігер «Батрынча» ЖК  салған  балалар алаңының салтанатты ашылуы болды.

 

         Өзінің сөздерінің бірінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев былай деді: «Егер сен өз еліңнің ұлы болсаң, егер сен өз еліңнің тағдырына қатыссаң, егер сенде азаматтық көзғарасың бар болса,  тәуелсіз қазақ бірлігіне аянбай тер төгіп еңбектен»

         Тарих көрсеткендей, әр елдің жетістіктері  қоғамның бірлестігі,  уақытша қиындықтарға төзе білетіндігіне  қатысты екенін көрсетіп отыр.

«Келісім барда  кішкентай ісің өрге басады, келісім жоқта үлкен іс құрдым болады » - деген халықтың дана сөзі бар.  Бірлігіміз нық болса Елбасымыз алға қойған  мақсаттарына  қол жеткізетінімізге сенемін!

 Біз біргеміз. Бұл біздің басты күшіміз!

 

 

 

       

 

                                 

 

   

 

 


Дата редактирования: 18 Апреля 2016 16:07

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»