В Осакаровке:  11°C , Влажность 66%, Давление 716, ветер 7 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Қарағанды облысы Осакаров ауданының Есіл ауылдық округі әкімінің есебі

Құрметті кездесуге  қатысушылар !

 Мемлекет Басшысы ағымдағы 2015 жылдың 30 қарашасында «Қазақстан жаңа жахандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму», атты Қазақстан халқына жолдауын арнады. Бұл Жолдау шын мәнінде ерекше жолдау болды. Өйткені Елбасымыз әлемдік көшбасшылардың арасында бірінші болып әлемдік экономиканың құлдырауы, шикізат ресурстарына деген бағаның төмендеуі, бюджеттің кіріс бөлігіне түсімдердің азаюы сияқты жаһандық сын-қатерлерге стратегиялық сипатта жедел шешім қабылдаудың үлгісін көрсетті. Біздін әр қайсымызға түсінікті тапсырманың шешімі Елбасымыздың жолдауымен шешімін табатыны..Әлемдік және өңірлік экономиканың дамуындағы көрініс тапқан тұрақсыздық белгілері баса назар аударуды қажет етеді. Жаңа сыртқы тәуекелдер жағдайында Қазақстанның экономикасын дамыту үшін іскерлік белсенділік пен жұмыспен қамту  ынталандыруға арналған жаңа бастамалар қажет.

 Есіл ауылдық округі әкімінің аппараты бұл бағыттар аясында өзінің жұмыстарын ұйымастыруда.

Халық алдында барлық деңгейдегі әкімдердің есептік кездесулері атқарушы өкімет және халық арасындағы ашық диалог сияқты бағалауға болады.  Дәл осы уақытта  ортақтасқан  жұмыс дұрыс нәтиже береді деп дәлелдеуге болады.  Барлық мәселені шешу негізі ауданның бюджетіне және оның орындалуына байланысты.

Екі ауылдың ішінде 2184 адам тұрады, соның ішінде Есіл ауылында 1671 адам, Колозное ауылында 513 адам. Қайтыс болғандар  саны 23 адам, туылғандар саны 24 адам.

Округте 3 мектеп жұмыс істейді, мұнда №2 ОМ – 187, Колхозное ауылының  негізгі мектебінде – 66, Литвиновская мектеп-интернатында – 214 оқушы білім алады. Сондай-ақ ауыл аумағында мәдениет үйі, және «Модельная библиотека» атағымен марапаталған ауылдық кітапханасы орналасқан.

2015 жылы облыстық бюджеттен күрделі жөндеу жүргізу үшін №2 ОМ  12 млн. теңге  бөлінді. Мемлекеттік бөлінген қаржыға мына жұмыстар атқарылды, шатыр айырбасталды, жылыту кұбырлары кейбіреулері ауыстырылды,  ұңғыма бұрғыланды, су құбырлары жұргізілді, линолеум айырбастлды, жане үнемделген қаржыға пластикалық терезе қойылды. Колхозное ауылының негізгі мектебіне ағымдағы жөндеу  жасалды. Округтің барлық мектептері  жылыту маусымына дайын.

Ауылыдық округі аумағында тұғындарға медициналық көмекті   Есіл ауылындағы дәрігерлік амбулатория және Колхозное аулындағы фельдшерлік пункті жұмыс істейді. 2015 жыл  Есіл ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория құрылысы басталды, казіргі уақытта құрлыс жұмысы тоқтатылған,  өтпелі мерзімнен соң жұмыс жалғасады. Тұрғындардың бірден бір маңызды қызметтері – бұл кәсіпкерлік. Біздің округте 31 жеке кәсіпкер тіркелген.

2015 жылдың басында ауылдың сауда орталықтарымен әлеуметтік маңызды өнімдердің бағасының өсуіне тыйым салу мақсатында меморандумдар жасалған.

          

Барлық ауыл тұрғындары жыл бойы елді мекенді абаттандыруға, санитарлық тазалауға және көгалдандыруға  жұмысына қатысты.

 Аудандық және облыстық сенбіліктер, апта сайын «Таза бейсенбілік» өткізіледі, оған 1236 адам ат салысты. Барлық білім ұйымының, жеке кәсіпкерлердің, ауыл тұрғындарының күшімен көшелерді қоқыстардан, күлдерден, жусандардан тазалау бойынша үлкен жұмыстар атқарылды.  Мекемелердің қоршаулары, бағаналар  ақталды. атқарылған жұмыс ретінде 3,6га қоқыс тазаланды, 11 дана техника арту түсіру , 32 авта көлік және трактор ұйымдастырылды.  Боялғандар 348 метр, актелген қоршаулар 2618 метр, электроберу тіректері 90, 126 ағаш. Тұрғындардың өз төлемдерімен күл жане қөн шығаруы ҚШ техникаларымен жүргізілді. Есіл – Колхозное, және Есіл-Центральное аялдамаларын бояу жұмысы  жүргізілді. Есіл ауылының көшесінің соңында грейдерде ҚШ-ғы мемарандум жасау арқылы қоқыс төкіш  орын дайындалды. 9 мамыр  Жеңіс күніне арналған ескерткіштерді бояу жөндеу жұмыстары жүргізілді.Қысқы мезгілде жиналған қарды тазалау жұмыстары жүргізіледі. ҚШ басшыларымен қысқы мерзімге арналған тазалық жұмысын жүргізу меморандумы жасалған.

 «Жасыл Ел» бағдарламасы аясында округті абаттандыру және көгалдандыру, санитарлық тазалау бойынша  Литвиновская мектеп интернатының аумағына 720 дана  жапжапырақты  көшеттер егілді . 85 шырша 540 екпелі ағаштар отырғызылды.

№2 ОМ 25 ұрықты ағаш және 8 гүлді

Колхозное НМ -15 дана екпелі,  25 ұрықты ағаш және 5 гүлді , әкімдікте -30 дана екпелі ағаш.

Екінші жарты жылдықта «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Есіл ауылының орталық алаңына балалар алаңын орнатуға республикалық бюджеттен 2 млн. 100 мың теңге бөлінді. Үнемдеу сомасынан «№2 ОМ» КММ  аумағына қосымша спорттық алаң орнатылды. 2015 жылы ауыл аумағына спорттық алаңдарды орнату үшін 2 млн. 7 мың теңге қаражат бөлінді. Сондай-ақ акция бойынша 20 қайрымдылық қорын жасау. ААҚ «АБК Автодор НС» ЛМИ тәрбиелеу  ұйымдығы балаларына  спорттық алаң орнатты.

         Ауыл шаруашылығы  біздің округтің  әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдылығы болып танылады, бұл бірінші кезекте ауылдық округті азық-түлікпен және халықты жұмыспен қамтуды жабдықтайды.

Ауыл шаруашылығы 38 ШҚ және ФҚ құрылған, оларда 29693 га ауылшаруашылық жерлері тіркелген, оның ішінде 18459 га жайылымдық жерлер. 14317 егістік алқаптан орташа көлеммен 10,3 центнерден барлығы 14741 га. астық жиналды. 

2016 жылы көктемгі дала жұмыстарының өткізу теңгеріміне сәйкес, 14821 га себу жоспарлануда. Бүгінгі күні ШҚ басшылары  меншікті қаражатына және лизинг арқылы ауылшаруашылық техникаларын жаңартуда.

Бағдарлама «2020  Жұмыспен қамту» жол картасы бойынша  округтегі еңбекке жарамды адамдар арасындағы жұмыссыздар, тұрмысы төмен отбасыларға несиелендіру бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары өткізілді.  2015 жылы Какей Насихан мал шаруашылығын кеңейтуге 1млн.3 мың көлемінде шағын несие  алды. «2020  Жұмыспен қамту» жол картасы бойынша бойынша 20 адам жұмыспен қамтылды.№2 ОМ жөндеу жұмысына 3 адам  жастар арасынан, амбулаторияның құрлыстық жұмысына 17 адам олардың ішінде  3 жастар санатынан. Жылдың үшінші тоқсанында  «Өрлеу» бағдарламасы бойынша мал сатып алуға ақшалай аз қамтылған от басылары көмек алды.

01.01.2016 жылдың жағдайы бойынша қазіргі мал есебіне сәйкес   бізде барлығы ІҚМ – 2082, соның ішінде сиырлар – 851, қойлар мен ешкілер – 1099, жылқылар – 90, шошқалар – 233, құстар – 3116.

         2015 жылы ветеринарлық тексеруді алдын алу және жануарлардың қауіпті аурулар бойынша шаралар өткізілді, оларға вакциналау жүргізілді,  сонымен қатар көктемде ірі қара малды, ҰҚМ, шошқаларды  сырғалау және  жылқыларды чиптеу жүргізілді. Қаңғыбас иттерді аулау жүргізілді.

Азаматтардың өтініштерін қарастыру әкім аппаратының басты қызметі болып табылады. 2015 жылы жазбаша өтініштермен 5 жеке тұлғадан және 4 заңды тұлғалардан түсті. Жазбаша түскен барлық өтініштерге жауап жазбаша түрде беріледі, ал  ауызша келгендерге «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына және ҚР  «Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарастыру туралы» Заңына сәйкес тиісті  мәлімет береді. 2015 жыл ішінде барлығы 12 өтініш түсті.

 

Бірден бір маңызды мәселе су құбырын қалпына келтіру болып табылады 1983 жылғы айырбастауды қажет етуде.

Есіл ауылы бойынша 2013 жылы 5 ұңғыма бұрғыланды.

Колхозное ауылы бойынша 2014 жылы 5 ұңғыма бұрғыланды.

Есіл ауылының су құбырын қалпына келтіру жоба сметасының құжаттамасы 2015-2016 жылдары дайын болады, 2017-2018 жылдары  су құбырын өткізу белгіленуде. 2014 жылы Колхозное ауылында «Азимут Геология» ЖШС 5 ұңғыма бұрғылады,  2015 жылы ішінде судың сапасына сарапатама жүргізіледі. 2018-2019 жылдары желілерді қалпына келтіру бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары белгіленуде. 2015 жылы су құбырына жасалған жұмыстар:

1.Насосқа жөндеу жүргізілді.

2. Жол бойынан 32 метр ұзындықты құрайтын негізгі су құбыры айырбасталды.

3. Жартылай су құбырларына жөндеудер жүргізілді ҚШ басшылары және ауыл тұрғындарымен бірлесе атқарылды.

         Қазіргі кезде Есіл ауылында бір ұңғыма жұмыс істеп тұр, екіншісі сорғыш үшін кабелді алуға қаражаттың болмау себебінен жұмыс істемей тұр.         Есіл ауылының тағы бір күрделі мәселесі болып тұрған Есіл өзені өтетін көпірдің апатты жағдайда болып тұруы

Есіл ауылының тағы мәселесі болып Есіл өзені арқылы өтетін көпірдің апаттық жағдайда болып тұр. Өкінішке орай ауыл тұрғындарының барлық мәселелрі  оң шешімін таппасада, алға қойылған мақсаттарға жету үшін қойған жоспарларымыз жетерлік.

Кез –келген мемлекет өз ортасында тұрып жатқан адамдарымен күшті және бағалы.

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Дата редактирования: 15 Апреля 2016 08:56

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»