В Осакаровке:  4°C , Влажность 67%, Давление 716, ветер 7 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Қарағанды облысы Осакаров ауданының Жансары ауылдық округі әкімінің есебі

                                                                Жансары  ауылдық  округі  әкімінің                                                           

    халық  алдындағы    ЕСЕБІ

 

             Құрметті   ауыл  тұрғындары !

 

        Елбасымыздың    тапсырмаларын  орындау  аясында,    жыл   сайын  есептік   кездесулер  өткіземіз,    ол  ауыл  тұрғындарының     күнделікті  өмірініің   проблемаларын   шешуге   мүмкіндік  береді   және оның   шешу  жолын   аңықтаймыз.   Ауылдық  округтің  әлеуметтік- экономикалық  дамуында   жарқын    болашақтың   жаршысы   болған  «Қазақстан – 2050  Стратегиясы»  және  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың   жылдағы  жолдауы   негізгі   бағыттарын   жүзеге  асыру   жолында   жігер   танытуымыз  керек.  «Нұрлы  жол -  болашақ  жолы»   жолдауы  біздің  ертеңгі   күнімізге   сенім  арттырады   және  дағдырыс  қазақстандықтардың   өмірінде   еш   байқалмайды,  керісінше    еліміздің   экономикасына   және   гүлденуіне   күшті  серпіліс  береді.

        2015  жыл  біздің   ауыл  үшін   ерекше   жыл  болды.  Қарағанды   облысының  әкімдігі   және  Қарағанды  облыстық  мәслихатының  бірлескен  қаулысы  және  шешімі  бойынша ауылымыздың   тарихи  атауы   қайтарылды.   Дальний  ауылдық   округі,    Жансары  ауылдық  округі   және     Лиманное  ауылы  Басқорық   ауылына   өзгертілді. 

     Жыл  басында  өткізген   кездесулердің  талдауы  бойынша  ауыл   тұрғындардың  ең  күрделі  сұрақтары   ол  әлеуметтік  сұрақ,  автожолдарын негізгі жөндеуден өткізу, ауыз сумен қамтамасыз  ету.

     19.01.2015 ж   аудан  әкімінің   халықпен  кездесуінде  тапсырмалар  берілді:

Қызылтас  ауылының   су  құбырың  жөндеу  жұмыстарын  аяқтау (Бутеев О.Ж)

Бүгінгі  күнге  жөндеу  жұмыстары  аяқталған  жоқ.

Ауылдық  клубтың  шатырын  жөндеуге  ұсыныс  беру  (Шалабаева А.К)

Бүл  сұрақ  әлі  шешілген  жоқ.

Дәргерлік  пункті  жиһазмен  жабдықтану  сұрақты  қарастыру (Кенжибаев С.Е)

Дәргерлік  пункті  жиһазбен  жабдықтанған. 

Жансары    ауылдық   округінің     жер  көлемі 104  мың  га.  Округ  аумағында  бес  елді  мекен     орналасқан.  Олар  Дальний,  Жансары,   Жуантөбе,  Басқорық  және   Қызылтас   ауылдары. 

01.01.2015  жылы    тұрғындар     саны   473   адам     болды.  Жыл  бойы   4 бала   туды,  5  адам   қайтыс    болды,  сырттан   6 адам келді, 31 адам қоныс   аударды. 

 Жалпы   аула  саны  - 103, отбасы  саны - 125, ал   тұрғындар  саны -447  адам. Балалардың  саны - 92 ,  ересек      тұрғындар    саны – 356. Онын  ішінде   зейнеткерлер - 50  адам, І-ІІ-ІІІ топтағы  мүгідектер -19  адам,    19 студент  бар. Бала    күтімінде  отырған    және  үй  шаруасымен  айналысатын   әйелдер саны  -  37,   өзінің  меншік  шаруасымен   айналысатын - 57  адам,  ал   бюджет    саласында -  67  адам,    шаруа     қожалығында   үзіліссіз     жұмыс   істейтін  11  адам,   қызу   жұмыс  кезінде  16  адам   көмек    жасайды, жеке   кәсіпкерлер  саны  4,  басқа    жерлер  мекемелерінде  78  адам   жұмыс  істейді.

         Қазақстан  Республикасының  «Жеке  және  заңды   тұлғалардың  өтініштерін  қарау  тәртібі   туралы»   Заңын  орындау  мақсатында  арыздар  мен   ұсыныстарды   есепке  алу   және   бақылау  жұмыстары   қолға  алынып,   арыздың   туындау  себебіне   жүйелі   талдау   жасалынып,   оларды   жою   шаралары   қабылданды.   2015  жылы  ауылдық  округі   әкімінің   аппаратында   азаматтардан  537 ауызша  сұраны  сәр -түрлі  анықтама  беру  бойынша  келіп  түсті,   жазбаша  2  арыз  түсті.  Барлық  сұрақтарға   жауап  берілді.    Және     2015  жылы  51  мемлекеттік  қызмет  көрсетілді,   ол    қосалқы  шаруашылығының    бар  екендігі  туралы    анықтама  беру  туралы.

Дальний  ауылы бойынша  интернет  үстамайды,  соңдықтан    электроны  құжат  айналымы жоқ.

     «Өңірлік  даму»   бағдарлама   бойынша   санитарлық  тазалыққа   391  мың  тенге  бөлінді.   Нәтиже  бойынша  Боярский А.А. жеке  кәсіпкермен   шартқа  отырдық   ол   Дальний  және  Жансары  ауылдарын  қоқыстан  тазалады  10  заңсыз  қоқыс  тастаған  жерді   тазалады   1200  тонна  қатты   тұрмыстық  қалдықтармен  қоқысты  шығарды.   

     Округ   бойынша 116  шаруашылық  жүргізуші    субъектілері   ауыл   шаруашылық    өндіріспен   айналысады,    ( оның   ішінде   19  шаруа  қожалықтар   және 97  меншікті   шаруашылықтар).  Ауыл   шаруашылық   өндірушілердің  соңында   48,7  мың  гектар   ауыл   шаруашылығына   пайдаланатын   жерлер,   оның  ішінде   4,9  мың  гектар   егістік   жерлер   және   43,8  мың  гектар   жайылымдар   бекітілген.

    01.01.2016  жылға   Ірі   қара  малдың  саны  -  2984  бас  ,   сиыр-  1815  бас ,  қой  мен  ешкі-  4117  бас,  жылқы  - 2545,   құс –  1092  бас   құрады.

    2015  жылы  округ  бойынша   11 мың  тонна  шөп  дайындалды.

Аудан  өңірдің  Индустрияландыру  Картасына  енгізілген «Евразия  Инвест ЛТД»  ЖШС –ның  негізінде  Жуантобе  ауылында  «Сублимация  әдісімен  табиғи  қымыздан  құрғақ  ұнтақ  жасау»  инвестиция  жобасы.  Жобаның  инвестициялық  құны – 831,1  млн.  теңге.   Бұл  жоба  шілде   айында      өндіріс  іске  қосылды.

Жылқы  саны  1500  бас  құрады  оның   ішінде      бие  саны  900 бас.   Биыл   400  бас  бие  сауылды,  2  тонна  сублимация  әдісімен  табиғи  қымыздан  құрғақ  ұнтақ  жасалды.«Евразия  Инвест ЛТД»  ЖШСға   ауылдық  округтың  21  жұмыссызы  жұмысқа  орналасты.

      Округ  бойынша  сегіз  шаруа қожалығы   «Сбаға»  бағдарламма   бойынша   бір  шаруа қожалығы  «Құлан»  және «Алтын  асық»  бағдарлама  бойынша  жұмыс  істейді.

      2015  жылы  шаруа қожалықтар  27 млн.268 мың  теңге  субсидия  алды.

      Округ  бойынша   АҚ «Каз Агро Финанс»  арқылы   шаруа  қожалықтарлизинке 23 млн 780 мың теңгеге жаңа  ауыл шаруашылық  техникалар  алды.

Үш    МТЗ-82   -         11 млн.900мың.теңгеге

Бір    МТЗ 950 - 6 млн.500мың.теңгеге

Екі    Пресс 145       -   1 млн.800 мың.теңгеге

Газель 3302    -2 млн.500 мың.теңгеге

КУН                           1 млн 80 мың.теңгеге

   Асыл  тұқымды  және  таза  етті   ұдайы   өндіру   үшін ауыл  шаруа  қожалықтары   асыл  тұқымды  малдар   сатып  алды.  2015  жылы  оның  ішінде  37  бас асыл  тұқымды  бұқалар 15 млн.300 мың  теңгеге  сатып  алды.  Қазіргі  уақытқа  асыл  тұқымды  малдар  саны:  ірі  қара  мал 59 бас  оның  ішінде  сиыр – 18  және бұқа  41 бас. Асыл  тұқымды  қой  саны  36 бас оның  ішінде 20  қошқар  және  16  аналық  қой.

    Әлеуметтік  маңызы   бар  тауарларға    бағаның   көтерілмеуіне   ықпалын   тигізу   үшін   ауыл   шаруашылық   өндірушілер   Қарағанды  қаласында,  Осакаровка   және  Молодежный   кентінде    өткен   жәрмеңкелерге  қатысты. 

     Жыл  бойы   600 бас  ірі  қара,  790  бас  қой   және  195  жылқы  саудаланды.   Ақмола  облысы  Кургазина кентіне  80  бас  ірі қра бордақылауға  тапсырылды.

 

2016  жылы   жоспар  бойынша

Шаруа  қожалықтар     7   трактор,  2  комбайн,   тіркелетін  жатка,  2  шөпшапқыш,  3  тактор  тіркемесі,  пресс,  шөп жинауғыш  сатып  алу  жөспарлап отыр. 

Малдың  саның   15 пайызға  өсіру.  Асыл  тұқымды  бұқалар  сатып  алу.

Ірі  қара бордақылау аланың   құрлысы  және  базаларды  жөндеу жұмыстарын  атқару.

280 га  егін   және  200 га көпжылдық  шөп  себу.

«Евразия  Инвест ЛТД»  ЖШС   жылқы  саның  3 мыңға  және  саулатын  биенін  саңын  700  жеткізу.

Меншікті   малға  19  асыл  тұқымды  бұқалар  сатып  алу.

Ауыл  тұрғындарын   мазалайтын   басты  мәселелерінің  бірі   ол   автокөлік жол  байланысының   жағдайы.   Дальний    округінің    жол  байланысы  71 шақырым,   оның  ішінде   42  шақырым   Молодежный   кентіне дейін,  қалган  29 шақырымы,  ол   ауыл   арасындағы   жолдар.  

Ауылдарымыздың    ауыз  сумен   қамтылуы    бірқалыпты.   Дальний   ауылында 19   меншікті  скважина,  2 құдық    және   бұлақ   бар,  су  тасымалы.   Жансары  мен    Қызылтаста    скважиналар    істеп   тұр.  Жуантөбе  мен  Басқорықта    әр  үйде  құдық  бар.  Бірақ   Қызылтас  ауылының   су  құбыры  жөндеу  жұмыстары  аяқталған  жоқ.   Ауыз  сумен  қамту  сұрақ   тұрақты    бақылауға  алынған.

2015 – 2016  жылдарға   жылумен   қамту   бойынша  № 24 орта мектептің,   бастауыш  мектептің,   әкімшіліктің,   фельдшерлік   пунктің   және  төрт  ауылдық   клубтардың   пештері  тоқтаусыз  жұмыс  істеп  тұр,   көмір  жеткілікті.

2015  жылы  шару  қожалықтары   ауылымызға   көп  демеушілік  жасады.

Ол  халықты  дәргерлік  скринигтенжәне халықтың  денсаулығың  тексеруің өткізу  кезінде  «Естай», «Осакаровское», «Қызылтас»,  «Жанел»,  «Ортақорық»  шаруа  қожалықтары;«Қарттар  күніне»  Тыштыкбаев Ж.Ш.;   «Бірінші Президент  күніні»  соғыс  ардагеріне   «Осакаровское»  шару  қожалығы;   балалардың  «Жаңа  жылына»  Терещенко  шаруа  қожалығы   демеушілік  жасады.   Және   «Евразия  Инвест ЛТД»   қыс  бойы   жолдың  қарың  тазаладыжәне  қазырғы  уақытта  тазалап  жатыр.

Ауылдық   округ  әкімінің   қызметінің   бір  бағыты   әкім  аппараты қызметкерлердің  жемқорлық  пен  тәртіп   бұзушылыққа   жол  бермеуіне    қарсы   күрес  шараларын   қолдануы   болып  табылады.Жемқорлыққа   қарсы   күрес   жүргізу   жұмыстары    «Қазақстан  Республикасының  2015-2025 жылдарға  арналған  сыбайлас  жемқорлыққа   қарсы   стратегияны» іске  асыру  бойынша   Осакаров  ауданының   2015-2017  жылға   арналған  іс  жоспарыны    бойынша жүргізіледі.  Сыбайлас   жемқорлықты   болдырмауға    қызметкерлер    арасында  құқық  тәрбие  сабағы    өткізіліп  тұрады. Құқықтық  насихатты   жүргізу  үшін    мерзімді  баспасөз   басылымдардың   тігіндісі  бар.   Округ  әкімі   аппаратының  мемлекеттік  қызметкерлер   «Ар-намыс Кодексін»  және  еңбек   тәртіптерін  орындалуын   қатаң   сақтайды.     Әкімі  аппаратының   мемлекеттік   қызметкерлерінің   істері   бойынша   ауызша   және   жазбаша   үндеу  түскен  жоқ.


Дата редактирования: 15 Апреля 2016 08:58

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»