В Осакаровке:  11°C , Влажность 66%, Давление 716, ветер 7 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Қарағанды облысы Осакаров ауданының Звезда ауылдық округі әкімінің есебі

Құрметті Қайрат Абдоллаұлы!

Құрметті жиналысқа қатысушылар!

 Қазакстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмаларын орындау мақсатында мен 2015 жылдың корытындысы бойынша iстелген жұмыстар туралы халыққа есеп беру жиналысын өткізіп отырмын.

Құрметті ауылдастар! 2016 жыл 1 кантарға Звездный ауылдык округ бойынша 300 адам турса, оның ішінде экономикалық белсенді халык саны - 197 адам қурайды, ол барлық халық санына шаққанда 61 пайыз болады.

Ауылөнеркәсіп кешені, шағын және орта бизнес

Ауылдық округ аумағында барлығы 23 шаруашылык субъектілер жұмыс жасайды, оның ішінде 19 шаруа қожалықтары, 2 жауапкершілігі шектеулі cepiктecтiк пен 2 жеке кәсіпкер. Барлык ауылшаруашылық тауарөңдірушілердің 19 шаруашылығы егін себумен айналысса, 3 шаруашылық мал азығын дайындаумен шұғылданады.

Былтырғы жылы ауылдық округ бойынша негізгі капиталға инвестиция салуы 66 млн. теңгені құрады. Ауылдың басқа да әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері аудан көлемінде алдыңғы қатарында келе жатыр деп айтуға болады. Мынадай корсеткіштерге қол жеткізіп отырған біршама шаруа қожалықтарының арқасында, атап айтканда «Кобжанов» ШҚ (басшысы Н.Кобжанов), «Спектр» ШҚ (И.Дедуренко), «Машин» ШҚ (В.Машин), «Мир» ШҚ (А.Ульянин) және тағы басқалары.

2016 жылы 1 қантарға ауылшаруашылық өнімдерінің өндірісі мындай болды: ет – 145 тн., сүт - 150 тн. Ауылшаруашылық онімдерінің жалпы көлемі - 120 млн.750 мың теңге кұрады.

2015 жылға ауылшыруашылық онімдері - 5577 га жерге егілсе, оның ішінде - 4895 га бидай, 682 га - арпа және – 370 майлы дақылдар егілді (лен).

Барлық астық өнімдері 4678 га жиналса, орташа есеппен гектарынан 14 цн. өнім алынды және 370 га майлы дақылдар жиналса, орташа есеппен 10 ц/га өнім алынды. Жалпы жиын 6270 тонна астық өнімдерінен құралса, оның ішінде 5324 тн. бидай және 946 тн. арпа.

1 қаңтар 2016 жылға мал бас саны төмендегі көрсеткіштерді құрады: ipi кара -410 бас, қой және ешкі - 920 бас, жылқы - 312 бас, шошқа - 541 бас, құс - 2525 дана.

2014                    салыстырганда 2015 жылы ipi қара малдын саны 67 басқа көбейді  , қой және ешкінің саны - 373 басқа көбейді жылқылар -90  баска кебейді, құс – 1663 дана көбейді

Жұмыс қоры, әлеуметтік сала

Ауылшаруашылық құрылымдарда 45 адам жумыс істесе, егінді себу және жинау науқанында жұмыспен қамтылған адамдар саны маусымдык жұмыспен айналысуының арқасында көбейеді Мемлекеттік мекемелерде, дәрігер мен білім беру жүйесіңде және басқа да қызмет салаларында 54 адам жұмыс істейді, кезектік тәсілмен 17 адам жұмыспен қамтылса, әскер қатарында 1 адам, меншік аулада 46 адам жумыс істейді, 2 адам жеке кәсіпкер.

Аз қамтамасыз етілген адамдарға ерекше көңіл бөлінеді. Округте 5 отбасы көп балалы санатына жатса, онын, ішінде 3 «Kүмic алқа» иегерлері бар, онда 27 бала тәрбиеленіп отыр. Ауылдық округте 10 мүгедек тұрады, оның ішінде 3 топтағы мугедектер саны - 7 адам, 2 топтағы мугедектер - 3 адам. Hегізі мүгедектер толық отбасыларда тұрып жатқандықтан, аз камтылған отбасылар санатына жатпайды.

Ауылдық округ бойынша жұмыссыздар жоқ.

Округте 1 орта мектеп бар, онда 54 бала оқып жатыр. Мектепте «Балапан» атты шағын орталық жұмыс істеуде, 12 бүлдіршін қатысып жүр. Мектепте қазырғы жағдайдағы қондырғымен химия сыныбы ашылды. 2015 жылдың наурыз айында «Қобжанов» ШҚ басшысы Қобжанов Н.С. демеушілік көмегімен, мектептің АКТ залына жөндеу жұмыстары жасалды

Ауылда медициналық пункт жумыс істеуде. Былтырғы жылы пункте ағымдағы жөндеу жумыстары жүргізіліп, біршама қалыпқа келтірілді

Ауылда клуб бар, онда түрлі шаралар мен көркем өнерпаздар ұжымдары концерттерін қояды.

Кітапхана жүйесінің барлық қоры 10014 дана қураса, оның ішінде 2170 дана мемлекеттік тілде.                                                                                                                                                                                                          Ауылда спорт қарқынды даму үстінде. 2015 жылдың қараша айында Звездное ауылының ерлер волейбол құрамы, волейбол жарысында Осакаров ауданы әкімі кубогінің І орын жүлдегері атанды  

«Аймақты дамыту» бағдарламасы бойынша 282 мың теңге бөлінді , ол қаражатқа ауыл ішіндегі «Мира» көшесіндегі жолды  жөндеу жұмыстары жүргізілді                                        

Баяндама аяқталды.

Тыңдағандарыңызға рахмет.

 


Дата редактирования: 19 Апреля 2016 17:19

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»