В Осакаровке:  4°C , Влажность 67%, Давление 716, ветер 7 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Қарағанды облысы Осакаров ауданының Николаевка ауылдық округі әкімінің есебі

Николаев ауылдық округі әкімінің тұрғындар алдындағы

            2015 жылғы есебі. 

 

Құрметті кездесуге қатысушылар! Сіздің назарыңызға ауылдық округ әкімінің 2015 жылы атқарылған жұмыстары және 2016 жылға қойылған міндеттері туралы  есебі ұсынылады.

          Есептік кездесулер Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 ж. 15 тамыздағы  № 615 « Әкімдердің есептік кездесуін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес өткізіледі.

  Николаев ауылдық округін сыйпаттайтын мәліметтер:

Округтегі үш елді мекенде  736 адам тұрады. 2015 жылы 6 бала дүниеге келді, 11 адам өлді. 25 адам ауылдан кетті.

  Экономиканың негізгі бағыты ауыл шаруашылық, онда еңбекке жарамды тұрғындардың негізі жұмыс істейді. Ауылшаруашылық жерінің жалпы көлемі 43,3 мың га құрайды, оның ішінде 28,8 мың га. егістік жер.

          Ауылшаруашылық секторында 6 ЖШС, 47 шаруа қожалықтары тұрақты жұмыс істейді. Олар негізінен ауылшаруашылық өнімдерін егумен, мал шаруашылығымен айналысады. 2015 жылы дәнді дақылдар -13152 га

Майлы дақылдар  – 2015 га.

Бір жылдық шөптер – 1949 га

2015 жылғы көп жылдық шөптер  -400 га.

Картоп  -0,5 га ( 2014 ж.ө 4,5 га) жерге салынды.

Тұрғындар мен шаруашылық қожалықтарымен 6988 тн. шөп дайындалды.

Астық өнімділігі 9,9 ц., майлы дақылдар 7,9 ц, картоп -140 ц құрайды.Бүгінгі күні азықтық дақылдарымен айналысу керек. Көп жылдық шөптерді жаңарту және әр түрлі азықтық дақылдарды егу қажет.

   2016 ж. арналған  көктемгі егістік  жұмысын жүргізу бойынша  баланс құрылды. Осыған байланысты қажетті  жағар жанар майдың, тұқымның  көлемі және  субсийдінің көлемі жоспарланады. Ауылшаруашылық басшыларының мәліметі бойынша ауылшаруашылық дақылдары: дәнді дақылдар – 19058 га,  майлы дақылдар – 1938 га, картоп -1  га жерге салынады.

 2016 жылғы егін салуға 4293 га жер айдалған. 43 ауылшаруашылық құрылымдары егін салумен айналысады.

     Ауылшаруашылық құрылымдары техникаларын жаңартуда. 2015 ж. МТЗ-82  жаңа трактор, 5 шөп жинайтынпрес  сатып алынды.

 Жеке аулалар мен ауылшаруашылық құрылымдарында мал басы : ІҚМ – 1369 бас (ЖШС-68 бас, шқ- 143 бас), о.і. сиыр -583 бас (ЖШС- 23 бас,шқ- 64 бас), қой, ешкі - 720 бас ( шқ- 133бас), жылқы -469 бас (ЖШС- 3  бас. шқ- 81 бас),шошқа –204бас , құстар -2150.

 Ветеринарлық қызметкерлермен  қауіпті ауруларға қарсы ветеринарлық алдын алу  шаралары  өткізіледі. Бруцеллезге зеріттелді:

ІҚМ-1762 бас

ҰҚМ- 878 бас

Шошқа -300 бас

ІҚМ -02400 бас туберкулезге зеріттелді;

 

Бруцелезге 27 бас ірі қара мал, 3 бас ұсақ мал шықты, олардың барлығы да жойылды.

Ветеринарлық қызметкерлерімен ауылшаруашылық  малдарын бірдейделендіру бойынша электрондық   дерекқор жүргізіледі. Ірі қара малдың тұқымын жақсарту және ауылшаруашылық малдарының өнімділігін  арттыру үшін сиырлар жасанды ұрықтандырылады.

Қарағанды қаласында, Осакаровка кентінде өткен ауылшаруашылық жәрменкелеріне белсене қатыстық.

 

 Білім беру жүйесіндегі барлық жұмысы  сапалы білім беру қызметіне бағытталған. 

№10 ОМ -68 оқушы білім алуда;

мектепке дейінгі дайындық сыныбында 5 бала;

шағын орталықта -18 бала;

Комсомольское с. БМ-7 оқушы;

Шағын орталықта -12 бала;

Комсомольское селосының 10 оқушысы Осакаровка кентінің № 12 орта мектебінде тұрып оқиды.

Мектепте 12 компьютер бар. Интернетке қосылған. Орта мектепте мультмедиялық кабинет жұмысын жалғастыруда.

Өткен жылғы мектеп бітіруші 8 түлектің екеуі ҰБТ-ға қатысты, орташа  балл- 55,67 құрады.

Мектеп  бітіруші түлектердің 2-уі ЖОО –да, колледжілермен, кәсіптік мектептерде -2-уі оқиды, 4-уі жұмыс істейді.

Жазғы мезгілде балалардың демалысын, денсаулықтарын жақсарту шараларын ұйымдастыруға қажетті жағдай тудыру мақсатында  мектеп жанында лагерь жұмыс істейді.Оқушылар үшін спорт секциялар жұмыс істейді. Ауыл жастары «Сары –Арқа» жазғы аудандық спартакиадаға қатысып , тоғызқұқмалақ ойынынан 3 орынды жеңіп алды.

Мектеп оқушылары аудандық,  облыстық олимпиадаларға, халықаралық интелектуалдық жобаларға белсене қатысады.

      Оқушыларға білім беру және оларды тәрбиелеумен 22 мұғалім айналысады.  (ОМ -20, БМ -2). Мұғалімдер жыл сайын біліктілігін арттыру  курстары арқылы өзінің кәсіптік деңгейін көтеруде.

 Білім деңгейі бойынша :

Жоғарғы категориялы  -  8

1 категориялы               -  7

2 категориялы               -   3

Категориясыз                -  4

Техникал персоналы - 21 адам

 

   Денсаулық сақтау жүйесі бойынша Николаева селосында медпункт жұмыс істейді, Комсомольское, Топан селоларында медицина қызметкерлері тұрғындарға үйінде қызмет көрсетеді.Тамыз айында қозғалмалы флюорографикалық қондырғы жұмыс істеді. Тексеруден 267 адам өтті.Туберкулездің белсенді түрімен ауыратындар анықталған жоқ.

Диспансерлік ауруларды жалпы медициналық  тәжірбие дәрігері В.М.Батищев қабылдайды. Қажет болған жағдайда ауру адамдар аудандық немесе облыстық ауруханаларға тексерілуге жолданады.

Тұрғындар профилактикалық скрининг тексерулерінен өтеді. 24 жасөспірім қызылша ауруына қарсы егілді.

Мәдени іс шаралар:

 Барлық мерекелік іс- шаралар  Қазақ хандығының  550 жылдығын, Қазақстан Халқы  Ассасбмлеясының 20 жылдығын, , Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын тойлау аясында өтті.

 Дәстүрлі мерекелер өткізілді:  Наурыз мейрамы, «Мемлекеттің күші – халық бірлігінде», ҚР-ның мемлекеттік рәміздері күні, «Жас, көркем Астана», «Біз Конституция Заңымен өмір сүреміз» «Аналар күні», Алғашқы Президент күні, «Біздің тәуелсіз Қазақстан» т.б.көптеген шаралар ауылдық кітапханамен, мектеппен бірігіп өткізіледі.

 Ұлы Отан Жеңісінің 70 жылдығына Мәдениет үйі жанынан соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арналып  «Мы помним, мы гордимся» естелік белгісі қойылды. 7 мамыр күні естелік белгісін салтанатты ашу ұйымдастырылды.

Округта екі кітапхана жұмыс істейді. Жалпы кітап қоры 20260  құрайды (Николаевка с -13500, Комсомольское с -6760). Кітапхана 402 оқырмандарға қызмет етеді (Николаевка с. -  304, Комсомольское с. - 98). Кітап қоры жыл сайын толтырылады. Әдебиет пен өнерді көркем қабылдау мақсатында кітапханада мектеппен,  МҮ-мен бірлескен шаралар өткізіледі. Жылдамдығы жоғары ғаламтор жұмыс істейді.Николаевка селосының кітапханашысы өлкені тану және ауылдың тарихы, адамдардың еңбектері туралы жұмысын жалғастыруда.

Ішкі саясат саласында    қоғамадағы тұрақтылықты сақтауға, өзге ұлттардың тұрмысы мен дәстүріне құрметпен қарауға тәрбиелеуге негізгі көңіл бөлінеді.

2015 ж.30 қарашадағы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан  жаңа жаhандық нақты ахуалды. Өсім, реформалар, даму» жолдауын түсіндіру бойынша АНТ құрылып, құрамына «Нұр Отан» партиясы  ҚБ төрағасы, тарих пәнінің мұғалімі, кітапханашы, мектеп басшылары  енгізілді. 2015 ж. 23 шілдеде облыстық ақпаратты насихаттау  тобы ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізді.

Округта  діндер бірлестігі тіркелмеген. 

 

Округтағы барлық үш елді мекен толық телефондандырылған, спутникалық «Мегалайн» жүйесі арқылы 20- дан астам компьютер  ғаламторға қосылған.

  21  «ОТАУ ТВ» сандық телерадиохабар спутникалық жүйесі орналыстырған.

«Қазпошта» АҚ филиалы:  2016 жылға арналған бақылаудағы кезекті басылымға жазылу жоспары орындалды.  Егемен Қазақстан -  6 дана, Орталық қазақстан – 8 дана, казахстанская правда – 15 дана, Индустриальная Караганда – 19 дана, сельский труженик -167 дана, т.б  жазылды.

Елді мекенді абаттандыру:

«Өңірлерді дамыту » бағдарламасы бойынша  шілде айында Николаевка с. Арычная, Садовая көшелерінің жолдары 702,0 мың теңгеге жөнделді. Жұмысты орындаушы ЖШС «Қарағанды Жолдары» филиалы ЖЭУ -2.

 Көшелерді жарықтандыруға   -450,0 мың теңге төленді. Көшелерді жарықтандыруда элетролампылары айырбасталды.

«Садовое» ЖШС , «Найдоровское» ЖШС берген техникасымен және жеке қаржы есебімен ауыл ішіндегі су құбырының жарығы  жөнделді.

   Топан селосында демеуші қаржысына су құбыры скважинасына  жаңа  ЭЦВ-6 насосы сатып алынып қондырылды.

  Осы мезгілде  7 сенбілік , апта сайын «таза бейсенбілік» өткізілді.Округ ұйымдары мен жеке кәсіпкелер, ауыл тұрғындары сенбілікке белсене қатысты. 395  электр бағаналары, 200 ағаштар ағартылып,Мәдениет үйінің 700 метр темір қоршауы сырланды, мектеп, МҮ және әкімдік аулаларында гүлдер отырғызылды.

Мекемелер мен ұйымдардың аумақтарынан 200 тоннадан артық күл боқаты шығарылды. Азаматтардың аулаларынан қый қоқыстарын шығару бойынша жұмысты шақырылған бригада жасады. 2500 тоннадан артық  қый қоқыстары шығарылды.

    Сабыр –Қожа өзенінде бөгет жабылды. 7,0 га аумақта қоқыс, шөп-шалам өсімдіктері, жусандар  жиналды.

    Білім беру және мәдениет мекемелері жылу беру маусымын өткізуге көмірмен толық қамтамасыз етілді. ОМ №10- 220,1 тн, Комсомольское селосы бастауыш мектебіне- 72,2тн, МП- 15 тн. МҮ- 86,4 тонна көмір әкелінді. Ұйымдар мен мекемелерде жылу беру маусымы  бірқалыпты өтуде.

Балаларға арналған мемлекеттік көмекті   5 отбасы, онда 17 бала алады. Тұрғын үй жәрдем ақысын 11 отбасы (12 адам) алады. Жыл басынан 23 адам жұмысқа қабылданды.

     2015 жылы 2 жазбаша өтініш , 4 ауызша өтініштер түсті. 

   Ауылдық округ әкімдігі мемлекеттік қызметтің 3 түрін көрсетеді. Олар жеке қосалқы шаруашылығы бары туралы анықтама беру -42 анықтама; елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру; жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру. 2  мемлекеттік қызмет көрсету бойынша өтініш түскен жоқ.

          Ауылдық әкімінің әр түрлі сұрақтары бойынша – 14 өкім,  жеке құрамы бойынша -3, демалыстар, іссапаралар және жазалар бойынша -12 өкімдер қабылданды.

      Жыл бойы округтағы селолық тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету үшін ХҚКО мамандарының  24 келуі ұйымдастырды. Негізінен мекенжай анықтамасы, сотталмағаны туралы анықтама, жылжымайтын мүлік туралы, зейнетақы төлемі, мұрағаттық анықтамалар, жеке куәліктер берілді.

     Жергілікті атқару органдары жергілікті салықты (мүлік және жер)  ұйымдастырылуына және жиналуына көмектеседі. Округ бойынша мүлік салығы-  56943 теңге, жер салығы -42564 теңге  жиналып аудандық бюджетке аударылған. Салық бойынша төленбеген қарыз жоқ.

 

2015 жылы аудан әкімімен есептік кездесуде берілген тапсырламалар:

1.     Николаевка с. № 10 ОМ  асханасын жөндеу бойынша ұсыныс берілсін, ақау ведомості әзірленсін.

 Асханаға жөндеу жүргізуге 10 млн теңгеге ақау ведомості құрастырылды.

2.     2015 жылғы көктемгі су тасқынына қарсы іс- шараларды өткізуге дайындық.

Су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізуге дайындық бойынша  штаб құрылды; кезекшілік ұйымдастырылды; тұрғындарға су тасқыны кезіндегі ережелер туралы жаднама таратылды; хабарландыру жүйесі орналастырылды; тұрғындарды уақытша эвакуациялау орыны дайындалды; Сабыр Қожа өзені тазартылды; «Восход» бөгетінің шлюзі ашылды; экскаваторды жалға алуға келісім шарт әзірленді; су өткізу трубалары қардан тазартылды; шаруашылық субъектілерінің техникалары дайындалды ;

     Ауылдық округі әкімі аппаратының қызметіне 2016 жылға  келесі   міндеттер қойылды:

1.     Шаруашылық құрылымдардың басшылары мен тығыз жұмыс жасау, жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыруға көмек көрсету, қызметкерлерді қысқартуды болдырмау.

 

2.     Ұйымдар мен мекемелерде жылу беру мезгілін бірқалыпты қанағаттандырарлық  режімде өткізу;

3.     Қыс мезгілінде  автокөлік жолдарының болуын қамтамасыз ету;

4.     Су тасқынына қарсы шараларды өткізу;

5.     Елді мекендерді абаттандыруды  қамтамасыз ету.

6.     Жергілікті бірлестік  мүшелері  жұмыстарын жұмылдыру.

 

 


Дата редактирования: 19 Апреля 2016 14:46

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»