В Осакаровке:  -1°C , Влажность 79%, Давление 718, ветер 1 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Қарағанды облысы Осакаров ауданының Қаратомар ауылдық округі әкімінің есебі

Қаратомар ауылдық округі әкімінің есебі

Құрметті Қайрат Абдоллаұлы!

 Қаратомар ауылдық округі тұрғындары және осы жиынға қатысушылар!

 

2015 жылдың 30 қарашасында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жаһандық дағдарыс жағдайында дағдарысқа қарсы 7 қадамы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын жария етті. Бұл жолдау – әсіресе бүгінгі оңай емес жалғасқан әлемдік дағдарыс жағдайында, экономика дамуының көп мәселесін шешуінің бағдарламалық құжаты. Елбасы келе жатқан сынақтар туралы ашық айтты. Осы кезеңде бізге әсіресе біртұтастық маңызды, бірлік болса біз келген қиындықтан өтеміз. Қаратомар ауылдық округі халқының саны – 715 адам. Экономикалық белсенді халық саны – 430 адам. Округ бойынша 75 зейнеткер, 26 жарымжан тұрады. Шаруашылық субъектілер саны: 3-жауапкершіліг шектеулі серіктестік, 2-фермерлік қожалық, 8-шаруа қожалығы, 7-жеке кәсіпкер, оның ішінде: сауда қызметімен – 4 жеке кәсіпкер, шаштараз – 1 жеке кәсіпкер, жартылай үй құстарын және басқа да жануарларды өсіру мен көбейту бойынша – 2 жеке кәсіпкер 2015 жылдың 2 жартыжылдығында ашылды. Елбасы біздің алдымызда міндет қойды: «Қазақстан ет, сүт және жер өнімінің  ірі экспорттаушыларының бірі болуға міндетті». 2015 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында 2 тұрғын жалпы сомасы 3 млн. 500 мың теңге  құрайтын кішігірім несие алды. ЖК «Кулмаганбетов» 500 мың теңге алып, 2 сиыр 1 жылқы сатып алды. ЖК «Болат Улаан» 3 млн теңге алып, 21 ірі қара мал алды.

Ауыл шаруашылық: Округ аумағында 2 ірі ЖШС және жаңа «Алинур Жер» ЖШС бар. 2013 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан ЖШС «Табыс Агро Д». Қазіргі директоры- Сагидолдин ерлан Серикханович. Сенокосное ауылындағы жалпы жер көлемі 4314 га жерді құрайды. Оның ішінде: егістік – 1268 га, жайылымдар – 2996 га, барлығы елді мекен жерлерінен-4264 га. Округ бойынша ЖШС «Табыс Агро Д» -нің жаңа ИИДЖМБ жобасы іске қосылды. Жоба мақсаты: ауыл шаруашылықты жаңғырту және асыл тұқымды малдың өнімділігін көтеру, қара мал, жылқы етін және қымыз өндіру. ЖШС «Табыс Агро Д» Ресей Федерациясының Хакасия жерінен меншікті қаражатқа 452 бас «герефорд» асыл тұқымды ірі қара малды әкеп, сәйкестендірді. Оның ішінде 15 бас – бұқа. Сонымен қатар, тавро салынған, чиптендірілген 336 бас жылқы және 500 тауық пен 500 қаз бар. Сонымен қатар, АҚ «КазАгрофинанс»-тан лизингке алынған техниканың жалпы сомасы 37 млн. теңгені құрайды. ЖШС-те 12 жұмыс орны құрылды, ал көктемгі-жазғы мезгілде 50 жұмыс орны құрылады. 2013 жылдың 6 желтоқсан айынан бастап 1  VIP залдың, 12 пәтердің жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ірі қара малға арналған 4 базасының жөндеу жұмыстары аяқталды, монша, астық қоймасы және қымызхан салынды. ЖШС «Табыс Агро Д» ірі қара малға тағы 2 база және шұжық цехын салуды жоспарлады. 2006 жылы тіркелген екінші ЖШС «Бірлік – 2006», директоры Михайлов Павел Владимирович. Сенокосное ауылындағы жалпы жер көлемі 22 377 га жерді құрайды. Оның ігінде: егістік – 5 289 га, шабындықтар – 235 га, жайылымдар – 16 493 га, барлығы елді мекен жерлерінен- 22 017 га. 2015 жылы дәнді дақыл егістігі-4171 га жерді құрады. Дәнді дақылдар 4171 га жерге, ал көпжылдық шөп – 84 га жерге себілген. Дәнді дақылдар өнімділігі орташа 13,1 ц\га құрады. Мекеме иелігінде 16 нысан орналасқан: нефтебаза – техниканы жанар-жағар маймен толтыратын жер, техникаға жөндеу жұмыстарын өткізетін жер, көлік гаражы. Жұмысшылар саны - 48 адам. АҚ «КазАгроФинанс»-тан 2015 жылы лизингке 38 млн. 949 мың 963,33 теңгені құрайтын 317М «Versatile» тракторы алынды. Меншікті қаражатқа 1 млн. 160 мың теңге тұратын МЗС-90-20-05МВ өзі жылжитын дән лақтырғыш және 22 млн 573 мың 120 тенгені құрайтын жаппай егетін пневматикалық тұқымсепкіш сатып алынды. 2015 жылы ЖШС «Бірлік-2006» жалпы сомасы 1 млн 615 мың теңге материалдық көмек көрсетті: «8 наурыз» бен «Наурыз» мейрамына – 60 мың теңге, «Мектепке жол» акциясына – 200 мың теңге, яғни аз қамтылған жанұядағы 20 балаға қысқы киім менен аяқ киім сатып алынды. «Қарттар күніне» -1 млн 180 мың теңге, яғни мерекелі дастархан жайылып, 75 зейнеткер мен 26 мүгедек жанға 10 мың теңгеден конверт берілді және Осакаров ауданының мәдениет үйінің әртістерінің күшімен мерекелік концерт ұйымдастырылды, «Жаңа жыл» мерекесіне – 130 мың теңге. Сонымен қатар, су құбырын жөдеуге-45 мың теңге және 190 л жанар-жағар май берілді. ЖШС «Бірлік-2006»-ның алдағы жоспары: кеңею, егістік жерлерді жылдан жылға көбейту, картоп өсіру, көкөніс өнімін қолға алу, малдану, яғни 200 бас ірі қара мал алу және «Құлан» бағдарламасы бойынша 200 бас жылқы алу. Суару агрегаты, яғни 200 га жерді суландыру жоспарлануда.  Биылғыи 2016 жылы Қаратомар ауылдық округі аумағында бельгиялық компания «Глобал Джемигал» қуаттылығы жылына 500 тонна 1 сортты әктас өндіретін зауыт салады. Жоба қуаты – 10 миллиард 100 млн. теңгені құрайды және 105-108 жұмыс орны ашылады. 2015 жылы «Мизан» ШҚ 31 бас ірі-қара мал, оның ішінде 1 бас ақбас қазақ бұқасын сатып алды. Сонымен қатар, ШҚ иесі Мизан Булганхан АҚ «КазАгро Финанс» арқылы лизингке трактор алды. 2013 жылы «Абытаев» ФҚ құрылды. ФҚ иесі Абытаев Меир Серикжанович   31 бас ірі-қара мал, оның ішінде 1 бас ақбас қазақ бұқасын сатып алды. Және де 76 бас жылқы, оның ішінде: 4 бас «джабе» тұқымды жылқы алды. Былғы жылы ФҚ иесі наубайхана ашуды жоспарлап, наубайхананың жабдықтарын алу үшін келісім-шарт жасады. 4 жаңа жұмыс орнын ашуды күтуде. Ал «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 60 бас ірі қара мал және 2 бұқа сатып алуды жоспарлап отыр.

Білім: округ аумағында «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша  2007 жылы салынған 220 орны бар, 29 орта мектеп қызмет етеді. Оқушылар саны – 140 бала. Сонымен қатар мектеп аумағында орналасқан «Балдырған» шағын орталығында 18 бала бар.

Денсаулық сақтау: Округ бойынша Сенокосное ауылының медициналық пункті қызмет етеді. Барлық тұрғындар медициналық көмекпен қамтылған. Тұрғындардың 86 адамы Қарағанды қаласында, 83 адамы Бұқар-жырау ауданында, 9 – жан жақта тіркелген.

Мәдениет:

Округтегі мәдениет мекемелерінің желісі – Сенокосное ауылының клубы, 1 ауыл және 1 мектеп кітапханалары. Мәдени-бұқаралық іс-шаралар жүргізілетін ауыл клубы – 60 орындық. 2009 жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 1 млн. теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал 2013 жылы 400 мың теңгеге жылу жүйесі жүргізілді. Мемлекеттік және ұлттық мерекелерге арналған концерттер дәстүрге айналды. Былтырғы жылы қазақ хандығының 550-жылдығына арналған іс-шралар ұйымдастырылды. Сенокосное ауылының кітапханасы ММ «Қаратомар ауылдық округі әкімі аппараты» ғимаратында орналасқан. Кітап қоры – 8000 дананы құрайды. Оның ішінде: қазақ тілінде -3500 кітап. Компьютер, телефон бар. Округ бойынша 137 жеке тұлға және 7 заңды тұлға телефон желісіне қосылған. Ғаламтор желісіне 64 жеке тұлға және 2 заңды тұлға қосылған. ID TV қызметін 64 абонент, Отау TV қызметін 54 жеке тұлға пайдаланады.

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық: Былтыр «өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 615 мың теңге бөлінді. Бөлінген қаражат 2015 жылдың маусым айында меңгерілді, жеке кәсіпкер «Ботантаев Ербол Болатович» 2556 тонна қоқыс және санкциясыз қоқыстар шығарды. 2015 жылдың мамыр-қазан айлары кезеңінде тұрғындардың, мектеп оқушыларының және шаруашылық субъектілерінің қатысуымен сенбіліктер жүргізілді, нәтижесінде айқындалған апатты қоқыстар жойылды. Мектеп пен әкімшілік аумағында гүлзарлар мен гүлбақшалар салынды, жасыл көшеттерді отырғызу жүргізілді. 2015 жылдың екінші жарты жылдығында 25 қаңғыбас ит атылып, жұмыстар жүргізілді. Округтің шаруашылық субъектілерімен ауыл ішінде қысқы жолдарды тазалау бойынша меморандумдар жасалды. Әсіресе қыста Сенокосное ауылының жолдарын тазалау бойынша үлкен ауқым «Бірлік-2006» ЖШС-пен орындалады. Округ бойынша «Сельский труженик» газетіне 167 адам жазылды. Ал ЖШС «Бірлік-2006» 108 газаетке жазылып, өзінің жұмысшыларына және аз қамтылған жанұяларға таратты.

«Жеке және заңды тұлғалардың  өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңын орындау бойынша және жұмыс регламентін басшылыққа алына отырып, азаматтардфы қабылдау жүргізіледі, есепті кезең бойынша үндеу барлығы – 3, оның : 1 – жеке тұлғадан, 2 – заңды тұлғадан жазбаша үндеулер.Барлық үндеулер Заңмен белгіленген, мерзім ішінде қарастырылған. Қаратомар ауылдық округі бойынша 2013 жылдың 26 маусымында жергілікті қоғамдастық төрағасы Фрезе Багдат Мукановна және хатшысы Садуова Карлыгаш Нурмановна тағайындалды. ММ «Қаратомар ауылдық округі әкімі аппаратында» жергілікті қоғамдастықтың өзіндік көзі құрылған, яғни (КСН) шоты. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасына бөлінген қаражат құралдарын пайдалану бойынша жергілікті қоғамдастықпен бөлек жиындар жүргізілді. Жергілікті халық жергілікті мәні бар түйінді мәселені шешуге бөлінген, бюджет құралдарын пайдалану мониторингіне қатысады. Округте салық жинау бойынша үлкен жұмыс жүргізілді, жоспар 100 % орындалды.

2016 жылға түйінді мәселелер:

1.Сенокосное ауылының су құбырының ескіруі.

2.Ауылға кіре берістегі 2 шқ және ауыл ішіндегі 1,5 шқ жолды жөндеу.

3.Көшелерді жарықтандыру.

4.Пошта бөлімшесінің жоғы.

Құрметті ауылдастар! 2016 жылы әлеуметтік шешу үшін, адамдардың әл-ауқаттылығын көтеру үшін, экономикалық және саяси тұрақтылыққа жету үшін аппарат әкімі жұмысының, халықтың, округ аумағында орналасқан шаруашылық субъектілердің қосылған жұмысы қажет. Назарларыңызға рахмет!

 


Дата редактирования: 19 Апреля 2016 14:52

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»