В Осакаровке:  -1°C , Влажность 88%, Давление 713, ветер 2 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Қарағанды облысы Осакаров ауданының Садовый ауылдық округі әкімінің есебі

Қайырлы күн! Жиынға қатысушылар, ауыл тұрғындары

2015 жылда атқарылған жұмыстар туралы есеп беруге рұқсат етіңіздер.

Разрешите вашему вниманию представить отчет о проделанной работе за 2015 год.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің тұрғындармен есептік кездесулер өткізуі туралы» 2013 жылдың 15 тамызынан № 615 Жарлығына сәйкес есептік кездесулер жүргізіледі.

28.01.2015ж. ауыл тұрғындарымен есептік кездесуде ұсыныстар мен ескертулер орындалуға түскен жоқ.

Мемлекетіміздің әлеуметтік – экономикалық дамуын және біздің азаматтарымыздың әл ауқатын қамтамасыз ету,дүние жүзілік экономикалық және қаржы нарығында болып жатқан,глобальды проблемаларға қкарамай – Президент міндет қояды, өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан жаңа глобальды нақты».

Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуына біздің да ауыл тұрғындары өз үлестерін қосуда. Біздің ауылымыздың негізгі экономикасы бидай және ет, сут өнімдерін өндіру болып табылады. Ауылдық округ аумағында «Садовое - К» ЖШС ауылшаруашылық құрылымы жұмыс істейді, «Садовое - К» ЖШС-нің  жалпы көлемі 30,730 га жерді құрайды.

4 тіркелген шаруа қожалығының ішінен «Жасұлан» ш/қ жұмыс істейді. Жалпы көлемі 1124 га жерді құрайды.

«Садовое - К» ЖШС ауылшаруашылық өндірісшісімен 2015 жылы 163 млн.184 мың теңге сомасына техника сатып алынды. «Жасұлан» ш/қ - 5 млн.теңге сомасына.

2015 жылы барлық мал басы сәйкестендірілген және төлқұжатталған.

Көркейту бойынша үлкен жұмыс атқарылды. 48 шам ауыл көшелерін жарықтандырады. Үйлерден 3,2 мың тонна қоқыс шығарылды. Көркейту бойынша екіайлық өткізілді. Округ ұйымдары және мекемелер, үй аумақтары жинастырылды. Шілде айында ауылдың барлық ұйымдары бірлесіп сенбілікке шығып, балалар ауласын жусаннан тазартып барлық қоқсыты шығарды. Мектеп ғимаратының және шағынорталық жанында ағаштар отырғызылды. Барлық Садовый ауылының тұрғындары өздерінің аулаларын көркейтуге белсене ат салысып, сенбіліктер мен санитарлық бейсенбіліктерге қатысты. 2015 жылдың қараша айында салтанатты түрде көркейту бойынша қортынды өткізілді. Жүлделі орын алған отбасылар мақтау қағаздары мен ақшалай сыйақылармен марапатталды.

Қыркүйек айында «Аймақтардың дамуы» бағдарламасы бойынша ауыл жолдарына 875 мың теңге бөлінді, бірақ бұл қаражаттар жеткіліксіз болғандықтан, «Садовое - К» ЖШС 3 млн. теңге мөлшерінде демеушілік көмек көрсетті. Соның арқасында Индустриальный көшесіне, Ленина көшесіне, Новая көшесіне ұсақ тас төгілді. Одан басқа, мамыр айында Целинная көшесінде, Ленина көшесінде асфальт шұнқырлары жөнделіп, Горького көшесіне асфальт салынды.

Одан басқа бюджеттік емес көзінен 8 млн.13 мың теңге бөлінді. «Садовое - К» ЖШС басты демеуші болып табылады. «Садовое - К» ЖШС-нің жалпы демеушілік сомасы 7млн.766мың теңгені құрайды: жарықтандыру, мерекелерді өткізу, спартакиадалар, шұнқырларды жөндеу, ауыл ішіндегі жолдарды тазалау, шамдарды орнату, қарттар Күнін өткізу, ауыл еңбеккерлер Күні, мәдениет үйіне музыкалық аппаратура сатып алу және де т.б. көмектер.

Шаруа қожалықтарының басшылары және жеке кәсіпкерлер де демеушілік көмек көрсетуге қатысады. Жеке кәсіпкерлердің демеушілік көмек көрсету сомасы 120 мың теңгені құрайды.

«Жасұлан» ш/қ басшысы М.С.Қаймақовтың демеушілік көмегі 198 мың теңгені құрайды. Бұл көмек шағынорталыққа жиһаз алуға, топырақ бетін құрғату бөлігіне, мектепке сорғы және мектептің жөндеу жұмыстарына бөлінетін қаржы.

         Мектепте жылу беру жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілген, орталық суқұбыры тартылған. Мектептегі проблемалы сұрақтардың бірі қазіргі заманға сай физика және биология арнайы жабдықталған дәрістерінің жоқтығы. Мектепке түбірлі жөндеу жұмыстары қажет. «Жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 2015 жылға 18 млн.тенгеге № 16 ОМ жөндеу жұмыстары жоспарланған болатын, бірақ ақша бөлінбеді.

         БҰТ қорытындылары өткен жылғыға қарағанда жақсырақ. 2014 жылы орташа балл 74.0 болса, осы жылы орташа балл 78.3.

         Мәдениет үйінде қазіргі заманға сай жабдықталған кітапхана жұмыс жасайды.

         Ауыл емханасы өз жұмысын 2002 жылдан бастады. Ұжымда 7 адам жұмыс жасайды, оның ішінде 3 медбике және 1 зертханашы. Ұжым алдын алу шараларына көп көңіл бөледі.

         2014-2015ж. от жағу кезеңі апатсыз өтті. Ұйымдардың барлық жылу жүйелері ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өтті. Бүгінгі күнге барлық ұйымдарға отын толық көлемде әкелінді. Барлық мекемелер мен ұйымдарда температуралық режим нормаға сай.

         2015 жылға 42 адам жұмысқа орналасқан, оның ішінде 6 адам жастардың қатарынан. 5 жұмыссыз адам қоғамдық жұмыстарға қатысты. «Жастар іс-тәжірибесі» бағдарламасы бойынша ауылдық округ әкімі аппаратында 2015 жылдың шілдесінен желтоқсанына дейін Ещанов Аңсаған жұмыс жасады.

         2015 жылға 1 жанұяға мекенжай әлеуметтік көмегі тағайындалды, 5 жанұяға балаларға арналған жәрдемақы тағайындалды. 6 жанұяға тұрғын үй көмегі тағайындалды. Үйде әлеуметтік көмек көрсетумен 2 адам айналысады.

         Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі саласында Скемский Виктор және Скемский Юрийге денсаулық жағдайына байланысты материалдық көмек көрсетілді.

         Ауыл тұрғындары өздерін қызықтыратын барлық сұрақтары бойынша Садовый ауылдық округі әкімі аппаратына өтініш білдіреді және қажетті жауаптарын ала алады.

         ХҚО көшпелі тобы айына 2 рет Садовый ауылында бекітілген кестеге сәйкес тұрғындардың сұрақтары бойынша консультация жүргізеді.

         Салық салу базасын кеңейту үшін, Л.Д.Загитова дүкені рәсімдеу сатысында. Қазіргі уақытта құжаттар ТТБ-да рәсімделуде. Бұл сұрақ тұрақты бақылау үстінде. К.А.Клейнерге сату құқығына патент рәсімделген. 2015 жылдың сәуір айынан 2 адам мал бағу қызмет көрсетуі бойынша жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. 2015 жылға жер және мүліктік салықтары бойынша қаржы түсім көлемі толығымен жабылды.

         2016 жылы көркейту, қоршау, құрылғылар орнату, балалар алаңындағы жарықшамдарын жөндеу жоспарлануда. Алдағы ауыліші жолдарын көркейту: Новая, Степная және Набережная көшелері жолдарын ұсақ таспен жабу.

         Садовый ауылында көркейту, санитарлық тазарту бойынша жұмыстарын жалғастыру: шарбақтарды сырлау, үйлерді ақтау. Көркейту бойынша үшайлық аясында ағаштар отырғызу жоспарлануда.

         Су тасу кезеңі әлеуметтік шиеленіс тудырады. Сабыр-Қожа және Үлкен-Құндызды көлдері арқылы өтетін істен шыққан көпір жағдайы ерекше дабыл тудырады, сонымен қатар Садовый ауылын плотинамен байланыстыратын ой арқылы өтетін көпір жағдайы. Ең негізгі проблема 2014, 2015 жылдарда су тасу себебінен болған екі көпірдің жөндеу жұмыстары және Гагарин көшесіндегі асфальттық жол. 2014 жылы Қарағанды облысының ЖК және АЖ басқармасына хат жіберілді. Көпірлер тексерістен өткізіледі деген сөз берілді, бірақ осы күнге дейін ешкім келген жоқ. 2015 жылы қайтадан Қарағанды облысының ЖК және АЖ басқармасына хат жіберілді, сонымен қатар 2015 жылдың 21 мамырынан аудан әкімдігіне жолдар мен көпір жағдайы туралы қызметтік хат жазылды, бірақ осы күнге дейін жауап алынған жоқ. 2015 жылдың 15 қазанында ауылдық округ аумағында гидротехникалық құрылғылар және қауіпті жерлер комиссиялық тексерістен өтті. Актілер Осакаровка ауданының ТЖ бөліміне жіберілді. Қорытындылай келе, атап айтсақ әліде проблемалар жетерлік. Қазіргі уақытта бастысы ол Президентіміз алға қойған мәселелерді шешу.

 


Дата редактирования: 19 Апреля 2016 11:27

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»