В Осакаровке:  9°C , Влажность 40%, Давление 716, ветер 7 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Қарағанды облысы Осакаровка кенті әкімінің есебі

 

Осакаровка кенті әкімінің «Осакаровка кентінің 2015 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы және алдағы жылда қойылған міндеттері туралы» есебі

Құрметті Осакаровка кентінің тұрғындары!

         Осакаровка кенті әкімі аппараты өз қызметінде кенттің әлеуметтік – экономикалық дамуына басты назар аударды. Осакаровка кенті әкімі аппараты Осакаров ауданы Осакаровка кентінің 2014-2018 жылдарға арналған кешенді даму жоспары туралы іс-шаралар дайындады.

         2015 жылдың басынан бастап кент әкімі аппараты әлеуметтік қамсыздандыру және эконимикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, жаһандық дағдарысқа қарсы іс-шараларға байланысты, мемлекеттік, аймақтық және аудандық бағдарламаларды, Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы ережелерін, аудан әкімі тапсырмаларын жүзеге асыра отырып бағытталды.

         Бүгінгі күні еліміз кемеңгер жетекшіміз Тұңғыш Президент, ел көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен демократиялық қайта жаңғыру, әлеуметтік саланы нығайту және экономиканы дамыту салалары бойынша айтарлықтай жоғары нәтижеге қол жеткізуді. 2015 жылдың 30 қарашасында Елбасымыз «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСУ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» атты 20-сыншы Жолдауын Қазақстан халқына жолдады. Бұл тарихи оқиға, себебі осы маңызды құжаттар жақын болашаққа арналған жаһандық дағдарысқа қарсы жоспар болып табылады.

         Сондықтан сіздердің алдарыңызда 2015 жылда атқарылған жұмыстарды саралай отырып, алдағы мерзімге міндеттерді анықтау қажет екендігін атап өткім келеді. Кенттің осы және басқа да мәселелерін шешу жолдарын бірлесе отырып анықтасақ дұрыс болар еді.

          

Экономика және ауыл шаруашылығы

         Кент әкімі аппараты экономиканың негізгі секторларының өсуі бойынша атқарған жұмысы айтарлықтай жақсы қаржылық көрсеткіштерге жетуге мүмкіншілік жасады. Кент аймағында 22 шаруашылық субъектісі орналасқан, оның 8 кәсіпорыны жұмыс жасайды.

        Кент бойынша негізгі капиталдың инвестиция көлемі 878 млн теңгені құрады.

         Кенттің 2016 жылғы қаңтар айының 01-дегі статистикалық сараптама нәтежиесіне сүйенсек, тұрғылықты халық саны 8310 адамды құрайды, оның ішінде эконимикалық белсенді халық саны 5613 адамды құрап отыр. Есеп беру мерзімінде туылғандар саны- 116 бала, қайтыс болғандар саны – 65 адам, оның ішінде сәбилер өлімі- 2 бала.

         2015 жылдың  1-ші қаңтарына және 1-ші шілдесінде кент әкімі аппаратының мамандардың шаруашылық кітаптағы мәліметтерді, соның ішінде халық санының және мал басын нақтылау мақсатында жұмыс жүргізілді.

         Есеп беру жылында 2014 жылмен салыстырғанда мал басының саны биелер -101,2%, сиырлар 101,2%, қойлар – 101,9%, ешкілер-102,9%, шошқалар- 102,1%, құстар-103,0% өсті, жалпы алғанда бұл салада өсу динамикасы жоғары дәрежеде. Ветеринарлық паспорттар малдардың тобына беріледі, және бұл бағыт бойынша жұмыс тұрақты жүргізілуде. Жоспар бойынша ветеринариялық сауықтыру іс-шаралары толық көлемде өткізілуде. Ірі қара мал – 1050 бас, 281 бас – бұзау, ұсақ мүйізді мал – 1087 бас  арнайы тексерістен өткізілді.Жоғарыда айтылған атқарылып жатқан жұмыстар тұрақты түрде бақылауда, себебі бұл ең алдымен халықтың денсаулығымен тығыз байланысты.

         «Агробизнес-2020» бағдарламасын жүзеге асыру барысында ауылды жерлерде бизнестің дамуына қолайлы жағдай туғызады, еліміздің агроөнеркәсіптік кешені субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және жалпы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға мүмкіндік береді. Кент аумағында бір - «Евразия» шаруа қожалығы және «Бейсембаев Д.» фермерлік қожалық тіркелген, сонымен қатар кент азаматары арасынан селолық округтерде ауылшаруашылық мақсаттадағы жер учаскелері бар үш азамат тұрады, оларды екеуі 2015 жылдың мамыр айында арнайы техника алу үшін азаматтардың бірі несие алды.                                                                                                           

        Тұрғылықты халықтың өмірін жақсарту және ауылшаруашылық өнімдерінің әлде-қайда арзан қамтамасыз ету үшін Осакаровка кентінде 49 жәрмеңке ұйымдастырылып өткізілді, жәрмеңкеде базар бағасынан төмен 162 тонна ет өнімдері, 87 мыңнан аса жұмыртқа, 1,057 тонна сүт өнімдері, 53 тонна көкеністер мен жемістер сатылуға қойылды барлағы жалпы есеппен 2,8 миллион теңгеден астам бағаны құрайды.

        2015 жылдың қаңтар-желтоқсан есептік мерзімінде ауыл шаруашылық өнімдері 13,775 млн. теңгені құрады.

 

        

 Көлік және коммуникация

         Кент аумағында 64 көше бар, оның 3-і қиылыс. Кент ішінің жолдары 49 км құрайды, оның 17-де қатты асфальттық жабдықталған, сонымен қатар кентіміз арқылы 5м республикалық маңызы бар «Қарағанды-Астана» тас жолы өтеді. Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі қысқы мезгілді сапалы және үздіксіз өткізу болып табылады.

         Негізгі жағдайда бірінші кезекте кент аумағының абаттандырылуына және көгалдандырылуына, зиялы қоғамның аспектісі ретінде басым назар аударылатыны белгілі. 2015 жылдың бірінші тоқсанында қысқы мезгілде кент ішінің жолдарын қардан тазалау жұмысы бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу барысында Муталяпов К.«Қазына» ЖК жеңімпаз ретінде анықталды, аталмыш кәсіпорын қыс мезгілінде жолдарды тазарту және қарды шығару жұмыстарын жүзеге асырды.(Достық, Элеваторная, Железнодорожная, Подгорная, Победы, Садовая, Западная, Восточная, Комсомольская, Космическая, Южная, 60 лет ССР, Луговая, Родниковская, Степная, Раздольная, Литвиновская және т.б.) Жоғарыда көрсетілген жұмыстар көлемі жергілікті бюджеттен бөлінген 1,0 млн. тенге көлеміндегі қаржыға жасалынды. 2015 жылдың 19 қарашасында  және 10 желтоқсанында Кент  әкімі аппаратында көлік жолдары мен жаяу жүргіншілер жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өз уақытында қардан тазарту жұмыстары үшін қажетті техникамен қамтамасыз етілген ірі кәсіпорындардың жетекшілерімен жиналыс өткізілді.  Осы жиынның нәтижесінде бірлесе отырып жұмыс атқару жөнінде 5 меморандум жасалды.         сонымен қатар қарды кент сыртына шығарып төгу жұмыстары бойынша белсенді түрде ат салысқан жеке кәсіпкерлерді атап өткім келеді, олар:: «АБК автодор НС» ЖШС,  «Андреев Н.С.» ЖК, Буйко» ЖК, «Гуров С.А.» ЖК, «Жардем» КММ, ДЭУ-2, ДЭП-46.

         Бүгінгі күні 2016 жылдың бірінші тоқсанына кенттің ішіндегі жолдарды қардан тазарту жұмыстарын жүргізу үшін тендер өткізуге дайындық жүргізілуде. Осы салада қарды өз уақытында тазалау мақсатында қолымыздан келгеннің бәрін істесекте аяғына дейін жеткізу мүмкін болмай тұр, себебі қарды тазалауға арнайы техниканың жетіспеуіне байланысты, аталмыш саланың өзекті мәселесінің бірі болып қалуда. Жылдағы есеп және тәжрибе көрсеткендей 49,5 км құрайтын 64 көшені қысқы мезгілде қардан тазарту үшін 2015 жылы бөлінген 1,0 млн. тенгенің жеткіліксіз екендігі айқын, соның ішінде Родниковская, Луговая және Железнодорожная көшелері. Жоғарыда айтылған қиындықтарға қарамастан бұл салада жұмыстар атқарылуда.

         Бүгінгі күні 2016 жылдың бірінші тоқсанына кенттің ішіндегі жолдарды қардан тазарту жұмыстарын жүргізу үшін тендер өткізуге дайындық жүргізілуде. Осы салада қарды өз уақытында тазалау мақсатында қолымыздан келгеннің бәрін істесекте аяғына дейін жеткізу мүмкін болмай тұр, себебі арнайы техниканың жетіспеуіне байланысты, аталмыш саланың өзекті мәселесінің бірі болып қалуда. Жылдағы есеп және тәжрибе көрсеткендей 49,5 км құрайтын 64 көшені қысқы мезгілде қардан тазарту үшін 2015 жылы бөлінген 1,0 млн. тенгенің жеткіліксіз екендігі айқын, соның ішінде Родниковская, Луговая және Железнодорожная көшелері. Жоғарыда айтылған қиындықтарға қарамастан бұл салада жұмыстар атқарылуда.

          Ағымдағы жылда «Аймақты дамыту» бағдарламасы аясында Подгорная және  Железнодорожная көшесі автокөлік жолдарына жалпы ұзындығы 1600 метр құрайтын жалпы сомасы 6 млн 918 мың теңгеге «Қарағанды жолдары» ЖШС мекемесі филиалы ДЭУ-2 орташа жөндеу жұмыстарын жүргізілді және Октябрьская көшесіндегі автокөлік жолын жөндеуге 251,0 мың теңге бөлінді және бұл қаражат толығымен игерілді.  «АБК автодор НС» ЖШС демеушілік  қаражаты есебінен  60 жыл СССР көшесі автокөлік жолына және жартылай Молодежная көшесі автокөлік жолына жолдарына қиыршық тастар төселді.

2016 жылға арналған міндеттер:

         Осакаровка кентінің 2014-2018 жылдарға арналған кешенді даму жоспарына сәйкес 2016 жылы ұзындығы 1,2 км құрайтын Целинная көшесідегі автокөлік жолына орташа жөндеу жүргізу жоспарлануда. Ақшалай қаражаттың жоқтығына байланысты кент әкімі аппараты қайырымды мекемелер есебінен Строительная, Победа, Надречная көшелері автокөлік жолдарына қиыршық тастар төсеу жоспарланып отыр.

         Ең алдымен  кент аумағын көгалдандыру және абаттандыру басты назарда, себебі қоршаған ортаның жағдай халық денсаулығы үшін аса маңызды.

         Осакаровка кенті әкімі аппаратында көктемгі және күзгі мезгілде кенттің сыртқы келбетін жақсарту және абаттандыру шаралары бойынша  белгілі жұмыстар атқарлыды. Аталған шараларды іске асыру барысында жергілікті бюджет есебінен 7 млн. 916 мың теңге бөлінді, оның ішінде: көшеледі жарықтандыруға – 6 млн. 31 мың тенге, кенттің санитарлық тазалығына – 195,0 мың тенге, абаттандыру және көгалдандыруға  - 1690 мың тенге бөлінді.

         Жыл бойы кент аумағында орналасқан мекемелер және мемлекеттік мекелермен бірлесе отырып,  барлығы  16 «Таза бейсенбілік» және 8 кенттік, 4 аудандық, 4 облыстық сенбіліктер өткізілді. Көшелер және аула маңайларын жинау жұмыстары жүргізіліп және 26 белгінбеген жерлерде жиналған қоқыс орындары жойылды.  Кенттің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету мақсатында 195,0 тенге бөлінді, бұл қаражат кенттің қоқысына қызмет көрсетуге жұмсалды. Көшелердегі қоқыстарды шығаруға қаражат бөлінбеді. Барлығы 17900тонна қатта тұрмыстық қалдықтар полигонына тұрмыстық қоқыстар шығарылды.

         Осы аталған мерзім ішінде барлығы 1200 га жер тазартылды, 560 тоннаға жуық қоқыс шығарылды, 8 бірлік техника жұмылдырылды, 2300 ағаш және 3 км бордюрлар әктелді.

         Жазғы уақытта гүл шоқтарын отырғызу үшін жергілікті бюджеттен 192 мың теңге бөлінді, барлығы 2400 шт гүлдер отырғызылды, олар аудан әкімдігінің ғимараты алдына және Достық көшесі аумағындағы балалар алаңына отырғызылды. Литвиновская, Шахматная, Октябрьская, Школьная көшелеріде электр жүйесінің жұмысына кедергі келтірілетін 42 дана құрғақ ағаш кесілді.

         Бүгінгі күні маңызды мәселелердің бірі ол қоқыс шығаратын мекеменің жоқтығы, осының салдарынан әлеуметтік-мәдени мекемелердің, тұрғын үйлердің маңында қоқыстың жиналуына әкеп соғады. Кент тұрғындары қоқысты өз күштерімен шығаруда.

         Литвиновская көшесінде орналасқан «Достық соғысты жеңеді» ескерткішіне, 6 дана өрт гидранттарына, 7 дана билборд орнату бағандарына сырлау жұмыстары жүргізілді. Балалар алаңында ойын элементтері, архитектуралық формалар және темір қоршау сырланды.

         Көктемгі төтенші жағдайдың алдын алу үшін 240 м су ағарлар және Придорожная, Дальняя, Октябрьская, Театральная, Колхозная, Литвиноская көшелерінде су өткізетін трубалар тазартылды. Осакаровка кенті әкімі аппаратының күшімен Колхозная көшесіне тасқын су ағатын ұзындығы 200 метр су ағар орнатылды. Ұзындығы 1348м құрайтын Колхозная, Северная, Дальняя көшелеріне 500мың тенгеге су ағар  орнатылды.

         Кент тұрғындарының барлығын кенттің аумағын көркейтуге белсене қатысуға шақырамын, әр үйдің қожайыны өз үйінің сыртын әрлеу, үйдің аумағына енетін жерлерді санитарлық тазалау, су өткізетін су ағарларды тазалау қажеттігін атап өткім келеді. Егер бірлесе жұмыс істесек  кенттің тазалығын қадағалай отырып, заман талабына сай келетін кентіміздің көркем келбетін жақсартып, оң нәтижеге қол жеткіземіз.

         Кент аумағында 11 көше жарық шамдарымен қамтамасыз етілген, оларда 351 жарық шамдар орнатылған: оның ішінде: 132 – диодты шамдар, SL-48 маркалы, 90Ватт-қуатты, 219- жарық шамдары ДРЛ-250, қуаттылығы 300 Ватт. Көше жарық шамдарын үшін қолданылған электр энергиясы үшін 5 млн. 031 мың тенге төленді. Көше шамдарына қызмет көрсеткені үшін «Қазына» ЖК-не 1,0 млн.тенге көлемінде ақшалай қаражат төленді. 2015 жылы 675,3 мың тенгеге 34 жарық шамдары, 2 жібергіш, 49 автомат, 12 фоторел, 18 дросселей, 4 контактор ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Белгісіз тұлғалар 3 жарық шамына зақым келтірді, кіналы азаматтар әлі анықталмады. Кенттің жарық шамдарын жақсарту мақсатында көптеген жұмыстарды атқару қажет.

         Рухани тәрбие беру және насихаттау жұмыстарын жүргізу мақсатында, сонымен қатар мерекелік күндер қарсаңында орталық көшелерге 492,5 мың тенгеге тақырыпқа байланысты банерлар және 354,5 мың теңгеге перетяжкалар орнатылды.

         «Нұрай» балабақшасы ғимаратының алдына 499,7 тенгені құратын 565 кв.м. аумаққа көлік тұрағы жасалды.

 2016 жылға арналған міндеттер:

         Осакаровка кентінің 2014-2018 жылдарға арналған кешенді даму жоспарына сәйкес келесі іс-шаралар жоспарлануда:

-      Пионерская көшесіне ұзындығы 1 км құрайтын 20 тірек, 20 жарық шамдарын Октябрская көшесіне1,5 км құрайтын 30 тірек, 30 жарық шамдарын орнату;

-      Школьная көшесіне – 1,5 км, Литвиновская көшесіне 1,5 км жол жолағын 2,5 млн.тенгеге орнату;

-      Мостовая көшесінде 18 пәтерлі үйдің маңына 3 млн тенгеге дренаж орнату;

-      6,0 млн.тенгеге мұсылман зиратын қоршау;

         Кент әкімі аппаратына учаскелік инспекторлармен, қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып санитарлық тазалық жөнінде кең көлемде насихаттау жұмыстарын жүргізу. Осы мәселенің алдын-алу мақсатында БАҚ экологиялық тазалықты бұзған жағдайда берілетін жазалар жөнінде ақпарат жариялау қажет.

         Елбасымыздың жүктеген тапсырмасына орай тұрғылықты халықты сапала ауыз сумен қамтамасыз ету алдыңғы қатарлы мәселе болып саналады. Су құбырының жалпы ұзындығы 69км құрайды, 10 ұнғыма, 75 су бағаны, 85 су құдығы, 15 гидранттар бар.

         2005 жылдан бастап су құбырына және кәрізқұбырына «Жардем» КММ қызмет көрсетеді. Кентте тұрғындарды сапалы сумен қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Атап айтқанда 2010 жылдан бастап 5-ші кезектегі Осакаровка кентінің су құбыр желілерін жаңарту жұмыстарын бастады. Тапсырыс беруші мекеме  - «Осакаров ауданының құрылыс бөлімі» ММ-сі, тапсырыс алушы мекеме- «ЦентрСпецСтройАстана» ЖШС, құрылыс жұмыстараяқталуға жақын, бірақ келісімшарт міндеттерінің бұзылуына байланысты мерзімінде тапсыру мүмкін болмай тұр.

         Осы мәселені шешу мақсатында 2015 жылдың шілде айында Астана қаласындағы ауданаралық экономиклық сотқа талап арыз берілді. Соттың шешіміне сәйкес келісім шарттағы су құбырының тапсыру мерзімінің өтпеуіне байланысты бұл сұрақ уақытша тоқтатылды.

Тапсырыс берушінің ұсынған мәліметіне сәйкес 28 км су құбыры желілерін жаңарту жұмыстары жүргізілді, соның ішінде 395 үйге су тартылған, Шамайка ұнғымасы ғимаратына толық жөндеу жүргізілді, 9 көлік жолы және 5 темір жол арқылы су құбыры тартылды. 5-ші кезектегі Осакаровка кентінің су құбыр желілерін жаңарту бойынша әкімнің тұрақты бақылауында. Қоғамның назарын аудару және тұрақты бақылау жүргізу мақсатында ақсақалдар кеңесі және осы жұмысқа қатысты мекемелер басшыларының қатысуымен 4 жиын өткізілді.

         Бенйбітшілік, Южная, Озерная, Космическая, Октябрьская көшелерінде болған су құбырында болған апаттарды қалпына келтіру үшін жергілікті бюджет есебінен 450 мың тенге бөлінді. Апаттарды қалпына келтіру жұмыстарымен «Саввиди В.Н.» ЖК айналысты.

         Атқарылған іс-шараларға құарамастан кентімізде өзекті мәселердің ең бастысы ретінде су құбырында ауыз су болмады. 12 айдың ішінде барлығы 52 апат тіркелді, олардың 26-сы күрделі апаттар. Моторная, Восточная, Целинная, Спортивная, Октябрьская, Школьная, Театральная, Придорожная, Железнодорожная, Луговая, Релейная, Почтовая көшелерінде су құбырында болған апаттарды «Жардем» КММ-сі мамандары қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Біздің жасаған сараптамаға сәйкес кенттің 8 (Театральная, Гагарина, Школьная, Октябрьская, Фабричная, Линейная, Клубная) көшелерінде жиі апат болатыны анықталды. Жер қабатының қатуына байланысты  Клубная және Школьная көшелеріндегі  су құбырындағы апатты қалпына келтіру мүмкін болмай тұр.

         «Жардем» коммунальдық мемлекеттік кәсіпорының төмен деңгейде техникалық жабдықталуы болып есептелінеді, сонымен қатар құрылымындағы су құбырлары жүйенің тозғанынан, олардың  апаттық жағдайының  60%-ды құрайтындығын айта кеткен жөн. 

         Судың уақытша үзілуі көбіне төменде атап өткен себептерге байланысты:

-      «Жардем» коммунальдық мемлекеттік кәсіпорының төмен деңгейде техникалық жабдықталуы;

-              су құбырлары жүйенің тозғанынан, олардың  апаттық жағдайының  60%-ды құрайтындығын;         

         Судың қысымын бірқалыпты ұстау үшін ескі су құбырына 1,8-2 атм.шамасында суқысымы төмендетілді және судың қысымын бірқалыпқа келтіру үшін ескі су құбырын толығымен ауыстыру қажет. Бұны қысқы мерзімде орындау мүмкін емес. Судың көп көлемі 5 көлік жуу орнына, ал жазғы мезгілде саябақтағы, алаңдардағы отырғызылған жасыл көшеттер суаруға қолданылады. 650 ден астам үй қожалықтарының бақшалары бар, «Жардем» КММ –сі және кент әкімі аппаратының мамандарымен бірлесе отырып атқарған жүмысының нәтижесінде осы қожалықтардың көбі су насосын қолданылатыны анықталды.

         2015 жылдың шілде айында ауа райының температурасы бірден жоғарлауына байланысты апта бойы кентте судың жетіспеушілігі бақыланды.  «Жардем» КММ –де су жеткізу техникасының болмауына байланысты, халықты сумен қамтамасыз ету мақсатында Қарағанды және Теміртау қалаларынан бірнеше рет арнайы су жеткізу техникасын шақыртуға тура келді.

         Бүгінгі күні су қысымының төмендігіне байланысты көп пәтерлі және жеке меншік үйлерді су деңгейінің төмен екендігі бақылануда.

         Техникалық су үшін арнайы ұнғыма және су құбыры жоқ, сондықтан тұрғындарға осы айтылған мәселелерге түсінушілікпен қарауын сұраймыз. Кент көшелерінде 75 су бағаны бар, бүгінгі күні оның 45-і жарамсыз. Су бағандарын қалпына келтіру жөнінде кент тұрғындары тарапынан бірнеше рет өтініштер келіп түсті, жалпы алып қарағанда бұл өзекті мәселелердің бірі болып қала беруде. Атап айтатын болсақ кент тұрғындарының бәрі бірдей су бағандарын күтіп ұстамайды, осының нәтижесінде маңындағы үйлерді су басады, қысқы мезгілде көліктің резенкасы арқылы жылытып, бағанның саймандарын өртейді, крандарды сындырады, жазғы бағандардың саймандарын жұлып тастайды.  Осының салдарынан су бағандарын жөндей немесе саймандарын ауыстыру мүмкін емес, себебі су бағаны саймандары өндірістен алынып тасталған. Кент әкімі аппаратына Степная көшесі тұрғындарынан №6 үйдің маңындағы су бағанын жабу туралы өтініш келіп түсті, себебі басқа көше тұрғындары су бағанын жаппайтыны жөнінде мәлімделген, атап айтақанда осындай осындай дәлелдердің аз еместігі айқын. Кент тұрғындары тарапынан судың жоқтығы жөнінде өтініштер жиі облыс әкімі сайтында және облыстық газеттерде жарияланады. Осыған қарамастан кент тұрғындарының пайдаланылған ауыз су үшін қарыздары көп. 2015 жылдың 1 қыркүйегіне «Жардем» КММ –нің «Жезказган энергосбыт» ЖШС-гіне пайдаланған электр жүйесіне қарызы 5 337 000 тенгені құрады. 2015 жылдың қазан айында жергілікі өзін-өзі басқару мүшелерінің шешіміне сәйкес, жергілікті өзін-өзі басқару шоты есебіне осы қарыздың бөлігі ретінде 1 945 800 тенге жабылғандығы жөнінде мәлімет ретінде атап өткім келеді.

         2016 жылдың 1 қаңтарына «Жардем» КММ –нің «Жезказган энергосбыт» ЖШС-гіне пайдаланған электр жүйесіне қарызы 727,2 мың тенгені құрайды. Осы аталған қарызды жабу мақсатында кент әкімі аппараты мамандары, ТҮКШ, АЖ және ТИ бөлімінің мамандары және «Жардем» КММ бақылаушыларымен бірлесе отырып тұрғындардың қарызын жинау үшін арнайы топ құрылды. Қарызды төлемеген азаматтарға сотқа талап арыз дайындалуда.

         Пайдаланылған су үшін тарыф көлемі 2010 жылдан беру өспеген және бүгінгі күні 1 м.куб 22 тенге 31тиынды құрайды, аталмыш мекеме шығындарын өтей алмай отыр. Осыған байланысты қазір тарфиті көтеру үшін құжаттар мен жұмыстар жүргізіліп жатыр.

         Атқарылған жұмыстарға қарамастан апаттың алдын алуға және суды жоғалту бойынша оң нәтижеге қол жеткізе алмай отырмыз.

         Осының нәтижесінже бүгінгі күні Осакаровка кенті ауыр жағдайда, себебі 5-ші кезектегі Осакаровка кентінің су құбыр желілерін жаңарту жұмыстары аяқталған жоқ, ал ескі су күнделікті апатпен жұмыс істеуде, судың көп көлемі тұрғындарға жетпей жерге кетуде, апаттарды қалпына келтіру оң нәтижесін бермей отыр.

         Тұрғын үйлерді толығымен сумен қамтамаз ету мақсатында 6-ші кезектегі Осакаровка кентінің су құбыр желілерін жаңарту жұмыстары жоспарланып отыр, бүгінгі күні 1,2,3,4,5 кезекке кірмеген кент су құбырын жаңарту жөнінде дефектік акт жасалды. Болашақта ұзындығы 11980 метрді құрайтын 17 көшеге (Космическая, Мирная, Северная, Спортивная, Достық, Элеваторная, Шахматная, тер.Нефтебазы, Профсоюзная, 60лет СССР, Молодежная, Охотская, Пацаева, Пионерская, Юбилейная, Полевая, Литвиновская) су құбырын тарту жоспарланып отыр. Жобалау жұмысына 7 млн. тенге  қажет.

         Құрметті кент тұрғындары! Бұл сала кент акмағында тұратын әр адамға қатысты болғандықтан, мәселені тереңірек сараптауға тырыстым.

2016 жылға арналған міндеттер:

         Осакаровка кентінің 2014-2018 жылдарға арналған кешенді даму жоспарына сәйкес келесі іс-шаралар сәйкес, электр жүйесімен үздіксіз жабдықтау мақсатында 4,0 млн. тенгеге су ұнғымасы үшін электр генераторын орнату жоспарланып отыр, су ұнғымасын қалпына келтіру: «Еськовская» - 23,2 млн. тенге, Нефтебазаның маңында №11 – 16 млн. 319 мың тенгеге, су құбырына ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізу, Шахматная көшесіндегі  ұзындығы - 0,3 км, Северная-Кузнечная көшелеріндегі  ұзындығы – 0,7 км су құбырын қайта жаңарту жоспарланып отыр.

         «Жардем» КММ – не тұрақты түрде пайдаланылған су үшін қарызды жабу және үйдегі су құбырына өз еркімен насос орнатуды тоқтату жөнінде насихаттау жұмыстарын жүргізуді ұсынамын.

         Осакаровка кентінде кәріз жүйесінің ұзындығы – 15 км құрайды, тәулігіне 180 м.куб  өндіретін насос станциясы бар. Орталық кәріз жүйесіне  - 146 тұрғын үй, 4 – әлеуметтік-мәдени мекемелер, 1-әкімшілік мекеме қосылған. Кент аумағында 600 орындық орта мектепті, 320 орындық бала-бақшаны және 320 орындық денешынықтыру-сауықтыру кешені объектілерін қызметке қосқаннан соң кенттің кәріз жүйесіне ауырпашылық тудырып отыр. Бұрын салынған кәріз жүйесінің ескі жағдайда, осының салдарынан жүйеде апат жиі болып тұрады, бүгінгі күні толық жөндеуді қажет етеді. Атап айтқанда ағымдағы жылдың шілде, тамыз айларында Пацаева көшесіндегі кәріз жүйесінде күрделі апат болғаны мәлім.

         2015 жылдың желтоқсан айында «Қарағанды-су» ЖШС –гі мекемесінің күшімен кәріз жүйесі тазартылды. Тазартылған соң 3 жыл бойы жұмыссыз тұрған насос станциясы іске қосылды. Атқарылған жұмысқа жергілікті өзін-өзі басқару мүшелерінің жиыны шешіміне сәйкес, жергілікті өзін-өзі басқару шоты есебіне 975,497 мың тенге бөлінді. «Жардем» КММ-нің арнайы техникасының әлсіздігінен бұл жұмысты атқару мүмкін болмады. Мостовая көшесі 48/1 мекен-жайында орналасқан 18 пәтерлі кәріз жүйесіне айтарлықтай жұмыс істемей тұр, себебі тез арада жөндеу жұмыстар қажет етеді.

2016 жылға қойылған мақсаттар: 2014-2014жылдардың жалпы жоспарындағы кентті дамыту іс-шараларына сәйкес кәріздік торабтарды сүзгіш аумағымен қалыпқа келтіру. «Осакаровка кент әкімі аппараты» КГП «Жәрдеммен» біріге  отырып кәріздік құбырлар туралы сұрақтарды  үнемі бақылауға алсын.

    Мемелекеттік аумақтық жоспардағы іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында  «Кент әкімі аппараты» тұрғын-үй коммунальды шаруашылығымен біріге отырып кондоминум(көп қабатты ұй тұрғындарының бірігіп жекеше жұмыс жасауы) құру бойынша белгілі жұмыс жүргізуде. 

    Әділет ұйымында 1.01.2016ж бойынша 30 көп қабатты үйдің 21үй ғана тіркеуден өткен ,қалған үй- тұрғындарымен оларды тіркеу жұмыстары жүргізіледі.

    Қазақстан Републикасының тұрғын-үй шаруашылығын қазірге текті заманға сай өзгерту   2011-2020 жылдарға   жоспарын орындау мақсатында көп қабатты үйлерге  жөндеу жұмыстарын жүргізу керектігі  бойынша түсініктеме-насихат жұмыстары жүргізілуде

     Осакаровка кент аумағында 17 жылу қазандығы және 9 дербес жылу станциясы бар.Жылу беру  мезгілінде барлық орналасқан нысандар,яғни мектептер ,бала-бақшалар ,«Қайрымдылық» үйі,18 пәтерлі  тұрғын үй жылу

беріліп қажетті көмірмен қамтамасыз етілген. Кент әкімі аппаратының сұрау-

өтінішімен ЖШС «  Казахмыс Корпорациясы» 60 тонна көмірмен «Қайрымдылық» үйіне демеушілік көрсетті.

 

                                             Шағын кәсіпкерлік

    Экономиканың негізі болғандықтан  Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті дамыту үкіметтің басты мақсаты болып анықталған.Осыған орай шағын және орта кәсіпкелер саны жылда өсіп келеді,яғни қосымша   тұрғындарға жаңа жұмыс орындары ашылады,сауда саттық және қызмет көрсету дами түсуде.

Ағымдағы жылы Целинная көшесінде «Афон» күнделікті қажетті заттар сату   дүкені , Пристанционный көшесіндегі  «Доннер» дүңгіршегі ,Садовый көшесіндегі «Лаваш» күнделікті дайын азықтарды сату дүкендері ашылды.

Кент бойынша 01.01.2016жылы текті  289  шағын және орта кәсіпкерлер нысандары бар,оның ішінде ЖШС және АҚ -22,дүкендер -69,қоғамдық тамақтандыру орындары -18,дәріханалар -6, мал –дәрігерлік дәріхана -1 .Тұрғындарға қызмет көрсету орындары -38, оның ішінде ; тігін шеберханасы – 5 ,етік шеберханасы-3,шаштараз -11,жанар –май  бекеті -5,көліктерге кымет жасау орталығы- 10 ,көлік жуу орны -4 , сауда орталығында 133 сауда саттық орындары бар болып саналады.

      Азық –түлік заттарының бағасын өсірмеу жөнінде  халыққа қолдау жасау үшін «Кент әкімі аппараты» әрдайым жұмыс жүргізуде .Алдағы уақытта азықты- түлікті  сақтандыру және 33 азык турлері  тізіміне кірген   «арнаулы азық-түлік заттарына қосымша бағаны көтерме баға шамасынан 10 пайыздан асырмау» бойынша  кент әкімі және 43 кәсіпкерлермен келісімдерінің  пайдасы бар екені белгілі. Сонымен қатар кейбір кәсіпкерлер келісімге қол

қоюдан бас тартты,осыған қарамастан кент әкімі  және кәсіпкерлер бөлімі тарапынан  олар үнемі бақылауда.Бүгінге текті  орталық тұрақтандыру корынан 1 сорт ұнынан  ЖШС «Транзит», «Есіл» ауылдық өндіріс коперативі нан пісіруде.Күнделікті  530грамм шамасымен әлеуметтік  650 бөлке нан 52 тенгеден «Евразия», «Октябрь» және « Есіл» ауылдық өндіріс коперативі сауда жүргізіп отыр.

 

Әлеуметтік сала

31 наурыз 2015 жылы №162 Қазақстан Республика Үкіметінің қаулысымен

«2020- жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы  бекітілген.Жол картасын жасауға Ел басы Н.А.Назарбаевтың 14 желтоксан 2012ж «Қазақстан-2050»Стратегиясы»  жаңа саяси бағыты құрылған мемелекет  халыққа Жолдауы негіз болды. «Жол картасы» бағдарламасы үш бағытта жасалды:

  -   1 бағыт: тұрғын-үй коммуналды шаруашылыққа жаңа құрылымдармен өзгеріс дамыту  арқылы жұмыспен қамту.

   2015 жылы жоғарыда көрсетілген бағдарлама бойынша мынадай жұмыстар

жасалды:

1)  Осакаров кентті Мәдени-демалыс орталығына жылдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бағдарламаға қатысушы  1 адам жұмыспен қамтылды.

2)  Мәдени –демалыс орталығының жылу  жүйесін жөндеу үшін бағдарламаға қатысушы 3 адам жұмысқа орналасты.

3)  Мәдени-демалыс орталығын ағым бойыншаи жылу жүйесін іске қосу үшін бағдарлама қатысушы 1 адам жұмыспен қамтылды.

Осакаров кент басында жаңа құрылымдардың іске қосылуына дмуына  байланысты,атап айтқанда :бала-бақша «Нұрай»,жаңа жалпы білім беру мектебі,денешынықтыру-сауықтыру орталығына 10адам нақты жұмыс орнына қабылданды.Жазғы уақытта аудан және облыс жолдарын жөндеуге

ЖСШ « Қарағанды жолдары»  ДЭУ-2 бөлімшесіне 22 адам жұмысқа алынды.

       2 бағыт: кәсіпкерліктің ынтасын арттыру және  тіректі ауылдарды дамыту.

Кент кәсіпкерлері өздерінің сауда және басқа салада пайдасын арттыру үшін

белсенділік танытуда  банк  және несие ұйымдары арқылы  қаржы салуда.Бағдарламаның аясында 8 адам 18млн.800мыңтенге шағын несие алды: оның 1 адам – машина – жөндеу қызмет көрсету бекетін салуға – 3млн. тенге,мал шаруашылығын арттыруға 3 адам -6млн .500 мың тенге ,ауыл шаруашылық техникасын сатып алуға  1 адам – 3 млн.тенге және 1 адам  тігін шеберханасын ашуға   - 2 млн. тенге , шағын жанұяларға жатахана салуға 1 адам 3 млн. тенге несие алды.

    3 бағыт:  Кәсіби оқыту арқылы жұмыс берушінің қажеттілігі  арқылы  жұмысқа орналасуға қолдау көрсету.

Осакаровка кенті әкімі аппаратының ғимаратында 2015 жылы сәуір айында

ЖСШ ,АҚ  басшыларымен жұмыс орнын ашу туралы кеңес болды.Жұмыс орындарын ашу туралы « 2020-Жол картасымен»   үшінші бағыт арқылы нақты түсініктемелер  тапсырмалар беріліп субсидия арқылы қажетті  жұмыс орнын ашу. Сондай-ақ оқу орындарын  бітірушілермен жастар тәжірибе практика өтулері бойынша жұмыс жүргізілді.Барлығы  кент әкімі аппаратына жас мамандар бойынша 12 адам өтініш беріп, Осакаров ауданы жүмыспен  қамту орталығына  жіберілді.   Есептік кезең бойынша 5 катысушы мақсаттық топтардан жұмыспен қамтылды.Жеке  кәсіпкерлік  «Арын»- 2, ЖСШ « ЕР.АН.НАТ.»-1 ,ЖСШ « ДОСТАР»-2 адам жұмыспен қамтылды.Жастар практикасына 8 арнаулы орта оқу және жоғарғы орнын бітірушілер  жүмысқа  орналасты. Жұмыспен қамту орталығына 2015 жылы 194 жұмыссыз адам өтініш жасады.Жалпы   200 адамға  жұмыс берілді.2016 жылдың 1 қаңтарына текті 17 адам жұмыссыздыққа тіркелсе,  60 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілді. Белгілі шаралардың арқасында жұмыссыздық саны  былтырғы жылмен салыстырғанда  едәуір төмендеді.    - 31 қаңтар 2015  жыл бойынша атаулы мемлекеттік әлеметтік көмек 21 жанұяға –яни 77 адамға 845мың 356 тенге төленді.    -  18 жасқа  дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдем ақы – 76 жанұяға  217 балаға   яғни 3 млн. 355мың 555 тенге  берілді.

-408  адам тұрмыстық  3 млн 903 мың 499 тенге жәрдем ақы  төленді. Сондай-ақ мемелекеттік «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 8  жағдайы аз қамтылған жанұяға 48 адамға 674 мың 370 тенге, оның ішінде 603 мың 576 тенгеге ауыл шаруашылық малдарын сатып алды, осымен қатар  1 адам шаштараз кептіру шамын орнатып  жеке кәсіпкер  есебінде  жоспары бойынша халыққа қызмет көрсету үшін  Кіріс басқармасына тіркелді.

   Құрт ауруымен ауыратын 4 адамға 71мың 352 тенге жергілікті бюджеттен жеке уақытылы заттай көмек көрсетілді. Кент аппараты әкімшілігі мерекелік күндері 7 қайрымдылық іс- шара жүргізді және тұрмысы төмен  жанұяларға, зейнеткерлерге ,соғыс ардагерлеріне материалдық  көмек берілді.Осакаров аудандық жұмыспен қамту бөліміне 70 адамның материалдық көмек көрсету туралы өтініштері жіберілді.Көктемгі су тасқыны кезінде зардап шеккендердің 10 өтініші аудандық Төтенше жағдайлар бөліміне берілді.

Бүгінге текті Осакаровка кенті бойынша 200 ден аса адам баспанаға алуға қажетті.Осакаровка кентінде № 51 Мостовая көшесінде  24 пәтерлік тұрғын ұй белгілі кезек бойынша беріледі.Сонымен  өз қаражатына Осакаровка кентінде 14 тұрғын үй жалпы көлемі 2021,2 шаршы метр салынды,бұл 2014жылдан  6 есе көп.

 

                                                                    

 

       

                                                                                               

 

       

                                  Білім және спорт

     Мемлекет басшысының білім беруге қойған тапсырмасын шешуде белгілі жұмыстар жүргізілді.Кент бойынша барлығы жалпы білім беру мектебінде оқитындар саны 1165 оқушы,оның 441 – қазақ тілінде оқиды.

     2014-2015 оқу жылдары оқушылардың аттестациялау  біріңғай ұлттық тестілеу  үлгісі бойынша қортыланды.БҰТ Осакаровка кенті бойынша  77,1 балл,аудандық көрсеткіштен (73,2) пайыздан ортадан жоғары.

     Ағымдағы жылы 464 орындық орта мектеп қолдануға берілді.Кентте 1 жастан-  17 жасқа дейінгі 2276 балалар тұрады оның 1165 – оқушылар.Оқушылар мен жастардың бос уақытында  демалысы үшін Осакаровка кентінде денешықтыру - сауықтыру орталығы және балалар-жасөспірімдер спорт мектебі  қызмет  істеуде.

     Республикалық «Балапан» бағдарламсын орындауда Осакаровка кентінде 320 орындық «Нұрай» бала-бақшасы жұмыс жасауда.

                                    Мәдениет және тілді дамыту

     Кент аумағында екі «Ақжол» , «Рябина» әр ұлт түрлерінің орталығы бар.Ағымдағы жылы  Мемлекеттік және кәсіптік  жүзге тарта мәдени іс-шаралар өткізілді. Қош келдің Наурыз мерекесі ,Жеңіс күні  шеруі ,облыстық жастар форумы және көп халық қатысатын ұлттық және мемлекеттік  мейрамдар ең маңызды болып өткізілді.

     Кент бойынша барлық жастар саны 16 мен 29 жас арасында -1819,оның -179 мектеп оқушылары, білім ордаларында- 421,жұмысшы жастар -849 , өзін жұмыспен қамтитындар 305,әскери қызметкерлер- 10 ,бала күтумен отырғандар-57  адам болады.

   Осакаровка кенті жаңашыл  жаста
Дата редактирования: 18 Апреля 2016 16:00


Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»