В Осакаровке:  4°C , Влажность 67%, Давление 716, ветер 7 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Аудан әкімі Қайрат Абдоллаұлы Шайжановтың тұрғындар алдындағы ЕСЕБІ

Аудан әкімі Қайрат Абдоллаұлы Шайжановтың тұрғындар алдындағы ЕСЕБІ

 

Құрметті Осакаров ауданының тұрғындары, қымбатты жерлестер!

 

         Тарихи оқиғаларға толы тағы бір жыл артта қалды.

         Біз жаңа қазақстандық арман-әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатында Тәуелсіздігіміздің 25-жылдығына қадам бастық, яғни біздің «Қазақстан -2050» стратегиясын жүзеге асыратын басты мақсатымызға тепе-тең болатын XXI ғасырдың көшбасшысы отыз ұлттың бірі болу.

Тәуелсіздік алған жылдардан бастап Қазақ елінің жаңа тарих беттерінде жаңаша дәстүрлер легі көбейіп келеді. Солардың ішіндегі ең маңыздыларының бірі болып Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын атап айтуға болады.

Елбасының әрбір Жолдауын әр қазақстандық, соның ішінде әрине біздің ауданымыздың тұрғындары да асқан ынтызарлықпен күтеді. Олай етудің өзіндік бір ерекшелігі бар деп есептеймін, себебі әр Жолдаудың астарында егеменді еліміздің әлеуметтік –экономикалық жағынан әрі қарай дамуының, әр адамның тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған
бағыт-бағдарлары айқындалады.

         Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА:

ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ" атты Қазақстан халқына Жолдауы ақылға салынып жасалған келешекке арналған жоспар, келеңсіз сыртқы әсерлерге қарамастан сәтті даму стратегиясы болып табылады.

         Жауапкершілік пен инновация - Жолдаудың екі түйінді ұғымы, егер біз Елбасымыздың нақты бағытымен бұлжытпай жүрген болсақ, онда кез келген қиындықты жеңіп "Біз Қазақстанды жаңа даму шегіне шығарамыз".

         2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам" атты Ұлт жоспарын орындау тәжірибелік кезеңі басталды. Экономика, қоғам және мемлекетіміздің дамуы үшін, негізінде жаңа құқықтық орта құратын 59 заң күшіне енді.

         Біздің тарихымыздағы ұлттық заңнамалар өзгертулерінің теңдесі жоқ ауқымын   бағалау қажет. Қазіргі таңдағы міндетіміз Жолдауды аудандық  деңгейде жүзеге асыру болып табылады.

         Мемлекет басшысының белгіленген бағдарламасына сүйене отырып,  экономикалық және әлеуметтік даму жолында  біз сеніммен келеміз. Іс жүзінде 2015 жылға  қойылған барлық негізгі жоспарлар мен тапсырмалар орындалды.

         Жыл сайын барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындар алдындағы есептерін өткізе отырып, біз өткен жылдың қортындысын шығарып, келер жылдың міндеттерін айқындап отырамыз. Кездесулер  қоғамдық –саяси өмірдің демократиялық кезеңінің басты міндеттерін талқылайтын, өңірлердегі әлеуметтік –экономикалық тұрғыдан шешімін таппай келе жатқан мәселелерді халықпен бірлесе отырып саралайтын есепті кезең болып саналады.

         Осы өзімнің есебімді газетке жариялай отырып, қазіргі таңдағы шешімін таппай келе жатқан мәселелерді тез және ұтымды түрде шешу жолында Сіздердің тараптарыңыздан да ұсыныстар болар деген үміттемін.

         Барлық мәселелердің шешім табуы аудан бюджетіне және олардың орындалуына байланысты.

         Бюджеттің кіріс бөлігі құрылымдарының ең көп түсімдері: табыс салығынан  түскен қаражат көзі -141,3 млн. теңге, әлеуметтік салық -165 млн., заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүліктерінен түскен салықтар -240,7 млн. теңге.

         2015 жылдың қортындысы бойынша аудандық бюджеттің түсім бөлігі жоспар бойынша 101% құрайды (3,3 млрд. теңге.)

Меншікті табыстың орындалуы жоспар бойынша 103 % (772 млн. теңге) немесе 792 млн. теңге құраса, ал былтырғы жылғы кезеңге 108 % (733,4 млн. теңге) құрайды.

 Іс шаралар бойынша салық салу базасын кеңейтуде бюджетке түсетін түсімдер сомасы 45 млн. теңге, бірақ бұл жеткіліксіз.

Бүгінгі күні бізге дотациялық тәуелділіктен алшақтау үшін,  экономикалық әртараптандыру және қала құраушы кәсіпорындардың төмендеуі бойынша бюджетке салық түсімдерін өсіруге    барлық күш-жігерімізді салуымыз керек.

Бизнесмен мырзалар, сіздердің белсенділіктеріңіз арқылы нақты еңбекақы беру,  нақты қызметкерлердің санын жасырудан аулақ болу керек.  Өз қызметкерлерінің әлеуметтік пакеттерін  қысқартып, бюджетке салықтар төлемеу, осылайша өзіңіздің отбасы және аудан тұрғындарының да қосымша мүмкіндіктерінен айыруға жол беріледі. Сіздердің барлық салықтарыңыз тұрғындарды әлеуметтік қамсыздандыру,  дамыту, халықтың өмір сапасын жақсарту, жаңа объектілер салу, саябақтар, балалар ойын алаңы және ең бастысы, бұл қаражат біздің экономиканы нығайтуға, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету жолдарына бағытталады.

         Бюджеттің шығыс бөлігі 99,9 пайыз орындалды.

Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт, ветеринарлық пункттерге келген ветеринар мамандарға әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсетіліп тұрады.

         2015 жылы 40 маманға құны 5 549,6 мың теңге болатын көтерме жәрдемақы, сонымен қатар 23 маманға 67 532 мың теңге көлемінде тұрғын үй алу үшін бюджеттік несие  төленді.

 

         Өндіріс

Аудан көлемінде 2 қала құраушы  кәсіпорын бар – «Қ.Сәтбаев атындағы Канал» мен «Қазақмыс» корпорациясына қарасты  «Молодежный» көмір кеніші бар.

         2015 жылы өндіріс көлемі 20 млрд. 650,2 млн. теңгеге орындалады, жеке көлем индексі 100 пайыз құрайды.

 

         Инвестиция    

         2015 жылы негізгі капиталға 15 млрд 883 млн.теңге инвестиция салынды немесе 109 пайыз.

         Экономикалық өсу қарқынына әсер етуші ең басты фактордың бірі инвестицияға жұмылдыруға жаңа ықпалдарды қалыптастыру болып табылады.

         Мемлекет басшысы атап өткендей «Ұлтаралық компанияларға екпінмен инвестицияларды тарту тұрғысынан», біз жоғары инвестициялық аймақ әлеуетін толық шамада пайдалануға міндеттіміз.

         Ауданымызда тікелей шетелдік инвестициялар есебінен жоғары сапалы әктас өндіру үшін зауыт құрылысы жоспарлануда (ТОО «GlobalLimeIndustries»). Инвестиция көлемі – 30 млн.доллар шамасында.

        

         Кәсіпкерлік

         Ауданда шағын және орта бизнес серпінді дамуда, 2015 жылға  тіркелген 2305 нысандарда  4411 адам жұмылдырылған, жұмысшылар саны 102,3% өсті.

         Ағымдағы жылы 12 млрд. 888 млн.теңгеге өнім өндіріліп, қызмет көрсетілген, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен салыстырғанда 102,9% артық.

         Жылдың қортындысы бойынша бөлшек сауда айналымын 3 млрд.475 мың теңгеге  немесе 101,5 % орындау күтілуде. Шағын және орта бизнесті қолдау және ынталандыру мақсатында мемлекеттік бағдарламалар әзірленді.

         Мемлекеттік органдар – бір бағытта бизнеспен бірлесе жұмыс істеуде. Мемлекет тарапынан қолдау көрсету және кәсіпкерлік бастамаларға   жан – жақты серіктес болудан қорықпай белсенділік таныту керек. Сонымен қатар, жаңа салаларды игеру қажет. Әлемде ғылыми-техникалық прогресс және жаңа инновациялық әзірлемелердің негізгі пайдаланушы және бастамашысы, жаңа технологиялар трансфертінің  көздерінің бірі  шағын және орта кәсіпорындар болып табылады. Сондықтан біз осыған ұмтылуға тиіспіз.

         Құрметті бизнесмендер, бизнес құрылымдарды  дамытуға  қолдау көрсету бойынша мемлекет теңдессіз шаралар қолдануда,  сондай-ақ Сізге де бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша қатысу қажет деп ойлаймын.  Өз объектілеріңізге,  ғимараттарыңызға, сөрелер, маңдайшалар, кірме жолдарға назар аударыңыздар. Іс жүзінде бірде-бір дүкенде  мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жағдай жоқ. Мен иллюминация туралы айтпаймын, қысқы кезеңде көлік қоятын орындарды қар басып қалады.   Бизнесмен мырзалар, өз  әлеуетті клиенттер мен сатып алушыларыңызды құрметтеуге шақырамын. Көбінесе, біздің тұрғындардың көңіл-күйі Сіздердің объектілеріңіздің сыртқы келбетіне байланысты. Аймағымыздың дамуына үлестеріңізді қосуға қатысыңыздар. Кәсіпкерлік Палатасының филиалы арқылы Сіздерді толғандыратын барлық сұрақтар мен ұсыныстарды білуге болады. Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған  барлық қолда бар жан-жақты қолдау мемлекеттік бағдарламалары бойынша  өз тарапымыздан әрдайым ашық диалогқа және қажетті көмек көрсетуге дайынбыз.

         30 қарашада Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының толыққанды мүшесіне айналды. Бұл оқиға тәуелсіз Қазақстан тарихындағы басты кезең болып табылады және біздің мемлекетіміздің тең құқылы сауда-экономикалық серіктес ретінде мойындайтындығын дәлелдейді. Қазақстанның ДСҰ кіруі біздің экспорттаушылар мен шетел инвесторларына жаңа мүмкіндіктер ашады. Осы кезде кәсіпкерлердің бәсекелестікке шыдауы маңызды. 

         Осыған орай, кәсіпкерлік бөлімі, кәсіпкерлер Палатасы филиалы және мемлекеттік кіріс бойынша басқармаларына аталған бағытта жұмысты жеделдету қажет. Бұл үшін кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының бар ресурстарын қосу және селолық округтерде семинарлар ұйымдастыру қажет.

         Біздің кәсіпкерлер жинақталған әлеуеті мен тәжірибелерін жоғалтпай, жаңа жағдайға ауыртпалықсыз бейімделулері үшін  бар күшімізді салуымыз керек.

         Бәсекелестікті есепке ала отырып, тұтынушылар нарығында талап етілетін жаңа бизнес-текшелерін анықтау қажет.

         Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында атап өткендей "Ғаламдық дағдарыс - бұл тек қана төнген қауіп емес, сонымен қатар жаңа мүмкіндіктер".

         Шикізат ресурстарына тәуелді емес, басты экономикасы болып табылатын индустриалды-инновациялық дамудың екінші бесжылдығында

өнеркәсіптің базалық салаларымен қатар экономиканың кластерлік дамуы бойынша жұмыстар жалғасуда.

         Индустриаландыру бағдарламасы шеңберінде 2019 жылға дейін 120 жұмыс орнымен қамтамасыз ететін, 10 млрд. астам теңге сомасында 2 жобаны іске қосу жоспарлануда.

 

         Агроөнеркәсіп  кешені

         Ағымдағы жылы ауданның агроөнеркәсіп кешенін дамытуға алдын ала мәліметтер бойынша мемлекеттен жалпы сомасы 479,7 млн. теңге қаржылай қаражат бағытталып пайдаланылған, сонымен қатар гербицидтер құнын арзандатуға 255,7 млн. теңге, ЖЖМ құнын арзандатуға 160,3 млн.теңге қаржы, минералды тыңайтқыштарды сатып алуға – 39,6 млн. теңге, сонымен қатар суармалы су құнын арзандатуға 14,3 млн. теңге және бірінші, екінші және үшінші репродукциялы тұқымдарды сатып алуға 9,8 млн. теңге жоспарланған.

         2015жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімнің көлемі ­­­­­­­­16,5 млрд. теңгені құрады.

         Ауданның жалпы өңірлік өніміндегі ауыл шаруашылығының үлесі 13%  құрады.

         2015жылы еңбек өнімділігі 2011жылмен салыстырғанда на 4,5% артты  және 15,3 тыс. теңгені құрайды.

         Ауданның ауыл шаруашылығы дақылдарының көлемі 2015жылы 252,6 мың гектарды құрады, оның ішінде 94% немесе 236,4 мың гектарда  дәнді дақылдар егілді.

         Өсімдік  шаруашылығы саласын  әртараптандыру шеңберінде 8,1 мың гектары майлы дақылдарына арналған, жемшөп дақылдарының егістік алаңы 7,8 мың гектарды, картоп және көкөніс өнімдері  387,6 гектарды  құрады.

         Дәнді дақылдар құрылымында бидай басым үлеске ие -210,6 мың гектар (91%), жемшөп дақылдарының үлесі- арпа мен сұлы  25,8 мың гектарды құрайды.

         Егіс науқанында 72 бірлік егістік кешені, 1630 бірлік сепкіштер агротехникалық шаралармен қамтамасыз етті. Бірақ, егіс науқаны кезінде ауа-райының тұрақсыздығынан, егін себу  мерзімдері он күнге созылып, егістік көлемдерінің төмендеуіне басты себеп болды, сонымен қатар ауыл шаруашылығы дақылдарыңың кешеуілдеп пісуіне әсер етті. Қолайсыз табиғат құбылысының (бұршақ) нәтижесінде жеті мыңнан  астам гектар дәнді дақылдар мен көкөністер өнімі есептен шығарылды.

         Ауданның ауыл шауашылығы тауарларын өндірушілері  құбылмалы ауа-райына қарамастан, астық жинауды ойдағыдай аяқтап, қанағат етерлік өнім жинап алды.

         Ауыл шауашылығы тауарларын өндірушілері меншікті тұқымдарымен, азықтық бидаймен, жемшөппен толығымен қамтамасыз етілген.

         Бір гектардан 11,8 центнер астықтың орташа түсімділігімен 272,0 мың тонна дәнді дақылдар өнімі  жиналды.

         Ауданның агроөнеркәсіп кешенінің барлық құрылымдарының үздік жұмысының арқасында ғана осындай жоғары жетістіктерге жеттік.

         Қазіргі уақытта және алдағы онжылдықта Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығындағы  мал шаруашылығы саласы басым саласы ретінде анықталған. Азық өндіру  аудандағы ауыл шаруашылығының ажырамас бөлігі болып қалады, Республиканың азық-түлік қауіпсізідігі жемшөп өндіру  деңгейі мен сапасына байланысты. Егіншілікте ауыл шаруашылық құрылымдары өз қаражаты есебінен «Қаныш Сәтпаев» атындағы канал бойындағы суармалы жерлерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.

         Соңғы жылдары мал азықтық дақылдары жерлері 700 гектардан астам игеріліп  суарылады.

         «Еңбек 95» ЖШС мен «ЕвразияИнвест Ltd» ЖШС   2017 жылға дейін   1000 гектарды  қалпына келтіру жұмыстары жоспарлаған.

         Қазіргі уақытта ауданның жемшөп  өндірісінде егістік жерлері басым орын алып отыр. Азық өндіру саласына  374 мың гектар көлемінде  ауыл шаруашылық  алқаптар  тартылды.

         Ауданда 86,0 мың тонна шөп дайындалды.  Меншікті өнімнен көп жылдық шөптер тұқымы 45 тонна көлемінде бастырылған, басқа аймақтардан 13 тонна көлемінде сатып алынған.

         Арам шөпке қарсы қолданылатын гербицидтік өндеу 120,0 мың гектар көлемінде жүргізілді.

         Сүрі жерлер  60,0 мың гектар көлемінде толық өнделген. Зиянды және аса қауіпті  организмдерге қарсы қорғау іс-шаралары жалпы 25 мың гектар алаңда жүргізілген.

         Ауданның жер балансы бойынша 55,2 мың га жер пайдаланылмаған, оның 31,6 мың га бос жатыр.

         Барлық деңгейдегі әкімдерге 2018 жылға дейінгі бос жатқан жерлерді  пайдалануға беру бойынша жоспар берілген.

         37 ШҚ, ЖШС жетекшілеріне ұзақ мерзімде пайдаланылмаған жерлері үшін құжаттар «Қарағанды облысы бойынша жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасы»ММ (17,5 мың га) табысталған.

         Аудандық мәслихаттың сессиясымен бекітілген «Ауылшаруашылығы мақсатына ұзақ мерзімге пайдаланылмаған жерлер үшін  салықты 10 есе көтеру туралы» аудан әкімдігінің Қаулысы бекітілген және тұрақты түрде  ауіывлшаруашылығ құрылымы басшыларымен жерді мақсатты пайдалану туралы үгіт түсіндірмеліп келеді. Оған қоса 18 қаңтарда 28,2 мың га жер телімін беруге конкурс өтеді.

Астана қаласының  азық-түлік аймағына аудан кіреді. Ауылшаруашылық жәрмеңкеге ауыл тұрғындары белсенді қатысуда.  2015 жылы  ауылшаруашылық өнімдері 94,7 млн. теңгеге өндірілген, сонымен қатар 88,9 млн. теңге сомасында 95,3 тонна – ет, 2,7 млн. теңге сомасында 15,9 тонна – сүт өнімдері, 1,5 млн. теңге сомасында 25 тонна картоп, 1,6 млн. теңге сомасында 28 тонна қырыққабат өндірілді.

Ет және сүт өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында   аудан орталығында әр жұма сайын жәрмеңке өтеді. Жыл басынан бері Осакаровка кентінде 44 жәрмеңке өтіп, онда 57 млн. теңге ауылшаруашылық өнімдері саудаланған. Жәрмеңкеде барлық ауылшаруашылық өнімдерін сату 96,8 млн. теңгені құрады.

         2016 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстан Республикасының "Ауылшаруашылық кооперациясы туралы" заңымен, аса экономикалық және ауыл тауар өндірушілерінің еңбек өнімділігінде  ірі тауар партияларын қалыптастыру есебінен өнімге деген сұранысты тұрақтандыру,   шығынды оңтайландыруда мемлекеттік қолдау шаралары қамтылмақ.

         Осының барлығы ауыл өнімінің өзіндік құнының төмендеуіне және кірістің өсуіне әкеліп соғады.

        

         Ветеринария

         Өткен 2015 жылы ветеринария бөлімі бекіткен жоспарларға сәйкес 2015 жылға арналған ветеринариялық алдын алу іс-шаралары және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруі 100% орындалды.

         Келесі мемлекеттік қызметтер көрсетілген:

         – 2 ветеринариялық-санитариялық қорытынды берілді (ЖШС "ЕвразияИнвест Ltd" ЖШС және ЖК "Попандопула А. Ә.");

         – 2 есептік нөмірлері өндіріс объектілеріне, жануарлар мен құс өсіруді және өткізуді жүзеге асыратын (К) – 1 және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеуді жүзеге асыратын: сүт және сүт өнімдерін (G5) – 1 (ЖШС "ЕвразияИнвест Ltd") берілген;

         – 8 сою алаңдарының есептік нөмірлері қайта ресімдеуден өткен, сондай-ақ, жаңа мал сою пункттері мен алаңдарын ашу үшін жеке және заңды тұлғалармен тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

         ВСҚ және есептік нөмірлер алу үшін 2 тексеріс өткізілді (ЖШС "ЕвразияИнвестLtd", ет павильоны ЖК "Попандопуло"). Ішкі сауда объектілерінің апта сайынғы тексерулердің нәтижелері бойынша, атап айтқанда, Осакаровка кентінде өтетің жәрмеңкесінде әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 1 актісі жасалды,  әкімшілік жаза қолдану үшін материалдың нәтижелері "ҚР АШМ ВБжҚК Осакаров ААИ" ММ берілді бойынша 99100 теңге сомасына айыппұл салынды.

         "Осакаров ауданының ветеринариялық станциясы" КМК-нің мамандарымен  2015 жылы 554 бас қаңғыбас иттер ауланып жойылды.

         Өткен жылы 9 жағдайда жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарлардың аса қауiптi аурулары тіркелген, осыған орай 3 шектеулік іс-шаралар өткізілді (Звездный ауылдық округі - жылқының ринопневномониясы, Дальний ауылдық округі, Сұңқар ауылдық округі – құтыру).

 

        

         Білім беру

         Елбасының 2015 жылғы 30 қарашасындағы Қазақстан халқына Жолдауында мемлекетіміздің экономикасы үшін білікті кадрлар даярлау, білім жүйесінің дамуымен байланысты бірнеше сұрақтар көтеріледі.

         Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2017 жылдан бастап "Барлығы үшін тегін кәсіби-техникалық білім" жаңа жобасының басталатының хабарлады.  Болашақтың қамын ойлауда біз ең алдымен өскелең ұрпақты ойлауымыз  қажет. Қазіргі заманның шындығы  мектепке дейінгі балалар бастапқы білім беру капиталын алуға талап етеді.
         Білім беру саласындағы қызметкерлерге бірнеше сөз  арнағым келеді.  Ешкімге құпия емес, олардың жұмысынан, атап айтқанда сапалы тәрбиелі оқыту процесі нәтижесінде қазақстанның жас буындары қалыптасады. Сондықтан ұстаздарға, сапалы білім, саналы тәрбие беріп, оқытуға ең қымбат, өзіміздің балаларымызды  тапсырамыз және сіздер әрқашан оларға  жұмыстарыңыздың сапасы және сана деңгейінің  арқасында біздің жастарымыздың білімділік деңгейі артқанын есте сақтауларыңыз қажет. Ауданда сапалы білім беру үшін және олардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге барлық жағдай жасалған. Аудандағы жұмыс істейтін білім беру жүйесі орта білім алуды қамтамасыз етеді.

         2015жылы білім беру саласын қаржыландыру  көлемі  2 млрд. 187 млн. 107 мың теңгені құрайды, яғни аудандық бюджеттің жалпы көлемінің 66 пайызы.

 Мектепке дейінгі білім берумен қамту 100 % құрайды. Осы мақсатта 5 мектепке дейінгі ұйым, 807 баланы қамтитын және мектеп жанындағы шағын орталықтарда 32 шағын орталықтар 866 мектепке дейінгі жастағы балаларды  қамтып ұйымдастырылған. Білім алатын және мектепке дейінгі мекемелерде барлығы 1673 бала.

         Аз қамтылған және көп балалы отбасы балаларынан құралған тегін тамақтануды ұйымдастыру бойынша маңызды жұмыстары жүргізіліп, 1258 оқушы қамтылған. Оған 28 млн. 487 мың теңге қаражат бөлінді. Жаппай оқыту қорынан аз қамтылған отбасы балаларына «Экологиялық балалар  лагері»  «Қарқаралы» демалу лагеріне жолдама сатып алуға 760 мың теңге бөлінді.

         2015 жылы 1 компьютерге 5 оқушыдан, 39 мектеп интернеттің кең жолақты желісіне қосылу қолжетімділігі бар.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен ауданның білім беру ұйымдарында Жол картасын жүзеге асыру бойынша жұмыс 3 білім беру нысанына жөндеу жүргізу үшін  39 млн.374 мың теңге қолданылды (Есіл с, Шұңқыркөл с, Молодежный кенті). Жаңа оқу жылының басына және қысқы мерзім жұмыстарына барлық білім беру нысандарының қалыпты жұмыс істеуіне жоспарлы жұмыстар жүргізілді.

         Білім беру мазмұнына баса назар аударылуда, соның нәтижесінде оң көрсеткішке ие болуға мүмкіндік туып отыр. 2015 жылы 11-сыныптың 350 түлегінен 160-ы яғни 45,7 % ҰБТ-ға қатысты. Ауданда ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл 73,2 құрады. ҰБТ нәтижесі бойынша ауылдық аудандардың арасында үшінші орын алдық.

         Білім беру және тәрбие үрдісінің сапалы жұмысын жүргізу барысында мектеп педагогтары жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Бірнеше жылдар қатарынан ауданның оқушылары облыста өткізілетін интеллектуалдық  жобалар мен спорттық жарыстардың үнемі жүлдегерлері болып келеді.        Ағымдағы оқу жылының қорытындысы бойынша аудан құрамасы 10 облыстық спорттық жарыстарға қатысып, 6 жүлделі орынға ие болып, үздіктердің үштігіне енді.

         Дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін ауданда 136 спорттық нысан бар: 1 спорттық кешен, 2 стадион, 7 шаңғы базасы,12 ату тирі, 72 спорт алаңы, 39 спорттық залдар, 2 көп функционалды хоккей алаңы және 1 теннис алаңы жұмыс істеп тұр.

         Ауданда дене шынықтыру және спортты дамыту үшін жергілікті бюджеттен 2 млн.500 мың теңге: облыстық деңгейдегі спорттық іс-шараларға қатысу үшін 1 млн.800 мың теңге, аудандық деңгейдегі жарыстарды өткізуге 700 мың теңге бөлінді.

         Аудандық екі балалар-жеткіншектер спорт мектебінде 716 жеткіншек қамтылған. 2015 жылы 10289 адам қамтылған 27 жаппай спорттық жарыстар өткізілді.

 

         Мәдениет

         Біздің жетістіктеріміз, негізінде мемлекеттің, қоғамның, ұлттың басты идеясы - бұл  қоғамдық келісімді сақтау және нығайту, жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға ықпал етеді.            
       Ұлтаралық келісім мен өзара түсінушілікті нығайтуда, мәдениет, салт-дәстүрлер және Қазақстан халықтарының тілдерін дамыту үшін барлық жағдай жасалған.

        Ауданда көпұлтты мәдениетті қалыптастыру мақсатында аудандық мәдени-сауық орталығында алты  этно-мәдени бірлестіктер: Осакаровка кентінде «Ақ жол» қазақ ұлттық мәдениетін жандандыру орталығы, «Рябина» орыс- украин орталығы, «Эльпида»  грек мәдени  орталығы,  «Верба» украин орталығы Батпақ ауылында,  «Славяне» этно-мәдени бірлестігі Қарағайлы ауылында, «Калина красная» славян орталығы Озерное ауылында жұмыс істейді.

Аудандық мәдени-сауық орталығының құрамында 61 нысан бар. Олар 12  ауылдық  мәдениет үйі мен 15 ауылдық клубы, 2 «Зерде» бейнемобилі, мәдениет және демалыс саябағы және 31 кітапхана. Аудан бойынша 141 клубтық ұйымдар 2500 адамды қамтып жұмыс істейді.

         Есепті кезең аралығында 317,4 мың көрерменді қамтыған 2557 жалпы-мәдени іс-шаралары өткізілді.

         Қазақстан Халқы Ассамблеясы жылы, Ұлы Отан Жеңісінің                         70 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау  аясында  өткізілген барлық  мәдени ойын-сауық іс-шаралар тұрғындардың жағымды пікірлеріне ие болды.

         «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясындаМолодежный кентіндегі мәдени-сауық орталығына 1,0 млн. теңге, Осакаровка кентіндегі аудандық мәдени-сауық орталығына 7 млн 863 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

         «Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында ауданда жоспарлы түрде арнайы іс-шаралар ұйымдастырылып, аудандық байқаулар, дөңгелек үстел және семинарлар өткізіліп тұрады. Жеңімпаздар облыстық байқауларға қатыстырылады.

         Ағымдағы жылы мемлекеттік тілді оқыту курсына 180 мың теңге қаражат бөлініп, 12  адам оқытылды және сертификатқа ие болды.

 

         Денсаулық сақтау

          Қолжетімді  және сапалы медициналық көмек көрсету сапасын жоғарылату, салауатты өмір салтын ұстану  адам әлеуеті  деңгейінің артуының  маңызды бағыты болып табылады.

         Елбасымыз  медициналық қызмет көрсету жүйесінің басты басымдылықтары  . Атап айтсақ, алғашқы медициналық көмек көрсетуді дамыту, міндетті медициналық сақтандыруды енгізу, жұмыскер мен жұмыс берушінің денсаулығы және мемлекеттің ынтымақтастық жауапкершілігін атап көрсетті.

        2015 жылға денсаулық сақтауға  678 212 222 теңге, тегін қор бойынша жоспарға сәйкес дәрі-дәрмекке 35 269 219 теңге сомасы игерілді.

       Денсаулық сақтау жүйесі сапалы дамуда, халық денсаулығының көрсеткіші жақсы деңгейге жеткен және «Саламатты Қазақстан 2011-2015 ж.ж» мемлекеттік бағдарламасы  негізгі көрсеткіші болып табылады. Ағымдағы жылда ана өлімі жоқ, нәресте өлімінің көрсеткіші,  жалпы өлім және  қан айналу жүйесі аурулары өлімінің  көрсеткіші төмендеген, өмір сүру ұзақтығы 70 жасқа дейін артты.

       2015 жылы ауданда 1000 халық тұрғынына  бала туу көрсеткіші 16,24- құраған, яғни  424 бала туылған.

      2015 жылы нәрестенің шетінеу көрсеткіші 13,1 ( 6 бала өлген), ал 2014 жылы   6,2 (3 бала өлген). Басқару себептерінен балалар арасында өлім жоқ.

       Осакаров ауданы ҚММ ОАА 60 дәрігер және 229 орта медицина қызметкерлері жұмыс істейді және Батпақ ДА мен Садовое ДА 2 дәрігер медицина жұмыскерлерінің  жетіспеушілігі туындап тұр. Қазіргі таңда  4 жас маман жұмысқа тартылған.

       Профилактикалық скрининг алдында БСК  жататын  қант диабеті, онкологиялық аурулар, глаукома, В және С гепатиті аурумен табылған 100% адам қамтылған.

         2015 жылға өткізілген скриниг нәтижесінде 1 сүт бездері опа оқиғасы ерте кезеңде  табылған.

      Туберкулез ауруымен ауыратындар саны  73,7 ден (2015 жылы  24 ауру табылған) 45,7 дейін (2014 жылы 15 ауру табылған) төмендеген.  Туберкулез ауруы қайтыс болғандар саны 1 адам.

         Онкологиялық аурумен ауыратындар  саны  2015 жылы  230,3 (ауырған адам саны 75), 2014 жылы 231,8 (ауырған адам саны 76) адам.

       2015 жылы ерте кезеңдегі онкологиялық аурулар саны 73,9 пайызды құрайды.

        Ауданда ЖИТС/СПИД бойынша эпидемиясы күрделі жағдайда қалып отыр. Жаңадан ЖИТС инфекциясының 4 жағдайы тіркелген, 15-49 жастағы  тұрғындар арасында ЖИТС таралуы 0,352 пайыз құрайды.

       Осакаровка кентінің ОАА жанұя және неке саласында кеңес беру кабинеттерімен дені сау жанұя орталығы, гипертония және жүрек талма профилактикасы бойынша және қант диабеті мектебі, бронхтық атопиялық демікпе, мінез- құлық тәуекел фактор мектебі жұмыс істейді.

         Жұртшылықтың дәрілік заттардың қол жетімділігі мен сапасын арттыру анықталған 2011-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру жолдарының бірі.

         Мемлекет тарапынан қолдауға мұқтаж азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыздандыру мәселелерін шешуге ОАА Осакаров ауданында және АЕ Молодежныйда әлеуметтік дәріхана ашу болып табылады. Дәрілік заттарды іске асыру ең төменгі бағада жүзеге асырылады, бұл дәрілік заттарды әсіресе халықтың осал топтары қолжетімділігін арттыру және осылайша халықтың денсаулығына тікелей әсер етуі мүмкін.

         Медицинада мүгедектік, өлім-жітімді төмендету және өмір сүру сапасын жақсарту, асқынулар жиілігін төмендету тәртіппен, созылмалы аурулары бар науқастарға (ересектер мен балалар) науқастарды диспансерлеу сапасын жақсарту үшін ОАА Осакаров аудынында және АЕ Молодежныйда асқынулардың ерте анықтау үшін диспансерлық кабинеттері ашылуы болып табылады.

         2015 жылдың 26-27 наурызында Ақтасты және Шоқай станциялары бөлімшелерінде "Саламатты Қазақстан" пойызы жұмыс жасады.

         2016-2020 жылдары «Денсаулық» денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасын қабылданды, онда аудан тұрғындары мен тұрақты әлеуметтік -демографиялық дамуының денсаулығын жақсартуға бағытталған қадамдардың бірі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды 2017 жылы енгізу болып табылады. Мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың ортақ жауапкершілігі принципі негізінде денсаулық сақтау жүйесі тұрақты қалыптасқан.

         Әрине, алдын алу шараларын табысты жүзеге асыруға негізделген салауатты өмір салтын қалыптастыруға әр адам саналы қатысуы қажет. Денсаулық сақтау қызметкерлері емес, барлық мемлекеттік органдардың, жұмыс берушілер, бұқаралық ақпарат құралдары күнделікті ақпаратты-насихаттау жүргізу тиіс.

        

         Ішкі саясат бөлімі

 Аталған жылы біз көптеген атаулы күндерді тойладық, олар  Қазақстан Республикасының Конституциясының 20 жылдығы, Қазақстан халқының Ассамблеясының 20-жылдығы, Ұлы Отан соғысының  Жеңісіне  70 жыл және  қазақ хандығының 550 жылдығы - барша Қазақстандықтан үшін басты мерекелер болып табылады.

        2015 жыл аралығында ауданда мемлекеттік және кәсіби мерекелерді тойлауды ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Аудан тұрғындарына  Елбасы Жолдауын түсіндіру бойынша республикалық, облыстық және аудандық кездесулер өткізілді.

Тұрғындардың дінтану және діни сауатылығын көтеру үшін ауданымыздың тұрғындарымен, оның ішінде жастармен біздің облысымыздың қалалары мен аудандарының имамдары кездесу өткізді.

Қоғамдық - саяси жағдай тұрақты.

Құрметті отандастар, баршамыз біздің ардагерлеріміздің ерлігін бағалап, есте сақтауымыз қажет. Бүгінгі күні ауданда 11 соғыс ардагерлері мен қатысушылары тұрады және олардың барлығына 150 мың. теңге көлемінде біріңғай материалдық көмек берілді. Сонымен қатар тыл ардагерлеріне тең тұлғаларға материалдық көмек көрсетілді. Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне тұрақты түрде көмек көрсетілетіндігін де атап айтуға болады.

2016 жылдың 26 сәуірінде Черноболь АЭС ядролық апатына 30 жыл толуына байланысты, 100 мың теңге сомасында 3 қатысушыға материалдық көмек көрсетіледі, сондай-ақ 25 Ауғаныстандағы ұрыс-қимылдарына қатысушыларға 3 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетіледі.

 

         Жастар саясаты

          Ауданда жастар саны 8467 адамды, яғни жалпы аудан халқының 25,9 % құрайды.  2015 жылы жергілікті бюджеттен жастар саясатын қаржыландыруға 4143,0 мың. теңге бөлінді.

          Бейнелі іс-шаралардың ішіне жылда «Көңілді тапқырлар клубы», аудандық жастардың жыл сайынғы форумы, жастар шығармашылығы фестивалі, аудан әкімінің кубыгына спорттық іс-шаралар, «Жастар» атты аудан әкімінің жастар сыйлығы және аудан әкімінің ауылдық жердегі жас кәсіпкерлерді қолдау гранты кіреді.

         Интелектуалды-шығармашылық іздеушілік, танымдылық әрекеттерін дамыту мақсатында "Жас пікір" жастар клубы құрылды. Сонымен қатар, "Раян" жастар қоғамдық  бірлестігі жұмыс жасайды.

         Мемлекеттік қызмет көрсету

          Жоғары сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге ашық және баршаға тең қолжетімділік мемлекеттің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Осакаров
Дата редактирования: 10 Марта 2016 14:34


Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»