В Осакаровке:  -1°C , Влажность 88%, Давление 713, ветер 2 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Қарағанды облысы Осакаров ауданының Сарыөзек ауылдык округі әкімінің есебі

Сарыөзек ауылдық округі әкімінің  2016 жылғы атқарылған

жұмыстары туралы есебі

Құрметті  ауылдастар!

 

  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасымен әр жыл сайын  барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кезеңі, халықпен кездесуі өтеді.  

Бұл кездесудің негізгі мақсаты елді, халықты әлеуметтік – экономикалық және саяси даму реформаларының жүзеге асуы және осы елді мекендердің негізгі күрделі мәселелерінің шешілуі немесе шешілу жолдарымен хабардар ету.

Биылғы мақсат – міндеттерді ойдағыдай орындауда жол көрсетуші Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жолдауында қамтылған жаңа экономикалық саясаты әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіру жолындағы жаһандық қадамымыз болмақ. Жыл басынан халық қамы үшін атқарылар іс шараларға жол  көрсететін Елбасы Жолдауындағы негізгі басты  5 бағыт бойынша атқарылар жұмысты айқындап берді. Соның ішінде шағын және орта бизнесті дамыту, тұрғын үй құрылысын және ауыл шаруашылығын дамыту т.б.

         «Ұлт Жоспары – 100 нақты қадам» - бұл жаһандық және ішкі  - қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда  ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары.

         «100 нақты қадам» елімізге «2050-Стратегиясын» жүзеге асыру мен Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын жасап беретін болады.   

Қазір бүкіл әлем қаржы дағдарысын бастан өткізуде, бірақ Президентіміз еліміз мұндай қиын экономикалық дағдарысқа дайын деп, уақытында қолданылған шараларына орай, Қазақстанда әлеуметтік – экономикалық даму деңгейін сақтап қалуда. 

   

Бүгін сіздердің назарларыңызға Сарыөзек ауылдық округі әкімі ретінде 2016 жылдағы  атқарылған жұмыстардың есебін қортындылаймын.

Біздің қазіргі кезде есеп беріп, негізгі көңілге алынып отырған бағдарламалардың барлығы да кедейшілікпен, жұмыссыздықпен күрес, яғни халықтың әл – ауқатын көтеру.

Биылғы  әкіммен кездесуде мынадай тапсырмалар берілген:

1. Бердхан Врайға материальдық көмек және жұмысқа орналастыруын бақылауға алу

Ауылдық әкімшілік жеке шаруашылықтармен келісіп материалдық көмек және аудандық әкім 5 тонна көмірмен көмек көрсетілді. 1 ақпаннан бастап «Өрлеу» жобасына кіргізіліп, 1 бұзаулы сиыр, 1 тайынша сатып алды. Наурыз айынан қазіргі күнге дейін «Елимай» ф/ш малшы болып жұмыс істейді.

2. Селолық округтің ішкі қарын тазалаған жеке шаруашылықтарға жанар жағар маймен көмек жасау. Әкімшіліктен қаралған 200 мың теңге бар, бірақ ол қаражатты бере алмай отырмыз. Ақпан айында шарт жасалынып ауылдың ішкі қарын тазалаған шаруа қожалықтарына жанар жағар маймен көмек жасалады.

3. Сарыөзек ауылына аптека ашу туралы

Биылғы жылғы заң талаптарының өзгеруіне байланысты ауылдық жерде аптека ашу мүмкіншілігі болмады.

4. ЖҚ және ӘББ басшысы А.Тулеуованың халықпен кездесуін ұйымдастыру

Әкімнің кездесуінен кейін маслихаттың хатшысы Саккулаков К.К. және А.Тулеуованың кездесуі ұйымдастырылып, халықтың әлеуметтік сұрақтарына жауап берді.

Бұл сұрақ бойынша келер болсақ бірнеше жас мамандар жұмысқа орналасып, дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша документерін тапсырып, нәтижелерін күтуде.

        2016 жылдың 01 қаңтарында  ауылдық округімізде 1439 адам тұрады. Экономикалық белсенді халық саны 912 адам, жұмыс бастысы 653 адамды құрады.  

Ауылдық округінің әкімшілік аппараты кедейшілік пен жұмыссыздық деңгейін төмендету жұмыстарын аудандық және ауылдық бағдарламаларға сәйкес жүргізеді. Халықты жұмыспен қамту бағдарламасында жоспар бойынша 2016 жылы  37 адамды жұмыспен қамту керек болса, 1 жыл ішінде  39 адамды жұмысқа орналастырдық.

 Жұмыссыздықта 9  адам жұмыс істеді.

 Округтегі табысы аз отбасыларын әлеуметтік қорғау сұрақтарына көп көңіл бөлінеді. Атаулы әлеуметтік көмек отбасының орташа айлық жан басына шаққандағы кірісі кедейшілік шегінен төмен болған отбасыларына мемлекет тарапынан берілетін көмек болып табылады.   

2016 жылдың  01 қаңтарынан 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына арналған жәрдемақы  12 отбасына, 40 балаға 840302 теңге жәрдемақы тағайындалды.

Өрлеу мемлекеттік бағдарлама бойынша 6 отбасына, 30 адамға 1365 мың 792 теңге  төленді.

Тұрмыстық жәрдемақы 2 отбасы,  10655  тенге көлемінде  төленді.

Тұрмысы нашар отбасыларына бюджеттен тыс 11 отбасына,  195 мың теңге көлемінде жәрдем көрсетілді, бір адамға орта есеппен 3951 тенгені құрады.

Тағы бір маңызды бағдарламалардың бірі «Агроазықтүлік бағдарламасы» болып табылады.

2016 жылы 17107 га  егін егілді. 16017 га бидай, 1090 га арпа, 1 жылдық шөпті – 150га, көп жылдық 60 га  салынды.

Алынған өнім  - 24883 тонна, 14,8 ц/га алынды.

2017 жылы 17825 гектар жерге дәнді-дақыл егіледі деп жоспарлануда.

Бұл әрине кейінгі жылдары біздің шаруа қожалықтардың жер өңдеуді жаңа тәсілмен жүргізудің, жаңа техника пайдаланудың нәтижесінде жақсы нәтижелер көрсетіп жүр. Жаңа техникалар сатылып  алынуда  барлығы 30 млн  450 мың  теңгеге алынды.

Жылдан жылға ең өзекті мәселе болып келе жатқан жеммен қамтамасыз ету. Азық-түлікпен қамтамасыз ету бағытының негізі болып табылатын мал шаруашылығы, сол мал шаруашылығы дамыту үшін,  көп жылдық шөптерді жаңарту, олардың ауданын арттыру жұмыстарын жүргізу.

Округ бойынша 4500 тонна мал азығы дайындалды.

   Жол картасы 2020 бағдарламасы бойынша осы жылы ауылымыздың үш азаматы 7 млн теңге несие алып, мал шаруашылығымен айналысып,  өзін – өзін жұмыспен қамтуда.

          Біздің селолық округтегі мал шаруашылығының дамуы төмендегідей  2017 жылдың 01 қаңтарында:

 ірі қара мал саны 1178, соның ішінде сиырлар – 558 бас

 жылқылар саны   257 бас

 шошқалар саны   103 бас

           қой және ешкі    2908 бас

           құстар                1820 басы бар.

 

 

2016 жылы ауыл шаруашылық өнімдері мынадай көрсеткіш берді:

1.      Ет жоспар бойынша 350 тонна, орындалғаны 430  тонна

2.      Сүт өнімі жоспар бойынша 1860 тонна, орындалғаны 2230  тонна

3.      Жұмыртқа жоспарда 432 мың дана, орындалғаны 655 мың дана

4.      Жүн өнімі жоспар бойынша 5  тонна орындалғаны 7,5 тонна

       Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдіру бойынша жалпы өнім жоспары 415 млн теңге болса, орындалысы 505 млн. теңге орындалып отыр.          

       Азық - түлік тауарлар бағасын төмендету мақсатымен облыс әкімінің тапсырмасы бойынша «Ауыл береке» ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылған болатын. Оған біздің ауылдың шаруа қожалықтары белсене ат салысуда. Айтар болсақ «Елимай» ф/қ, «Юрик» ш/қ және т.б қожалықтарды атауға болады.

         Келесі басым бағдарламалардың бірі тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бағдарламасы. Бұл сұрақ бойынша 3 елді мекенде су орталықтандырылып беріледі.

         Ауылдарды дамыту бағдарламасы бойынша 689 мың теңге бөлініп, оған Школьная көшесіне 15 жарықтандыру шамы орнатылды.

Ауылдық мәдениет үйіне 6 млн ақша бөлініп, күрделі жөндеуден өткізілді.

        Электр қуаты ауылдық округімізге уақытында және тұрақты беріліп отыр.

         2016 жылдың көктем күз мезгілдерінде округте  аббаттандыру және  көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Бұл атқарылған жұмыс жүйесі  ұйымдастырушылықты, мекеме, үйлерді жөндеуді, оларды сақтауды көздейді және ауылымызды  көркейту мақсатында жүзеге асырылады.

Тазалық және көркейту бойынша жұмыстардың тиімді, нәтижелі орындалу мақсатында әрбір шағын аумақтарға жауапты топтар құрылады, оған ауылдық округтің әкімі, мектеп директоры және  округтегі елді мекендердің орталау мектептерінің  директорлары, ауылдық дәрігерлік амбулаторияның  бас дәрігері де қатыстырылады.

Халықты рентгеннен, басқа қатерлі аурулардың  алдын –алу тексерістен өткізу уақытылы жүргізіледі. Соның бір дәлелі яғни биыл наурыз  айында Республикадан шыққан «Саламатты Қазақстан» поезы Шоқай станциясына тоқтады және қыркүйек айында облыстық «Жылжымалы медициналық кешен» келіп, халықты бір апта бойы арнайы тексерістерден өткізді. Туберкулезге шалдыққандардың санының өсуін болдырмауға көп көңіл бөлінеді, халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп тұрады.

Болашақ аналарды анықтау және оларды уақытылы емханаға жеткізу, ана мен бала өлімін болдырмауға көп көңіл бөлінеді.  Балалар мен ересектер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерімен де жұмыстар жүргізілуде.

2017 жылғы міндеттер:

1.     Ауылда кәсіпкерлікті және микрокредиттердің бөлінуін жан жақты қолдау

2.     Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысссыз және аз қамтылған отбасы адамдарын жұмысқа тұрғызу және оқыту

3.     Ауылдағы инфраструктуралық жобалармен  халықты қамтамасыз етіп, село  тұрғын елді мекендерді  дамыту.

2016 жылда атқарылған жұмысты қорытындылай келе, айтқым келіп отырғаны әрине атқарылмаған мәселелер әлі де көп, оларды міндетті түрде орындаймыз.

 

 


Дата редактирования: 11 Января 2017 12:28

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»