В Осакаровке:  10°C , Влажность 83%, Давление 708, ветер 12 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Қарағанды облысы Осакаров ауданының Есіл ауылдық округі әкімінің есебі

2016 ж. Есіл ауылдық округі әкімінің есебі

 

Қазақстан Республикасының Елбасы  «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму», атты Қазақстан халқына жолдауын арнады. Бұл Жолдау шын мәнінде ерекше жолдау болды. Өйткені Елбасымыз әлемдік көшбасшылардың арасында бірінші болып әлемдік экономиканың құлдырауы, шикізат ресурстарына деген бағаның төмендеуі, бюджеттің кіріс бөлігіне түсімдердің азаюы сияқты жаһандық сын-қатерлерге стратегиялық сипатта жедел шешім қабылдаудың үлгісін көрсетті. Президент алпауыт елдердің өзара санкциялары дүниені тығырыққа тірегенін айтты. Сонымен қатар, Елбасы мұндай аса жауапты сәтте бірліктің сақталуы аса маңызды екенін, сондай-ақ, барша қоғам ел игілігі үшін аянбай тер төгу қажеттігін атап өтті. 100 нақты қадам» елімізде «2050 – Стратегиясын» жүзеге асыру мен Қазақстан мем­лекеттілігін нығайтуға, жолдан адас­пауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын жасап берді. Есіл ауылдық округі аппараты әкімдігі өз жұмысын келесі жұмыстармен бағыттайды.

Екі ауылдың ішінде 2023 адам тұрады, соның ішінде Есіл ауылында 1451 адам, Колозное ауылында 497 адам. Қайтыс болғандар  саны 30 адам, туылғандар саны 39 адам.

Округте 3 мектеп бар 320 білім алып жатыр , мұнда №2 ОМ – 181, Колхозное ауылының  негізгі мектебінде – 64, Литвиновская мектеп-интернатында – 175 оқушы білім алады. Сондай-ақ ауыл аумағында мәдениет үйі, және «Модельная библиотека» атағымен марапаталған ауылдық кітапханасы орналасқан. 2015 жыл  Есіл ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория құрылысы басталды, казіргі уақытта құрлыс жұмысы аяқталды,  кәзіргі таңда коммунальдық қызмет көрсетілмейді.

Біздің округте 31 жеке кәсіпкер тіркелген.

2016 жылдың басында азық-түлік бағасының  бірден көтерілмеу мақсатында сауда нүктелерімен  меморандумы жасалған.

Қысқы мезгілде жиналған қарды тазалау жұмыстары жүргізіледі. ҚШ басшыларымен қысқы мерзімге арналған тазалық жұмысын жүргізу меморандумы жасалған.Барлық ауыл тұрғындары жыл бойы елді мекенді абаттандыруға, санитарлық тазалауға және көгалдандыруға  жұмысына қатысты. Тұрғындардың өз төлемдерімен күл жане көң шығаруы ҚШ техникаларымен жүргізілді. Есіл – Колхозное, және Есіл-Центральное аялдамаларын бояу жұмысы  жүргізілді. Есіл ауылының көшесінің соңында грейдерде ҚШ-ғы меморандум жасау арқылы қоқыс төкіш  орын дайындалды.

9 мамыр  Жеңіс күніне арналған ескерткіштерді бояу жөндеу жұмыстары жүргізілді.Қысқы мезгілде жиналған қарды тазалау жұмыстары жүргізіледі. ҚШ басшыларымен қысқы мерзімге арналған тазалық жұмысын жүргізу меморандумы жасалған.

«Жасыл Ел» бағдарламасы аясында 345 егістік отырғызылды.

 Бірінші  жарты жылдықта «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Колхозное ауылының орталық алаңына балалар алаңын орнатуға республикалық бюджеттен   ауыл аумағына спорттық алаңдарды орнату үшін 1 млн. 162 мың теңге қаражат бөлінді. «2020  Жұмыспен қамту» жол картасы бойынша  12 млн бөлінген қаржыға Школьная көшесімен Колхозное көшесі бойына тесістеп тас себу жұмысы жүргізілді. Ағымдағы жүргізіліп жатқан су құбырына жүргізілген жұмысқа жергілікті қаржыға 336 мың яғни 3 млн.24 мың.т республикалық қаржы жұмсалды.

Ауыл шаруашылығы 38 ШҚ және ФҚ құрылған, оларда 29693 га ауылшаруашылық жерлері тіркелген, оның ішінде 18459 га егістік жерлер. 14317 егістік алқаптан орташа көлеммен 14 центнерден барлығы 14568 га. астық жиналды, ауа райының қолайсыздығына байланысты 1923 га құрайтын тізімнен шығарылды.  

«2020  Жұмыспен қамту» жол картасы бойынша бойынша 11 адам жұмыспен қамтылды. 2016 жылда  «Өрлеу» бағдарламасы бойынша мал сатып алуға ақшалай аз қамтылған от басыларынан 2 отбасы  көмек алды. 01.01.2017 жылдың жағдайы бойынша қазіргі мал есебіне сәйкес   бізде барлығы ІҚМ – 2178, соның ішінде сиырлар – 919, қойлар мен ешкілер – 1075, жылқылар – 117, шошқалар – 371, құстар – 3039.

2016 жыл ішінде барлығы 23 жеке тұлға және 1 заңды тұлғадан өтініш түсті.2016 жыл бойы 143 мем.қызмет көрсетілді.

 Өкінішке орай ауыл тұрғындарының барлық мәселелрі  оң шешімін тапасада, алға қойылған мақсаттарға жету үшін қойған жоспарларымыз жетерлік.

Кез –келген мемлекет өз ортасында тұрып жатқан адамдарымен күшті және бағалы.

        

 

 

 


Дата редактирования: 11 Января 2017 12:23

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»