В Осакаровке:  4°C , Влажность 67%, Давление 716, ветер 7 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Қарағанды облысы Осакаров ауданының Жансары ауылдық округі әкімінің есебі

Жансары  ауылдық  округі  әкімінің

халық  алдындағы    ЕСЕБІ

 

Құрметті   ауыл  тұрғындары !

 

        Елбасымыздың    тапсырмаларын  орындау  аясында,    жыл   сайын  есептік   кездесулер  өткіземіз,    ол  ауыл  тұрғындарының     күнделікті  өмірінің   мәселелерін  шешуге   мүмкіндік  береді,   және оны   шешу  жолын   аңықтаймыз.   Ауылдық  округтің  әлеуметтік- экономикалық  дамуында   жарқын    болашақтың   жаршысы   болған  «Қазақстан – 2030  Стратегиясы»  және  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың   жылдағы  жолдауы   негізгі   бағыттарын   жүзеге  асыру   жолында   жігер   танытуымыз  керек.  «Нұрлы  жол -  болашақ  жолы»   жолдауы  біздің  ертеңгі   күнімізге   сенім  арттырады   және  дағдырыс  қазақстандықтардың   өмірінде   еш   байқалмайды,  керісінше    еліміздің   экономикасына   және   гүлденуіне   күшті  серпіліс  береді.

           Жыл  басында  өткізген   кездесулердің  талдауы  бойынша  ауыл   тұрғындардың  ең  күрделі  сұрақтары   ол  әлеуметтік  сұрақ:көшелерге  электр жарығын  өткізу  және  ауыз сумен қамтамасыз  ету. 

      Жансары    ауылдық   округінің     жер  көлемі 104  мың  га.  Округ  аумағында  бес  елді  мекен     орналасқан.  Олар  Дальний,  Жансары,   Жуантөбе,  Басқорық  және   Қызылтас   ауылдары. 

01.01.2016  жылы    тұрғындар     саны   447   адам     болды.  Жыл  бойы  6 бала   туды,  3 адам   қайтыс    болды,  сырттан   12  адам келді, 17 адам қоныс   аударды. 

 Жалпы   аула  саны  - 110, отбасы  саны - 125, ал   тұрғындар  саны -445  адам. Балалардың  саны - 87 ,  ересек      тұрғындар    саны – 358. Онын  ішінде   зейнеткерлер - 52  адам, І-ІІ-ІІІ топтағы  мүгідектер -20  адам,    25 студент  бар. Бала    күтімінде  отырған    және  үй  шаруасымен  айналысатын   әйелдер саны  -  37,   өзінің  меншік  шаруасымен   айналысатын - 49  адам,  ал   бюджет    саласында -  73  адам,    шаруа     қожалығында   үзіліссіз     жұмыс   істейтін  11  адам,   қызу   жұмыс  кезінде  13  адам   көмек    жасайды, жеке   кәсіпкерлер  саны  10,  басқа    жерлер  мекемелерінде  79  адам   жұмыс  істейді.

         Қазақстан  Республикасының  «Жеке  және  заңды   тұлғалардың  өтініштерін  қарау  тәртібі   туралы»   Заңын  орындау  мақсатында  арыздар  мен   ұсыныстарды   есепке  алу   және   бақылау  жұмыстары   қолға  алынып,   арыздың   туындау  себебіне   жүйелі   талдау   жасалынып,   оларды   жою   шаралары   қабылданды.   2016  жылы  ауылдық  округі   әкімінің   аппаратында   азаматтардан  427 ауызша  сұраныс  әр -түрлі  анықтама  беру  бойынша  келіп  түсті,   жазбаша  21  арыз  түсті. 14  өтініш жеке қосалқы шаруашылық жүргізуге жер бөлу, 3 өтініш объект қызметін атқару үшінжер учаскесің бөлуге, 3 өтініш қаулыға өзгерістер енгізуге және 1 өтініш жерге жеке меншік құқығын жоюға бағытталған. 21 арыздын 19 қанағаттандырылды, екі арыз қабылданбады.  Барлық  сұрақтарға   жауап  берілді.    Және     2016  жылы  73  мемлекеттік  қызмет  көрсетілді,   ол    қосалқы  шаруашылығының    бар  екендігі  туралы    анықтама  беру  туралы. Елді мекен аумағында объект құрылысына жер учаскесі берілген жоқ. 1 шешім жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге қабылданды. Мемлекеттік қызмет көрсетуге түскен өтініштер уақытында қаралады. Мемлекеттік қызмет көрсету уақытын бұзу болған жоқ.

«Өңірлік  даму»   бағдарлама   бойынша   санитарлық  тазалыққа   238  мың  тенге  бөлінді.   Нәтиже  бойынша  Боярский А.А. жеке  кәсіпкермен   шартқа  отырдық,   ол   Дальний,  Жансары және Жуантөбе ауылдарын  қоқыстан  тазалады,  6  заңсыз  қоқыс  тастаған  жерді   тазалады   800  тонна  қатты   тұрмыстық  қалдықтармен  қоқысты  шығарды. Және де Баярский ЖК жергілікті салық қаржысына Басқорық – Қызылтас ауылдарының тас жолына ремонт жүргізді (1200 тонна балласт төгіп, тегістеді, тас жолдың қашықтығы 13 км) жалпы соммасы 498 000 (төрт жүз тоқсан сегіз мың) теңгеге.

        «Жұмыспенқамту 2020 жол картасы»бағдарламасы бойынша Дальнее ауылдық клубі ғимаратына капиталды жөндеу жұмыстарын жүргізді. Және де «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бойынша Жуантөбе, Басқорықауылдарының авто тас жолдары жөнделді.

     Округ   бойынша 116  шаруашылық  жүргізуші    субъектілері   ауыл   шаруашылық    өндіріспен   айналысады,    ( оның   ішінде   19  шаруа  қожалықтары   және 97  меншікті   шаруашылықтар).  Ауыл   шаруашылық   өндірушілердің  соңында   48,7  мың  гектар   ауыл   шаруашылығына   пайдаланатын   жерлер,   оның  ішінде   4,9  мың  гектар   егістік   жерлер   және   43,8  мың  гектар   жайылымдар   бекітілген.

      01.01.2017  жылға   Ірі   қара  малдың  саны  -  3283  бас,   сиыр-  2171  бас,  қой  мен  ешкі-  4711  бас,  жылқы  - 2548,   құс –  1071  бас   құрады.

Округ  бойынша  сегіз  шаруа қожалығы   «Сыбаға»  бағдарламасы   бойынша, екі  шаруа қожалығы  «Құлан» және «Алтын  асық»  бағдарлама  бойынша  жұмыс  істейді.

      2016  жылы  шаруа қожалықтары  32 млн.  теңге  субсидия  алды.

Округ  бойынша   АҚ «Каз Агро Финанс»  арқылы   шаруа  қожалықтар лизингке 59 млн 450 мың теңгеге жаңа  ауыл шаруашылық  техникалар  алды.

Төрт    МТЗ-82   -        23 млн. 400мың.теңгеге

Бір    МТЗ-1221  -   14 млн.900 мың.теңгеге

БірПресс        -   2 млн.980 мың.теңгеге

Екі  КУН -  4 млн 400 мың.теңгеге

Бір Шөп шабатын машина – 900мың теңгеге

Үш Жатка ЖВП 4,9 – 12 млн 780 мың теңгеге

   Асыл  тұқымды  және  таза  етті   ұдайы   өндіру   үшін ауыл  шаруа  қожалықтары   асыл  тұқымды  малдар   сатып  алды.  2016  жылы  оның  ішінде  20  бас асыл  тұқымды  бұқалар 7 млн.100 мың  теңгеге  сатып  алды.Және де Жанел ш/қ өз қаражатына 100 бас асыл тұқымды тайыншаларды 35 млн теңгеге сатып алды.

«Құлан» бағдарламасы бойынша «Салтанат» шаруа қожалығы 55 бие және 2 асыл тұқымды айғырды жалпы соммасы 14 млн 750 мың теңгеге сатып алды. Қызылтас ш/қ 1 асыл тұқымды айғырды 500 мың теңгеге сатып алды.

       «Алтын асық» бағдарламасы бойынша «Салтанат» ш/қ желтоқсан айында 7,5 млн теңге 300 бас қой сатып алу үшін алды.

Қазіргі  уақытқа  асыл  тұқымды  малдар  саны:  ірі  қара  мал, оның  ішінде  сиыр – 128  және бұқа  59 бас. Асыл тұқымды айғыр – 3. Асыл  тұқымды  қой  саны  36 бас оның  ішінде 20  қошқар  және  16  аналық  қой.

      2016 жылы әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация базасында 1 кооператив құрылды.

    Әлеуметтік  маңызы   бар  тауарларға    бағаның   көтерілмеуіне   ықпалын   тигізу   үшін   ауыл   шаруашылық   өндірушілер   Қарағанды  қаласында,  Осакаровка   және  Молодежный   кентінде    өткен   жәрмеңкелерге  қатысты.

Жыл  бойы   78  тоннаірі қара мал  еті,  12 тонна  қой еті  және  116 тонна жылқы еті саудаланды. Агро экспорт ЛТД-ға бордақылауға 308 бас ірі қара саудаланды,аудан бойынша 80 %.

2017  жылы   жоспар  бойынша

Шаруа  қожалықтары 3 трактор МТЗ-82,  2  комбайн,  1 тіркелетін  жатка,  2  шөпшапқыш,  3  тактор  тіркемесі,  пресс,  шөп жинағыш  сатып  алу  жоспарлап отыр.  Малдың  саның   15 пайызға  өсіру.  Асыл  тұқымды  бұқалар  сатып  алу. Ірі  қара бордақылау аланың   құрылысы  және  базаларды  жөндеу жұмыстарын  атқару.400 га  егін   және  200 га көпжылдық  шөп  себу.

Ауыл  тұрғындарын   мазалайтын   басты  мәселелерінің  бірі   ол   автокөлік жол  байланысының   жағдайы.   Дальний    округінің    жол  байланысы  71 шақырым,   оның  ішінде   42  шақырым   Молодежный   кентіне дейін,  қалган  29 шақырымы,  ол   ауыл   арасындағы   жолдар.   

Ауылдарымыздың    ауыз  сумен   қамтылуы    бірқалыпты.   Дальний   ауылында 19   меншікті  скважина,  2 құдық    және   бұлақ   бар,  су  тасымалы.   Жансары  мен    Қызылтаста    скважиналар    істеп   тұр.  Жуантөбе  мен  Басқорықта    әр  үйде  құдық  бар.  Бірақ   Қызылтас  ауылының   су  құбыры  жөндеу  жұмыстары  аяқталған  жоқ.   Ауыз  сумен  қамту  сұрақ   тұрақты    бақылауға  алынған.

 2016 – 2017  жылдарға   жылумен   қамту   бойынша  № 24 орта мектептің,   бастауыш  мектептің,   әкімшіліктің,   фельдшерлік   пунктің   және  төрт  ауылдық   клубтардың   пештері  тоқтаусыз  жұмыс  істеп  тұр,   көмір  жеткілікті.

2016  жылы  Жанел, Осакаровское, Салтанат, Жер-Ана шару  қожалықтары   ауылымызға   көп  демеушілік  жасады.

Және   «Евразия  Инвест ЛТД»   қыс  бойы   жолдың  қарың  тазалады   және  қазірғі  уақытта  тазалап  жатыр.

Ауылдық   округ  әкімінің   қызметінің   бір  бағыты   әкім  аппараты қызметкерлердің  жемқорлық  пен  тәртіп   бұзушылыққа   жол  бермеуіне    қарсы   күрес  шараларын   қолдануы   болып  табылады.Жемқорлыққа   қарсы   күрес   жүргізу   жұмыстары    «Қазақстан  Республикасының  2015-2025 жылдарға  арналған  сыбайлас  жемқорлыққа   қарсы   стратегияны» іске  асыру  бойынша   Осакаров  ауданының   2015-2017  жылға   арналған  іс  жоспарыны    бойынша жүргізіледі.  Сыбайлас   жемқорлықты   болдырмауға    қызметкерлер     арасында  құқық  тәрбие  сабағы       өткізіліп  тұрады.   Құқықтық  насихатты   жүргізу  үшін    мерзімді  баспасөз   басылымдардың   тігіндісі  бар.   Округ  әкімі   аппаратының  мемлекеттік  қызметкерлер   «Ар-намыс Кодексін»  және  еңбек   тәртіптерін  орындалуын   қатаң   сақтайды.     Әкімі  аппаратының   мемлекеттік   қызметкерлерінің   істері   бойынша   ауызша   және   жазбаша   үндеу  түскен  жоқ.

 

        Жансары  ауылдық  округінің  әкімі                         Қ.Беков

 

 

 


Дата редактирования: 11 Января 2017 12:24

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»