В Осакаровке:  -9°C , Влажность 39%, Давление 728, ветер 5 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Қарағанды облысы Осакаров ауданының Звезда ауылдық округі әкімінің есебі

Кұрметті Қайрат Абдоллаұлы!

Кұрметті ауылдастар!

 Қазакстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмаларын орындау мақсатында мен 2016 жылдың корытындысы бойынша iстелген жұмыстары туралы халыққа есеп беру жиналысын өткізіп отырмын.

 

2016 жыл 1 кантарға Звездный ауылдык округ бойынша 302 адам турса, оның ішінде экономикалық белсенді халык саны - 188 адам қурайды, ол барлық халық санына шаққанда 38% пайыз болады.

2016 жылы округ аумағында – 4 нәресте дүниеге келді.

Округ аумағында 9 мүгедек адам тұрады

2 – ші топтағы мүгедектер -3 адам

3 – ші топтағы мүгедектер – 6 адам

«Күміс алқа» иегерлері – 3 адам

                Ауылөнеркәсіп кешені, шағын және орта бизнес

Ауылдық округ аумағында барлығы 21 шаруашылык субъектілер жұмыс жасайды, оның ішінде 17 шаруа қожалықтары, 2 жауапкершілігі шектеулі cepiктecтiк пен 2 жеке кәсіпкер. Барлык ауылшаруашылық тауарөңдірушілердің 17 шаруашылығы егін себумен айналысса, 2 шаруашылық мал азығын дайындаумен шұғылданады.

Былтырғы жылы ауылдық округ бойынша негізгі капиталға инвестиция салуы 45,5 млн. теңгені құрады. Ауылдың басқа да әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері аудан көлемінде алдыңғы қатарында келе жатыр деп айтуға болады. Мынадай корсеткіштерге қол жеткізіп отырған біршама шаруа қожалықтарының арқасында, атап айтканда «Кобжанов» ШҚ (басшысы Н.Кобжанов), «Спектр» ШҚ (И.Дедуренко),  және тағы басқалары.

2016 жылы 1 қантарға ауылшаруашылық өнімдерінің өндірісі мындай болды: ет – 145 тн., сүт - 150 тн. Ауылшаруашылық онімдерінің жалпы көлемі - 121 млн.мың теңге кұрады.

 

2016 жылға ауылшыруашылық онімдері - 6620 га жерге егілсе, оның ішінде - 5910 га бидай, 672 га - арпа және – 350 майлы дақылдар егілді (лен).

Барлық астық өнімдері 4678 га жиналса, орташа есеппен гектарынан 17 цн. өнім алынды және 350 га майлы дақылдар жиналса, орташа есеппен 15 ц/га өнім алынды.

1 қаңтар 2017 жылға мал бас саны төмендегі көрсеткіштерді құрады: ipi кара -410 бас, қой және ешкі - 903 бас, жылқы - 382 бас, шошқа - 132 бас, құс - 2525 дана.

2015 салыстырганда 2016 жылы  қой және ешкінің саны - 103 басқа көбейді жылқылар -70  баска кебейді.

 

Жұмыс қоры, әлеуметтік сала

Ауылшаруашылық құрылымдарда 45 адам жумыс істесе, егінді себу және жинау науқанында жұмыспен қамтылған адамдар саны маусымдык жұмыспен айналысуының арқасында көбейеді Мемлекеттік мекемелерде, дәрігер мен білім беру жүйесіңде және басқа да қызмет салаларында 54 адам жұмыс істейді, кезектік тәсілмен 18 адам жұмыспен қамтылса, әскер қатарында 1 адам, меншік аулада 45 адам жумыс істейді, 2 адам жеке кәсіпкер.

Аз қамтамасыз етілген адамдарға ерекше көңіл бөлінеді. Округте 5 отбасы көп балалы санатына жатса, онын, ішінде 3 «Kүмic алқа» иегерлері бар, онда 27 бала тәрбиеленіп отыр. Ауылдық округте 9 мүгедек тұрады, оның ішінде 3 топтағы мугедектер саны - 6 адам, 2 топтағы мугедектер - 3 адам. Hегізі мүгедектер толық отбасыларда тұрып жатқандықтан, аз камтылған отбасылар санатына жатпайды.

Ауылдық округ бойынша жұмыссыздар жоқ.

 

Округте 1 орта мектеп бар, онда 46 бала оқып жатыр. Мектепте «Балапан» атты шағын орталық жұмыс істеуде, 16 бүлдіршін қатысып жүр.

Ауылда медициналық пункт жумыс істеуде. Былтырғы жылы пункте ағымдағы жөндеу жумыстары жүргізіліп, біршама қалыпқа келтірілді

Ауылда клуб бар, онда түрлі шаралар мен көркем өнерпаздар ұжымдары концерттерін қояды.

2016 жылдың қараша айында    «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша ауылдық клубпен мектептің жөндеу жұмыстарына тиісті қаражат бөлінді . Жөндеу жұмысы барысы кезінде ауылдан 3 адам жұмысқа орналастырылды.

Кітапхана жүйесінің барлық қоры 12645 дана қураса, оның ішінде 2607 дана мемлекеттік тілде.                                                                                                                                                                                                          Ауылда спорт қарқынды даму үстінде. Ауылдың жастары түрлі спорттық жарыстарға қатысады, оның ішінде аудандық спорттық ойындар

«Аймақты дамыту» бағдарламасы бойынша 155 мың теңге бөлінді , ол қаражатқа ауыл ішіндегі абаттандыру жұмыстары жүргізілд                                        

 

 

 

Баяндама аяқталды.

Тыңдағандарыңызға рахмет.

 


Дата редактирования: 11 Января 2017 12:25

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»