В Осакаровке:  -9°C , Влажность 39%, Давление 728, ветер 5 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Қарағанды облысы Осакаров ауданының Николаевка ауылдық округі әкімінің есебі

Николаев ауылдық округі әкімінің тұрғындар алдындағы

            2016 жылғы есебі.

Құрметті кездесуге қатысушылар! Сіздің назарыңызға ауылдық округ әкімінің 2016 жылы атқарылған жұмыстары және 2017 жылға қойылған міндеттері туралы  есебі ұсынылады.

          Есептік кездесулер Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 ж. 15 тамыздағы  № 615 « Әкімдердің есептік кездесуін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес өткізіледі.

 

Округтегі үш елді мекенде  717 адам тұрады. 2016 жылы 14 бала дүниеге келді, 8 адам өлді.

     Экономиканың негізгі бағыты ауыл шаруашылық, онда еңбекке жарамды тұрғындардың негізі жұмыс істейді. Ауылшаруашылық жерінің жалпы көлемі 43,3 мың га құрайды, оның ішінде 28,8 мың га. егістік жер.

          Ауылшаруашылық секторында 7 ЖШС, 47 шаруа қожалықтары тұрақты жұмыс істейді. Олар негізінен ауылшаруашылық өнімдерін егумен, мал шаруашылығымен айналысады. 2016 жылы

 дәнді дақылдар -18395 га

Майлы дақылдар  – 2152 га.

Картоп  -01 га ( 2015 ж.ө 0,5 га) жерге салынды.

Тұрғындар мен шаруашылық қожалықтарымен 5260 тн. шөп дайындалды.

Астық өнімділігі  дәнді дақылдар 15 ц/га., майлы дақылдар -12,8 ц/га, картоп -140 ц/га құрайды. Бүгінгі күні азықтық дақылдарымен айналысу керек. Көп жылдық шөптерді жаңарту және әр түрлі азықтық дақылдарды егу қажет.

   2017 жылға арналған  көктемгі егістік  жұмысын жүргізу бойынша  баланс құрылды. Осыған байланысты қажетті  жағар жанар майдың, тұқымның  көлемі жән  субсийдінің көлемі жоспарланады. Ауылшаруашылық басшыларының мәліметі бойынша ауылшаруашылық дақылдары:

 дәнді дақылдар – 18091 га, 

майлы дақылдар – 3122 га,

 картоп -1  га жерге салынады.

 2017 жылғы егіске 5449 га жер айдалған. 46 ауылшаруашылық құрылымдары егін салумен айналысады.

   Жеке аулалар мен ауылшаруашылық құрылымдарында мал басы : ІҚМ – 1419 бас (ЖШС-104 бас, шқ- 195 бас), о.і. сиыр -629 бас (ЖШС- 51 бас,шқ- 81 бас),

қой, ешкі - 729 бас ( шқ- 260бас),

жылқы -471 бас (ЖШС- 3  бас. шқ- 121 бас),

шошқа –237бас ,

 құстар -21.

 Ветеринарлық қызметкерлермен қарасан және тағы да басқа қауіпті ауруларға қарсы ветеринарлық алдын алу  шаралары  өткізіледі

Эмкар ауруына қарсы 1600  бас ІҚМ егілді;

Сібір жарасына  қарсы 1450 бас ІҚМ,

                                       300 бас жылқы,

                                       460 бас шошқа егілді

 

 Бруцеллезге зеріттелді:

 ІҚМ – 1531бас,

 ҰҚМ- 1153 бас

Шошқа -200 бас

Туберкулезге 2400 бас ІҚМ зеріттелді;

Бруцелезге 81 бас ірі қара мал, 75 бас ұсақ мал шықты, олардың барлығы да жойылды.

Ветеринарлық қызметкерлермен ауылшаруашылық  малдарын бірдейделендіру жүргізіледі.

Жыл бойынша бірдейделендірді:  ІҚМ – 595 бас, ҰҚМ – 561 бас, шошқа – 413 бас,  254 бас жылқыға күйдіріліп таңба баылды,50 басқа чип салынды. Ветринарлық қызметкерлермен ауылшаруашылық  малдарын бірдейделендірубойынша электрондық   дерекқор жүргізіледі.

Астана, Қарағанды қалаларында, Осакаровка кентінде өткен ауылшаруашылық жәрменкелеріне белсене қатыстық.

 Білім беру жүйесіндегі барлық жұмысы  сапалы білім беру қызметіне бағытталған. 

№10 ОМ -59 оқушы білім алуда;

мектепке дейінгі дайындық сыныбында - 4 бала;

шағын орталықта -12 бала;

Комсомольское с. БМ- 8 оқушы;

Шағын орталықта -11 бала;

Комсомольское селосының 7 оқушысы Осакаровка кентінің № 12 орта мектебінде тұрып оқиды.

Мектепте 21 компьютер бар. Интернетке қосылған,  бірақта жылдамдығы өте төмен, ол мультмедиялық кабинеті жұмысында байқалады.

Өткен жылғы мектеп бітіруші 5 түлектің біреуі ҰБТ-ға қатысты, орташа  балл- 50 құрады.

Мектеп  бітіруші түлектердің 3 -уі колледжеде оқиды, 1-уі әскерге алынды,  1-уі жұмыс істейді.

Жазғы мезгілде балалардың демалысын, денсаулықтарын жақсарту шараларын ұйымдастыруға қажетті жағдай тудыру мақсатында  мектеп жанында лагерь жұмыс істейді.Оқушылар үшін спорт секциялар жұмыс істейді. Ауыл жастары «Сары –Арқа» жазғы аудандық спартакиадаға, Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздінің 25 жылды  қарсаңында өткен «Халық денсауылғы – біздің болашағымыздың негізі»  атты баскетболдан жарысқа, сонымен қатар «Жас барыс» қазақ күресі жарысына қатысты.

Мектеп оқушылары аудандық,  облыстық олимпиадаларға, халықаралық интелектуалдық жобаларға белсене қатысады.

      Оқушыларға білім беру және оларды тәрбиелеумен 23 мұғалім айналысады.  (ОМ -20, БМ -3). Мұғалімдер жыл сайын біліктілігін арттыру  курстары арқылы өзінің кәсіптік деңгейін көтеруде.

 

 

       Денсаулық сақтау жүйесі бойынша Николаева селосында медпункт жұмыс істейді.Тамыз айында қозғалмалы флюорографикалық қондырғы жұмыс істеді. Тексеруден 362 адам өтті.Туберкулездің белсенді түрімен ауыратындар анықталған жоқ.  Диспансерлік ауруларды жалпы медицианлық  тәжірбие дәрігері В.М.Батищев қабылдайды, сонымне қатар  Комсомольское, Топан селоларына жоспар бойынша барып қызмет көрсетеді. Қажет болған жағдайда ауру адамдар аудандық немесе облыстық ауруханаларға тексерілуге жолданады.

Тұрғындар профилактикалық скрининг тексерулерінен өтеді.

 

Мәдени іс шаралар:

 Барлық мерекелік іс- шаралар 2016 жылы өткен мерейтойлар күнінде атап өтілді: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл.

 Дәстүрлі мерекелер өткізілді: Көктем мен береке мейрамы  Наурыз - 2016, Алғыс күні, «Әйел, көктем, махаббат»,1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні, «Жеңіс күні – біздің ортақ мерекеміз», ҚР-ның мемлекеттік рәміздері күні, «Астана- мен саған ғашықпын», Қариялар күні, «Аналар күні», ауыл шаруашылық қызметкерлері күні,Алғашқы Президент күні, «Біздің тәуелсіз Қазақстан». Барлық шаралар мектеп оқушылары мен көрем өнерпаздарының қатысуымен өтеді.

        Округта екі кітапхана жұмыс істейді. Жалпы кітап қоры 20260  құрайды (Николаевка с -13500, Комсомольское с -6760). Кітапхана 402 оқырмандарға қызмет етеді (Николаевка с. -  304, Комсомольское с. - 98). Кітап қоры жыл сайын толтырылады. Кітапханада жылдамдығы жоғары ғаламтор жұмыс істейді.Николаевка селосының ктапханашысы өлкені тану және ауылдың тарихы, адамдардың еңбектері туралы жұмысын жалғастыруда.

Демеушілердің көмегімен экран сатып алынды.

 Округтағы барлық үш елді мекен толық телефондандырылған, спутникалық «Мегалайн» жүйесі арқылы 20- дан астам компьютер  ғаламторға қосылған.

  21  «ОТАУ ТВ» сандық телерадиохабар спутникалық жүйесі орналыстырған. «Белайн» ұялы байланыс енгізілген, бірақта байланыс тұрақты емес.

Елді мекенді абаттандыру:

«Өңірлерді дамыту » бағдарламасы бойынша  мамыр айында балалар алаңын алып қондыруға қаржы бөлінді.   Осы мезгілде  8 сенбілік , апта сайын «таза бейсенбілік» өткізілді.Округ ұйымдары мен жеке кәсіпкелер, ауыл тұрғындары сенбілікке белсене қатысты.Электр бағаналары,ағаштар ағартылды,Мәдениет үйінің, мектеп әкімдік аулаларында гүлдер отырғызылды.

Мекемелер мен ұйымдардың аумақтарынан 200 тоннадан артық күл боқаты шығарылды. Азаматтардың аулаларынан қый қоқыстарын шығару бойынша жұмысты шақырылған бригада жасады. 2800 тоннадан артық  қый қоқыстары шығарылды.

  Көктемгі, күзгі мерзімдері Николаевка ауылындағы  Сабыр –Қожа өзенінде бөгеті ашылып  жабылады. 4,0 га аумақта қоқыс, шөп-шалам өсімдіктері, жусандар  жиналды.

    Білім беру және мәдениет мекемелері жылу беру маусымын өткізуге көмірмен толық қамтамасыз етілді. Ұйымдар мен мекемелерде жылу беру маусымы  бірқалыпты өтуде.

Балаларға арналған мемлекеттік көмекті   5 отбасы, онда 15 бала алады. Тұрғын үй жәрдем ақысын 11 отбасы (12 адам) алады. Жыл басынан 22 адам, оның 5-уі тұрақты жұмысқа қабылданды.

     2016 жылы 4 жазбаша өтініш түсті, олар «Азаматтар өтініштерінің біріңгей есебі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде орналастырылған. 

   Ауылдық округ әкімдігі мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетеді

1.     жеке қосалқы шаруашылығының  бары  екендігі туралы анықтама беру  -45 анықтама берілді;

2.     елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;

3.     жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру.

4.     Шалғай ауылдық елді мекенде тұратын балаларды жалпы білім беретін ұйымға және кейін үйіне тегін жеткізу

Үш мемлекеттік қызмет көрсету бойынша өтініш түскен жоқ.

          Барлығы 39 өкім қабылданды: олардың ішінде ауылдық әкімінің әр түрлі сұрақтар бойынша – 27 өкім,  жеке құрамы, демалыстар  бойынша -10,  іссапаралар және жазалар бойынша – 2 өкім.

      Жыл бойы округтағы селолық тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету үшін ХҚКО мамандарының  24 келуі ұйымдастырды. Негізінен мекенжай анықтамасы, сотталмағаны туралы анықтама, жылжымайтын мүлік туралы, зейнетақы төлемі, мұрағаттық анықтамалар, дайын жеке куәліктер, балалардың туу туралы куәліктер берілді, тұрғын үй көмегін алуға құжаттар қабылданды.

     Жергілікті атқару органдары жергілікті салықты (мүлік және жер)  ұйымдастырылуына және жиналуына көмектеседі. Округ бойынша мүлік салығы-  60982 теңге, жер салығы -46216 теңге  жиналып аудандық бюджетке аударылған. Салық бойынша төленбеген қарыз жоқ.

 

     Ауылдық округі әкімі аппаратының қызметіне 2017 жылға  келесі   міндеттер қойылды:

1.     Шаруашылық құрылымдардың басшылары мен тығыз жұмыс жасау, жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыруға көмек көрсету, қызметкерлерді қысқартуды болдырмау.

2.     Ұйымдар мен мекемелерде жылу беру мезгілін бірқалыпты қанағаттандырарлық  режімде өткізу;

3.     Қыс мезгілінде  автокөлік жолдарының болуын қамтамасыз ету;

4.     Су тасқынына қарсы шараларды өткізу;

5.     Елді мекендерді абаттандыруды  қамтамасыз ету.

6.     Жергілікті бірлестік  мүшелері жұмыстарын жұмылдыру.

 

Николаев ауылдық округінің әкімі:                                          А.Ахметов                                                                                                                                                                                                                                                                                           

                                                                                                                                                                                                                                                                                       


Дата редактирования: 11 Января 2017 12:26

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»