В Осакаровке:  -3°C , Влажность 91%, Давление 722, ветер 5 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Қарағанды облысы Осакаров ауданының Қаратомар ауылдық округі әкімінің есебі

Қаратомар ауылдық округі әкімінің есебі

Құрметті Қайрат Абдуллаұлы!

осы жиынға қатысушылар және Қаратомар ауылдық округінің халқы!

 

     Қаратомар ауылдық округі халқының саны – 715 адам. Экономикалық белсенді халық саны – 392 адам. Округ бойынша 75 зейнеткер, 24 мүгедек адам тұрады. Шаруашылық субъектілер саны: 3-жауапкершіліг шектеулі серіктестік, 1-фермерлік қожалық, 8-шаруа қожалығы, 6-жеке кәсіпкер, оның ішінде: сауда қызметімен – 4 жеке кәсіпкер, шаштараз – 1 жеке кәсіпкер, жартылай үй құстарын және басқа да жануарларды өсіру мен көбейту бойынша – 1 жеке кәсіпкер.

Ауыл шаруашылық: Округ аумағында 2 ірі ЖШС және жаңа «Ақ Нұра Артель» ЖШС бар. 2013 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан ЖШС «Табыс Агро Д». Қазіргі директоры- Сагидолдин ерлан Серикханович. Сенокосное ауылындағы жалпы жер көлемі 4314 га жерді құрайды. Оның ішінде: егістік– 1268 га, жайылымдар – 2996 га, барлығы елді мекен жерлерінен-4264 га. Округ бойынша ЖШС «Табыс Агро Д» -нің жаңа ИИДЖМБ жобасы іске қосылды. Жоба мақсаты: ауыл шаруашылықты жаңғырту және асыл тұқымды малдың өнімділігін көтеру, қара мал, жылқы етін және қымыз өндіру. ЖШС «Табыс Агро Д» Ресей Федерациясының Хакасия жерінен меншікті қаражатқа 452 бас «герефорд» асыл тұқымды рі қара малды әкеп, сәйкестендірді. Оның ішінде 15 бас – бұқа және 2016 жылғы мал төлі 387 бас, барлығы 839 бас ірі қара мал бар. Сонымен қатар, тавро салынған, чиптендірілген 40 бас жылқы және бар. Сонымен қатар, АҚ «КазАгрофинанс»-тан лизингке алынған техниканың жалпы сомасы 37 млн. теңгені құрайды. ЖШС-те 12 жұмыс орны құрылды, ал көктемгі-жазғы мезгілде 50 жұмыс орны құрылады. 2013 жылдың 6 желтоқсан айынан бастап 1  VIP залдың, 12 пәтердің жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ірі қара малға арналған 4 базасының жөндеу жұмыстары аяқталды, монша, астық қоймасы және қымызхан салынды. ЖШС «Табыс Агро Д» ірі қара малға тағы 2 база және шұжық цехын салуды жоспарлады.

2006 жылы тіркелген екінші ЖШС «Бірлік – 2006», директоры Михайлов Павел Владимирович. Сенокосное ауылындағы жалпы жер көлемі 22 377 га жерді құрайды. Оның ігінде: егістік– 5 289 га, шабындықтар – 235 га, жайылымдар – 16 493 га, барлығы елді мекен жерлерінен-22 017 га. 2016 жылы дәнді дақыл егістігі-3147 га жерді құрады. Дәнді дақылдар өнімділігі орташа 9,5 ц\га құрады. Мекеме иелігінде 16 нысан орналасқан: нефтебаза – техниканы жанар-жағар маймен толтыратын жер, техникаға жөндеу жұмыстарын өткізетін жер, көлік гаражы. Жұмысшылар саны - 48 адам. АҚ «КазАгроФинанс»-тан 2015 жылы лизингке 38 млн. 949 мың 963,33 теңгені құрайтын 317М «Versatile» тракторы алынды. Меншікті қаражатқа 1 млн. 160 мың теңге тұратын МЗС-90-20-05МВ өзі жылжитын дән лақтырғыш және 22 млн 573 мың 120 тенгені құрайтын жаппай егетін пневматикалық тұқымсепкіш сатып алынды. 2016 жылы ЖШС «Бірлік-2006» жалпы сомасы 520 мың теңгені құрайтын аз қамтылған жанұяларға және жетім балаларға  көмек көрсетті: «Наурыз» мейрамына – 160 мың теңге, «Мектепке жол» акциясына – 630 мың теңге, яғни аз қамтылған жанұядағы 21 балаға мектеп киімі, қысқы киім менен аяқ киім сатып алынды. «Қарттар күніне» - 960 мың теңге, яғни мерекелі дастархан жайылып, 75 зейнеткерге 10 мың теңгеден конверт берілді және Осакаров ауданының мәдениет үйінің әртістерінің күшімен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Сонымен қатар су құбырын жөндеуге ЖШС «Бірлік-2006» директорлары 1 млн. 482 мың теңге материалды көмек көрсетті. № 29 орта мектепке оттық алу үшін 60 мың теңге, ал «Жаңа жыл» мерекесіне – 476 мың теңге материалды көмек көрсетті. ЖШС «Бірлік-2006»-ның алдағы жоспары: кеңею, егістік жерлерді жылдан жылға көбейту, картоп өсіру, көкөніс өнімін қолға алу, малдану: 2017 жылдың 01 қаңтарына ЖШС «Бірлік-2006» -да 120 бас жылқы тіркелді.

Сонымен қатар «Мизан» ШҚ 31 бас ірі-қара мал, оның ішінде 1 бас ақбас қазақ бұқасы бар. ШҚ иесі Мизан Булганхан АҚ «КазАгро Финанс» арқылы лизингке трактор алды.

2013 жылы «Абытаев» ФҚ құрылды, ФҚ иесі Абытаев Меир Серикжанович.«Абытаев» ФҚ барлығы 94 бас ірі-қара малбар, оның ішінде 1 бас ақбас қазақ бұқасы, 55 бас сиыр және 37 бас мал төлі бар. Және де 76 бас жылқы, оның ішінде: 4 бас «джабе» тұқымды жылқы. Былғы жылы ФҚ иесі наубайхана ашуды жоспарлап, наубайхананың жабдықтарын алу үшін келісім-шарт жасады. 3 жаңа жұмыс орнын ашуды күтуде.

Білім: округ аумағында «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша  2007 жылы салынған 220 орны бар, 29 орта мектеп қызмет етеді. Оқушылар саны – 123 бала. Сонымен қатар мектеп аумағында орналасқан «Балдырған» шағын орталығында 13 бала бар.

Денсаулық сақтау: Округ бойынша Сенокосное ауылының медициналық пункті қызмет етеді. Барлық тұрғындар медициналық көмекпен қамтылған. Тұрғындардың 86 адамы Қарағанды қаласында, 83 адамы Бұқар-жырау ауданында, 9 – жан жақта тіркелген.

Мәдениет:

Округтегі мәдениет мекемелерінің желісі – Сенокосное ауылының клубы, 1 ауыл және 1 мектеп кітапханалары. Мәдени-бұқаралық іс-шаралар жүргізілетін ауыл клубы – 100 орындық. 2016 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 4 млн. 250 мың теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік және ұлттық мерекелерге арналған концерттердәстүрге айналды. Сенокосное ауылының кітапханасы ММ «Қаратомар ауылдық округі әкімі аппараты» ғимаратында орналасқан. Кітап қоры – 8000 дананы құрайды. Оның ішінде: қазақ тілінде -3500 кітап. Компьютер, телефон бар. Округ бойынша 138 жеке тұлға және 7 заңды тұлға телефон желісіне қосылған. Ғаламтор желісіне 95 жеке тұлға және 2 заңды тұлға қосылған. ID TV қызметін 46 абонент пайдаланады.

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық: Былтыр «өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 380 мың теңге бөлінді. Бөлінген қаражат 100 % меңгерілді,  2556 тонна қоқыс және санкциясыз қоқыстар шығарылды. 2016 жылдың мамыр-қазан айлары кезеңінде тұрғындардың, мектеп оқушыларының және шаруашылық субъектілерінің қатысуымен сенбіліктер жүргізілді, нәтижесінде айқындалған апатты қоқыстар жойылды. Мектеп пен әкімшілік аумағында гүлзарлармен гүлбақшалар салынды, жасыл көшеттердіотырғызу жүргізілді. Округтің шаруашылық субъектілерімен ауыл ішінде қысқы жолдарды тазалау бойынша меморандумдар жасалды. Әсіресе қыста Сенокосное ауылының жолдарын тазалау бойынша үлкен жұмыс «Бірлік-2006» ЖШС-пен орындалады.

Сонымен қатар, Жұмыспен қамту жол картасы 2020 және Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резерв есебінен іс-шаралар жүргізу бойынша ауыл ішіндегі көшелерде жарықтандыру ортануға 60 млн теңге қаражаты бөлініп, директоры Ералин Толеутай Кутпаевич «Еңбек Қарағанды» РМК-мен меңгерілді.

Ал су құбырын жөндеу бойынша тендерді ЖШС «РМ Строй», директоры Трубникова Зинаида Геннадьевна ұтып алды. Бөлінген 6 млн 459 мың теңге 2017 жылдың көктемінде меңгеріледі.

«Жеке және заңды тұлғалардың  өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңын орындау бойынша және жұмыс регламентін басшылыққа алына отырып, азаматтардфы қабылдау жүргізіледі, есепті кезең бойынша үндеу барлығы – 7, оның : 3 – жеке тұлғадан, 4 – заңды тұлғадан жазбаша үндеулер.Барлық үндеулер Заңмен белгіленген, мерзім ішінде қарастырылған. Қаратомар ауылдық округі бойынша 2013 жылдың 26 маусымында жергілікті қоғамдастық төрағасыболып Фрезе Багдат Мукановна сайланды . ММ «Қаратомар ауылдық округі әкімі аппаратында» жергілікті қоғамдастықтың өзіндік көзі құрылған, яғни (КСН) шоты. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резерв есебінен іс-шаралар жүргізу және Жұмыспен қамту Жол картасы 2020» бағдарламасына бөлінген қаражат құралдарын пайдалану бойынша жергілікті қоғамдастықпен бөлек жиындар жүргізілді. Жергілікті халық жергілікті мәні бар түйінді мәселені шешуге бөлінген, бюджет құралдарын пайдалану мониторингіне қатысады. Округте салық жинау бойынша үлкен жұмыс жүргізілді, жоспар 100 % орындалды.

2016жылы бақылауға 2 тапсырма алынды.

1. Азамат Сапақ Т. бала асырап алу мәселесін шешуге көмек көрсету. Барлық құжаттар жиналып, Осакаров ауданының білім бөліміне балаға қамқорлық жасау үшін тапсыруға дайын.

2.Көммуналды қызметтерге төлеу мерзімін ұзарту бойынша мәселені шешу. Мәселе шешілді және төлемдер уақытылы өтті.

2017 жылға түйінді мәселелер:

1.Сенокосное ауылының су құбырын жөндеу.

2.Ауылға кіре берістегі 2 шқ және ауыл ішіндегі 1,5 шқ жолды жөндеу.

3.Пошта бөлімшесінің жоғы.

Құрметті ауылдастар! 2017 жылы әлеуметтік шешу үшін, адамдардың әл-ауқаттылығын көтеру үшін, экономикалық және саяси тұрақтылыққа жету үшін аппарат әкімі жұмысының, халықтың, округ аумағында орналасқан шаруашылық субъектілердің қосылған жұмысы қажет. Назарларыңызға рахмет!

 

 

 

 

 

 


Дата редактирования: 10 Января 2018 16:20

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»