В Осакаровке:  -1°C , Влажность 88%, Давление 713, ветер 2 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Қарағанды облысы Осакаров ауданының Садовый ауылдық округі әкімінің есебі

Садовый ауылдық округінде 2016 жылда атқарылған жұмыстар туралы

                                                           ЕСЕП

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің тұрғындармен есептік кездесулер өткізуі туралы» 2013 жылдың 15 тамызынан №615 Жарлығына сәйкес есептік кездесулер жүргізіледі.

26.01.2016 ж. ауыл тұрғындарымен есептік кездесуде балалар алаңының көркейту жұмыстарын аяқтауға тапсырма берілді.

«Аймақтардың дамуы» бағдарламасы бойынша 525 мың тенге қаражат бөлінді. Мемлекеттік сатып алу конкурсының өткізілуіне сәйкес, жұмысты «Қарағанды металлбұйымдар зауыты» ЖШС атқарды, басшысы Г.В. Паршина

Бөлінген қаражатқа балалар алаңына арналған 5 ойын конструктілері, 4 орындық және 4 қоқыс жәшігі сатып алынып орнатылды. Қазіргі уақытта балалар алаңы жұмыс жасауда. Есептік кездесуде берілген тапсырма орындалды.

Өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан жаңа глобальды нақты: өсу, реформа, даму»Президентіміз дүние жүзілік экономикалық және қаржы нарығында болып жатқан глобальды проблемаларға қарамай біздің азаматтарымыздың әл ауқатын қамтамасыз ету міндетін қояды.

Ауылдық округ аумағында жалпы көлемі 34935 га жерді құрайтын «Садовое - К» ЖШС, «Старт-2014» ЖШС, «Оскар» ш/қ, «Жасулан» ш/қ және «Макишев» ш/қ ауылшаруашылық құрылымдары жұмыс істейді.

2016 жылда «Садовое - К» ЖШС ауылшаруашылық өндірісшісімен 99 млн.480 мың теңге сомасына техника сатып алынды, ал «Жасұлан» ш/қ - 1 млн. 500 мың теңге сомасына.

01.01.2017 жылға мал басы: ІММ-2210, ҰММ-498, шошқалар-447, жылқы-396, түйе -1, құс-2856. Барлық мал басы сәйкестендірілген және төлқұжатталған, барлық ветеринарлы-алдын алу іс-шаралар Осакаровка ветеринарлы станциясының жоспарына сәйкес жүргізіледі.

Садовый ауылдық округі аумағында ұйымдастыру техникасы, тоңазытқыш және жиһазбен жарақталған ветеринарлы пункт бар.

2016 жылы бруцеллез, туберкулезге зерртеулер, эмфизематозды карбункула және сібір жарасына қарсы егу жұмыстары жүргізілді. Ауылдық округ аумағында «Садовое - К» ЖШС-не тіркелген мал сою алаңы және қарабайыр мал көмінділері бар.

2016 жылы Осакаров ауданы ветеринарлы станция қызметкерлерімен бірнеше рет иттерді ату жұмыстары жүргізілді, аталған жұмыс 2017 жылы жалғасын таппақ.

«Садовый ауылының №16 орта мектеп» коммуналдық мемелекеттік мекемесі 2 ғимаратта орналасқан. Шағын орталық, мектеп-алды дайындық, 1-4 сыныптардағы дәрістер 2002 жылы пайдалануға берілген бір үлгідегі ғимаратта өткізіледі. Бұл ғимаратта 60 орынға арналған асхана бар. Басшысы Есембаева Рымбала «Жанат» ж/к жайды жалға алған, азық-түлікпен қамтамасыз етіп, оқушылардың тамақтануын қамтамасыз етеді. Аз қамтылған және көпбалалы жанұядан 49 оқушы тегін тамақтанады. Қалған оқушылар ақылы тамақтанады.

Шағын орталық жайлары (2 топ) дәріс, ойын, қосалқы бөлмелерінен тұрады және қолжуғыш, жылы дәретханалары жұмыс істейді. Осы ғимаратта медициналық, лингафонды, психологтың кабинеттері және ойын залы, архив, кір жуатын орын орналасқан.

         5-11 сыныптардағы дәрістер 1962 жылы пайдалануға берілген ғимаратта өткізіледі. Мұнда біреуінде мультимедиялық кабинеті бар 8 сыныптық бөлмелер, екінші этажда спорт залы, бірінші этажда кітапхана орналасқан.

         Екі ғимаратта да от жағылады, от жағу жүйесі сумен және автономды, орталық суқұбыры жүргізілген, жылы туалеттер жұмыс жасайды. 5-11 сыныптар дәріс алатын ғимаратқа телефон және Интернет қосылған. Барлығы 250 орын бар. 2016-2017 оқу жылындағы әріптестіктің педагогикалық құрамы 23 мұғалім мен 4 шағын –орталық тәрбиешілерін құрайды.

         2015-2016 оқу жылында мектепті 156 оқушы тамамдады, 10 бітіруші аттестат алды, олардың төртеуі ҰБТ тапсырды (орташа балл-65). Қазіргі уақытта колледжде 7 адам және ЖОО 2 адам оқиды.

         Ағымдағы 2016-2017 оқу жылына мектеп көмірмен қамтамасыз етілді.

         2016 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша 10 800 000 тенге сомасына №16 орта мектеп ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Екі ғимараттың терезелері пластик терезелерге ауыстырылды, дәліздерге жөндеу жүргізілді, негізгі мектеп ғимаратындағы парадты және авариялық шығу есіктері ауыстырылды. Жөндеу жұмыстарын басшысы А.К.Нурманбетов «Асмир Строй Сервис» ЖШС жүргізді және жұмыспен қамту орталығы бағыты бойынша 4 адам жұмыс жасады.

         Садовый ауылының мәдениет үйі 2002 жылдан бастап жұмыс жасайды. Бір үлгідегі ғимарат Осакаров ауданы мәдениет үйіне тиесілі. 2016 жылы 43 мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізілді.2017 жылда жөндеу жұмыстар жоспарланды.

         Мәдениет үйінде қазіргі заманға сай жабдықталған кітапхана жұмыс жасайды. 2016 жылы кітапхана қоры 14497 кітапты құрады, соның ішінде 2590 кітабы мемлекеттік тілде. Оқырмандар саны – 129.

         Ауылда «Садовая» ДЕ медициналық мекеме жұмыс жасайды, медперсонал құрамы 4 адам. Ұжым алдын алу шараларына көп көңіл бөледі. СӨС бағыты бойынша аула аралау арқылы ауыл тұрғындарымен әңгіме жүргізіледі. Дәрігерлік емхана ғимаратында «Садовое-К» ЖШС және «Жасулан» ш/қ демеушілері көмегімен ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, от жағу құбырлары ауыстырылды. Қазіргі уақытта температуралық режим қалыпты, көмір толығымен әкелінді.

         2015-2016ж. от жағу кезеңі апатсыз өтті. Ұйымдардың барлық жылу жүйелері ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өтті. Бүгінгі күнге барлық ұйымдарға отын толық көлемде әкелінді. Барлық мекемелер мен ұйымдарда температуралық режим нормаға сай.

2016 жылға 38 адам жұмысқа орналасқан, оның ішінде 6 адам жастардың қатарынан. 10 жұмыссыз адам қоғамдық жұмыстарға қатысты.

         2016 жылға 1 жанұяға мекенжай әлеуметтік көмегі тағайындалды, 5 жанұяға балаларға арналған жәрдемақы тағайындалды. 4 жанұяға тұрғын үй көмегі тағайындалды. 2 адам жалғыз тұратын зейнеткерлерге үйлерінде әлеуметтік көмек көрсетеді. «Өрлеу» бағдарламасы бойынша жеке қосалқы шаруашығын дамыту үшін А.А.Пидпайло көпбалалы жанұясы 120 000 тенге көлемінде жәрдемақы алды.

Ауыл тұрғындары барлық сұрақтары бойынша ауылдық округі әкімі аппаратына өтініш білдіреді және қажетті жауаптарын ала алады. 2016 жылда жер учаскесінің бөліну сұрағы бойынша 1 өтініш тіркелді. ХҚКО тобы айына 2 рет Садовый ауылында бекітілген кестеге сәйкес ауыл тұрғындарымен  жұмыс кеңес жүргізеді.

2016 жылдың сәуір айынан 2 адам мал бағу қызмет көрсетуі бойынша жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. 2016 жылға жер және мүліктік салықтары бойынша қаржы түсім көлемі толығымен жабылды.

Көркейту бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Үйлерден 2,6 мың тонна қоқыс шығарылды. Көркейту бойынша екіайлық, сенбіліктер мен санитарлық бейсенбіліктер өткізілді. Ұйымдар қызметкерлері арам шөп жұлысуға, ағаштарды әктеуге және иесіз аумақтарды жинасуға ат салысты.

2016 жылдың қараша айында салтанатты түрде көркейту бойынша қортынды өткізілді.Жүлделі орын алған отбасылар мақтау қағаздары марапатталды.

         Ауыл аумағында 3 тақырыптық баннерлер орнатылған: «Есірткі сіздің балаңызды бұзады», «Ұсынба, қабылдама», «Мәдениетсіздікке жалпы төзбеушілік».

         Ауыл тұрғындарына жарық көзінің іркіліссіз жұмыс істеуі үшін «Северные сети» қызметкерлерімен жөндеу және ағаштарды кесу жұмыстары жүргізілді.

         Осы жылы «Садовое-К» ЖШС демеушілік көмегімен 4 млн. тенге көлемінде Степная көшесіне 20 жарық шамдары орнатылды, және де 3 млн. 600 мың тенге көлемінде Новая, Степная, Набережная көше жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жеке кәсіпкерлер демеушілік көмегі 77 400 тенге соманы, «Садовое-К» ЖШС – 7 млн 1053 тенге соманы, «Старт-2014» ЖШС – 60 000 тенге соманы, және «Жасулан» ш/қ – 180 000 тенге соманы құрайды. Бұған жарықтандыру,мерекелерді өткізу,спартакиадалар,шұнқырларды жөндеу,ауыл ішіндегі жолдарды тазалау,шамдарды орнату, Қарттар күнін өткізу және де т.б. көмектер жатады.

Жыл сайынғы мәселе су тасу кезеңі болып табылады. 2016 жылдың ақпан айында Осакаров ауданы резервісінен көл арналарын тазартуға 13 млн. тенге көлемінде қаржы бөлінді, Астана «Техсфера» ЖШС арнайы көлігі қатыстырылды. «Үлкен Құндызды» көлі арнасын тазартуда, тереңдетуде және кеңейтуде үлкен жұмыс атқарылды. 2016 жылғы су тасу кезеңі қалыпты режимде зардапсыз өтті.

Алайда, 2014,2015 жылдардағы су тасу кезеңдерінен кейін, Сабыр-Қожа және Үлкен-Құндызды көлдері арқылы өтетін істен шыққан көпір жағдайы ерекше дабыл тудырады, сонымен қатар Садовый ауылын плотинамен байланыстыратын ой арқылы өтетін көпір жағдайы. Және де ауыл мәселелерінің бірі: Осакаровка-Киевка трассасынан 10 км-дегі жол, рұқсат етілмеген қоқыс орындары және интернеттің жылдамдығының өте төмендігі.

         2016 жылы кассалық қолда бар ақша есебі ашылды, қаражат округ аумағында тіркелген жеке тұлғалардың жер, мүлік, көлік салықтарынан түседі. 2017 жылдың басында шотта 1 430 000 тенге қаражат бар. Жуық арада ауыл округінің жергілікті бірлестік өкілдерінің жиналысы қаражатты бөлу бойынша сұрағын шешеді.

         2017 жылы спорттық ойын алаңын орнату, ауыл іші жолдарын әрі қарай көркейту, Индустриальная көшесін жарықтандыружоспарлануда. Көркейту бойынша үшайлықта ағаш отырғызу және де балалар алаңын көгалдандыру жоспарлануда.

         Целинная көшесіндегі бетон шарбақтарға жөндеу жұмыстарын жүргізу, дәрігерлік емхананың шатырын ауыстыру, иесіз ғимараттар аумағын тазартуқажет.

Қорытындылай келе, атап айтсақ әліде проблемалар жетерлік. Қазіргі уақытта бастысы ол Президентіміз алға қойған мәселелерді шешу.

 

 

 


Дата редактирования: 11 Января 2017 12:27

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»