В Осакаровке:  -9°C , Влажность 39%, Давление 728, ветер 5 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Қарағанды облысы Осакаровка кенті әкімінің есебі

Қарағанды облысы Осакаровка кенті әкімінің

ЕСЕБІ

Құрметті Осакаровкалықтар!

Тарих қойнауына тағы бір жыл енді. Ол біздің егеменді еліміз - Қазақстан Республикасына - көп жаңа жетістіктер мен жеңістер әкелді.

Өткен жыл – біздің мемлекетіміздің 25-жылдығы болғаны барлықтарыңызға мәлім. Тәуелсіздік – біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Ұлт Көшбасшысы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың, терең ойластыруының және экономикалық саясатты саралай білуінің, сондай-ақ  оның айрықша саяси таланты мен стратегиялық көрегендігінің арқасында, Қазақстан, нарықтық экономикасы дамыған, саяси жүйесі тұрақты және азаматтарды әлеуметтік қорғайтын күшті жүйесі бар мықты тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасты. Еліміз  халықаралық қауымдастықта үлкен беделге ие, және бұл феномен - "Қазақстан даму жолы" деген атпен жария. Бұл барлық Қазақстандықтардың жүректеріне қуаныш силайтын Тәуелсіздігіміздің басты жетістігі.

Елімізде қазақстандық патриотизм идеологиясы жан-жақты қолдауға ие.

Еліміздің жеткен жетістіктерін, оның бай тарихи дәстүрлерін,  көпұлтты халқымыздың ұйымшылдығы мен өзара достастығын әр қазақстандық мақтан тұтады.

 

 Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен облыстық және аудандық мәслихаты депутаттарының  сайлауын өткіздік. Сайлау учаскелеріне  аудан тұрғындарының  93 пайыздан астамы келіп  өзінің бірден-бір дұрыс таңдауын жасап , сол арқылы өзінің азаматтық борышын өтеді, бұл мемлекетіміздің  саяси және әлеуметтік ұстанымына деген баршамыздың көзқарасымыз еш өзгермегенін көрсетті. Өз дауыстарымызды қазақстан қоғамын экономикалық дамытуға және  демократияландыруға үлесін қоса алады деген ең лайықты адамдарға бере отырып, біз өз болашағымызды таңдай білдік.

Елімізде «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының орындалуы бойынша көптеген жұмыстар жүргізілді. Оның мемлекет мүлкін жария ету акциясын жүргізуге байланысты  қоғамдық қатынастарды реттеуге қосқан үлесі орасан зор болды. Заңдастырылған мүліктің жалпы құны 385 млн.теңгені құрайды.

Президент қол қойған іргелі, жан-жақты құжаттың бірі «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асыру қазір тәжірбиеден өткізу кезеңінде, бұл жоспарда көрсетілген бес институционалдық реформа – әлемнің дамыған 30 елінің біріне айналу,  XXI ғасырдың көшбасшы болу сияқты қазақстан аңсаған армандарға қол жеткізуге жол ашады.

Елбасы айтқандай: Ең өзекті және маңызды міндеттерімізді шешуде қол жеткізген табысымыз бізге жан-жағымызға үңіле зер тастауға, өткен жолымызды таразылауға әрі болашаққа батылырақ көз салуға, алдағы дамуымыз туралы ойлауға, өз жоспарларымызды түзеуге мүмкіндік береді.» Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы жолдауы әрқашан  жеткен жетістіктерге және кемел келешекке талдау жасауға  негізделген, ең бастысы баршамыздың ортақ мақсаттарымыз- біздің мемлекеттің дамуында тұрақтылық пен сәттілікке, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға қол жеткізу жолында бірлесіп таңдау жасауды  жөн көреді.

Барлығымыз жиналып өткен жылға қорытынды жасап  болашаққа жоспар құра отырып халыққа есеп беру кездесулерін өткізу дәстүрге айналды.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №190 Жарлығы шыққаннан кейін осы кездесулер қоғамды демократияландыру процесінің маңызды элементі ған емес мемлекет басшысының саяси көрегендігінің, оның өз халқына құрметпен қарауы, елде жүргізіліп отырған реформалар туралы азаматтарды ақпараттандыру басты назарында екенін  тағы бір дәлелдеді. Дәл осы кездесулерде тұрғындармен көкейкесті сұрақтар, неғұрлым өткір мәселелері көтеріліп, шешілуі үшін ұсыныстар түсіп кейін шешімін тауып жатады.

Өткен жылғы есеп беру кездесулерінде айтылған ескертулер мен ұсыныстардың орындалуын талдау қажет деп санаймын.

Жиындарда халықтың ең көп көтеретін мәселелері: әлеуметтік сала, коммуналдық қызметтерді қамтамасыз ету бойынша, санитарлық жағдайы және көріктендіру туралы мәселелер бойынша шаралар қабылдау, жолдарды ағымдағы және күрделі жөндеу, электр энергиясын беру, үздіксіз сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету.

2015 жылдың қорытындысы бойынша аудан әкімінің тұрғындарға есеп беру кездесулерінде, ауданның барлық елді мекендерінде 3755 тұрғындар қатысты, 105 адам сөз сөйледі. Оның ішінде 7 мәселе сол жерде шешілді, 3-і бойынша түсіндірмелер берілді, 95 ұсыныстар бақылауға алынып, оларды іске асыру үшін  нақты іс-шаралар жоспары әзірленді.

Қаражаттың жоқтығынан көптеген мәселелер бірден уақытында шешіле қоймайтыны ешкімге құпия емес,  ауыл ішіндегі жолдарды, инфрақұрылымды, мектептер және медициналық мекемелер ұстау қомақты қаржыны қажет етеді.

Өткен жылы мен басқаратын аппараттың және бөлімдердің қызметі Президентіміздің Қазақстан халқына Жолдауын атқаруға, Осакаров ауданының 2016-2020 жылдарға арналған жұмыс жоспапрын жүзеге асыруға бағытталды. 2016 жылы халықтың табысын арттыру, жұмыссыздық деңгейін төмендету және мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындау сияқты маңызды мәселелерді атқару шаралары одан әрі жалғасын тапты.

Әлеуметтік мәселелерді шешімін тапқан кезде, аймақтағы қоғамдық-саяси жағдай тұрақты болатыны жалпыға мәлім, сондықтан, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жергілікті атқарушы органдар қызметінің басты міндеті.

2016 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында қол жеткізілген негізгі көрсеткіштеріне толығырақ тоқталып кеткім келеді.

Ауданның экономика құрылымының 35 пайызын ауыл шаруашылығы  және 33  пайызын өнеркәсіп саласы құрайды.

        Аудан аумағында «Қ.Сәтпаев атындағы Канал» филиалы, «Қазсушар» РМК (Республикалық Мемлекеттік кәсіпорын) және «Молодежный кеніші» ЖШС (жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) сияқты 2  қала құраушы кәсіпорындар жұмыс істейді.

Жылдың қорытындысы бойынша ауданның экономикалық өсуі 2015 жылмен  салыстырғанды 18 пайызға өсті.

Бұл көрсеткіш төмендегі атқарылған жұмыстардың қорытындысынан болады.

Индустриалды-инновациялық даму

2016 жылға өнеркәсіптік өнімдер өндірісінің көлемі 26 349,1 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 118,1 пайызға орындалды. Бұл көрсеткіш «Қ.Сәтпаев атындағы канал» және «Қазақмыс корпорация» жауапкелігі шектеулі серіктестігінің «Молодежный разрезі» сияқты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жұмыс көлемін ұлғайту есебінен орындалды.

Инвестиция

Негізгі капиталға инвестицияларды салу 19 100 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 101,2пайыз.

       Кәсіпкерлікті қолдау картасына 3 инвестициялық жоба қосылған, олардың біреуі «ЕвразияИнвест ЛТД» ЖШС базасында  «Сублимациялық тәсілмен табиғи саумалмен  құрғақ ұнтақ өндіру» инвестициялық жобасы іске қосылған. 2016 жылы 415 млн. теңге сомаға 8,3 тонна ұнтақ өндірілді (6,2 тонна жоспар бойынша).

Қаржы саласы

2016 жылдың қорытындысы бойынша бюджеттің кірістер бөлігінің орындалуы кірістердің үш бөлімі бойынша  1 020,8 млн.теңге немесе 108 пайызды құрады (жоспар - 941,6  млн теңге) артығымен орындалу сомасы 79,2  млн теңге.                                  

  Автожол ЖШС  салық төлеу мерзімі өзгеруіне байланысты кіріс бөлігінің  орындалуы артты, сондай-ақ  жеке кәсіпкерлер санының өсуі. 2016 жылы жеке кәсіпкер ретінде есептік тіркеуге 59 салық төлеуші қойылған, оның ішінде патент бойынша өсім 27 ЖК құрады,  жеңілдетілген декларация  бойынша 14, жалпы бекітілген тәртіппен -18.

Өткен жыл бойынша бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы 4 млрд 411   млн теңгені құрады, жоспар бойынша 4 млрд  440  млн теңге немесе 99,3 пайыз.

Пайдаланылмаған қаражат қалдығы 29 млн 106 мың теңгені құрады,олардың ішінде республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер  23 млн.922 мың теңге немесе  игерілмеген жалпы сомадан 82,2 пайыз.

(Мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша үнем - 23081 мың теңге, еңбек ақы төлемі бойынша – 438,3 мың теңге,  орындалған жұмыстардың актілері тапсырылмаған – 3961,4 мың тг).

Былтырғы жылы келесідей әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілген:

- 11 әлеуметтік сала мамандарына 1633,2 мың теңге сомасына көтерме жәрдемақы берілген (9 білім саласының  мамандарына - 1336,3 мың теңге, 2 денсаулық сақтау  мамандарына-296,9 мың теңге);

-16 маманға тұрғын үй  сатып алуға 50904 мың теңге бюджеттік несие бөлінген (11 білім саласының  мамандарына - 34997 мың теңге, 4 денсаулық сақтау  мамандарына - 12726 мың теңге, 1 агроөнеркәсіптік кешен маманына-3181 мың теңге ).

          Кәсіпкерлік

Ауданда шағын және орта бизнес серпінді дамуда, 2016 жыл бойынша жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 1813 бірлікті құрады.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 2815 млн. теңгені құрады.

  Жыл басынан бері «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарлама шеңберінде аудан  бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға жүк тасымалдары бойынша қызмет көрсету үшін самосвал сатып алу үшін бір жоба ТОО «Береке-Құрылыс ББК» мемлекеттік грант ұсынуға мақұлданды және тағы бір жоба мемлекеттік гранттар ұсыну бойынша, бұл Осакаровка кентінде жаттығу залын ашқан "ЖК Куртупова".

  Шағын несиелеу құралы бойынша ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына  3 өтінім ұсынылды.

Олар "ЖК Тарасюк" – наубайхананы кеңейту мен кондитерлік цех, ЖК "Есенов" - жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру, ЖШС "Кодекс" - қызметтік автокөлік сатып алу.

Агроөнеркәсіптік  кешен

 

Ауданның экономикалық және әлеуметтік әл-ауқатының негізі, агроөңеркәсіптік кешенінің дамуына әсер ететін және оның басты  байлығы жер қоры болып табылады.

Ауданның экономика құрылымында ауыл шаруашылық секторының  жалпы кірістің  үлесі   35%  құрайды.

Нақты көлем индексі 110%  құрады.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 23 млрд 806 млн теңгені құрады (соның ішінде мал шаруашылығы - 8 млрд 611 млн теңге, өсімдік шаруашылығы -15 млрд . 195 млн теңге) .

Экономиканың аграрлық секторы 592 ауыл шаруашылығы кәсіпорындарды  құрайды.

2016 жылы ауыл шаруашылық дақылдарының жаздық  егісі 292,8 мың гектар құрады, бұл 2015 жылғы деңгейден 40,3 мың гектарға артты. Соңғы онжылдықта бұл көрсеткішке  бірінші рет қол жеткізілді.

Дәнді дақылдар  276,6 мың гектарда егілген, картоп -305 га, көкөніс - - 276,6 га,  сонымен қатар майлы дақылдардың егісі 6,4 мың га, азықтық дақылдар  - 8,9 га  құрайды.

Ауданның аумағында өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өндірісі басым болып табылады, негізінен  дәнді дақылдар өндірісі, оған барлығы егістік  өнімінен жалпы көлеміне 80 %  тиесілі.  Ауданның дәнді дақылдар құрамынын   бидайдың үлесі 250,3 мың га немесе 91% құрайды.

Ауданда барлық маркадағы 2439 бірлік трактор тіркелген, оның ішінде: дөңгелекті -1734, шынжыр табан – 705 дана, астық жинайтын комбайндар – 714 дана, дәнді сепкіштер – 1630 дана.

Аудан шаруашылықтарында арам шөптерге қарсы химиялық түптеу көлемі 91,0 мың гектарда  өткізілді.

Дәнді дақылдардың ауруларына қарсы күрес 6, 0 мың гектар  өңделген. 60,0 мың гектар көлемінде сүрі жерлерге  өндеу жүргізілген. Сүдігер  жерлері 20,0 мың гектарда жыртылып тасталды.

Өткен жылы ауа-райы қолайсыз жағдайларына нәтижесінде  бұршақ дақылдардың 14 500 га есептен шығарылды. Дәнді дақылдардың жалпы өнімінің  көлемі 262,1 мың тонна құрайды, орташа өнімділігі 14,7 ц/га 385 мың тонна астық жиналды.

        30,5 мың тонна тұқым құйылды, қажетті көлемде мал азығымен  жабдықталды. Картоп 305 гектар алқапта жиналып, гектарынан 200 ц/га орташа өнімділігімен, 6,2 мың тонна жиналған.

        Көкөніс дақылдары 120 га жиналған, 170 ц/га орташа шығымдылығымен  2,0 мың тонна көкөніс жиналды.

         Мал шаруашылығы жыл бойы халықтың жұмыспен қамтуды ұйымдастырады.. Өткен жылы мал шаруашылығы өнімдерінің, мал мен құстың  негізгі түрлерінің өсімі  қамтылған болатын.

 

Ет өндіру 6,5 мың тонна құрайды, немесе  өткен жылмен салыстырғанда 101,5%, сүт -38,3 мың тонна (100,5%), жұмыртқа - 9,2 млн.дана немесе 101%.

Ірі қара мал басы -101% (32 мың бас), соның ішінде сиыр 106,7%, (15,9 мың бас), жылқы 110,5% (11,6 мың бас), қой мен ешкі 102,7% (34 мың бас), құс 102,6% (102,6 мың бас).

Экономиканың негізгі қауіпсіздік мәселелері, дағдарысқа қарсы шаралардың бірі әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерінің  бағасының өсуіне жол бермеу болып табылады.

Бірінші қажеттіліктегі өнімдерінің бағасын азайту үшін Осакаровка және Молодежный кенттерінде  жәрмеңкелер өткізілуде,  ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен  тұрғындар  және өңдеуші кәсіпорындар белсенді қатысады.

 

За год проведено 50 ярмарок  в п.Осакаровка и Молодежный, а также в г. Караганда (Сортировка), 8-9 октября в г. Астана, на которых  реализовано продукции на сумму 44,3 млн. тенге.  На ярмарке в г.Астана реализовано 11,03 тонны мяса на 12,6 млн.тенге.

Жыл бойы, Осакаровка және Молодежный кенттерінде , сондай-ақ Қарағанды қаласында (Сортировка) 50 жәрмеңке өтті, қазанның 8-9 аралығында Астана қаласында  44,3 миллион теңгеге өнім өткізілді.

Астана қаласындағы  жәрмеңкеде  12,6 млн. теңгеге

11, 03 тонна ет сатылды.

Соның ішінде Осакаровка кентінде  37 жәрмеңке өтті,  ауыл шаруашылығы өнімдері  25,2 млн. теңгеге  өткізілген,  ет 24,7 тонна көлемінде 25,2 млн теңгеге, сүт және сүт өнімдері 2,3 тонна көлемінде 1015,2 мың теңгеге, қырыққабат - 520 кг көлемінде 35,4 мың теңгеге, картоп сомасына - 25,7 тонна көлемінде  1,5 млн теңгеге сатылған.

Нан пісіруді ауданның  11 кәсіпорындары жүзеге асырады.

«Агробизнес - 2020» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес  ауылдық округтер мен ауыл шаруашылығы ұйымдары бойынша ауылшаруашылық өндірістерді дамыту үшін шеберлік жоспарлары әзірленді (жемшөп өндірісі, сүт мал шаруашылығы, ет шаруашылығы, қой шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы, картоп шаруашылығы, шошқа шаруашылығы).

         

         Жер 

        2016 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді айналымға тарту жоспар бойынша 40,0 га болса, қазіргі уақытта іс жүзінде 44,5 га (инвестициялық жобалар бойынша 17,1 га берілген және конкурстық негізде 27,4 га), бұл 111% құрайды.

Қарағанды облысы әкімінің хаттамалық тапсырмаларын орындау аясында былтырғы іс-шаралар барлық ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жыртуға жарамды және суарылатын жер учаскелерін анықтау мақсатында құрылған жоспарын орындауда жер қатынастары бөлімі Қарағанды облысының «Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» "ММ-мен бірлесіп  жалпы көлемі 267 879,1 га айналымға тартылды (2015 жылы  7 өтініш жіберілген, жалпы алаңы 7 467га). Оның ішінде айыппұл салу түрінде  933 240 теңге сомаға 11 шаруашылық әкімшілік жауапкершілікке тартылды және  33 қожалыққа ескерту берілді, сондай-ақ 24 шаруашылық субъектілерінің салығы 10 еселеп арттыру өндірілген. Қалған 14 шаруашылықтардың өтініші қазіргі уақытта қарастырылуда

        Ветеринария

Ауданда 23 ветеринариялық пункттері бар "Осакаров ауданының Ветеринариялық станциясы" КМК бар.

Ветстанцияда 13 ветдәрігерлер (қамтамасыз етілуі 48%), 15 ветеринарлық фельдшер (қамтамасыз етілуі 83%) жұмыс істейді.

 2016 жылы бюджеттен 42 527 мың теңге эпизоотияға қарсы іс-шараларға бөлінді.

15 ауылдық округтерде күйдіргі көму орындары бар. Күйдіргі бойынша 24 стационарлық қолайсыз ошақтары тіркелген тіркелді, ошақтың жалпы ауданы 3084 га құрайды.

24 тіркелген күйдіргі ошақтарын:

- 17сі  бұрын белгіленген, 4 - ошақ кадастрда тіркелген.

- болжам бойынша белгіленген 7 ошақтар, зертханалық зерттеулер нәтижелерінен кейін болады немесе болмайды деп белгіленген.

Құрметті ауылдастар!

Балалар – бұл біздің болашағымыз екені барлықтарыңызға аян. Біз оларды сапалы біліммен және тәрбиемен қамтамасыз ете отырып, мемлекетіміздің лайықты азаматтарын дайындаймыз.

Осакаров ауданында жалпы 5 093 оқушы контингентін қамтитын 25 жалпы орта білім беру ұйымы, оның ішінде Осакаровка кентінің гимназиясы жанында, Осакаровка к. №1 ОМ, №12 ОМ, Молодежный к.№23 ОМ, №26 ОМ базасында 5  тірек мектептері (ресурстық орталықтар), 10 негізгі және 4 бастауыш мектептер жұмыс істейді.  2016-2017 оқу жылының басында білім беру желісінің мемлекеттік нормативіне сәйкес келмеуіне байланысты Осакаров ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 тамыздағы №40/01 Святогоровка а.БМ және №39/01 а.БМ қаулылары негізінде екі бастауыш мектеп жабылды.73 оқушыны қамтитын 2 мектеп-интернат, 5 балабақша және 3 мектептен тыс ұйымдар, 2 спорт мектебі және 1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті бар.      

Жылдан жылға білім беруді жүзеге асыру бойынша бюджеттік шығындар ұлғайып келеді: 2016 жылы ол 2 845434,0 мың теңгені, ал 2017 жылы ол  11% артық, яғни, 3 137085,0 мың теңгені құрайды.  Білім беруді қаржыландырудың жылдан жылға ұлғаюы  келесі нәтижелерді  береді.  Ауданда апатты мектептер жоқ, оқушылардың 80 % бір ауысымда оқиды. 2016 жылы толық күнге келу шағын орталықтарының үлесі - 53 %  құрайды,  аудандық білім бөлімінің жоспары бойынша шағын орталықтарды жартылай күннен толық күнге ауыстыру 2020 жылға дейін 100 % жетеді.

«2015-2017 жылдарға арналған үштілділікті дамыту бойынша Жол картасы» аясында  облыстық білім басқармасының бұйрығымен үштілді білім беру тәжірибелік жобасының бағдарламасын енгізу бойынша ауданда Осакаровка к. «Нұрай» бөбекжайы бекітілді. 2019 жылға қарай 5 балабақша мен 9 шағын орталықта қазақ, орыс және ағылшын тілі - көптілділік бағдарламасының элементтері кезең-кезеңмен енгізілетін болады.

2016 жылы 12-жылдық жаңартылған білім беру мазмұнына көшу бағдарламасын кезеңдеп енгізу басталды. 2016 жылдың 1 қыркүйегіне жаңартылған білім беру мазмұны бойынша ұйымдастырылған курсты 138 (14%) педагог өтті: олар бастауыш сынып мұғалімдері, қазақ және ағылшын тілі мұғалімдері. Сонымен қоса, деңгейлік курстарды 174 (18 %) педагог өтті, оның ішінде 25 педагог 2016 жылы өтті.        

Осакаров ауданының білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленді. Аталған бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында, сандық білім беру құрылымын нығайту үшін облыстық бюджеттен 75146,0 мың теңге бөлінді: оның ішінде кең жолақты интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз етуге 21,9 млн.теңге, «Робототехника» лабораториясын сатып алуға 8 млн.теңге, СБР алуға 32,7 млн.теңге.

Ресурстық орталық жағдайында білім беру үрдісін тиімді ұйымдастыру үшін жайлы жағдай туғызу мақсатында 2017 жылы                 Молодежный к. №26 орта мектебінде интернат жасау үшін екінші қабатын қайта құру жоспарлануда. 

«Жұмыспен қамту - 2020 Жол картасы» бағдарламасы бойынша 2016 жылы Пинерское а.№3 ОМ ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бөлінген сомма  29,059 млн.теңгені құрады.

Жұмыспен қамту Жол картасы бойынша келесі мектептер мен балабақшалардың жөндеу жұмыстарына қосымша қаражат бөлінді:  СШ28 Ақбұлақ а.№28 ОМ - 7347,0 мың теңге, Звезда а. №18 ОМ - 5000,0 мың теңге, Мирный а.№20 ОМ - 9000,0 мың теңге, Трудовое а.№15 ОМ - 11000,0 мың тенге, Садовый а.№16 ОМ - 14000,0 мың теңге, Ақпан а.НМ- 12000,0 мың теңге, Центральный а.НМ - 6000,0 мың теңге,  Молодежный к. «Айголек» б/б- 9000,0 мың теңге, Осакаровка к. «Балдырған» б/б 8000,0 мың теңге. Бүгінгі таңда барлық білім беру ұйымдарында жөндеу жұмыстары аяқталды. 

Жыл сайын білім беру ұйымдарына ақпараттық технологияларды дамыту үшін тиісті қаражат бөлініп отырады. Ауданның 35 орта және негізгі мектептердегі жаңа модификациялы кабинеттермен қамтылу үлесі 74,2% (22 лингафонды-мультимедиялық кабинет, 14 физика, 19 химия, 15 биология) құрайды.  2018 жылға дейін интерактивті кабинеттер санын 85,7 % дейін жеткізу жоспарлануда. 2016 жылы республикалық бюджеттің есебінен 11,9 млн. теңге сомасына интерактивті жабдықтар (БАК)  сатып алынды. Бұл 12 шағын жинақты мектепке  24 кешен жабдығы.  2017 жылы  32736 ,0 млн.теңге сомасына ауданның ШЖМ үшін 66 интерактивті жабдық кешені (БАК) сатып алынады.

Бүгінгі таңда аудан мектептерінің компьютерлік базасы 1145 компьютерді құрайды. 2016 жылы бір бағдарламалық компьютерге 4,6 оқушыдан келеді.  Бір компьютерге 4 оқушыдан келетін көрсеткішті азайту және ескірген, істен шыққан компьютерлерді алмастыру үшін 300-ге жуық  жаңа компьютер сатып алу қажет.

2016 жылы оқулықтарды сатып алу және жеткізу үшін жергілікті бюджеттен 22269000 теңге бөлінді, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 1020000 теңгеге артық.  2016-2017 оқу жылына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге тапсырыс ҚР БҒМ 2016 жылғы 8 қаңтардағы  №13 және 2016 жылғы 6 мамырдағы № 309 бұйрықтары негізінде жүзеге асырылды. Заманауи жаңа оқулықтармен қазақ тілінде оқытылатын мектеп сыныптарының оқушылары 100% және орыс тілінде оқытылатын мектептердің оқушылары    99,6 % қамтылған, орыс тілінде оқытылатын мектептердің 11-сынып оқушылары жаратылыстану-математикалық кезеңнің 16 оқулық кешенімен қамтылмаған.    

 Аудандық мектептер оқушыларының білім сапасын арттыру бойынша нақты жұмыс атқарылуда. 2016 жылдың ОЖСБ бойынша ауданның 9 сынып оқушыларының орташа балы 21,7 құрады (2015 жылы – 27,7б.).2016 жылы ҰБТ бойынша орташа балл 70,4 (2015 жылы – 73,2б.).

2016 жылы:«Алтын белгі» белгісін расстаған түлектер үлесі – жоспар 4, факт бойынша – 4, 100%.Үздік аттестатты расстаған түлектер үлесі – жоспар 1, факт бойынша – 0.

Дене шынықтыру және спорт

Дене шынықтыру және спортпен үнемі айналысатындардың санын арттыру, салауатты өмір салты қағидаларын енгізу, спорт резервтерін дайындау, ауданда спорттың алуан түрі бойынша ең үздік спортшыларды анықтау бойынша нақты мақсатты көзделген жұмыстар атқарылуда. 

Дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін ауданда 141 спорттық ғимарат бар: 2 спорттық кешен, 2 стадион, 7 шаңғы базасы, 12 атқыштар тирі, 71 спорттық алаң, 34 спорт залы, 11 кірістірілген зал, 2  үлкен хоккей корты, 1 үстел теннисінің  алаңы. 

Ауданда екі (БЖСМ) спорт мектебі жұмыс істейді,  олардағы шұғылданушылардың саны 797 адам, штаттық жаттықтырушы-оқытушылар саны 19, қосымша - 7, 150 разрядты-спортшылар.

Ағымдағы жылы спорт түрлері бойынша секциялар санын арттыру есебінен жалпы білім беру мектептері жанында кешкі мезгілде жұмыс басты жастардың дене шынықтыру және спортпен жүйелі айналысып жүргендердің саны 9424 адамға, яғни 28,9 %-ға жетті.  2016 жылдың басынан 3800 адамды қамтитын 12 жаппай спорттық  іс-шара өткізілді. 

Денсаулық сақтау

Адам дамуының деңгейін арттыру маңызды жолы салауатты өмір салтын насихаттау, медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру болып табылады.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту, міндетті медициналық сақтандыруды енгізу, мемлекеттің бірлескен жауапкершілік, жұмыс берушінің және қызметкердің денсаулығы үшін - ел Президенті денсаулық сақтау жүйесінің негізгі принциптерін анықталды.

Осакаров ауданының АОА КМК құрамына 42 денсаулық нысаналары құрайды: 2 емхана (Осакаров к. АОА 58 төсек, Молодежный к. 55 төсек) 2 КДЕ (Осакаров к. КДЕ, Молодежный к. КДЕ), 8 ДА, 2 ФАП, 30 МП.

2016 жылға арналған денсаулық сақтау секторын қаржыландыру 747 645 805 теңге құрады, жоспары бойынша тегін қоры бойынша 38293.9 мың теңге сомасында  дәрі – дәрмектер түсті, 38 293.9 мың теңге немесе 100% -ға игерілді.

Медициналық кадр тапшылығы – 3 адам, оның ішінде жалпы практика дәрігері Садовое ДА, Батпақ ДА, Трудовое ДА.

1000 тұрғынға шаққанда туу көрсеткіші өткен жылы 13,77 құрады (454 бала дүниеге келді), 2015 жылы 16,26 құрады (473 бала дүниеге келді).

1000 тұрғынға шаққанта өлім-жітім жалпы көрсеткіші 2016 жылы 12,06 құрады (385 адам қайтыс болды), 2015 жылы жоғарлады 11,13 (354 адам қайтыс болды). Өлім - жітім құрылымында жоғары өлім-жітім 70-тен астам жаста жасы байқалады.

Есепті кезеңде бала өлімі 8,6 (4 бала қайтыс болды) құрады, 2015 жылы 13,7 (6 бала қайтыс болған) құрады.

Аймақтағы АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделі қалыпа. 2015 жылы АИТВ жұқтыру жағдайлары 65, 7 жаңа жағдайлары, 30,8 ауру, 18,46 қарсы (4 науқас).

Медициналық қызметтер ТМККК барлық түрлерін қамтамасыз ету мақсатында және еркін дәрі – дәрмектер қамтамсыз ету туралы халықпен ақпараттылық жұмысты жандандыру.

2015 жылы 8 мамырда жұртшылықтың алаңдаушылық өзекті мәселелерді қарайтын және тиiстi шаралар қабылдауға «осында және қазір» қағидасы бойынша мүмкіндік беретін науқастарды қолдау көрсету тобына және ішкі бақылау қызметі ашылды.

НҚК ІБ телефон нөмірі 4-33-83, ұялы тел.+7 777 134 26 89, сайт жән басшы блогы www.crb-osak.kz

2017 жылы «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бойынша Сұңқар ДА, Пионерское ДА, Есіл ДА пайдалануға беріледі.

Мәдениет

  «Осакаров аудандық мәдени-сауық орталығы» КМҚК    құрамын  30 мәдениет мекемелері құрайды.   2016 жыл бойы  2560 іс-шаралар өткізілді. 318,210  көрермен  қатыстырылды. Ұйымдастырылған үйірмелер саны-141.  Қатысушылыр саны-2503 адам.

Мәдени-сауық орталығының жұмысы үш бағытта жүргізілуде: ұйымдастырушылық жұмыс; концерттік жұмыс; мәдени-сауық орталығының жұмысы.

2016 жылғы ауданның мәдени ойын-сауық орталығының қаржыландыруының  жалпы соммасы – 117253 мың  теңгені құрайды.

Ауданның мәдениет үйлерінің  материалдық- техникалық базасын нығайту үшін 283,7 мың  теңге бөлінді.

        «Жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша  республикалық және жергілікті бюджеттен 7 АК және АМҮ  жөндеу жұмыстары  үшін жалпы соммасы 64831,6 мың  теңге бөлінді.

1.  Сарыөзек – 6305,6  мың  теңге

2.  Қарағайлы – 12444,4 мың  теңге

3.  Озерное – 11199,9 мың  теңге

4.  Звездное – 8400,0 мың  теңге

5.  Сенокосное – 4256,0 мың  теңге

6.  Дальнее – 5499,9 мың  теңге

7.  Пионерское – 16725,6 мың  теңге.

2016 жылғы  мәдени-бұхаралық  және  ойын-сауық іс-шаралары  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Қарағанды облысының 80 жылдығы шеңберңнде өтті.

Барлық этно-мәдени бірлестіктер мерекелік шараларға, сайыстар мен фестивальдарға белсене қатысады.

Әрбір орталықта салт-дәстүрді, әдет – ғұрыпты дамыту мен жандандыру үшін фольклорлық-вокалдық топ, дуэт, трио, отбасылық ансамбльдер  құрылған. 

Халықтық  дәстүрлі  мәдениетті  сақтап қалу  және  дамыту  мақсатында   мәдени-сауық  орталығы,  ауылдық  мәдениет  үйлері  мен  клубтары  есептік  кезеңде  халық  арасында   көптеген  жұмыстар  атқарды.

2014 жылы  аудандық «Сельский труженик»  газетінде  мерекелік шараларды ұйымдастырып өткізген туралы   29  материал жарық көрді.

Тілдерді  дамыту

 «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша ауданда жоспарлы түрде арнайы іс-шаралар жүргізілуде.

Мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің қазақ тілін білу деңгейін анықтау мақсатындағы «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша өткізілетін тест жұмыстары бойынша жұмыстар ұйымдастырылып, атқарылуды.

Қазіргі кезде 22 ауылдық округтердің 12-і өзгертіліп, 54 пайызды, 48 елді мекен атауларының 25-і қазақша атауға өзгертіліп, 52 пайызды құрап отыр.

Аудандағы 472 көшенің 20-сы қазақша аталған. Көше аттарының үлесі - 4,2 пайыз.

    Орталықтандырылған аудандық кітапханалар жүйесі

        Кітапхана саны 30, оның ішінде 11 модельді (2015 жылы – 31 кітапхана болды). Негізгі көрсеткіштер: Оқырмандар – 13474, кітап берілімі – 268919, келушілер саны – 163312, электрондық ресурстарды пайдаланушылар -2250, сайтқа кіру – 10246.  

           Ішкі саясат

Ауданда 19 діни бірлестік, 3 ҮЕҰ, 6 этномәдени бірлестіктер, 4 бұқаралық ақпарат құралдары әрекететеді.

        Ай сайын қоғамдық – саяси  жағдайдың және саяси партия мен діни-қоғамдық ұйымдар қызметінің мониторингі жүргізіледі.

        Діни сала

       Қазіргі уақытта Осакаров ауданында діни ахуал тұрақты. Аудан аумағында 18 діни бірлестік жұмыс істейді, соның ішінде 18 діни бірлестік  қайта тіркеуден өтсе, Бір мешіт (Тельмань ауылы мешіті) тіркелуі бойынша жұмыс жүргізілуде.

       Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі АНТ-ң мүшелері,  мұсылмандық және православиелік дін дөкілдері 2016 жылдың басынан бері , теріс пиғылды діни ағымдардың алдын – алу  мақсатында жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларының, ЖШС, еңбек ұжымдарымен  280  кездесу өткізіліп, жалпы саны 5000 нан астам адамды құрады.

         "Тікелей желі - 114 "  тұрақты тұрғындарға, радикалды ағымдардың ықпалындағы адамдарға консультациялық және практикалық көмек көрсету қызметін атқарады.

        Жастар саясаты   

         Жастардың саны 9486 құрайды, ауданның жалпы халық санынын 23% құрайды.

        Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру үшін 2016 жылы жергілікті бюджеттен  5034 мын.тенге бөлінді.

        Іс-шаралар қатарында келесі шаралар кіреді: жылдық КВН ойындары, әскерге шақырылғандарды шығарып салу, әкім кубогына арналған іс-шаралар,  жастар шығармашылық фестивалі, Осакаров ауданының жастар форумы, Аудан әкімінің жастар сыйлығы «Жас сұнқар», ауылдық жерлерде жастар кәсіпкерлігін дамыту және қолдау үшін аудан әкімінің гранты.  Жастардың азаматтық-патриоттық, саналық тәрбие беру, зияткерлік-шығармашылық , ізденіс, танымдық қызметін дамыту мақсатында «Жас пікір» жастар клубы құрылды. Жастар қоғамдық бірлестігі «Раян» жұмыс істеуде.

Ауданда қоғамдық-саяси жағдай тұрақты.

Халықты әлеуметтік қорғау

Осакаров ауданының 2016 жылдың 1 қарашадағы жағдай бойынша халық саны 32444 адам. Экономикалық белсенді бөлігі 17967 адам. Жұмыссыздық деңгейі 3,8% құрайды. Жұмысбасты халықтың бөлігі 17284 адам, жұмыссыздар 683 адам. Жалдамалы жұмыспен қамтылғандар саны 10584 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 6700 адам, оның ішінде 5100 нәтижелі жұмыспен қамтылғандар, 1600 адам нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар. Жұмыссыздар ретінде есепке тұрғандар 103 адам.

Әлеуметтік- экономикалық көрсеткіштерді іске асыру шеңберінде ауданда 2016 жылға арналған халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу Кешенді жоспары әзірленген.  Осы жоспарға сәйкес мемлекеттік қолдау шараларымен 1972 адам қамтылды, бір жылдық жоспар бойынша 1815, ол 106,8% құрайды .

Жыл басынан бері қоғамдық жұмыстарға 400 жұмыссыз азаматтар жіберілді, бір жылдық жоспардан 100% .

Бір жыл ішінде жұмыспен қамту  Жол картасы 2020 бағдарламасына 694 адам тартылды.

Жыл басынан бері ауданда 5 отбасыдан 20 азаматқа (2015 жылы 24 отбасыдан 105 адам) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Оның 75 % балалар құрайды, 25% - ы еңбекке жарамды, оның ішінде 2 адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 1 әйел 3 жасқа дейінгі бала күтімімен айналысады, 2 адам жалданып жұмыс істейді.

Отбасыны кедейліктен шығармауға негізгі себеп, ол- төмен жалақы, жұмыстың мерзімді сипаты (жалдамалы), әйелдердің 3 жасқа дейін бала күтімінде болуы.

Халықтың тұрақты жұмыс орындарына ауысып, табысының өсуіне байланысты, өткен жылмен салыстырғанда АӘК алушы отбасылар саны 79,2%  қысқарды.

Есепті күнге АӘК тағайындалды және 702 мың теңге төленді (2015 ж. желтоқсан айын ескере отырып).

2016  жыл 1 қарашадағы жағдай бойынша 18 жасқа дейін балалары бар отбасы мемлекеттік жәрдемақысы 220 отбасының 669 баласына тағайындалды. 2015 жылмен салыстырғанда МБЖ алатын отбасылар саны 16,6% - ға азайды, (264 отбасы 764 балалар). 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға 10862,1 мың теңге мемлекеттік жәрдемақы тағайындалып, 10812,0 мың теңге төленді.

Қосалқы шаруашылықты дамытуға аз қамтылған отбасылардан шыққан 31 отбасыдан 159 адам әлеуметтік келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек алды. Көмек сомасы 6 айға 52578 теңгеден  518232 теңгеге дейін құрайды. Осы отбасылармен отбасы табысын ұлғайту және кедейлік қатарынан шығу бойынша жұмыстар жүргізілді: барлығы сүтті ірі қара мал сатып алды, қосымша құстармен айналысады. Қазіргі уақытта 1 отбасы АӘК алушылар қатарынан кетті, 4-тоқсанында 4 отбасы МБЖ алушылар қатарынан кетеді.

Тұрғын үй көмегі 352 отбасына 12197,4 мың теңге тағайындалды, 12041,0 мың теңге төленді (2015 ж. желтоқсан айын ескере отырып).

Ағымдағы жылы өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты бір жолғы материалдық көмек 75 адамға, жалпы сомасы 1213,2 мың теңге, соның ішінде: авариялық тұрғын үй жөндеуге 7 адамға, 133,6 мың теңге сомасында, ауыр материалдық жағдайға байланысты  17 адамға 108,2 мың теңге сомасында, әлеуметтік-маңызды аурумен ауыратын (туберкулез және онкоауру) 47 адамға, 897,2 мың теңге сомасында көрсетілді.

Аз қамтылғандар базасында 81отбасы тұр, кедейлік деңгейі 0,2% , бұл 2015 жыл деңгейінде.

Осакаров ауданында 1259 мүгедек тұрады, оның ішінде 1 топ мүгедектері -113; 2-топ - 484; 3 топ-565; бала кезінен мүгедектер -97.

Аудан бойынша мүгедек арбасымен қозғалатын 42  мүгедек, көру қабілеті нашар 184 мүгедек, есту бойынша 47 мүгедек, протездік- ортопедиялық құралдарға мұқтаж 112 мүгедек тұрады. 

1 топтағы 56 мүгедекке жеке көмекшілер қызметі ұсынылады. Осы қызмет бойынша 10125,0 мың теңге төлем жасалынады.

Ағымдағы жылы мүгедектерге 48 протездік-ортопедиялық құралдар, 19 санаторлы-курорттық емдеу жолдамалары берілді.

50 мүгедектерге 7651,9 мың теңге сомасында гигиеналық құралдар бөлінді.

ҰОС Жеңістің 71 жылдық құрметіне жергілікті бюджеттен жалпы сомасы 3775,0 мың теңге сомасында материалдық көмек көрсетілді және т. б.:

Балаларды Қорғау күнін тойлауға байланысты 97 мүгедек балаға 3,0 мың теңгеден, жалпы сомасы 291, 0 мың теңге әлеуметтік көмек көрсетілді.

Аумақтық орталығында әлеуметтік қызмет көрсету бойынша 59 әлеуметтік қызметкер 201 жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге және 22 мүмкіндігі шектеулі балаларға, 37 18 жастан асқан психоневрологиялық патологиясы бар жандарға әлеуметтік қызмет көрсетеді.

 

 

«Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020»

«Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасынжүзеге асыру үшін 2016 жылы 571,4 млн.  тенге бөлінді.

        «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы аясында  599 адам жұмысқа орналасты, оның ішінде тұрақты жұмысқа 552 адам немесе 92 пайыз.

        Бағдарламанының 1-ші бағыты бойынша 47 жоба үшін қаржыландыру құны 418,7 млн. тг. құрады. 267 жұмыс орындары құрылды немесе жоспардың 100 пайызы (жоспар -267), онда 152 Бағдарлама қатысушылары жұмысқа орналасты.

«Кәсіпкерлік бастамаларға ындаландыру» Бағдарламаның 2-ші бағыты бойынша өз ісін кеңейту  үшін 135 млн. тг бөлінді.

Бағдарлама 54 қатысушылары жалпы құны 135,8 млн. тг. болатын шағын несиелер алды. Шағын несие қаражаттарын алғандардың барлығы мемлекеттік кірістер органда
Дата редактирования: 22 Ноября 2017 18:54


Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»