В Осакаровке:  9°C , Влажность 40%, Давление 716, ветер 7 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Қарағанды облысы Осакаров ауданының Сұңқар ауылдық округнінің әкімінің есебі

Сұңқар ауылдық округ әкімінің 2016 жылдың атқарған жұмысының

Е С Е Б І

 

 «Қазақстан жана жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар даму», мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы еліміздің өркендеуіне, экономикалық және әлеуметтік дамуына жаңа серпін беретін, Қазақстан халқының игілігі, мақсат-мұраттарының орнығу жолын көздейтін құжат.

Жолдауда экономикалық реформалар негізінде дағдарыс жағдайындағы экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған экономика саласындағы кезек күттірмейтін және пәрменді кадамдар бойынша аса анық тапсырмалар бар.

Ел экономикалының 5% деңгейінде өсуін қамтамасыз ету, экономикаға салынатын инвестицияның жыл сайынғы көлемін 10 млрд.доллардан артық арттыру міндеті қойылды.

Осы міндеттерді жүзеге асыруға селолық округінің әкім аппараты өз жұмысын атқаруда.

Халық саны 613 адамды құрайды.

Селолық округінде ауылшаруашылық жер көлемі 28 644 га.

Оның ішінде егістік 13 649 га

Жайылым 11 987 га

Селолық округінде 31 шаруа қожалығы және 8 ЖШС, «Заря» фермерлік шаруашылық тіркелген.

2016 жылы 12 717 га жерге дән сіңірілді, оның ішінде:

бидай 11685 га

Арпа 901 га

Сұлы 100 га

Тары 31 га

Көпжылдық шөп 1159 га құрады.

Орылған алқаптан 16 173 тн. астық жиналды, әр гектарға шаққанда 12,7 ц айналды.

Биыл 2017 жылы шаруа қожалықтары 13904 га жерге дән сіңіреміз деп жоспарлар отыр, оның ішінде бидай 13006 га, арпа 848 га, сұлы-50 га, зағыр – 200 га.

Селолық округінде 2017 жылдың 1 қантарына төмендегідегі малдың басы тіркелді: Ірі қара – 1130 бас

       Шошқа - 173 бас

       Қой ешкі – 672 бас

      Жылқы – 291 бас

      Құс – 2190 бас

2016 жылға салыстырғанда мал саны өсті.

Орта және шағын бизнес бағдарламасына байланысты селолық округінде 6 дүкен жұмыс істеп тұр.

Селолық округінде 2 мектеп бар. Бірі орта білім беретін мектеп, екіншісі бастауыш мектеп. Биылғы оқу жылында 62 оқушы мектепте оқиды.

Мектептердің жылу жүйелері уақытында жөндеуден өтті.

Ұлт  денсаулығы-біздің табысты болашағымыздың негізі деп Елбасы белгімді.

Селолық округінде бір дәрігерлік амбулатория және екі фельдшерлік пункт жұмыс істейді.

2016 жылы Сұңқар ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория салу құрылысы аяқталды. Сметалық бағасы 119 958 млн.теңге. Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы арқылы бес ауыл тұрғыны  осы құрылыста жұмыс істеді.

Көктемгі және күзгі ауылдың ішін аббаттандыру екіайлықтарында сенбілік және бейсенбі таза күндері ауылдың ішін күл-қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді.         

    ФХПТ "Заря" қызметкерлерінің күшімен христиан зиратында тазарту жұмыстары жүргізілді .

Қолда бар ҚБШ-дан ақша бөлініп: "Жеңіс" саябағында  48 516 теңгеге жөндеу жүргізілді. Қоршау, орындықтар, бағаналар , сарбазға ескерткіш сырланды ,  мемориалдық қабырға жиектері цементпен және бояумен сырланды. Бұталар мен ағаштар тегістеліп кесілді,шөбі шабылды.

Ағаштар мен электр бағаналары ақталды.Бюджеттік ұйымдар, дүкендер мен тұрғын үйлердің аумағынан саны 50 тоннадай қоқыс,күл шығарылды.

              2016 жылы кент ішілік жолдарды жөндеуге бюджеттен 349 мың теңге қаражат бөлінді.

          Сондай-ақ, 100 мың теңге сомасында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізуге бөлінген қаражат  наурыз айында мерзіміне сәйкес игерілді .

Мереке күндері мәдениет үйінде мәдени-көпшілік іс-шараларға  ауыл тұрғындары  белсене қатысады.

    Аудан әкімі 2016 жылғы қаңтар айындағы ауылдық округ тұрғындарымен кездесу барысында тапсырмалар берілді:

2016 жылдың қаңтар айында аудан әкімі халықпен жүздесуінде  тапсырмалар берілген еді.

Берілген тапсырмалардың орындалуы бойынша, былай жауап береміз:

            1. Ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін  Осакаровка-Киевка автомобиль жолы трассасындағы Қоянды ауылына дейінгі жолды  жөндеуді қарастыру.

Сұңқар ауылдық округі әкімінің аппаратында осы мақсатқа бюджетте қаражат жоқ , сондықтан  ТҮКШ, ЖК, АЖ және ЖИ Осакаров ауданының басшысының атына О. Бутеевқа  №1-18/48    04.03.2016 ж. жәрдем көрсету туралы хат жолданды .

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары Қарағанды облысы басқармасында аудандық маңызы бар жолдарға 2017-2018жылдары

бюджеттік  орташа жөндеу өтініші дайындалуда.

            2. Ағымдағы жылдың 15 наурызға дейін Қоянды ауылындағы бөгетті қиыршық таспен көму  жұмысын жүргізу.

Сұңқар ауылдық округі әкімінің аппаратында осы мақсатқа бюджетте қаражат жоқ , сондықтан  ТҮКШ, ЖК, АЖ және ЖИ Осакаров ауданының басшысы О. Бутеевқа  №1-18/66   04.03.2016 ж. Осы мәселені шешуге жәрдем көрсету туралы хат жолданды .

            3. Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін  Қоянды ауылы шетіндегі жерді жырту мәселесін қарау .

Бұл жер , "Оқапов. М." шаруа қожалығына тиесілі болды, ол 2015 жылдан ЖШС"Изнавр" шаруа қожалығының құрамына кірді. Бұрын жыртылған учаскесіне көп жылдық шөптер егілген.Жерді егістік жайылым етіп өзгертуге заң бойынша құқығымыз жоқ.

Бізде күрделі шешімін таппай тұрған сұрақтар бар :

1. Сельстрой, Қоянды ауылдарында ішетін су құбыры тартылмаған.

2. Сельстрой ауылының маныңдағы Үлкен Құндызды өзенінің үстінен өтетін көпірді жөндеу.Көпір- аудандық маңызы бар, сондықтан  ТҮКШ, ЖК, АЖ және ЖИ Осакаров ауданының басшысы О. Бутеевқа   осы мәселені шешуге жәрдем көрсету туралы хат жолданды .

3. Қоянды ауылындағы  жолды және бөгетті  жөндеу.

 

Ден қойып тындағандырыңызға рахмет!

 

 


Дата редактирования: 11 Января 2017 12:29

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»