В Осакаровке:  -12°C , Влажность 90%, Давление 727, ветер 2 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Қарағанды облысы Осакаров ауданы Ертіс ауылдық округінің акімінің есебі

Ертіс ауылдық округі әкімінің 2016 жылының есебі

                 Құрметті Қайрат Абдуллаевич!

Құрметті кездесуге қатысушылар!

Сіздерге ауылдық округінде 2016 жылы атқарылған жұмыстары мен 2017 жылға қойылған мақсаттар туралы есепті назарларыңа ұсынамын.

2017 жылдың 1 қаңтарына ауылдық округте 294 адам тұрып жатыр, оның ішінде 166 адам – экономикалық белсенділер, 127 адам- экономикалық тұрғыдан белсенділер. 2017 жылдың 1 қаңтарына тіркелген жұмыссыздар – жоқ. 2016 жылы ауыл шаруашылық ұжымдарына және ұйымдарға 21 адам жұмысқа орналастырылды. Мекенжайлы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы алатындар- жоқ. Бұл ауылдық округінде жағдайлары аз қамтылған отбасылар жоқтығын білдіреді. Әлеуметтік жұмыскер 3 мүгедек балаға үйде көмек көрсетеді.

Ауыл- шаруашылығы:

Өсімдік шаруашылығы: Округ аймағында 4 – ЖШС, 2- ФШ, 12- ШҚ- оның ішінде  10 шаруашылық жұмыс істеп тұрғаны. Жер қатынасы бөлімінің мамандары шаруа –қожалықтары басшыларымен жерді тиімді пайдалану және қолданбайтын жерлер , жерді заңнаманы бұза отырып пайдалану туралы түсініктеме жұмыстары жүргізілді. Ауылдық округ бойынша 1926 га суармалы жер бар, оны қалпына келтіру мәселелері арастырылды.

Ауыл шаруашылық алқаптарының жалпы көлемі- 9411 га, оның ішінде 5193 га егістік, 4109 га- жайылым жері.

2016 жылғы егістік бойынша-  3942 га жерге егін салынып, 14 ц/га жиналды.(3388 га- бидай, 11,3 ц/га орташа өнімі, 338 га- арпа- 17,5 ц/га, 200 га-сұлы -20 ц/га)

6193 тонна бидай жалпы өнімі құрады.

2015 жылы 3479 га егістік егілді (3211 га бидай, 188 га- арпа, 80 га- сұлы)

Картоп және көкөніс-102 га «Роза-агро» ФШ – тамшылатып суару.

Көпжылдық шөп- 1663 га, 2603 тонна жем-шөп дайындалды.

2017 жылға - 3715 га көлемге егістік, оның ішінде 2877 га – бидай, 508 га- арпа, 320 га – сұлы, 200 га-жасымық,  «Роза- Агро» ФШ тамшылап суару әдісімен-100 га картоп және көкөніс, 20 га – шөп салу жоспарланып отыр.

2016 жылы округ бойынша 8,6 млн теңге көлемінде инвестиция салынды.

«Қазақстан» ШҚ (Макаркин В.А.) МТЗ-1221 тракторы сатып алынды.

Мал шаруашылығы: 2017 жылдың 1 қаңтарына мал саны: 500 бас ірі қара, 1160 бас- қой-ешкі, 155 бас жылқы, 1100 бас әр түрлі құстарды құрайды

«Қазақстан» шаруа қожалығымен (Макаркин В.А.) мал тұқымын өзгерту мен айналысуда. Қазіргі таңда Герифорд және қазақтың ақ бас тұқымының бұзауларын өсіруде. Ауылдың жеке меншік мал арасына 2 тұқымды бұқалар қосылды. 2017 жылы «ЕҚЖК-2020»  бағдарламасы бойынша мал өсірі және мал сою алаңдарын салынуы жоспарланып отыр.

Кәсіпкерлікті дамыту: Ауылда 2 жеке кәсіпкер дүкен ұстап отыр(Адуакасова С.О., Елубаева Г.К.) (2016 жылда әлеуметтік қажетті тағамдарға сатылым бағасы бойынша меморандумға қол қойылды), 1 ЖК- мал бағу, 1 ЖК- малшаруашылығы мен құс өсіру(А.Ф. Ворожбит, 5 жұмыс орыны ашылды). 3 млн тенге көлемінде несие алу мәселесі қарастырылды Павел Владимирович Кассирум өз кәсібін ашу үшін.

«Аймақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша- 158000 теңге бөлінді.

2016 жылдың маусым айында «Алмик плюс» ЖШС (Арыстанбеков А.Б.) құрылыс қоқыстары шығарылды. Қазақстан көшесінің 2 үй орыны және ескі мәдениет үйінің орыны тазартылды.

2016 жылы 1 қыркүйекте  негізгі мектепке -20  оқушы, 4  бала- мектепке дейінгі дайындықта, 15 бала шағын орталықта тіркелген. Оқу- тәрбие жұмысы  бекітілген жоспар бойынша жүргізілуде. 2016 жылы қыркүйек айында жергілікті қоғам шешімі бойынша демеушілік көмек ретінде 77400 теңгеге  негізгі мектептің төбесі жөнделді.

Денсаулық сақтау: Медициналық қызметті ауылға бір мейірбике көрсетеді. Шататында 1 санитар бар. Дәрігерлік пункт әкім аппаратының ғимаратында орналасқан, өз ғимаратына күрделі жөндеу қажет- төбесі, жылу жүйесі және ғимараттың ағымды жөндеуі қажет. 2017 жылы осы мәселерді шешу қажет. Медицина қызметкерлерінің жұмысына тұрғындарда шағым түскен жоқ. Барлық алдын алу және жоспарланған іс шаралар бекітілген кесте бойынша жүргізіледі, аурулардың алдын алу туралы қажетті әдебиеттер медицина пунктінде қарастырылған.

Тұрғын-үйшаруашылығы:су құбыры жүйесі әкім аппаратына бекітілген және мүлікпен қолдану келісімімен «Жәдігер» ШҚ жалға  берілген. Осы уақытта әр үйге су жеткізілген, бірақ басты сорғы станциясының және  ауылдағы су тазарту ғимараттарының жөндеу жұмыстары, 2004 жылдын жұмыс істеп келе жатқан және  тозған, «Эргономика» жабдықтарын айырбастау мәселері бар, тағы да төл-құжаттары болмағандықтан, коммуналдық шаруашылыққа беру мәселесі тағы да бар. Осы мәселерді шешуге ақшалай қаражат керек, ауданнан көмек керек. Осы жылы басты насос станциясының трансформаторы істен шығып қиыншылық көрдік. Жаңа трансформатор сатып алынды, басқа электр жүйесіне қосылды, соның салдарынан қосымша техникалық шарттарды орындау мәселелері туындады. Сондықтан келер жылы осы мәселерді шешіп, стратегиялық маңызды объектінің баланс ұстанушысын анықтауымыз қажет.

Электрқуатымен ауылдық округін үздіксіз қамтамасыздалған,осы салада  Р.М. Батраханов қызмет көрсетеді. Пайдаланған электр қуатының төлемдері уақытында және толық төленуде.

Қазақстан көшесі жарықтандырылған. 14 шамның қазір 8 шамы жанып тұр. Қызмет көрсетуге қосымша қаражат қажет. Осы мәселені жергілікті қоғамның шешіміне қалдырылған, бірақ КСН дағы қаражат көшені жарықтандыруға жеткіліксіз. Сондықтан спонсырлық көмек көрсетуді жалғастыру қажет.

Елді мекенді көгалдандыру және санитарлық тазарту:

Көктемгі және күзгі мезгілде елді мекенде санитарлық тазарту жіне көгалдандыру жұмыстары жүргізілді: арам шөптен тазарту, күл мен қоқысты шығару, аллеяны,мектептің айналасын, клубтың, фельдшерлік пунктінің, әкім аппаратының алдындағы бақшаны,  дүкендердің алдын қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілді. Апта сайын «Таза бейсенбіліктер» өткізіліп тұрды. Ең жақсы аула сайысы жарияланды. Екінші қатарынан жеңімпаз болып Елубаева Гулия Қадылбековна табылды.

Кіре берістегі жолдағы су өткізетін құбыры үлкен мәселе болып тұр. Қар қатты еріген кезде судың ағысына шыдамай жолсыз қалатын қауіп бар. Осы жөндеу жұмысының сметасы жасалған. 2016 жылы шаруа қожалықтарының күшімен шешеміз ойлағанбыз, бірақ зерртей келе ауыр техника және үлкен шығын керек екені белгілі болды. Бұл мәселе де шешілмей қалып тұр.

Мәдени- қоғамдық шаралар: Ауыл клубы негізгі мектептің сол жақ қанатында орналасқан: 72 орынды көрермен залы, би залы бар, 0,5 ставкаға бір мәдениқызметкер жұмыс істейді. Клуб ішінде ауылдық кітапхана орналасқан 15 мың  дана кітап қорымен.

Барлық мәдени іс –шаралар кітапхана, негізгі мектеп ұжымдарымен және ауылдың көркемөнерпаздарымен бірігіп өткізіледі. «Наурыз-2016», Қазақстан халықының бірлік күні,9 мамыр Жеңіс күні, 1 маусым балаларды қорғау күні, ҚР Конституция күні, карттар және мүгедектер күні, ауылшаруашылық жұмыскерлерінің күні, ҚР бірінші Президент күні, ҚР тәуелсіздік күні мерекелері ауқымды өтті. Барлық іс-шараларға біздің ауыл туралы, ауыл жұмыскерлері, ауыл азаматтарының жетістіктері туралы деректі фильмдер көрсетілгенін атап өткім келеді.

2016 жыл бойы ауылдың шаруа қожалықтары 156 адамға  90000 теңге көлемінде спонсорлық көмек көрсетті. Сонымен қатар шаруа қожалықтары санитарлық тазартуға, қоқыс және күл шығаруға көмек көрсетіп тұрады. Қысқы мезгілде- «Аэлита» ШҚ (Габайдулин Г.Ф.) қардан жол тазартуға қолдан келген көмегін көрсетуде.  

Кримогенндік жағдай: Округ бойынша 2016 жылдың басынан тіркелген оқиғалар және қылмыстар жоқ. Округ бойынша жағдай тыныш, апата сайын сенбі күні жастарға арналған дискотека өткізіліп тұрады, негізгі мектеп мұғалімдері арасында кезекшілік ұйымдастырылған, Елубаев А.К.-учаскелік инспектордың көмекшісі аумақты аралаа тұрады.

Жеке мал бағуға келісім –шарт жасау, мүлікті тонау, дабыл қағыш және  мал қораларға видеокамера орнату туралы жергілікті қоғам жиналыстарында түсініктеме жұмыстары жүргізіледі. Ауыл аймағында бас бостандықтарынан айыру орындарынан келген адамдар тіркелмеген. Молодежный ПТП жоспары бойынша құжаттандырылмаған адамдарды, ауыл аумағында тіркелмеген, аймақты көгалдандыру ережесін бұзатын тұлғаларды анықтау рейдтері жүргізіледі. Біздің аймаққа қызмет көрсететін  учаскелік инспектор мәселесі: жыл бойы үш инспектор ауысты және  барлық мәселерді «Сақшы» УИП Елубаев А.К. , кәсіпкерлік емес медиаторға шешуге тура келеді. Учаскелік инспекторсыз шешілмейтін мәселер болып тұрады. Ауылдық клубта мүлік бүлінуі және мастар төбелесі- осы жылдың қараша айында болған- ақырға факт. Молодежный кентінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісін жібергенмен мәселе шешілген жоқ.

Округ бойынша әлеуметтік шиелініс байқалмайды. Әлеуметтік осал жандарға арналған 2 сауда дүкендерде алғашқы қажетті әлеуметтік тауарлар сөресі қарастырылған.  Ауылды жағдайлары төмен, ӘМК алатындар тіркелмеген. 2010 жылғы азаматтар жиылысында келісілген 350 теңге адам басына су ақысы осы күнге дейін өзгертілген жоқ.


Дата редактирования: 11 Января 2017 17:30

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»