В Осакаровке:  -9°C , Влажность 39%, Давление 728, ветер 5 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Қарағанды облысы Осакаров ауданы Құндызды аулдық округі әкімінің есебі

Құндызды ауылдық округінің әкімінің 2016 жылдың атқарған жұмысының есебі

Құрметті Қайрат Абдуллаұлы және қымбатты

Аудандық құрылым басшылары мен ауылдастар!

  

   Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» № 190 Жарлығы негізінде  халық жиындарында есеп беру кездесулерін  өткізу жоспарланған. Бүгінгі күні біздің қоғамымыздың басты жаңалықтарының бірі 2015 жылдың  6 мамырдағы  мемлекет  Басшысының жариялаған «100 нақты қадам» атты  Ұлттық жоспары болып табылады.

«100 нақты қадам» Ұлттық жоспарын  жүзеге асыру Мемлекет Басшысының 5 институционалдық реформаларын жүзеге асыруға бағытталғандағы  «нөмірі бірінші» міндетіміз болып табылады, сондай-ақ атқарушы биліктің қызметі тек қана осыған бағытталған .

Осы бүгінгі  сіздерге есеп бере отырып, ауыл көлеміндегі мәселелерді шешу жолдары бойынша  мен Сіздердің ұсыныстарыңыз бен  ескертулеріңізге сенемін.

2016 жылы  Құндызды  ауылдық округі әкімінің аппараты  округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы бағыты жөнінде белгіленген жұмыстарын жасады. Құндызды ауылдық округінің аумағы 37,1 мың га шаршы километрден құрастырылады.  Ауылдық округ бір елді мекеннен құрастырылған:  2016 жылының 1 қаңтарға ауылдық округте 608 адам өмір сүреді, 6 ұлттың өкілдері, оның ішінде 64 зейнеткер, 19 мүгедек, 88 оқушы, 11 мектеп жасына  дейінгі балалар, жұмыс істей алатын тұрғындар 323 адам.   

Ауыл шаруашылығы

2017 жылы 1 қаңтарға ІҚМ саны 1010 бас, оның ішінде сиыр – 425 бас, жылқылардың саны – 629 бас,  қой -1740,  құс-1320 бас.

Ауылда 24  шаруа қожалықтары 2 фермер қожалығы және А.Асылбеков атындағы ЖШС бар, олар  өсімдік және егін  шаруашылығымен  айналысады.  «А. Асылбеков атындағы ЖШС»  - басшысы Баймухаметов Марат Каменович биыл  бидай – 3900 га. екті, «Алшин» ФҚ - басшысы Алиякпарв Женис Елтаевич   бидай – 160 га, арпа 200 га екті,  «Жакупбаев» ШҚ - басшысы Жакупбаев Даулен Кабденович бидай – 58 га,   «Жетписпаев » ШҚ - басшысы Жетписпаев Шамгун Кадырович бидай  - 80 га екті, «Алғабас» ШҚ-басшысы Ошақбай  Нұрболат Сағатович арпа -30 га екті.

2016 жылы 1 қаңтарға  ауыл шаруашылық өнімдері құрады: «А.Асылбеков атындағы ЖШС»  бидай – 1850 тонна жинады,  «Алшин» ФҚ    бидай 138 тонна,  арпа – 48 тонна жинады ,   «Жакупбаев» ШҚ -  бидай – 22 га жинады,   «Жетписпаев » ШҚ -  бидай  - 104 тонна жинады, «Алғабас» ШҚ- арпа -30  тонна жинады. Қысқы шөп қажетті көлемде дайындалған.

Құндызды ауылдық округі негізгі капиталға инвестициялық қаражат салу бойынша, «Алшин» фермер қожалығы  бір трактор «Беларусь 1221 В2»  10 мил.760 мың  теңгеге және шөп жинағышты  2 мил. 755 мың теңгеге «Казагрофинанс» арқылы алды.

1. А.Асылбеков атындағы  ЖШС-гі мемлекеттік   субсидиялар алды.

1)  Сүтке -2 млн.

2)  Ұрықтандыру  жұмыстарына-3 млн.

3)  Инвестициялық  субсидияға  257 мың теңге

4)  Гербецидтерге-2 мил. 700 мың теңге

               Барлығы : 7 мил. 957 мың теңге.

2. «Алшин»  ФҚ

1)  Ұрықтандыру  жұмыстарына-1 млн.400 мың теңге

2)  Асыл тұқымды түрледіруге-450 мың теңге

 3) Гербецидтерге-1 мил. 500 мың теңге

               Барлығы : 3 мил. 350 мың теңге.

2. «Есжанов»  ФҚ

1)  Ұрықтандыру  жұмыстарына-526 мың теңге

2)  Асыл тұқымды түрледіруге-154 мың теңге

                Барлығы : 680 мың теңге

Ауылдық округ бойынша алынға субсидиялар сомасы: 11 мил. 987 мың теңге.

2016 жылда Құндызды ауылдық округінің ветеринариялық қызметі барлық малдарды және құстардың өндеу жоспарланған шараларын өткізді. Күз және көктемгі өндеулері өткізілген мезгілде өкпе ауруы және  бруцеллез аурулары бойынша тексерілді. Барлық малдар жұқпалы ауруға қарсы өнделді. Округ аумағында өткен мезгілде өте жұқпалы аурулар анықталған жоқ. Ветеринариялық қызмет барлығымен құралдармен қамтамасыз етілген.

Сәйкестендірілді (биркаланған) Ұсақ қара малдары  –1672 бас, ірі қара малдары  -1228  бас, 183  жылқылардың басы таңбаланды.

Елді мекенің аббаттандыру жұмыстары бойынша.  Қыс мезгілінде қар қалын болған жоқ, бірақ жолдарды және көшелерді тазарту жұмыстары толық көлемде жүргізілді.

 2016 жылы Шұңқыркөл  ауылының  ішіндегі қоқыстар 1780 тонна шығарылды, жұмыс биыл мамыр айында жүргізілді.

Орталықтандырылған сумен қамтамасыз етумен 77 тұрғын үйге су тартылған,   жеке меншік скважиналар – 46. Су құбырын арнайы ұйымға беру үдерісі күтіліп отыр. Ауылда су құбыры жүйесін ағымдағы жөндеу бойынша кемшілік қаралып, сметалық есеп дайындалды.

Сумен  қамту  жұмысын орындауға  республикалық  бюджеттен 8 млн.  теңге қаржы  бөлінді және ұтып алынған бойынша 5 млн. 600 мың теңге  игерілді. Ауыл тұрғындарын сумен қамту тұрақты бақылауға алынған, су құбыры аппаттары мерзімінде жөнделіп отырады.

КРЭК ЖШС-гі   10 млн. 35 мың. 438 теңге құрылған жоспар бойынша ауыл ішінің электрсымдарына күрделі жөндеу жұмыстарын 100 % орындады. Оның ішінде  материалдық құралдарға 9 млн. 12 мың теңге қаржы жұмсады . Жоспардан тыс жұмыстарға  4 КТП-ның электрсымдарына күрделі жөндеуге техникалық қызмет бойынша  650 мың тенгеге жұмыс жасалды.

Көшелерді 10 дана жарық шамдары орнатылған. жарықтандыру 2016-17 жылдардағы қолдағы бақылауда тұрған қаражаттардан қарастырылды. 2017 жылы дала көшелерінің шамдарын көбейтуге жоспарланды.

«Аймақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша аудандық бюджеттен 323 мың теңге бөлінген . Шұңқыркөл ауылына балаларға арналған әткеншек орнатуға қоғамдастық мүшелерімен шешім қабылданды.  

«Жұмыспен қамту жол картасы бойынша 10 үміткер қатысып, 9 мал шаруашылығын дамыту мақсатында,   1 –і тұрмыстық жабдықтарды  дамыту мақсатында 25 мил. 600 тенге несие алып той- хана ашты. Сонымен қатар, 2 асыл тұқымды  қазақтың ақ бас бұқасы алынды 1 бас «Жәбі» тұқымды  айғыр алынды. Қазіргі күндері жұмыстарын арттыру бойынша жұмыстары жалғасуда.

Халықтың әлеуметтік қорғалуы. Мемлекеттік «Өрлеу» шағын көмек бағдарламасы бойынша 5 отбасында 29 адам жағдайын жақсарту мақсатында қатыстысып,  1 мил. 636 мың 458 тенге  көмек алды.

Шағын кәсіпкерлік.

Аумақтың экономикасының өсуінің маңызды фактрлері болып шағын кәсіпкерлікті дамыту болып табылады.Ауылда 3 дүкен қызмет етеді, олар тұрғындарды азық-түлік тауарлармен қамтамасыз етеді. Жеке кәсіпкерлермен10 пайыздан көп емес әлеуметтік маңызды азық түлікке сауданың үстеме бағасының артпауы туралы   меморандум жасалды.

Білім беру.

Құндызды ауылдық округте 1 жалпы орта білім беру мектебі жұмыс істейді,  мұнда  88 оқушы оқиды.

- Шұңқыркөл №11 орта мектебінің – директоры Омарханова Айгуль Муратовна,  педагогтар саны –21, жоғары біліммен – 17, жоғары санатты мұғалімдер – 4, 1 санатты – 4, 2 санатты – 7, сырттай оқиды – 1.

Мектептер бойынша ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы:

 – 83 балл жинады.

 «Алтын белгі» төсбелгісінің иегерлері және үздік аттестатымен    ауыл бойынша  орынға ие болған оқушылар болған жоқ.

Мектепке қарасты шағын-орталықта 11 бала. Мектептерде әрдайым оқыту-материалды базаны нығайту бойынша жұмыстар жүргізіледі.

 Денсаулық сақтау.

Құндызды ауылдық округінде  1 медициналық бөлімше орналасқан: 3 медициналық жұмыскер –  олар бірінші медициналық-санитарлық көмекті халыққа көрсетеді.

Мәдениет.

Құндызды ауылдық округінде   1 ауылдық клубы бар.

 Барлық мемлекеттік мерекелер өткізіледі. 2016 жылы аудандық іс-шараларға белсенді қатыстық.

Спорт.

Құндызды ауылдық округі барлық спартакиадалар мен  спорт шараларында қатысып отырады.

№11 орта мектебінде спорт бойынша әдіскерлер жұмыс істейді, оқушылар үшін спорт секцияларын өткізеді.

Ақпараттық технологиялар.

52 аулада ОТАУ ТВ ұлттық телевидениеге халықтың қол жеткізу жұмысы ұйымдастырылған.  Интернет 43 аулада орналасқан. Ауыл тұрғындары телефон нүктелерімен толық қамтылды.

Округтің проблемалық мәселелері. Атап айтқанда, округте шешімін таппай тұрған үлкен мәселелердің бірі, олар Киевка-Осакаровка трассасының қиылсынан елді-мекенге дейін, яғни Құрқопа-Шұңқыркөл тасжолы, ұзындығы 7 шақырым жолын жөндеу жұмысы .

 

Назарларыңызға рахмет!

 


Дата редактирования: 10 Января 2018 16:21

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»