В Осакаровке:  -3°C , Влажность 85%, Давление 719, ветер 1 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Қарағанды облысы Осакаров ауданы Мирный ауылдық округі әкімінің есебі

                           Мирный ауылдық округі әкімінің аппаратының

                                2016 жылда атқарылған жұмыстары туралы есеп

 

         Мирный ауылдық округінің халықының саны -600 адам:

оның ішінде 295- адам эконмикалық белсенділер, 98- зейнеткерлер, 22 – мүгедектер.

5 отбасы -тұрғын үй көмегін алушылар. Мекенжайлы әлеуметтік көмек алатындар жоқ.

           Барлық жер көлемі 13,7 мың га, оның ішінде 6169 га -егінді азықтық жерлер. Округ аймағында 33 шағын кәсіпкерлік субъектілер тіркелген: оның ішінде қышқыл сүттің өніміне сүтті өндеуімен айналысатын «Алтай» ЖШС және «Тонус-КZ» ЖШС- цехі, 25- ауылшаруашылық құрылымдары және 5 жеке меншік кәсіпкерлер.

         2016 жылы Мирный ауылдық округінің шаруа қожалықтары 5021 га егін егілді. 2017 жылға көктемгі егістік жұмыстарының өту балансы ауылдық округ бойынша: -4675 га себу ниеті, Ауылшаруашылық құрылымдардың көпшілігі өздеріне қажетті тұқыммен қамтамасыздалды.

2017 жылдың 1 қаңтарына Мирный ауылдық округінде 415 бас ірі қара мал, 350 бас- қой, 2-түйе, 450 – шошқа, 80- жылқы, 1265 бас құс  тіркелген. 37 тонна- сүт, 30 тонна- ет  өнімдері өндірілді

         Мирный ауылдық округінің «Головченко»  ф/ш, «Чайка» шқ, «Тонус», «Теодор»   шаруа қожалықтарының күшімен ауыл көшелері үнемі қардан тазалануда. Сонымен қатар, «Қарттар күні», «Наурыз мейрамы» мерекелерін өткізуге шаруа қожалықтары белсене қатысады.

     2016 жылы «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша Школьная көшесіндегі  бұзылған иесіз үйлерден қалған құрылыс қоқысын шығару жұмыстары жүргізілді,жалпы соммасы 319 мың теңге. 

        2016 жылы барлығы 25 адам жұмысқа орналастырылды. 2 адам қоғамдық жұмыстарға қатысты

         Ауыл округінде дәрігерлік пункт жұмыс атқаруда. Дәрігерлік пункте -2 медбике жұмыс істейді. 2016 жылы ауыл округінде 5 нәресте өмірге келді. Қыркүйек айында Қарағанды қаласынан жылжымалы дәрігерлік пункт келіп халық дәрігерлік зерттеуден өтті

         Ауыл округінде 78 оқушы оқитын, жалпы  білім беретін орта мектеп жұмыс істеуде. Мектепте қабырғаында, 12- бала мектепке дейінгі тәрбие беретін шағын-ортада тәрбиеленуде.2016 жылы мектепте екі интерактивтік тақта орнатылды.     .

         2016 жылы ЕҚЖК-2020 бағдарламасы бойынша № 20 орта мектептің жөндеуіне  8,5 млн теңге бөлінді. Қазіргі таңда 800 кв м  көлеміндегі мектеп төбесі жабылды, екі жылу беретін қазандық орнатылып, қазандық ғимараты салынып жатыр. 

        Ауыл округінің аумағында мерекелі шаралар және би кештері  өтетін Мәдениет үйі жұмыс істейді. 460 оқырмандар контингенті бар – кітапхана жұмыс істейді. Жиһазы жартылай жаңартылды (орындықтар,сөрелер)

Мирный ауылдық округінің әлеуметтік қамтамасыз ету объектілерінің 2016-2017 жылдардың жылу кезеңі қалыпты режимде өтуде. 

Мирный ауылдық округінің әкімдігі медиация институты дамуы бойынша жұмыстар жүргізуде.  Мирный ауылдық округі аймағында қазіргі таңда Мусин А.К –кәсіпқой емес медиатор іс-әрекет жасайды. 2015 жылы «Мирный ауылдық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемеге азаматтардан 40 өтініш қабылданып, «Айқын» базасына тіркелді. Барлық өтініштер мерзіміне сәйкес уақытында қарастырылды.

Мирный ауылдық округі ауыз- су ауылға тәулік бойы беріледі, төлемі 90 %. Су жүйесінің баланс ұстанушысы жоқ, сондықтан барлық жұмыстарды  «Тонус-КZ» ЖШС және шаруа қожалықтарының көмегімен атқарылады

         2016 жылға баспасөзге жазылу науқаны ойдағыдай аяқталды. Жазылу жоспары 100%. орындалды. Салық төлемдері уақытында 100%. төленді.

Сібір жарасы, аусыл сияқты өте қауіпті ауруларға қарсы алдын алу ветеринарлық шаралар уақытында өткізіледі.

Құқықтық тәртіпті және қалмыспен күресуді нығайту барысында ауылдық округте жергілікті атқарушы органдары және қоғамдық кеңесі, құқық қорғау органдарымен бірігіп үнемі белгілі жұмыстар атқаруда.      

 

Назарларыңызға көп рахмет!.

 

 

 

Мирный ауылдық округінің әкімі                                     Ю.Салтаев

 


Дата редактирования: 11 Января 2017 17:31

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»