В Осакаровке:  4°C , Влажность 67%, Давление 716, ветер 7 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Қарағанды облысы Осакаров ауданы Озерный ауылдық округі әкімінің есебі

Озерный селолық округ әкімінің

халық алдында есеп беруі

 

      Озерный селолық округінің былтырғы  жылғы жүргізілген  жұмыстары «100 нақты қадам» бағдарламасына сәйкес жүргізілді, дәлірек айтқанда, аудан әкімінің тапсырмалары мен ескертулері, жергілікті одақтың ұсыныстары бойынша. Біздің округтің  барлық  табысы мен кірісі, мал шаруашылығы мен егістік шаруашылығынан түседі.

       Округтің жекеменшік ірі қара мал, ұсақ қара мал және жылқы сандары өсуде, құс және шошқа бастары бірде төмендеген емес. «Жол картасы еңбекпен қамту 2020» бағдарламасы бойынша үш семья шағын кредит алып мал шаруашылығын өсіруді ұиымдастыруда.

       Жергілікті жекеменшік  малардың көбейуін және өнімділігін арттыру үшін асыл тұқымды бұқалар алдық. Ауыл халқын мал жаятын жайылымның азайуы алаңдатады.

       Округ бойынша 14258 гектар алқаптан 18660 тонна бидай алынды, орта есеппен гектарына 13,5 центнер өнім түсті.  Ералы және Озерный селоларының ұсақ шаруа қожалары неше жылдан бері төменгі көрсеткіш  гектарына 5 центнерден өнім беріп келеді. Басты себептері: алқаптарды уақытында өндемеу, техникалардың тозуы, қаржының жоқтығы. Өнімділікті арттыру үшін осындай ұсақ шаруа қожалықтар бірігіп, ауылшаруашылықкооперативіне ұйымдасуы керек, сонда жаңа техника алуға, тұқым және гербецид алу үшін  кредитке қол жеткізе алады.

      Ералы селосында 500 кв.м жерге қыс бойы көкеніс өсіретін жылыжай бой көтерді,  алдағы уақытта оның көлемін 2000 кв.м  жеткізу көзделуде. Құрылыс жұмыстарын Ералы тұрғындары жүргізді.

      Селолық округ халқының өмір сүру жағдайы, алда  атқарылатын жоспарлар, дау туған жағдайда,  жергілікті одақ  отырысында шешіледі.

      Өңірді жаңғырту программасы бойынша 2017 жылға 1626 мың тенге бөлінді.      Өзін өзі басқару саласына бөлінген ақша жергілікті одақ  ұиымының шешімімен  Ералы селосының көшелерін 1400 метр жолды және екінші мен  үшінші көшелерінің кіре берісін жөндеуге жұмсалады.

       Көктем айларынан бастап барлық тұрғын үй, мектеп және басқа ғимараттар маңына санитарлық тазалық жүргіземіз. Барлық қоқыс қалдықтарын трактомен арнайы қоқыс алаңына төгеміз. Жұма сайын «субботник» және «таза бейсенбі» тазалық күндерін өткізіп отырамыз, бұл шараға бүкіл аулы тұрғындарын қатысуға шақырамыз.

 Медециналық алғашқы көмек көрсету, медецина салаының жұмұскерлері Ульрих Н.С., Кульбаева Б. атқарады.

        № 13 орта мектепте электоронды оқыту жүйесі іске қосылған.

Электронды жүйемен оқыту, білім алу деңгейін  жоғарлатады және ұстаздардың білімін көтереді.

        Ауылдың мәдениет үйінде, елдік және халықаралық деңгейдегі мерекелер жоғарғы деңгейде өткізіледі. Әсіресе  үлкен деңгейде өткен концерт, округтың барлық ұйымдары қосылып дайындаған тәуелсіздігіміздің  25 жыл толуына арналған және Қарағанды облысына 80 жыл толуына арналған шара болды. Ауылымыздың ән-би катысушыларын грамотамен марапатталды және «Әр ұлтты колектив» деген наминациямен және 10 мың ақшадай силық тапсырылды. 

         Ауылдық медениет үиінің төбесіне 11200 мың тенгеге жөндеу жұмысын  жүргіздік.        Кәзірігі кезде қысқы жолдарды сақтап қалу мәселесін шешіп жатырмыз, от жағу мерзімін мұқият қадағалап отырмыз.

         Әліде көптеген шешілмеген мәселелер жеткілікті,  оның ішінде әбден тозығы жеткен ауызсумен қамтитын құбұрларды сақтап қалу, су пайдаланғаны үшін төленбеген қарыздарды қайтару.

         Жаз айларында көше жолдарына жөндеу жұмұстарын жүргіземіз, көшені жусаннан тазартамыз.

         Кәзірігі болатын  өте ауыр кезең, біз үшін  сынақ болмақ.

         Біз оны қайтседе жеңеміз.

         Елбасымыз айтқандай, ол үшін бізде, халықымыздің бірлігі, халқымыздың айнымас ұлт дәстүрі және халқымыздың бостандығы бар.

Елбасы бұл сөздерімен ауыл тұрғындарының көңілдеріне сенім, шаттық ұялатты.  


Дата редактирования: 11 Января 2017 12:15

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»