В Осакаровке:  -1°C , Влажность 88%, Давление 713, ветер 2 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Қарағанды облысы Пионер ауылдық округі әкімінің есебі

Пионер селолық округі әкімінің 2016 жылы атқарылған  жұмастарының есебі.

 
            Президент  өзінің "НҰРЛЫ ЖОЛ" атты    жолдауында былай деді: "Алда – үлкен және жауапты жұмыс бар. Біз ұйымшыл болуымыз керек. Біз барлық қазақстандықтар арасындағы сенімді нығайтуға тиіспіз! Бір-бірімізге толерантты болуымыз керек! Бұл Қазақстан болашағының кілті! Этносаралық келісім - ол өміріміздің оттегі спетті. Бұны біз сақтап және мәнін терең ұғуға тиіспіз. Біздің жастар жаңа, тәуелсіз елде, өсіп 
Президент әр өз жолдауларында,  тұрақтылық пен бейбітшілік тақырыбын қозғайды. Және ол үшін елімізде көп нәрсе жасалуда. Шын мәнінде  әлемде болып жатқан сұмдықтарды ескере тұрып, бейбіт, тұрақты дамып келе жатқан елде тұрып жатқан біз, бұл еліміздің азаматтары үшін ең басты құндылық екенін түсінеміз,.
          Пионер ауылдық округі халық саны 2000-нан астам , мұнда қазақтар, орыстар, украиндықтар, гректер, татарлар, немістер және басқа да ұлт өкілдері тұрады бейбітшілік пен келісімде тұрып жатыр. 
"Пионер ауылдық округінде:
Округ аумағы – 63,8 мың га.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер аумағы – 53,4 мың га.
Егістік көлемі -33,8 мың га.
 Көпжылдық шөптер аумағы – 3743 га.
Егістік алқаптары 2016 жылы – 26351га.
Жинау алаңы 17765 га.
Есептен шығарылды - 8765 га.
Орташа Өнімділік 12 ц/га.
Шөп – 6985 тонна.
Ш/Ф/Х - 48 , ЖШС – 10. ӨК – 1, ЖК - 29
Округ халқы – 2006. адам.
Экономикалық белсенді тұрғындар – 1243
Зейнеткерлер 274 адам.
Мүгедектер – 40 адам.
АӘК алушылар -0
МБЖ алушылар-4 адам.
тұрғын үй жәрдемақы алушылар – 30 адам.
 
                     Пионерское    Приишимское   Центральное       Барлығы
Оқушылар -        231                     69                    54                     369
1-сынып               14                       9                      4                         9 
Мектепалды 
даярлық тобы     13                      12                      6                       26
Шағын-орталығы 225                  18                     12                      58
 
 
ВА с. Пионерское – 1
ФП с. Орталық – 1
ФП с. Приишимское – 1
Ауыл шаруашылығы. 
         Ауылдық  жерлерде тұратын адамдарға қосалқы шаруашылық  негізгі табыс көзді. 
Пионер  ауылдық округінде 1қаңтар 2016 жылы:
Ірі қара мал -2039
Қой мен ешкі – 1409
Жылқы -329
Құс – 5207
Шошқа – 600
        Жаңа 2016 жыл бірқатар мәдени іс-шаралар өткізілуімен басталды. 
 
         Батрынча        ЖК қолдауымен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында христиандық мереке  "Крещение господне"? ұйымдастырылып өткізілді.
        "Наурыз мейрамы"мерекесі де өте жоғары деңгейде атқарылды.Өткен жылы мереке Приишимское ауылында өткізілсе . Ал бірлескен Центральное ауылы ш\қ басшылырының қолдауымен ағымдағы жылы Центральное ауылында өткізілді, сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, шара барысында түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға сый-сыяпат көрсетілді естелік сыйлықтармен марапатталды. Осылай әр ауылда кезектен  «Наурыз мейрамы» өткізу дәстүрге айналды..
        Пионер ауылдық округінің спортшылары, аудандық ғана емес, облыс және республикалық спорттық іс-шараларға белсенді қатысады . Мәселен Пионер ауылдық округі  командалары  аудандық және облыстық, республикалық жарыстарда ауылымыздың намысын қорғап жур. 
       Биылғы жылы біз ҰОС аяқталғанына 71-жыл болғанын атап өттік. Жеңіс Күнін тойлау қарсаңында, тыл еңбеккерлеріне азық-түлік себеттері табыс етіліп соңы «Бессмертный полк» акциясымен аяқталды. Приишимское ауылында ш\қ демеулігімен   ҰОС  ардагерлеріне арналған ескерткішіне жөндеу жүргізілді.
        Сәуір айы бізге талай жағымсыз тосын жайлармен жетті. Бізде қабылданған шараларға қарамастан, біз қауіптенген оқиға орын алды. Ауылымыздың 16 үйін су басты, абырой болғанда адам мен мал шығыны болған жоқ. Барлық зардап шеккендерге азық-түлік, киім-кешек, құрылыс материалдары турінде көмек көрсетілді. Кейінірек біздің округ аумағында, тұрмыстық техника және жиһазбен  жеңілдікпен сатылды.
       Сонымен қатар тасқын су салдарынан Осакаровка – Молодежное облыстық маңызы бар тас жолының 32 км көпір айтарлықтай зардап шекті. Бұл көпір 1955 жылы салынды, 1979 жылы қайта жаңартылды. Қазіргі уақытта көпір іске қосылып, пайдалануға берілді. Көпірден шыққан қиыршықтас Пионерское ауылындағы бөгетті  нығайтуға жіберудеміз. Бүгінгі күні 3 км. бөгеттің 2 км , биіктігі 1-1.5. м көтерілді. 
       Ауылымыздың экологиялық ақуалы да маңызды.  Сондықтан,ауыл тұрғындарының  бірлескен іс-қимылы нәтижесінде, жоспарлы және жоспарсыз сенбіліктер, таза бейсенбілік біздің округ бойынша тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Біз ұйымдастырылған ЖШС Жанай , қоқыс шығару арнайы техника көмегімен 200 камаз қоқыс шығарылды. 
       Пионер с/о су құбыры желісі әрбір елді мекенде апаттық жағдайда және күрделі жөндеуді қажет етеді.  Бүгінгі күнде «2020-Жол картасы» бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттен 12 млн. теңге бөлініп, Центральное ауылының  су құбырларын жөндеуге  жөнелді. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жалғасуда. Пионерское ауылында «Өңірлер дамуы» бағдарламасы  бойынша  1млн. теңге бөлінді. 
2015 жылдың шілде айында «Нұрлы жол»  бағдарламасы бойынша Пионерское ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталды. Бүгінгі таңда  құрылыс жұмыстары аяқталып тапсыру сатысында. 
       «2020-Жол картасы» бағдарламсы бойынша 9 млн. теңгеге № 3 ОМ, Центральное ауылының НМ 6 млн. теңгеге жөндеулер жургізілді. АМҮ жөндеуіне  бірінші бағыт бойынша 9 млн. теңге бөлініп толйқ көлемде игеріліп екінші  бағыт бойнша 9млн. теңге бөлінді.  АМҮ  жөндеуін 2017 жылдың қаңтар айында аяқталу жоспарланып отыр.  
      2016 жылдың желтоқсан айында  Пионер ауылдық округі көркем ұжымы,  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл, Қарағанды облысының 80 жылдығына арналған, «Әнге қосам менің елім Қазақстан» аудандық конкурсына қатысты. 
         Сондай-ақ Пионер ауылдық округі аудандық және облыстық жәрмеңкелерге үздіксіз қатысады,.
        Тамыз айының аяғында «Өңірлер дамуы» бағдарламасы аясында, жергілікті мердігер «Батрынча» ЖК  салған  балалар алаңының салтанатты ашылуы болды. 
 

         Өзінің сөздерінің бірінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев былай деді: «Егер сен өз еліңнің ұлы болсаң, егер сен өз еліңнің тағдырына қатыссаң, егер сенде азаматтық көзғарасың бар болса,  тәуелсіз қазақ бірлігіне аянбай тер төгіп еңбектен»

         Тарих көрсеткендей, әр елдің жетістіктері  қоғамның бірлестігі,  уақытша қиындықтарға төзе білетіндігіне  қатысты екенін көрсетіп отыр.

«Келісім барда  кішкентай ісің өрге басады, келісім жоқта үлкен іс құрдым болады » - деген халықтың дана сөзі бар.  Бірлігіміз нық болса Елбасымыз алға қойған  мақсаттарына  қол жеткізетінімізге сенемін!

 Біз біргеміз. Бұл біздің басты күшіміз!

 

 

 

       

 

 

 

 

 

   

 

 


Дата редактирования: 11 Января 2017 12:16

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»