В Осакаровке:  -4°C , Влажность 87%, Давление 720, ветер 1 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Қарағанды облысы Осакаров ауданының Трудовой ауылдық округі әкімінің есебі

№ 1Слайд:Трудовой ауылдық  округі 

әкімінің 2016 жылғы дейінгі атқарған жұмыстарының есебі.

 

Құрметті қызметтестер!

 

         Әрбір адамның өмірінің бір кезеңінде алдына қоятын мақсаты болады.Ол мақсатқа жеткенде алдымызға жаңа мақсат қоямыз.Менің алдыма қойған мақсатым өзім басқаратын округ тұрғындарының хал-ахуалын жақсарту болып келеді.

 № 2 Слайд: Ең алдымен  қатысушыларды осы Трудовое селолық округінің Паспортымен таныстырғым келеді.Трудовое селолық округі екі ауылдан құралады:Трудовое және Степноеауылдары.Елді мекендер– 1933жылы құрылған. Трудовое селолық округі -  57461 га жерге орналасқан,   ол Мирный, Звезда, Қаратомар және Шідерті селолық округтарымен шектеседі.

         Аудан орталығынан   ауылдарымыздың ара қашықтықтары 120 және 110 км орналасқан.  Трудовое ауылынан 4 км ал Степное ауылынан 4км  қашықтықта республикалық Павлодар – Қарағанды күре жолы өтеді.

Трудовое селолықокругінде тұрғындар саны 1030 адамды  құрайды. Көшіп-қону атымен жоқ.

Қазақстан Республикасы– көпұлтты мемлекет.

Азаматтық бейбітшілік және ұлтаралық келісім біздің басты құндылығымыз. Бейбітшілік пен келісім, дін мен мәдениеттің өзара диалогі біздің мемлекетіміздегі тұрақтылық бүкіл әлемді мойындатып отыр. 

Трудовое селолық округіндебарлығы 15 ұлт өкілдері тұрады:

қазақтар                   61адам.

орыстар             552 адам.

немістер                129 адам.

украиндықтар   80 адам.

татарлар3 адам.

басқалары          205 адам.

Олардың бәрі  бұл жерде баяғыдан бері тұрады.Олардың арасында өзара келіспеушілік атымен кездеспейді. Бүкіл іс-шаралар екі тілде өткізіледі және әрбір ұлттың әдет-ғұрпын ескере отырып өткізіледі.

Өз жұмысымда  басты мақсатқа  округтің әлеуметтік-экономикалық хал-ахуалын жақсарту бағдарламасына арнап келемін.Әрқайсысына не істелінді?

 

№ 3, 4Слайд:Агро  азық-түлік бағдарламасын жүзеге асыруда  алдымен селолық округтің экономикалық өсім мен тұрақтылыққа арналған. Бағдарламаның ең басты мақсаты селолық округтіазық-түлікпен қамтамасыз етуді жақсарту және  адамдардың барлығын жұмыспен қамту қөзделген.

Біздің  округтегі агроөндірістіккешендерЖШС «Еңбек-95», ЖШС «Табыс Агро», ЖШС «Құтты Мекен Жері», ЖШС «Б.С.», ЖШС «Нур Сахиб» және 28  шаруа қожалықтары,олардың ішінде дәнді дақыл себушілер шаруашылығы – 17, көкөніс өсірушілер – 4, мал шаруашылығымен айналысушылар – 4.

№ 5 Слайд: 2015 жылы дәнді дақылдар19572,5 га жерге себіліп өсірілді, жиналуы – 22580 тонна: бидай – 17918 га, жиналуы – 19933 тонна; арпа – 1605 га, жиналуы – 2622 тонна; сұлы– 50 га, жиналуы – 25 тонна.

Ең көп көлемді 17013 га жерді шаруашылық иесі ЖШС «Еңбек 95» алып жатыр. Қорыта келгенде, округта орта есеппен егін ору кезінде егін11,6 ц/габолды.

Картоптың отырғызылған жер көлемі17 га құрайды, жиналғаны – 153,5 тонна. Көкөністердің отырғызылған жер көлемі38 га, жиналғаны – 1085 тонна.

         Үнемі  назарымыз өнімдермен дәнді дақылдарды жаңадан сұрыптауға  және жаңартып отыруға арналады. Егін егуде басты назардыегінге дейінгі сапасын сақтауда үлкен көңіл бөлінеді. Басты технология талаптарын сақтау бойынша жерді өңдеу мәдениетін көтеру мәселесі ерекше бақылауға алынуда: судыгер жырту, парларды өңдеу,минералды және органикалық тыңайтқыштарды қолдану ЖШС «Еңбек-95»шаруашылығының жақсы техникалық жарақтануын ерекше айтып өткім келеді, онда жыл сайын машина-трактор паркі жаңартылып отырылады.

Агроөндірістік  кешеннің бағдарламасының  жетістіктерге жетуі мемлекеттің қолдауы болып табылады.

№ 6 Слайд:2015 жылы ЖШС  «Еңбек-95» 51 158 000 теңгеге өз қаражатына техника сатып алды, ал 2016 жылы 37 788291 теңгеге сатып алды. ЖШС «Еңбек-95»округтегі ең ірі ауылшаруашылық өндірісі өз қаражаты есебінен  Испан-Эмираттан шығарылған су құятын құрылғы сатып алған.Әр құрылғы 100 гектар жерді қамтиды.Мұндай құрылғылар Қарағанды облысы бойынша теңдесі жоқ. Қазіргі малшаруашылығы күрделі өзгерістерді қажет етеді. Шағын тауар өндірушілердің бірігіп ірі тауар өндіруші шаруашылыққа айналуы, ірі қара малды бордақылау, сүт өнімдері фермаларын құру, лизингке технологиялық құрылғыларды алып мал шаруашылығы өнімдерін шығару.

№ 7, 8 Слайд:Бұрын Советтер одағындаТрудовое совхозы сүт-бидай өндіруші шаруашылығымен айналысқан болатын. Ірі қара мал басы 3600 ге жеткен. Бүгінгі күні біз алдымызға мал шаруашылығын қайта дамытуды қолға алып отырмыз.Осы жылы ЖШС «Еңбек-95» сүт-тауары фермасынсалуды бастады.Онда 600 бас сиырға 25 жаңа жұмыс орны ашылмақ.        1. ЖШС «Еңбек-95» өзінің қаражатына 600 бас ірі малға  арналған сүт фермасын салуда.

        ЖК«Дадажанов» өз қаражатына 7000 бас шошқаға арнап шаруашылық базасын салуда.  Бұл жобаға 2014жылы 27млн.тенге жұмсалды.   Жаңа жұмыс орындары ашылуда.

Жем-шөп базасын нығайтуда жерлерді сулау бағдарламасын қайта құруға ЖШС «Еңбек-95» 2017 жылға дейін 1000 гектеар жерді суландырмақ. 2015 жылы жерге 400 гектеар люцерна және 100 гектар судан шөбін септі, одан бай өнім алды.Шөп суару мен жем дайындау Сатпаев каналынан ағызылады.Канал бойында10 шаруа қожалықтары оранласқан. Олар көкөніс пен картопөсірумен айналысады. Жиналған өнім Астана, Қарағанды, Теміртау қалаларында және Осакаровка ауданының «Ауыл-береке» жәрмеңкесінде сатылады

Саулық сиырлардың тұқымын жақсарту мақсатында ірі қара малды қолдан ұрықтандыру пункттері жұмыс істейді. Олар саулықтардың тұқымын жақсартуға өз көмегін тигізді.

№ 9 Слайд:Қара малдың округ бойынша бас санағы  төмендегідей:

2017жыл2016жыл

- ІҚМ -           1580 бас                                   1580 бас

- ҰМ –           683 бас683 бас

- Жылқы –     152 бас                                      152бас

- шошқа -        851бас773бас

- құстар –     2750 бас                                    2600 бас

Былтырғы жылмен салыстырғанда шошқа, құстар саны көбейді.

№ 10Слайд:Осы жоғарғы жетістіктерге ЖШС,шаруа қожалықтары мен бірігіп жұмыс атқарғанның арқасында жеттік.Трудовое селолық округінде  мемлекеттік барлық бағдарламалар жұмыс жасап жатыр, олар «Жұмыспен қамту- 2020»,  «Жол картасы -2020».

Шаруа қожалықтары жоғарғы көрсетілген бағдарламалар бойынша 15 миллион  теңгеге шағын несиелер алған. «Сыбаға»  жобасы бойынша бұқалар мен саулықтар сатып алу үшін 9 миллион теңге несие алынған.

Сүт өнімдері, мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары мемлекеттік қолдауға ие,оларға селекциялық-тұқымдастыру жұмыстары субсидия арқылы жүргізіледі.Барлық шаруашылық субъектілерхалық алдында әлеуметтік жауапкершілікте.

Жыл сайын олармен бірігіп жұмыс атқаруға келісім жасап меморандумға отырамыз.Соның арқасында көптеген әлеуметтік мәселелер оң шешімін тапты.

 № 11,12, 13Слайд: «Шағын және орта бизнес – ол Бүкіл еңбек Қоғамының түп негізі » - деді Президент  өзінің Қазақстан халқына арнаған жолдауында.

Шағын тауар өндіруші субъектілер саны 10 сауда нүктелерінде қойылған.Олар азық-түлікті сатумен айналысады, 1-тауар өндіруші дүкен, 1 қоғамдық тамақтану пункті, дәріхана,шаштараз пункттері. Бастысы наубайхана ашылып 5 жұмыс орны ашылды.Нан бағасын өсірмеу мен орнықтыру мақсатында нан мен нан өнімдерін шығару үшін наубайхана ашылды. Онда тәулігіне 1000 нан пісіріп шығарып жақын орналасқан 5 ауылды мекенді нан өнімдерімен қамтамасыз ету болып табылады.

Бүгінгі күні  шағын бизнес басшыларымен тамақ түрлеріне бағаны өсімін болдырмау туралы меморандумға келісім жасалды.

Барлығына белгілі мемлекетімізде жаңа әлеуметтік саясат қалыптасып жатыр. Ол әртүрлі реформалар арқылы жүзеге асуда

№ 14Слайд:     Экономикалық үрдістің ауқымын ұлғайта отырып округтің әлеуметтік даму мақсатын кеңейтудеміз. Азаматтарды жұмыспен жұмыспен қамту округта тегіс орындалған. Экономикалық белсенді тұрғындар саны 623 адам. Оның ішінде: 448 адам- жұмысы бар тұрғындар,  оның ішінде–175 адам- өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, олар көбінесе өздерінің шаруашылықтары арқасында күн көріп отырғандар және қаражаты өздерінің дамуына молымен жеткілікті.

Экономикалық белсенділігі төмен  - 387 адам (мектепке дейінгі балалар,оқушылар,зейнеткерлер,мүгедектер, студенттер).

 Орта есеппен округтағы тұрғындардың жалақысы

105 340 тенгені құрайды.

Округта экономикалық ауқымды жақсартуға жағдай жасалған  (жұмысшы жалдау, сауда-саттықпен айналысу, шаруа қожалығы, отбасылық бизнес).Осыған байланысты жұмыспен қамту бағдарламасы округ әкімі аппаратында жергілікті тұрғындармен мақсатты бағдарламамен жүргізіледі. Ол ешкімді ұмыт қалдырмау және жұмыспен қамту үшін жүргізіліп отырылады.

Жұмыссыздар жұмыспен қамту орталығында есепте жоқ.

       АСП алушылар да жоқ.

Оқумен қамту есебінен 12оқушы мектептерде тегін тамақтанады ( олар көпбалалы отбасынан және жетімдер).

Мектептерде  «Қамқор» пункттері жұмыс жасайды.

Селолық округта 28мүгедек тұрады, олар:

1-топ мүгедектері -   6 адам

2-топ мүгедектері -   8 адам

 

 3-топ мүгедектері -   7 адам

Бала кезінен мүгедек-7 адам

Әрбір мүгедектің өзінің жеке баспанасы бар, олар ата-аналарымен бірге тұрады. Медициналық мекемелерде мүгедектерге тегін алғашқы медициналық көмек көрсетіледі.  1және 2 топ мүгедектері  100%.мемлекеттік баждан босатылады.Тұрмысы төмен мүгедектер жоқ.

Мемлекеттік бағдарламаларды орындау кезінде, іс-шараларды жоспарлағанда мен өзімді шағын және орта бизнес өкілдері орнына және қарапайым ауылдастарымның орнына қойып жағдайды нақты түсінуге тырысамын

№ 15Слайд: жол картасы 2020 бағдарламасын орындаудабіз алдымызға тұрғындардың кірісін жоғарылату мақсатында нақты жұмыстар атқарып жақсы нәтижеге жетуді қойдық.

Бірінші:  Жұмыссыздар мен аз қамтылған , өзін-өзі жұмыспен қамтуға көмектесу. Тұрғындарды оқыту және жұмысқа тұруға көмектесу «Даму» қоры арқылы тегін оқуғаселолық округтің 5 тұрғынын жіберіп оқып  сертификат алды.

Жастар арасынан Сутармина Т.П. субсидия есебінен сауда-саттықпен айналысу негізін оқып келді (жол ақысы,оқуы, жатақханада тұрғаны  мен пәтер жалдап тұрған ақылары төленді).

Бағыты бойынша "жұмыспен қамту Жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша бір жұмыссыз кәсіптік оқудан өтті ветеринария мамандығы бойынша жұмыс істейді, қазіргі уақытта санитарлық ветеринаром.

Сондай-ақ, "жұмыспен қамту Жол картасы 2020" бағдарламасы бойынша, ағымдағы жөндеу "КММ - №15 ОМ, Трудовое а." жұмыспен қамтылды, 4 адам.

№ 16 Слайд: Екінші мақсат: Сауда-саттықпегн айналысуды ауылда дамыту.

Сауда-саттықты ауылда дамытуда  «Синтек» банкінен үш тұрғын барлығы 15 млн. Теңгеге несие алды.. Также по линии развития животноводства «Сыбаға»  «Сапсан» шаруа қожалығының басшысы Керимов Гулаглан Авазович  ауылшаруашылығын дамыту үшін 9 млн. теңгеге несие алды. 

Үшінші мақсат:Ауылдық мекенжай пункттерін дамыту

ЖШС «Еңбек-95»  спонсорлық көмек көрсетуіне байланысты директорыБесплемянный О.А.  2009 жылы оларға тегін бұрынғы сауда-саттық орталығы,қазіргі клуб ғимараты берілген болатын. Биылғы жылы клуб ғимаратын жөндеуге 2 миллион теңге бөлініп ғимарат тегіс жөндеуден өткізілді.

Бұл бағытта жұмыстар әлі де атқарылады.Біздің істегенімізден істейтініміз әлі көп. Алдымызда кездескен кедергілерді бірігіп жойып отырдық.Меніңше кездескен кедергілер бізді шыңдай түсті, бір-бірімізбен жақындастыра  түсті, бізде билік бір жақта,екінші жақта тұрғындар деп бөлінбейміз. Бәрін бірігіп жасап күтілген нәтижеге қол жеткізіп отырмыз.

17 қаңтардағы Нурсултан Әбішұлы Назарбаевтың  «Қазақстан жолы – 2050 бір мақсат, бір тілек,бір келешек»атты Халыққа Жолдауын жариялады. Бұл Жолдау біздің алдымызға жаңа мақсаттар қойды және біз округтіңдаму жолында бірге күш салып жұмыс жасаймыз.

№ 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23 Слайд:Біздің ауылда жанға жайлы өмір сүруге арналған әлеуметтік құрылымның бәрі бар. Орта және Негізгі мектептер,  1ВА, 2 селолық клуб, пошта бөлімі, шаштараз, дәріхана, стадион.

Мектептерде барлығы  108оқушы білім алып жатыр.Мектептердешағын –орталықта 1 топ  3-тен 5-ке дейінгі жас аралығындағы мектепке дейінгі 30 сәбилерді ұйықтатып, тамақтандырып тәрбиелеп отыр. Кітапхана қоры үнеміжаңа кітаптармен толықтырылып отырады.Кітап қоры 13000 экземплярды құрайды.Тағы бір маңызды сала ол тұрғындардың денсаулығын сақтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру  болып табылады. Осы мақсатта ауылға жыл сайын ауылға жылжымалы мамандармен қамтылған медицина қызметкерлерін шақырамыз. Жастарды өңірде өтетін барлық спорттық шараларға қатысуын қадағалаймыз. Жастарды спорттық іс-шараларда аудан бойынша қатыстыруға атсалысамыз.

№ 24Слайд:Мемлекеттік қолдауға тағы бір бағдарлама ие, ол «Аймақтардың дамуы». Бұл бағдарлама бойынша былтырғы жылы 489,3 теңге бөлініп, ол көшедеп жарық құрылым бойынша электромонтаждық жұмыстар.

№ 25 Слайд:25-жылдығына орай Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні 2016 жылы республикалық бюджеттен бөлінген 8 млн 300 мың теңге қолданылды, ағымдағы жөндеу "КММ ОМ №15 с. Трудовое".

№ 26Слайд:Сумен қамтамасыз ету, және электр тоғымен қамту.

Мен сіздермен сенбілік өткізуді ұйымдастыру тәжірибеммен бөліскім келеді.Халық айтса қалт айтпайды дегендей: «Еңбегі жоқтың өнбегі жоқ». 

№ 27,28, 29Слайд:11сәуірден бастап 28мамырға дейін жылда елді мекендерді көркейту үшін көктемгі екі айлық сенбіліктер өткіземіз.Осы сенбіліктер аясында жаз бойы«Таза бейсенбіліктер» өткіземіз.Жаз бойы үнемі жол тараптарын  шөптен тазалаймыз.           

№ 30Слайд: «Үздік үй», «Үздік аула»номинациясы бойынша жеңімпаздар акциясын өткіземіз, олар таза ауамен жұтынуғашақырады. Ауылдың әрбір адамы өзі тұрып жатқан үйлерінің маңайын тазалап, бояп ауласын таза ұстауға дағдыланады.

Қоғамдық ақы төленетін жұмыстарға 1 адам қатысты,олар  ауыл ішінде санитарлық тазалықпен, столбыларды бояумен, жол жиегін сылаумен,   Трудовое ауылынан Павлодар – Қарағанды күре жолына дейін арам шөптерді жұлумен айналысты.

Осы өткізілген  екіайлық сенбілік арқасында біздің селолық округ келесі жетістіктерге қол жеткізді:

 № 31Слайд:Жыл сайын келесі іс-шаралар өтіп тұрады:

№ п/п

      Іс -шаралар

саны

1

Территория аумағы тазаланған  га

150

2

Жеке келісім-шарт жасасқан

298

3

Жеке, шағын бизнеспен меморандумға отырған

 100 000. тенгеге -11

4

Шаруа қожалықтарыменмеморандумға отырған

 800 000. теңгеге-18

5

Кесілген ағаштар

210 шт.

6

Қоқыстар мен малдың қиы шығарылған

5000 тонна

7

Барлығы отырғызылған:

ағаштар

бұталар

 

 500 шт.                                         

8

Гүлзарлар отырғызу(клумба)

50 шт.

 

№ 32Слайд:Шағын –орталықтағы балаларға ауласын безендірді.Оған: бжүгіру жолдары, құмда ойнайтын жер, ертегілер кейіпкелері.

Осы жұмыстардың барлығы округтің шағын және орта бизнес өкілдерімен, шаруа қожалықтары басшыларымен қоян-қолтық бір бірімізбен тіл табысып ,сыйласымда жұмыс атқарғанымызда жеттік.

 

Құрметті қызметтестер!

         Әкімнің ең бір жетістікке жетелейтін әдісі істеген істерінің құпиясыз ашық, тұрғындармен ашық диалогке шығып жұмыла жұмыс жасауы деп есептеймін.Бұл әсіресе әрбір қадамы көз алдында өтіп жатқан ауыл әкіміне тән құбылыс.Осы мақсатта мен әр тоқсан сайын сіздердің алдарыңызда  істеген жұмыстарым бойынша есеп беремін,  айтылған сын-ескертпелерді үнемі назарда ұстаймын, айтылған арыз-шағымдарды тексеріп отырамын, көтерілген мәселер бойынша жұмыс жасауға тырысамын. .

Тұрғындармен күнделікті өмірде кездесетін сұрақтар бойынша жиын өткізіп, қиындықтарды бірге шешіп, жеңіп келеміз. Үнемі азаматтардың сұрауы бойынша қабылдау жүргіземін. Мұндай жұмыс тәсілі өз жемісін беруде.Жыл сайын арыз жазу мен шағымданулар азайып келеді, жоқтың қасы деуге болады.Жоғары орындарға шағымдану тұрғындар арасынан кездескен жоқ.

         Қоғамдық ұйымдар, белсенді жұмыскерлер менің жұмысымның алға жүруіне көп ықпалын тигізуде.Әкімдікте қоғамдық кеңесшілер,ардагерлер кеңесі,  инициативті топ құрылған. Олар қоғамдық жұмыстарға белсене араласып халықпен жұмыс жасауда керек кезінде көмектерін аямайды.Бірігіп атқарған жұмыстар жастарды тәрбиелеуге, қоғамда ауызбіршілікте ұстауға көмегін береді.

Бір адам тарихты жазбайды, меніңше бірге атқарған жұмыста туған ауылға өз жемісін беріп гүлдендіруге жетелейді. Адамдар билікпен барлық бастауларда бірігіп қол үшін беріп отырғаны дұрыс деп есептеймін.Үнемі өзіне сұрақ қоя білу қажет: Мен өз ауылымды көркейту үшін не істедім? Не істей аламын?-деп.Біз бүкіл білімімізді, тәжірибемізді өз балаларымызға беріп мемлекетіміз үшін қызмет жасауымыз керек.

         Барлығыңызға Отанымызды көркейтуге  талмас қанат, табыс, бірлік тілеймін!

         №-33Слайд: Тыңдағандарыңызға рақмет!

 

 


Дата редактирования: 11 Января 2017 12:30

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»