В Осакаровке:  9°C , Влажность 40%, Давление 716, ветер 7 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы

Баспасөз-релизі

       Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Комиссия жанынан құрылған Сарапшылық-әдістемелік кеңестің бірінші отырысы болды.

Сарапшылық-әдістемелік кеңес Ортсайлаукомның 2017 жылғы 7 ақпандағы қаулысымен халықаралық нормалар мен шетелдік электораттық тәжірибені ескере отырып, ғылыми зерттеулер жүргізу және консультациялық қызметтер көрсету арқылы қазақстандық сайлау заңнамасы мен құқық қолдану практикасын жетілдіру мақсатында құрылды.

Кеңестің құрамына Ортсайлауком мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары  З.Я. Балиева және С.Т. Сейдуманов, Заңнама институтының директоры А.С. Тукиев, Е.А. Бөкетов атындағы  Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры Е.Қ. Көбеев, Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры М.С. Башимов,      Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Заң факультетінің деканы С.К. Амандықова, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің профессоры Э.Б. Мұхамеджанов және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Ш.В. Тлепина енді.

Ортсайлауком басшысы Б. Имашев өзінің сөйлеген сөзінде сайлау және референдумдар туралы заңнамаға қоғамдық мониторинг жүргізуде, сайлау процесінде жаңа технологияларды қолдану жөніндегі  ұсыныстарды талдауда және дайындауда Кеңес қызметінің маңыздылығын  атап өтті.

Сарапшылық-әдістемелік кеңестің отырысында оның 2017 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасы мәселелері бойынша оны одан әрі жетілдіру жөнінде, ұсыныстарды әзірлеу үшін  нәтижелі пікір алмасу болды. 


Дата редактирования: 06 Марта 2017 10:59

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»