В Осакаровке:  9°C , Влажность 40%, Давление 716, ветер 7 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

ЕРЕЖЕ

Қарағанды облысы

 Осакаров ауданы әкімдігінің

2012 жылғы 10 желтоқсандағы

№ 49/01  қаулысымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

«Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ережелер

      1. « Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі мәдениет және тілдерді дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. « Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінде мынадай ведомстволары бар:

1) Осакаров ауданы әкімдігі Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Аудандық мәдени-сауық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

2) «Қарағанды облысының Осакаров ауданының «Орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» мемлекеттік мекемесі.              

       3. « Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті  мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Мәдениет туралы» заңдарына,өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

        4. «Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі  ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

        5. « Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі  азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

        6. « Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі  егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы  бар.

        7. «Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі  өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі  басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

        8. «Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі  құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

        9. Заңды тұлғанын орналасқан жері: Қарағанды облысы, Осакаров ауданы,Осакаровка кенті, Достық көшесі, 43.

       10.Мемлекеттік органның толық атауы – «Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

       11. Осы Ереже «Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»  мемлекеттік мекемесі  құрылтай құжаты болып табылады.

       12. «Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.

       13. «Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі  кәсіпкерлік субъектілерімен «Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі  заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

       14. «Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

мәдениет және тілдерді дамыту саласында мемлекеттік саясатты  нәтижелі жүзеге асыру үшін сапалы және қолайлы қызмет атқару.

       15. Міндеттері:

- мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, бірлестіктердің ұлттық салттары мен дәстүрлерін, мәдениеті мен өнерін, Қазақстан Республикасындағы қазақ және басқа да халықтардың фольклорын, көркем кәсібі мен қолөнерін, жаңғырту, сақтау, мәселелерін, отандық нарыққа мәдени өнімдер мен қызметтерді топтастыру, сондай-ақ аудан аумағында«Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзырына енетін басқа да мәселелер бойынша қызметін үйлестіру;

- Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» “Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы” заңдарын, 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламаны, аудандық ұйымдар мен мекемелерде, меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындарда 2011-2020 жылдарға арналған тілдерді дамыту мен қолданудың аймақтық және салалық бағдарламаларының жүзеге асыру барысында тұрақты бақылауын жасау;

- аудан аумағында тілдер саясатын жүзеге асыру уәкілеттілігін қамтамасыз ету;

-ауданның коммуналдық мемлекеттік ұйымдарының өз құзырындағы өкілетті органдардың мақсатты қызметін және де сол қызметті жүзеге асырушы ауданның коммуналдық мемлекеттік ұйымдарының (шаруашылықты қолданатын құқылы немесе қазыналы ұйымдарының) түрін анықтау;

-акционерлік қоғамдағы жауапты жолдастық серіктестіктердің мемлекеттің басқаруындағы жоспарын жүзеге асыруын болжайды және бақылау жасайды, «Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне берілген әкімдіктің шешіміне сәйкес акцияның бір бөлігін қолдануға құқылы.

       16. Функциялары:

       1) «Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары:

- мәдениет және тілдерді дамыту саласында Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

- мәдениет пен өнердің материалдық-техникалық базасын нығайту мен инфрақұрылымын сақтау мен дамытуды қамтамасыз етеді;

- мәдениет мекемелерін құруын және олардың қызмет ететін принциптерін анықтау;

- кітапханалық, клубтық мекемелерді  сонымен қатар мұражайлық істерін сақтауына, дамуына қамтамасыз ету;

- мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде жұмыстарын ұйымдастыру, келешектегі дамуын жүзеге асыру және де «Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бағынышты ұйымдардың қызметін үйлестіру, басқару; 

- мәдениет және тілдерді дамыту саласында аймақтық бағдарламаларын жасау мен олардың орындалуын қамтамасыз ету;

- бұқаралық ұлттық, мемлекеттік мерекелерін, мерейтой іс-шараларын ұйымдастыру, өткізу;

- қазақстандық патриоттық сезімін тәрбиелеу, азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық татулықты, ішкі саяси тұрақтылықты бағыттау негізінде аудандық шараларды, акциялар мен конкурстарды ұйымдастыру;

- «Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша қоғамдық бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен, кәсіптік одақтармен және басқа да ұйымдармен қарым-қатынастарды жүзеге асыру;

- мемлекеттік, мәдениет қызметкерлерінің арасында мәдениет және тіл саясатын жүзеге асыру мәселелері бойынша  семинарлар, кеңестер, конференцияларын өткізуін ұйымдастыру;

- мәдениет қызметкерлердің аттестациясын өткізу мен қатар олардың біліктілігін арттыру үшін жағдай жасау;

- шығармашылық қызметкерлердің заңдық құқықтары мен мүдделерін қорғау;

-Қазақстан Республикасының мемлекеттік және ведомстволық наградаларымен марапаттау жөнінде жоғары тұрған мемлекеттік органдарына ұсыныс жасау;

- аудандық деңгейдегі материалдық және рухани мәдени құндылықтарын, тарихи ескерткіштерін пайдалану, есепке алу және қорғау жұмыстарын ұйымдастыру;

- тарихи және мәдени мұраларды қорғауына әрекет ету, тұрғындардың ұлттық және мәдени салт-дәстүрлерін дамытуына көмектесу;

- бюджеттік жоспарлау негізінде жергілікті уәкілетті органға “Мәдениет және тілдерді дамыту” тарау бойынша  әлеуметтік-экономикалық дамыту жоспарын ұсыну;

- аудандық бюджетті нақтылау кезенінде ұсыныстар енгізу;

- төлемі мен міндеттемелері бойынша бекітілген қаржылық жоспарларына сәйкес ауданның мәдениет ұйымдарын қаржыландыру үшін өтінім ұсыну;

- «Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі және «Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мекемелері мен кәсіпорындарында бухгалтерлік есепті жүргізуіне жалпы басшылықты жүзеге асыру;

- қаржылық тәртібін сақтау және бюджеттен бөлінген қаражаттарын ұтымды пайдалануын қамтамасыз ету.

        2) ведомстволардың функциялары:

Осакаров ауданы әкімдігі Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Аудандық мәдени-сауық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны:

- қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу мақсатында, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған, болашақ ұрпағы мен аймақтағы тағы басқа тұрғындарының қойылымдары, демалыс кештері, көңіл көтеру, спорттық- сауық бағдарламалары және  т.б. іс-шараларын өткізу;

  - халық шығармашылығын дамыту, жанр бойынша көркем шығармашылық  ұжымдарын, үйірмелер, студиялар, әуесқойлық бірлестіктер,қызығушылық клубтарын ұйымдастыру, ұлттық пен халықтық кәсіпшілігін дамыту;

- филиалдарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету (әдістемелік, нұсқау материалдар мен сценарийлерін әзірлеу, жеке және топтық консультацияларын, тағылымдамаларын, семинар-практикумдарын өткізу);

- ҚР заңдарына сәйкес тыйым салынбаған еңбек жақсарту шарттарын, мәдениет қызметкерлерінің әлеуметтік қорғау және материалдық-техникалық базасын нығайту жөнінде жағдай жасайтын кәсіпкерлік қызметінің ішінде тағы басқа да  қызмет түрлерін пайдалану.

«Қарағанды облысының Осакаров ауданының «Орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» мемлекеттік мекемесі:

-кітапхананың іріктеп жинақтау қорының сақтау, өндеу және пайдаланушыларына анықтамалық-библиографиялық,өлкетану құжаттары бойынша ақпараттық қызмет көрсету;

- автоматты кітапханалық жүйелерін құру мен олардың қызметін ұйымдастыру, библиографиялық каталогтары мен картотекаларын құру;

- ауданның кітапханалар қызметінің дамуы бағытында концепциялар, болжамдар негізінде ғылыми-зерттеу, білім беруге арналған, ағартушылық, әдістемелік жұмыстарын жүзеге асыру;

- кітапхана пайдаланушының ақпараттық керегін, кәсіби және жалпы мәдени сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында баспа қызметін жүзеге асыру.

          17. Құқықтары мен міндеттері:

-  мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, бірлестіктердің ұлттық салттары мен дәстүрлерін, мәдениеті мен өнерін, Қазақстан Республикасындағы қазақ және басқа да халықтардың фольклорын, көркем кәсіби мен қолөнерін, жаңғырту, сақтау, мәселелерін, отандық нарыққа мәдени өнімдер мен қызметтерді топтастыру, сондай-ақ аудан аумағында бөлімнің құзырына енетін басқа да мәселелер бойынша қызметін үйлестіру;

- аудан аумағындағы барлық мемлекеттік және меншік мекемелері, ұйымдары мен кәсіпорындарынан мәдениет және тілдерді дамыту саласы бойынша мемлекеттік саясаттың орындалуына қажетті ақпаратты сұрап алу;

- облыстық мәдениет басқармасына, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармаға, жергілікті атқарушы және өкілетті органдарға «Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  құзырына кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте ұсыныстар енгізу;

- «Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне  бағынышты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;

- Заңдарға және осы Ережеге сәйкес басқа да уәкілеттіліктерді жүзеге асыру;   

- аудандық бюджетті бекіту кезінде аудандық Мәслихат сессиясына мәдениет  және тілдер саясатын жүзеге асыру үшін  ұсыныстар енгізу;

- акционерлік қоғамды жолдасты жауапты серіктестіктердің бекітілген капиталынан өз үлесін алатын жолдасты жауапты серіктестіктер мен акционерлік қоғамдардың құрылуына, қайта құрылуына қатысу.

- Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы мен мемлекеттік қызметкерлердің ар-намыс Кодексін сақтау;

- мәдениет ұйымдарының әлеуметтік-экономикалық  жағдайына  талдау жасау;

- мәдениет, сонымен  қатар  мемлекеттiк  тіл саясатын дамытуына  арналған  мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды зерттеп дайындауы мен орындалуын бақылау.

 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

         18. «Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне  жүктелген  міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын «Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы жүзеге асырады.

          19. Осакаров ауданының әкімі  « Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  бастығын  қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

          20. «Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бас мамандары  болады.

          21. «Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының өкілеттігі:

-  «Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі аппаратындағы мамандары, сонымен қатар ведомстволары мен құрылымдық бөлімшелердегі қызметшілердің міндеттерін анықтайды;

- заңдарға (кейбір жағдайларда жоғары тұрған мемлекеттік органдар бекіткен қызметтер номенклатурасына) сәйкес бөлім мамандарын, бөлімге қарайтын ведомстволардың бастықтарын қызметке тағайындап және қызметінен босатады;

- заңдарда белгіленген тәртіппен «Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі мамандарын, бөлімге қарайтын ведомстволардың бастықтары мен қызметкерлерін сыйақылайды, материалдық көмек көрсетеді және тәртіптік жаза қолданады;

- «Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  актілеріне қол қояды.

- «Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі атынан мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдарымен жұмыс жасайды.

- заңдарға сәйкес басқа да уәкілеттікті жүзеге асырады.

«Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы болмаған кезіңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

           22. «Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  бастығы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

 

4. Мемлекеттік органның мүлкі

            24. «Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым  салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

           25. «Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»  мемлекеттік мекемесінде бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

          26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе «Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі  өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен неліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

           27. « Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

«Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне және оның ведомстволарының қарамағындағы құрылымдық бөлімшелердің тізбесі:

1)      мәдениет және демалыс Саябағы, Осакаровка к.;

2)      Ескерткіш Аллеясы, Осакаровка к.;

3)      аудандық мәдени-сауық орталығы, Осакаровка к.;

4)      мәдени-сауық орталығы, Молодежный к.;

5)      ауылдық мәдениет Үйі, Батпақ а.;

6)      ауылдық клубы, Сарыөзек а.;

7)      ауылдық клубы, Дальнее а.;

8)      ауылдық клубы, Жуантөбе а.;

9)      ауылдық клубы,  Қызылтас а.;

10)  ауылдық клубы,  Лиманное а.;

11)  ауылдық клубы, Степное  а.;

12)  ауылдық клубы Звезда а.;

13)   ауылдық клубы Иртышское а.;

14)   ауылдық мәдениет Үйі, Есіл а.;

15)  ауылдық клубы, Сенокосное а.;

16)  ауылдық клубы  Шұңқыркөл а.;

17)  ауылдық мәдениет Үйі, Уызбай а;

18)  ауылдық мәдениет Үйі, Мирное а.;

19)  ауылдық мәдениет Үйі, Николаевка а.;

20)  ауылдық мәдениет Үйі, Озерное а.;

21)  ауылдық мәдениет Үйі, Қарағайлы а.;

22)  ауылдық клубы, Коллективное а;

23)  ауылдық клубы, Святогоровка а.;

24)  ауылдық клубы, Крещеновка а.;

25)  ауылдық мәдениет Үйі, Пионерское а.;

26)  ауылдық клубы Родниковское а.;

27)  ауылдық мәдениет Үйі, Садовое а.;

28)  ауылдық мәдениет Үйі, Сұңқар а.;

29)  ауылдық клубы, Трудовое а.;

30)  ауданның орталық кітапханасы, Осакаровка к.;

31)  орталық балалар кітапханасы, Осакаровка к.;

32)  көпшілік кітапханасы, Молодежный к.;

33)  балалар кітапханасы Молодежный к.;

34)  ауылдық кітапханасы, Батпак а.;

35)  ауылдық кітапханасы, Ошағанды а.;

36)  ауылдық кітапханасы, Сарыөзен;

37)   ауылдық кітапханасы,  Ақпан а.;

38)  ауылдық кітапханасы,  Сарыөзек а.;

39)  ауылдық кітапханасы,  Дальнее а.;

40)  ауылдық кітапханасы,  Звезда а.;

41)  ауылдық кітапханасы,  Николаевка а.;

42)  ауылдық кітапханасы,  Иртышское а.;

43)  ауылдық кітапханасы, Есіл а.;

44)  ауылдық кітапханасы,  Колхозное а.;

45)  ауылдық кітапханасы, Сенокосное а.;

46)  ауылдық кітапханасы, Шұңқыркөл а.;

47)  ауылдық кітапханасы, Уызбай а.;

48)  ауылдық кітапханасы, Мирное а.;

49)  ауылдық кітапханасы,  Комсомольское а.;

50)  ауылдық кітапханасы, Озерное а.;

51)  ауылдық кітапханасы, Қарағайлы а.;

52)  ауылдық кітапханасы, Коллективное а.;

53)  ауылдық кітапханасы, Святогоровка а.;

54)  ауылдық кітапханасы, Пионерское а.;

55)  ауылдық кітапханасы, Приишимское а.;

56)  ауылдық кітапханасы, Родниковское а.;

57)  ауылдық кітапханасы, Садовое а.;

58)  ауылдық кітапханасы, Сұңқар а.;

59)  ауылдық кітапханасы, Трудовое а.;

60)  ауылдық кітапханасы, Шидерты а.;

61)  ауылдық кітапханасы,  Ақбұлақ а.;

62)  ауылдық кітапханасы,  Тельман а.;

63)  ауылдық кітапханасы, Куркопа а.


Дата редактирования: 19 Сентября 2018 19:41

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»