В Осакаровке:  9°C , Влажность 40%, Давление 716, ветер 7 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыру

 Азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыру

 

«Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі (101000, Осакаровка кенті, Достық к., 32, тел. 8(7212)4-30-75, электрондық мекен-жайы: osamadeniet@mail.ru,  азаматтық қызметшінің бос лауазымына (A1-3 санаты) орналасуға конкурс жариялайды:

1. «Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Осакаров ауданы әкімдігінің аудандық мәдени-сауық орталығы» КМҚК басшысының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. (Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Осакаровка кенті, Достық, 43. Телефон 8 (72 149) 4 10 46.

Конкурс Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік кәсіпорындарының басшыларын конкурстық тағайындау қағидасын бекіту туралы» Ережесі негізінде өткізіледі.

Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар:

«Өнер» немесе «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтар тобы бойынша немесе «қызметтер» мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандық бойынша 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдарда басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі. Білуі тиіс: Конституцияны, Бюджет кодексін, Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» заңын, 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңдарын, сонымен қатар ұйымның шығармашылық-өндірістік, қаржылық-шаруашылық қызметін, еңбек және басқару негіздерін, шетелдік театрландырылған-көрнекі ұйымдардағы жұмыс өтілін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбек қорғау және қауіпсіздік ережелерін, өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу міндетті. 

Азаматтық қызметшінің лауазымдық жалақысы:

Санаты

 

Қызмет өткерген жылдарына байланысты жалақысы

бастап

дейін

А1-3

103 085

124 985

 

Функционалдық міндеттері:

Мәдени-сауық ұйымдарының қызметіне басшылық ету. Шығармашылық, әдістемелік, мәдени-ағартушылық жұмыстарды ұйымдастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын ұйымдастыру. Байқаулар мен фестивальдарды, халық шығармашылық конкурстарын. көркемөнерпаздар ұйымдарының басшыларымен өткізілетін семинарлар дайындауды және өткізуді ұйымдастыру. Көркемөнерпаздар ұжымдарының қызметін бақылау. Методикалық әдістемелерді, сценарийлерді, репертуарларды әзірлеу үшін,  білікті мамандарды тарту. Дайын материалдармен жұмыс жасау, көркемөнерпаздар ұйымдарына шығармашылық көмектер көрсету. Қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру үшін және мадақтау үшін, немесе шығармашылық талаптарын ашуға жағдай жасау. Ұйымдардағы қызметкерлердің өндірістік және еңбек тәртіптерінің, еңбек қорғау және қауіпсіздік ережелерінің, өртке қарсы қауіпсіздік талаптарының орындалысын бақылау.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініші, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақ (нақты тұратын мекен-жайы мен байланыс телефондарын көрсетіп), лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалдық сендірілген көшірмелері, еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық сендірілген көшірмесі, «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысандағы денсаулық жағдайы туралы анықтама, мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме, ерікті үлгіде жазылған өмірбаян. Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде «Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Осакаровка кенті, Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, Достық көшесі, 43 мекен жайына ұсынылуы тиіс.

Сұхбаттасуға жіберілген кандидаттар, құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін он күнтізбелік күн ішінде «Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінде өтеді. Аталған лауазымдарға орналасқан тұлғалар үшін көтерме шығындары төленбейді, тұрғын үй және жеңілдіктер ұсынылмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Дата редактирования: 11 Января 2019 17:40

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»