В Осакаровке:  15°C , Влажность 45%, Давление 713, ветер 7 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Мекемелердің жұмысы туралы

Ауданның мәдениет мекемелері желісін 61 нысан құрайды: 12 ауылдық мәдениет үйлері және 16 ауылдық клуб, 2 зерде бейнемобилі, Осакаровка кентіндегі мәдениет және демалыс саябағы, 30 кітапхана.

Аудан бойынша 141 клубтық ұйымдар 2503 адамды қамтып жұмыс істейді.

Ауданда көпұлтты мәдениетті қалыптастыру мақсатында аудандық мәдени-сауық орталығында алты  этно-мәдени бірлестіктер: Осакаровка кентінде «Ақ жол» қазақ ұлттық мәдениетін жандандыру орталығы, «Рябина» орыс-украин орталығы, «Эльпида»  грек мәдени  орталығы,  «Верба» украин орталығы Батпақ ауылында, «Славяне» этно-мәдени бірлестігі Қарағайлы ауылында, «Калина красная» славян орталығы Озерное ауылында жұмыс істейді.

 2018 жылдың басынан клубтық  мекемелердің қатысуымен 159,8 мың көрерменді  қамтитын 1266 мәдени-көпшілік бағдарламалар, мерекелер және фестивальдер өткізілді.          Мәдени-сауық және көпшілік іс-шаралар ағымдағы жылы өтіп жатқан Бұқар Жырау Қалқаманұлының 350 жылдығы  және  Астана қаласының 20 жылдығы мерейтойларына ат салысуда.

Аудандық кітапханада аталмыш  іс-шараларға арналған тақырыптық сөрелер, кітап көрмелері, буклеттер дайындалды.

Ауданның орталықтандырылған кітапханалар жүйесі құрамына 30 кітапхана кіреді, оның ішінде 11 модельді кітапхана.

Ауданымызда ағымдағы уақытта 179 көпшілік іс-шаралар өткізілді, аталмыш іс –шараларға 1610 адам ат салысқан.Орталықтандырылған кітапхана жүйесіндегі – оқырмандар саны - 10982,  кітап берілім саны -  181432, электронды құжаттар берілімі - 4206 дана., электронды басылымдар – 229 дана. Орталық кітапхана жүйесінің қоры – 382603 дана, соның ішінде қазақ тілінде – 85382 дана.

23 кітапханада телефон байланысы, интернетке рұқсат – 14 кітапханада бар, барлығы 48 компьютер бар.

Барлық жоспарланған және өткізілген іс-шаралар 2018 жылғы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің перспективалық жоспарына енгізілген.

2011-2020 ж арналған тілдерді дамыту мен мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жұмыстары негізгі бағыттар бойынша жүргізілуде.

 «2011-2020 ж тілдерді дамыту мен мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру бойынша Осакаров ауданының 2017-2019 ж арналған іс-шаралар жоспарын бекіту» негізінде Осакаров аудан әкімдігі 13.03.2017ж №14/05 қаулы қабылдады.

 Ағымдағы жылдың  «Қазтест» мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау мақсатындағы тест жұмысына 67 адам қамтылып, оның ішінде 12 адам сертификатқа тапсырса, ал  55 адам диагностикалык тесттен өткізілді.

Үш тілділікті насихаттау мақсатында оқылымдар жүргізілуде, мемлекеттік тілде-24 адам, ағылшын тілінде-12 адам тіл үйренуде.  

Сондай-ақ ономастикалық жұмыстар жүргізілуде, ағымдағы жылы 42 көше мен 13 ауылдық округ атаулары өзгертілді.  

2018 ж І жартыжылдық бойынша қаржыландыру  139817,5 мың.тг. құрады,(бөлімі – 2942,7 мың.тг., АМСО – 105763,0 мың.тг, ОКЖ – 31111,8 мың.тг.).

ІІ жартыжылдықтада қажетті қаражат бөлінді:

- АМСО: 9468,0 мың.тг – іс-шараларды өткізуге,1440,0 мың.тг. – тегістеу мен қайта құруға,117,0 мың.тг. - ГСМ;

- ОКЖ: 4773,2 мың.тг. - «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға  (кітапхана қорын цифрландыру), 960,8 мың.тг. – коворкинг-орталығына.

 

 


Дата редактирования: 19 Сентября 2018 19:38

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»