В Осакаровке:  -6°C , Влажность 87%, Давление 719, ветер 2 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Бөлімнің ережесі

Осакаровка ауданының

   әкімдігінің2013 жылы « 25 » шілде

№_36/10 қаулымен_______________

БЕКІТІЛГЕН

                                        

 

 

«Осакаров ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіптік бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің Ережесі

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

         1. ММ «Осакаров ауданыныңкәсіпкерлік және өнеркәсіптік бөлімі» аталған Бөлім келешекте кәсіпкерлік және өнеркәсіптік бөлімі саласында басшылықты жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
         2. Бөлімнің ведомстволарғақожалығы жоқ.
         3.Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 
         4. Бөлім  заңды тұлға болып табылады, мекемелік-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
         5. Бөлім азаматтық -құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

         6. Бөлім егер заңнамаға сәйкес оған  уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
         7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
         8. Бөлім құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
         9. Заңды тұлғаның орналасқан жері-индекс 101000, Қарағанды облысы, Осакаровка ауданы,Осакаровка кенті Мостовая көшесі,48-үй.

         10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Осакаров ауданының кәсіпкерлікжәне өнеркәсіптік бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
         11. Осы Ереже ММ «Осакаров ауданының кәсіпкерлікжәне өнеркәсіптікбөлімінің» құрылтай құжаты болып табылады.
         12. Бөлімнің қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
         13. Бөлімге кәсіпкерлікжәне өнеркәсіптіксубъектілерімен функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
         Егер  Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда кірістер,осындай қызметтен алынған мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі тапсырмалары,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

     

         14. Миссиясы:

         Мемлекеттік мекеме «Осакаров ауданының кәсіпкерлікжәне өнеркәсіптікбөлімі» мемлекеттік орган болып табылады, кәсіпкерлік саласында, өнеркәсіп саласында,  индустриалды-инновациялық саясат, сауда, инвестицияда мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті.
         15.Тапсырмалары:
         1) Экономиканың нақты секторын, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту аймақтың бағдарламаларының орындалуын үйлестіру және бақылау жасау;

         2) Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың стратегиясын іске асыру жөнінде қажетті жағдай жасау;

         3) Өнеркәсіп секторының басымдылығының дамуы,  олардың әртараптандыруын және бәсекелесуге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ету;

         4) Агро өнеркәсіп кешенінің салаларының қалыпты дамуы, олардың бәсекелесуге қабілеттілігінің өсуі және облыстағы қауіпсіз сатылымды қамтамасыз ету;

         5) Бизнес-ортаның жақсаруы;

         6) Сауда инфрақұрылымының дамуын қамтамасыз ету;

7) Негізгі капиталдағы нақты инвестиция көлемінің қалыпты дамуы;

8) Қызмет және жұмыс, тауар сатып алудағы жалпы көлемде   қазақстандық қамтамасыз ету үлесінің өсуі;

         9) Заңдылықтармен өзіне жүктелген басқа да міндеттер.
         16. Бөлімнің функциялары:
         1) Ауданның кәсіпкерлік дамуының аймақтық бағдарламаларын әзірлеу;

         2) Өнеркәсіп саласын дамыту бағдарламаларын әзірлеу;
         3) Ауылшаруашылық аумағын дамыту бағдарламаларын әзірлеу;

         4) Өнеркәсіптік және ауылшаруашылық өндірістерінің инфрақұрылымын, әртараптандыру мен сауықтандыруын дамыту жөніндегі негізгі бағыттарын әзірлеуді үйлестіру;

         5) Аудан экономикасының даму басымдылық бағыттарының шеңберінде аудан әкімі аппаратының, аудан кәсіпорындары мен ұйымдарының аумақаралықэкономикалық байланыстарының дамуына жәрдемдесу;

         6) Аса маңызды инвестициялық жобаларды бағалау, сараптау және іріктеу, шетелдік және отандық инвестициясын қатыстыру туралы ұсыныстар дайындау және олардың пайдалану нәтижелік талдауын өткізу;

         7) Мүдделі мемлекеттік мекемелермен бірігіп ұйымдарға әлеуетті инвесторларды тартуға және инвестициялық жобаларды іске асыруға қолғабыс тигізу;

         8) Ауданның ғылыми-техникалық және технологиялық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеу және іске қосуды қамтамасыз етуге қатысу;

9) Құзырет шегінде, стандарттау, метрология және сертификаттау саласында саясат өткізу.

10)Аудан кәсіпорындарымен халықаралық сапа стандарттарын енгізу процесстеріне қатысу;

11) Аумақтық импорт алмастыру саясатын жүзеге асыру, экспорт және импорт көлемін талдау;

12) Табиғатты қорғау бағдарламасын және ауданның өнеркәсіп кәсіпорындарында өнімі жоғарғы және экологиялық таза технологияларды әзірлеу және енгізу қатысу;

13) Басқа экономикалық органдармен бірігіп кәсіпорындарды қаржылық сауықтыру, санация және банкроттық саясатын әзірлеуге қатысу;

14) Жалпы ұлттық саясатының шеңберінде тұтыну нарығын дамыту, халықтардың тұрмысқа төмен топтарын әлеуметтік қорғау, аймақтың әлеуметтік саласын қолдау жөніндегі бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыруға қатысу;

15) Ауданның тауарлық нарықтарында сұраныс және ұсыныс, сауда конъюктурасын және тұтынушылық нарығының хал-жағдайын зерттеубойынша жұмысын үйлестіру, оның дамуына ұсыныстар мен болжамды өндіру;

16) Ауданда жәрмеңкелер өткізуі және басқа да іс шараларға қатысуын қамтамасыз ету;

17)Қазақстан Республикасының Заңдары және басқа нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ауданның кәсіпкерлігін, шағын және орта бизнесін қолдау;

18) Сауда саласында мемлекеттік саясатын жүргізу;

19)Азаматтарды қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша сауда және азықтық қызметтерді ЖЖМ бойыншаүйлестіру;

20)Мониторингбойыншакәсіпорындардажұмыскердібосатып(АПК),жаңа жұмыс орындарын экономиканыңшынайысекторындақұзырлықтарынқұру;

21) Қазахстанды қамтамасыз етудің мониторингі;

22)Барлық жеке меншік кәсіпорындары бойынша инвестицияның жұмсалымының негізгі қаржы капиталы;

23)Өнеркәсіп өндірісінің мониторинг колемі;

24) Әлеуметтік-маңызды тамақтану тағамдары және ЖЖМ

мониторингі; ОБДҚ Бағдарламасымен Жұмыс. Әлеуметтік-маңызды азықтық тамақтану бойынша бағаны тежеу;

25) Сауда кәсіпорындармен дәріханалармен және МҚС пен мәжілістегі тұжырым;

26) Жұмыс және кәсіпорындарға Мемлекеттік көмек бағдарламасын іске асыру бойынша (МЖҚЖИД, «Өнімділік -2020», «Экспорт-2020». «Жол карта бизнесі-2020», «Жұмыспен қамту-2020»);

27)Индустриализация Картасы инвестициялық жобасына қосу үшін құжарды дайындау;

28) Ауданда сауда мекемелерімен өткізілген іс шаралар;

29)Рұқсат етілген рәсімбойынша оңтайландыруы жұмысы;

30) Сауданы орынсыз жерлерде сатуды қадағалау;

31) «Даму» фонымен бірге кәсіпорындардың дамуына арналған іс шараларды  қолдауға;

32) Осакаровка ауданында туризм саласының дамуы бойынша

жұмыстар;

33) Ауданның  әлеуметтік маңызды кен-пайдаланушы бизнесін бойынша Меморандум бекітімі;

34) Кәсіпорын өнеркәсібінің Меморандумның орындалуының мониторингі;
         17. Құқықтары мен міндеттері:
         1)  Аудан аумағында орналасқан олардың ведомстволық бағынушылығына қарамай, атқарушы органдардан, аудандық бөлімдері мен мекемелерден және жеке тұлғалардан экономикалық және әлеуметтік дамуы туралы нақты көрсеткіштерін, басқа да мекемеге жүктелген функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты алу;
         2) Жеке экономикалық мәселелерін шешу жөнінде материалдарды дайындауға жергілікті бюджеттен қаржыланатын органдарға тапсырма беру, Бөлімге жүктелген функцияларға сәйкес іс-шараларды жүзеге асыру үшін басшылармен келісіп бөлімдерді, мекемелер мен ұйымдарды тарту;

         3) Бөлімнің жанынан белгіленген тәртіп бойынша басқа  мекемелердегі мамандар санымен консультативтік, қоғамдық кеңестерін, сараптық топтарын құру;

4) Бөлімге жүктелген функцияларды орындау үшін ведомстволардан, мемлекеттік басқару органдарынан ақпараттық, әдістемелік, нормативтік материалдарды, керек статистикалық мәліметтерді алу;

5)Аудан әкімінің қарауына оның құзіретіне кіретін мәселелерді шешу жөніндегі ұсыныстарды енгізу;

6)Жергілікті деңгейде шешімін қамтамасыз етуге міндеттерін жүзеге асырумен байланысты ұсыныстарды енгізу;

7) Қазіргі заңға сәйкес, өз құзіреті шегінде мемлекеттік кәсіпорындарының, мекемелердің, ұйымдардың қайта ұйымдастыру, жоюмәселелерін шешу;

8) Өз өкілеттігінің шегінде халықаралық көрмелерді, жәрмеңкелерді, аукциондарды және басқа іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыруға қатысу, жарнамалық-баспалық қызметін жүзеге асыру;

9)Бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер жөнінде белгіленген тәртіп бойынша мәжілістерді шақыру;

10) Ауданның дамуына байланысты қарастырылған мәселелер жөнінде мәслихат пен келіссөздер аудан әкімінің тапсырмасы бойынша оны көрсете алу;

11) Өзіне жүктелген заңдылықтармен басқа да құқықтарды жүзеге асыру.

 

3.  Мемлекеттік бөлімнің  қызметін ұйымдастыру

 

18. Бөлімінің басшысы бірінші басшы болып табылады, кәсіпкерлік және өнеркәсіптікбөлімінежүктелген міндеттердің орындалуын және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты.

 19. Бөлімнің бірінші басшысы қызметке тағайындайды және аудан әкімімен қызметтен босатылады;
         20. Кәсіпкерлік және өнеркәсіптікБөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) Бөлімдегі өз мамандарының өкілеттігін және міндеттерін белгілейді;

2) Бөлімнің қызметкерлерін заңға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) Заңдарда берілген тәртіппен Бөлімнің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

4) Бөлімнің бұйрықтарына қол қояды;

5) Мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Бөлімді ұсынады;

6) Заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

7)Кәсіпкерлік және өнеркәсіптікБөлімнің басшысы болмаған жағдайда,оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды. 
           21. Бөлім басшымен басқарылады,  қызметке тағайындауды және қызметтен босатуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгілейді.


         4. Мемлекеттік органның мүлкі

 

 22. Заңнамада көзделген жағдайда, Бөлімнің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуына мүмкіндігі бар.
Мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
           23. Бөлімге бекітілген мүлік, республикалық/коммуналдық меншікке жатады.
           24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

         25. Қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

Кәсіпкерлік және өнеркәсіптік

бөлімінің басшысыҚ. Шалабаева


Дата редактирования: 12 Ноября 2015 14:51

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»