В Осакаровке:  9°C , Влажность 40%, Давление 716, ветер 7 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

«Цифрлық Қазақстан»

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы
1 қаңтардағы №1 отырыс хаттамасының 1.26-тармағын орындау шеңберінде келесіні хабарлайды.

Бүгінгі күні Министрлік мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру бойынша бірқатар тапсырмалар жүзеге асыруда.

Осы тапсырманы іске асыру бойынша негізгі іс-шаралар «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасыңда көзделген, азаматтар мен бизнеске мемлекеттік қызметтерді көрсетуді түбегейлі өзгертуге бағыттылған осы бағдарлама бағыттарының бірі «Цифрлық мемлекетке көшу» болып табылады.

         Қазіргі уақытта «электрондық үкімет» порталында электрондық түрде
454 қызмет немесе 61%-ы қолжетімді. Жалпы 598 мемлекеттік қызмет немесе 80,7%-ы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы немесе «электрондық үкімет» порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы қолжетімді.

         Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауыңда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді 2019 жылы 80%-ға дейін, ал 2020 жылы 90%-ға дейін электрондық форматқа көшіруді тапсырылған.

Жоғарыда көрсетілген жұмыс «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – ВАК) шеңберінде ұйымдастырылған.

2018 жылғы 19 желтоқсандағы жағдай бойынша оның шеңберінде 47 отырыс өткізілді, 746 қызметке (18ж.21.09 дейін қолданыста болған МҚТ-не сәйкес) талдау жасалды, 558 мемлекеттік қызметті оңтайландыру және автоматтандыру бойынша жол карталарын әзірлеу туралы тапсырма берілді. Іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында тиісті жол карталары бекітілген.
Жол карталары шеңберінде Порталда бірқатар қызметтер, атап айтқанда, прокуратура органдарының мұрағаттық анықтамаларын беру, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы ақпарат беру, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы субсидиялау бойынша 15 қызмет және тағы басқа іске қосылды. 
            Сонымен бірге, қызметтерді электрондық форматқа көшіру туралы мәселені қарастыру кезінде, оларды автоматтандыру арқылы көзделген мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне дайындық мәселесі ескеріледі.
            Осыған байланысты, ақпараттық жүйелері жоқ немесе оларды пысықтау талап етілетін көрсетілетін қызметтер бойынша, оларды құру және толтыру қажеттігін ескере отырып, автоматтандыру мәселесін 2019-2020 жылдары пысықтау жоспарлануда.
            Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында азаматтардан мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде бар сол немесе басқа мәліметтерді сұрату барысында дербес деректердің рұқсатсыз таралу жағдайларын болдырмау мақсатында Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялаудың  2018-2020 жылдарға арналған жоспары әзірленді, онда ақпараттық жүйелердің функционалдары, интеграцияның мақсаттары мен себептері, қолжетімділік деңгейлері, жүйелерге рұқсаты бар мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының тізбесі егжей-тегжейлі көрсетілді. 
            Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін Портал мен «электрондық үкіметтің» шлюзі мемлекеттік органдардың 118 ақпараттық жүйесімен интеграцияланған, ал «Халыққа қызмет көрсету орталықтарының» ақпараттық жүйесі мемлекеттік органдардың 49 ақпараттық жүйесімен интеграцияланған. 
            «Ақпараттандыру туралы» Заңға сәйкес барлық интеграцияланған ақпараттық жүйелер ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптардың шеңберінде жұмыс істейді және де олармен өзара іс-қимыл жасау берілетін мәлімет, пайдаланылатын сервистер, ақпараттық жүйелер иелерінің және пайдаланушыларының жауапкершілігі жазылған техникалық құжат болған жағдайда жүзеге асырылады.
            Сонымен қатар, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы ретінде «электрондық үкіметтің» ресурстарын сүйемелдейді. Аталған оператор белгіленген тәртіппен тұрақты негізде «электрондық үкіметке» барлық кибершабуылдарға мониторинг пен талдау жүргізеді.
            Сонымен қатар, 2017 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А. Жұмағалиев азаматтардан аса талап етілетін электрондық анықтамаларды сұрауды болдырмауға бағытталған «Анықтамасыз көрсетілетін қызмет» (Paper free) жобасын іске асыру бойынша жоспар бекітті (жыл сайын халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 24 миллионнан астам түрлі электрондық қызмет алынады).
            Ақпараттық жүйелерді интеграциялау нәтижесінде азаматтарды құжаттандыру бойынша қызмет көрсету процестерін оңтайландыру нәтижелері бойынша жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтамаларды талап ету (2-нысан) алынып тасталды, бұл азаматтардан 1,4 миллионнан астам анықтама алуды болдырмады, сонымен қатар «Анықтамасыз көрсетілетін қызмет» жобасы шеңберіне Халыққа қызмет көрсету орталығынан алынған электрондық анықтамалардың саны өткен жылмен салыстырғанда 8 млн. қырқарды.
            «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ қызметінде (бұдан әрі - Мемкорпорация) көрсетілетін қызметті алушылардың жеке деректерін сақтайтын мәліметтерді үшінші тұлғаларға беруге негізділігі бойынша тұрақты бақылау жүргізілуде. 
            Атап айтқанда, Мемкорпорацияның фронт-офистердегі жұмыскерлердің жұмыс станцияларында, сол сияқты қоғамдық қолжетімді пунктерінде (ҚҚП) жауапкершілік туралы ескерту түріндегі хабарлама орнатылған, оларға жұмысшылар өтініш берушінің сенімгерлік өкілі болмайтын тұлғаларға ақпаратты берген кезде жауапкершілікте болады.
            Сонымен бірге, Өзіне-өзі қызмет көрсету секторларының жұмыс станцияларында жұмыс компьютерлерін барлық сақталған деректерден 20 минут аралығымен тазарту жүргізуге мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтылым орнатылған.
            Сонымен қатар, өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында «электрондық үкімет» порталы және Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының сайттарына ғана қолжетімділік бар, ал басқа интернет –ресурстарға шектеу қойылған.
            Көрсетілетін қызметті алушылардан келіп түскен өтініштер мен шағымдарға жедел ден қоюға келетін болсақ, Мемкорпорацияда әлеуметтік желілерге (Twitter, facebook және instagram) тұрақты негізде мониторинг жүргізілуде. Барлық сұрақтар бойынша Мемкорпорациямен жұмысшылары азаматтардың туындаған проблемалы сұрақтарына жедел жауап береді.
            Тұрақты негізде Басқарма төрағасының қатысуымен телеарналарда брифингтер мен тікелей эфирлер өткізіледі, онда кез-келген азамат өзіне қызықты сұрақты қоя алады, 8-700-710-1414, 8-7172-95-51-14 сенім нөмірлері және Ахуалдық орталық жұмыс істейді, олар бойынша азаматтар жүгініп, жедел шаралар қабылдай алады.
            Мемкорпорацияның фронт-офистерінің жұмысын дамыту мәселелеріне  тарту және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру мақсатында ағымдағы жылғы қыркүйекте www.gov4c.info сайтында Краудсо́рсинг жобасы іске қосылды. Бүгінгі күні осы жобаның арқасында әртүрлі сипатта 20 ұсыныс келіп түсті.
            Мемлекеттік және басқа да қызметтерді көрсету, сондай-ақ туындаған сұрақтар бойынша түсіндірмелер алу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғаларға тәуліктік консультациялық сүйемелдеу мақсатында Бірыңғай байланыс-орталығы жұмыс істейді, оған азаматтар 1414 немесе 8 800 080 7777 нөмірлері арқылы жүгіне алады, көрсетілген нөмір бойынша қоңырау соғу бүгінгі күні кез-келген оператордан тегін.

         Сонымен бірге, Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы
5 қазандағы Жолдауында айтылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық форматқа көшіру бөлігіндегі тапсырмасы жоғарыда көрсетілген
іс-шараларды қамтитынын ескере отырып, осы жұмысты Жолдаудың шеңберінде жалғастыруға болады деп есептейміз.

        


Дата редактирования: 08 Января 2019 15:12

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»