В Осакаровке:  -4°C , Влажность 87%, Давление 720, ветер 1 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Ережесі

Осакаров  ауданы әкімдігінің   
2018 жылғы 27 тамыз № 60/03 қаулысымен бекітілген  

 

 

 

«Осакаров  ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі»

 мемлекеттік мекемесінің
Ережесі

 

 

                                       1. Жалпы ережелер

 

  1. «Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – мемлекеттік мекеме) мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде ауыл  шаруашылығы саласындағы бірынғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган болып табылады.

2. Мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5.  Мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. Мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100400, Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Осакаровка кенті, Достық  көшесі, 33.

9. Мемлекеттік органның толық атауы:

мемлекеттік тілде – «Осакаров  ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде – государственное учреждение «Отдел сельского хозяйства Осакаровского  района».

10. Осы Ереже мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. Мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.

12. Мемлекеттік мекемесінің кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

13. Мемлекеттік мекемесі миссиясы: аграрлық сектордың даму концепцияларын, жобалау тенденцияларын талдауын жүзеге асыру және оның келешегін анықтау және нарықтық қарым-қатынас шарттарында ауданда аграрлы саясатты жүргізу.

14. Міндеттері:

1) бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнiмiн және оның қайта өңдеу өнiмдерiн өндiрудің экономикалық жағдайларын жасау;

2)  мемлекеттiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

3)  заңнамамен жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

15. Функциялары:

  1. агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiн «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына және осы саладағы басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;
  2. агроөнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзу және оны аудандық жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) беру;

         3) тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерге, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат ұсыну;

         4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден асыл тұқымды мал туралы деректер жинауды жүзеге асыру;

 

         5) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асыру;

         6) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

         7) қатынаста әкімгер болып табылатын бюджеттік бағдарламалар нәтижесіне жету және орындау, жаңару, жоспарлау;

         8) су нысандарын конкурстық негізде оқшауланған немесе бірлескен пайдалануға беру тәртібін бекіту;

         9) балық шаруашылығы су айдындары мен жергілікті маңыздағы учаскелерді бекіту бойынша конкурс өткізу мен шешім қабылдау;

         10) тіркеу нөмір белгілерін берумен тракторларды және олардыңбазасында дайындалған өзі жүретін шасси мен механизмдерді, тіркемелерді тіркеу, қайта тіркеу;

         11) аттестатталған тұқым өндірушілеодің жұмысын олардың біліктілік талаптарына сәйкестілігіне инспекциялау;

         12) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалануға мен қорғауға мемлекеттік бақылау;

         13) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жердің топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және сақтау жөніндегі ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, гидротехникалық және эрозияға қарсы іс-шаралар кешенін уақтылы және дұрыс жүргізуіне;

      14) жерді жақсарту жөніндегі, топырақ эрозиясын, тұздануды, батпақтануды, су басуды, шөлейттенуді, құрғақтануды, тығыздалуды, қоқыстануды, ластануды және жердің тозуын туғызатын басқа да процестерді болғызбау және олардың салдарын жою жөніндегі іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуына;

         15) жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі жерге орналастыру жобаларының орындалуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді;

16) Қазақстан Республикасының  заңнамасымен  белгіленген өзге де  функцияларды жүзеге асыру.

16. Құқықтары мен міндеттері:

  1. өз функцияларын орындау мақсатында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажетті құжаттарды, ақпараттарды сұрау және алу;
  2. өз құзырына жататын мәселелерді шешуді қарау жөнінде аудан әкімдігіне ұсыныстар енгізу;
  3. шаруа (фермер)  қожалықтары және басқа да ауыл шаруашылық құрылымдарына қажетті жағдайда әдістемелік, ұйымдастырушылық, экономикалық, және құқықтық көмек көрсетуге;

4) мемлекеттік мекеменің міндетіне  кіретін  мәселелер бойынша   бекітілген тәртіпке сәйкес семинарлар, кеңестер, жиналыстар өткізуге;

         5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен ұсынылған басқа да құқықтарды пайдаланады.

 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

17. Мемлекеттік мекемесіне басшылықты мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

18. Мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19. Мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

  1. өз құзыретінің шегінде бұйрықтар, нұсқаулар шығарады және  мемлекеттік мекемесі барлық құрылымдық бөлімшелерімен орындалуға міндетті нұсқаулар береді, келісім-шарттарды жасайды;
  2. мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімдер туралы Ережені бекітеді;

3) мемлекеттік мекеме қызметшілерін жұмысқа тағайындайды және жұмыстан босатады, олардың міндеттері мен өкілеттілігін анықтайды;

4) заңнамаға сәйкес  барлық органдар мен ұйымдарда мемлекеттік мекеме атынан шығуға өкілетті;

5) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкіміне бекітілген тәртіпке сай шешімдер мен қаулылар жобасын ұсына алады;

         6) заңмен белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

7) құжаттардың орындау барысын ұйымдастырады және бақылауын жүргізеді, олардың сақтығына жауап береді;

8) сыбайлас жемқорлықтың барлық түріне қарсы әрекет жасау жұмыстарын ұйымдастырады;

9)  сыбайлас жемқорлыққа қарсы  жасалатын әрекетке жеке басы жауапты;

10) басқа да құқықтары бар, сондай-ақ заңнамаларға сәйкес жаупкершілік атқарады.

Мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оныңөкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

 

4. Мемлекеттік органның мүлкi

 

20. Мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.

Мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақөз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

 

21. Мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктіалынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

 

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

23. Мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Утверждено

постановлением акимата

Осакаровского  района   
60/03 от 27 августа 2018 года  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПОЛОЖЕНИЕ

государственного учреждения

«Отдел сельского хозяйства

 Осакаровского  района»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

пос.Осакаровка,  2018 год

 

 

 

 

Осакаров  ауданы әкімдігінің   
2018 жылғы 27 тамыз
№ 60/3 қаулысымен бекітілген  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Осакаров  ауданының

 ауыл шаруашылығы бөлімі»

 мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     

 

 

 

 

 

 

 

 

Осакаровка кенті, 2018 жыл

 


Дата редактирования: 19 Сентября 2018 09:42

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»