В Осакаровке:  -4°C , Влажность 87%, Давление 720, ветер 1 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Мемлекеттік қызмет көрсету

Мемлекеттік қызмет көрсету

 

Мемлекеттік қызмет: Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну

 

 

            1.Жоба мақсаты

            Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік  қолдау  шараларын ұсыну қағидаларын бекітетін  № 72 бұйрығына сәйкес (бұйрыққа 07.12.2017ж. күні өзгерістер енгізілген) «Осакаров ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ,   «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру,мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну» бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді.

            Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде.

            Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

            2018 жылы 77 әлеуметтік сала мамандарына  қызмет көрсетілген, оның ішінде:

көтерме жәрдемақы – 42 маманға (білім беру -28, денсаулық сақтау-10, мәдениет-2, АӨК-2);

тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие  - 33 маманға (білім саласы-22, денсаулық сақтау-8, мәдениет-1, АӨК-2);

дәлелді бас тарту - 2 маманға (білім беру-1, АӨК-1).

 

            2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

           Мемлекеттік қызмет түрлерін көрсететін мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет көрсетулер қажетті ұйымдастыру техникасымен және ақпараттық стенділермен жарақтанған жайларда көрсетіледі, сол сияқты мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қызмет көрсету үшін жағдайлар қарастырылған.

            Мемлекеттік қызмет көрсетулердің стандарттары мен регламенттеріне тұрғындардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін аудан әкімдігі мен аудан мемлекеттік органдарының ресми интернет-ресурсында тиісті нормативтік-құқықтық актілер (стандарттар, регламенттер), мемлекеттік қызмет көрсетулердің паспорты, оны алу тәртібі туралы ақпарат, арыздану тәртібі туралы ақпарат, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсетулер бойынша жұмысы туралы есептер орналастырылған. 

 

            3. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

            «Осакаров ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ  ай сайын аудан әкімі аппаратына  көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша есеп ұсынады, сондай-ақ Қарағанды облысының экономика және қаржы  басқармасына  әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша берілген сомалары мониторингі ұсынылады.

 

            4. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру

            Қызмет алушылардың көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігі мен қызмет алушылардың қанағаттануын одан әрі арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың алдына келесі міндеттер қойылды:

- өтініш қабылдау кезінде қызмет алушыдан мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарында қарастырылмаған құжаттарды талап етпеу;

- мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті тиісті уақытында тіркеу;

-мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қажетті жағдай жасау;

- мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;

- қызмет алушылардымемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы хабардар ету жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жүргізу; 

- тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсететін мамандардың этикалық нормаларды сақтауын ұйымдастыру.

 

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша қызмет алушылардың арыздары туралы ақпарат

 

Арызданушы туралы мәлімет

Арыздың мәні

Арызды қараған және (немесе) шешім қабылда

ған орган (ұйым)

Қарау мерзімі

Арызды қарау нәтижесі бойынша құжат №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет

0

0

0

0

0

0

0

 

 

 

 

 


Дата редактирования: 20 Сентября 2018 10:42

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»