Бөлім басшысы туралы
Виталий Николаевич Тихомиров 1979 жылы 16 қарашада Қарағанды облысы Осакаров ауданының, Осакаровка кентінде дүниеге келген. Ұлты – орыс, 1996 жылы Осакаровка кентінің № 12 ОМ 11 жылдық сыныбын бітірген. 1996 жылы Қарағанды мемлекеттік Техникалық Университетінің инженер – құрылыс факультетіне түсіп, 2001 жылы «Конструкция және құрылыс өнімдерін шығару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2001 жылдан 2003 жылдар аралығында Астана қаласының «Силикат» заводында инженер – технолог болып қызмет атқарған. 2003 жылдан бастап «Жезқазған Жолдары Жилдорстрой» ЖШС – де, 2004 жылы «Стройсервис БАЖ» ЖШС – де Осакаровка кентінің аурухана құрылысында қызметтер атқарған. 2006 жылдың сәуір айынан бастап мемлекеттік қызметке өтіп «Осакаров ауданының құрылыс бөлімі» ММ –нің құрылыс мәселесі бойынша бас маман болып жұмысқа қабылданды.
2008 – 2010 жылдар аралығында аудан әкімінің өкіміне сәйкес, Қарағанды облысы Осакаров ауданының Осакаровка кентінің әкімі лауазымына тағайындалды. 201 жылдың 5 қаңтарынан бастап аудан әкімінің өкіміне сәйкес, «Осакаров ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ –нің бастығы болып және 2013 жылдың 11 қарашада бөлімдерді бөлуге байланысты «Осакаров ауданының құрылыс бөлімі» ММ-нің басшысы қызметіне тағайындалды.
Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.
Дата редактирования: 21 Сентября 2018 15:40