В Осакаровке:  11°C , Влажность 66%, Давление 716, ветер 7 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі 2015 жылғы қызметі туралы есеп

Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі

2015 жылғы қызметі туралы есеп

 

         1. Жалпы ережелер   

Жоғары сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге ашық және баршаға тең қолжетімділік мемлекеттің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Осакаров ауданының жергілікті атқарушы органдары

Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсетулердің реестріне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетулердің 18 түрін көрсетеді:

2015 есеп жылы 6076  қызмет көрсетілген, соның ішінде ХҚКО арқылы көрсетілген 1407 қызмет. Барлық мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі.

 

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

Мемлекеттік қызмет түрлерін көрсететін мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет көрсетулер қажетті ұйымдастыру техникасымен және ақпараттық стенділермен жарақтанған жайларда көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсетулердің стандарттары мен регламенттеріне тұрғындардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін аудан әкімдігі мен аудан мемлекеттік органдарының ресми интернет-ресурсында тиісті нормативтік-құқықтық актілер (стандарттар, регламенттер), мемлекеттік қызмет көрсетулердің паспорты, оны алу тәртібі туралы ақпарат, арыздану тәртібі туралы ақпарат, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсетулер бойынша жұмысы туралы есептер орналастырылған. 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде Жұмысты жақсарту мақсатында  мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы бойынша мемлекеттік мекемелердің басшыларымен кеңестер, мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарттар мен регламенттердің негізгі ережелерін түсіндіру, мерзімдерінің бұзылу фактілеріне жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету дәстүрлі және /немесе электрондық түрде сапасын арттыру бойынша қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. 2015 жыл ішінде Бөлімімен 3-семинар-кеңестер,  5-дөңгелек үстел өткізілді.

 

 

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

Бірінші кезекте назар мемлекеттік қызмет үдерісін автоматизациялануына және олардың электрондық түрде көрсетілу сапасының жақсартылуына аударылады. Техникалық ақаулар туындаған жағдайда ХҚКО ЫАЖ жұмыс істейтін бөлім мамандары «ҰАТ» АҚ актілер жолдайды.

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

2015 жылдың 18 мамыр айында Осакаров ауданы бойынша «2014 жылы мемлекеттік қызмет көрсетулер бойынша Осакаров ауданының жергілікті атқарушы органдарының жұмысының тиімділігін бағалаудың қорытындылары бойынша берілген ұсынымдарды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары» бекітілді.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша бірыңғай есепке алуды сапасыз тіркеу деректерін анықтау және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша статистикалық мәліметтерді жасақтау мақсатында аудан әкімі аппаратында меморгандары ай сайын мониторингтау жүргізіледі.

Есепті кезенде мемлекеттік қызмет көрсетуде мерзімінің олқылық  жағдайлар және сапасына шағым жасау болған жоқ.

 

5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру

 

Жеке және заңды тұлғаларды бұдан әрі сапалы және қолжетімді мемлекеттік қызметтермен, оның ішінде электрондық нұсқадағы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа мемлекеттік қызметті ХҚКО арқылы және «Электрондық үкімет» порталы арқылы алу мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу өз жалғасын табады. 2016 жылда жұмыс қызмет алушылардың көрсетілген мемлекеттік қызмет сапасына қанағаттану деңгейін арттыруға бағытталады.

Қызмет алушылардың көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігі мен қызмет алушылардың қанағаттануын одан әрі арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың алдына келесі міндеттер қойылды:

- өтініш қабылдау кезінде қызмет алушыдан мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарында қарастырылмаған құжаттарды талап етпеу;

- мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті тиісті уақытында тіркеу;

-мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қажетті жағдай жасау;

- мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;

- қызмет алушылардымемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы хабардар ету жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жүргізу; 

- тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсететін мамандардың этикалық нормаларды сақтауын ұйымдастыру.


Дата редактирования: 02 Февраля 2017 11:13

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»