В Осакаровке:  11°C , Влажность 66%, Давление 716, ветер 7 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әулеметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі 2017 жылғы қызметі туралы есеп

Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің

мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі

2017 жылғы қызметі туралы есеп

 

 

1. Жалпы ережелер

 

Жоғары сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге ашық және баршаға тең қолжетімділік мемлекеттің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсетулердің реестріне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетулердің 19 түрін көрсетеді:

1 Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;

2 Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу;

3 Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу;

4 Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру;

5 Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;

6 Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;

7 Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмы істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау;

8 Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру;

9 Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу;

10 Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету;

11 Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу;

12 Мүгедектерге кресло-арбалар беру;

13 Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету;

14 Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;

15 Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;

16 Атаулы әлеуметтiк көмек алушыларға өтiнiш берушiнiң (отбасының) тиесiлiгiн растайтын анықтама беру;

17 Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру;

18 Тұрғын үй көмегін тағайындау;

19 Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу.

 

 

2017 есеп жылы 5176 қызмет көрсетілген, соның ішінде Мемкорпорация арқылы көрсетілген 1054 қызмет, ММ арқылы - 4122. Сұранысқа ие қызмет түрі: «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру» - 1488 қызмет, «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу»  – 687 қызмет көрсетілді.

Барлық мемлекеттік қызметтер тегін түрінде көрсетіледі. 

 

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

 

Мемлекеттік қызмет түрлерін көрсететін бөлімде мемлекеттік қызмет көрсетулер қажетті ұйымдастыру техникасымен және ақпараттық стенділермен жарақтанған жайларда көрсетіледі,сонымен қатар қызмет алушыларға арналған «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрыштама бар.

Мемлекеттік қызмет көрсетулердің стандарттары мен регламенттеріне тұрғындардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында тиісті нормативтік-құқықтық актілер (стандарттар, регламенттер), мемлекеттік қызмет көрсетулердің паспорты, оны алу тәртібі туралы ақпарат, арыздану тәртібі туралы ақпарат, бөлімнің мемлекеттік қызмет көрсетулер бойынша жұмысы туралы есептер орналастырылған. 

Сонымен қатар қызмет алушылардың  мемлекеттік қызмет көрсетулерді алу тәртібі туралы хабардар болуын арттыру мақсатында жұмыс жүргізіледі, оның аясында 3 кеңес-семинарлар, 2 ақпараттық материалдар жарияланды. 

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша есептері бекітілген ережеге сәйкес аудан әкімдігінің www.osak-akimat.gov.kz интернет ресурсында орналастырылған.

 

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

 

Бөлімде келесі ақпараттық жүйелер орналыстырылған: Е-акимат, ХҚКО ЫАЖ, Е-Собес. Бөлімнің мамандарымен тұрақты негізде толтыру және деректерді өзектендіру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Техникалық ақаулар туындаған жағдайда ЭҮАШ және ХҚКО ЫАЖ жұмыс істейтін бөлім мамандары «ҰАТ» АҚ актілер жолдайды.

2017 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілігін арттыруға 5 мемлекеттік қызметшілер жіберілген болатын (сертификаттары бар).

 

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

 

2016 жылы мемлекеттік қызмет көрсетулер бойынша Осакаров ауданының жергілікті атқарушы органдарының жұмысының тиімділігін бағалаудың қорытындылары бойынша берілген ұсынымдарды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес бөлімде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша айлық есеп жүргізіледі, содан кейін аудан әкімдігіне жолданады.

Есепті кезенде мерзімдін олқылық  жағдайлар және мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағым жасау болған жоқ.

 

5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру

 

Жеке және заңды тұлғаларды бұдан әрі сапалы және қолжетімді мемлекеттік қызметтермен, оның ішінде электрондық нұсқадағы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылы аудандық «Сельский труженик» арқылы халыққа мемлекеттік қызметті Мемкорпорация арқылы және «Электрондық үкімет» порталы арқылы алу мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу өз жалғасын табады. 

Қызмет алушылардың көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігі мен қызмет алушылардың қанағаттануын одан әрі арттыру мақсатында бөлімнің алдына келесі міндеттер қойылды:

- өтініш қабылдау кезінде қызмет алушыдан мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарында қарастырылмаған құжаттарды талап етпеу;

- мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті тиісті уақытында тіркеу;

-мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қажетті жағдай жасау;

- мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;

- қызмет алушылардымемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы хабардар ету жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жүргізу; 

- тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсететін мамандардың этикалық нормаларды сақтауын ұйымдастыру.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша қызмет алушылардың арыздары туралы ақпарат

Арызданушы туралы мәлімет

Арыздың мәні

Арызды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарау мерзімі

Арызды қарау нәтижесі бойынша құжат №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет

1

2

3

4

5

6

7

 

 

 


Дата редактирования: 03 Января 2018 15:03

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»