В Осакаровке:  -3°C , Влажность 85%, Давление 719, ветер 1 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің 2019 жылдың 1- жартыжылдығы бойынша ақпарат

Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің

2019 жылдың 1- жартыжылдығы бойынша

ақпарат

 

 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсетулердің реестріне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетулердің 19 түрін көрсетеді:

Мемлекеттік қызметтін атауы

Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу

Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу

Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу

Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау

Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау

Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмы істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау

Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру

Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу

Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету

Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу

Мүгедектерге кресло-арбалар беру

Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету

Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу

Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу

Выдача справки, подтверждающей принадлежность заявителя (семьи) к получателям адресной социальной помощи

Тұрғын үй көмегін тағайындау

Ақталған адамға куәлік беру

Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру

 

 

2019 жылдың 1-жартылығында 2719 қызмет көрсетілген, оның ішінде Мемкорпорация арқылы көрсетілген 37 қызмет, ММ арқылы - 2682. Сұранысқа ие қызмет түрі: «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру» - 817 қызмет, «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу»  – 776 қызмет көрсетілді.

Барлық мемлекеттік қызметтер тегін түрінде көрсетіледі. 

Мемлекеттік қызмет түрлерін көрсететін бөлімде мемлекеттік қызмет көрсетулер қажетті ұйымдастыру техникасымен және ақпараттық стенділермен жарақтанған жайларда көрсетіледі,сонымен қатар қызмет алушыларға арналған «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрыштама бар.

Мемлекеттік қызмет көрсетулердің стандарттары мен регламенттеріне тұрғындардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында тиісті нормативтік-құқықтық актілер (стандарттар, регламенттер), мемлекеттік қызмет көрсетулердің паспорты, оны алу тәртібі туралы ақпарат, арыздану тәртібі туралы ақпарат, бөлімнің мемлекеттік қызмет көрсетулер бойынша жұмысы туралы есептер орналастырылған. 

Сонымен қатар қызмет алушылардың  мемлекеттік қызмет көрсетулерді алу тәртібі туралы хабардар болуын арттыру мақсатында жұмыс жүргізіледі, оның аясында 3 кеңес-семинарлар, 2 ақпараттық материалдар жарияланды. 

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша есептері бекітілген ережеге сәйкес аудан әкімдігінің www.osak-akimat.gov.kz интернет ресурсында орналастырылған.

Бөлімде келесі ақпараттық жүйелер орналыстырылған: Е-акимат, ХҚКО ЫАЖ, Е-Собес. Бөлімнің мамандарымен тұрақты негізде толтыру және деректерді өзектендіру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Техникалық ақаулар туындаған жағдайда ЭҮАШ және ХҚКО ЫАЖ жұмыс істейтін бөлім мамандары «ҰАТ» АҚ актілер жолдайды.

Есепті кезенде мерзімдін олқылық  жағдайлар және мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағым жасау болған жоқ.

 


Дата редактирования: 17 Сентября 2019 16:01

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»