В Осакаровке:  -6°C , Влажность 87%, Давление 719, ветер 2 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

ЕРЕЖЕСІ

1.Жалпы ережелер

 

1. «Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - бөлім) әлеуметтік серіктестік және халықты әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, жұмыспен қамту саласында жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын орындауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Бөлімнің ведомствосы: «Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің  халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Ұйымдық-құқықтық нысанда бөлім заңды тұлға болып табылады, атауы мемлекеттік тілде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары бар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қазынашылық органдарында шоттары белгіленген үлгідегі бланкілері бар.

5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Бөлім егер заңнамаға сәйкес, уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Бөлімнің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 101000, Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Осакаровка кенті, 1-я Семилетка көшесі, 2.

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру  жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13. Бөлімге функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2Бөлімнің құқықтары мен міндеттері, функциялары, негізгі тапсырмалары, миссиясы
 

14. Бөлімнің миссиясы: Осакаров ауданының халқын өнімді жұмыспен қамтамасыз ету, әлеуметтік қамтамасыз етудің деңгейін арттыру.

15. Бөлімнің мақсаты - халықтарды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, оның дамуына жәрдемдесу болып табылады.

16. Бөлімнің қызметінің құралы - Осакаров ауданының аумағында жұмыспен қамту мен әлеуметтік бағдарламалар саласында жергілікті мемлекеттік басқарманың қызметін жүзеге асыру болып табылады.

17. Негізгі міндеттері:

         1) Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын мемлекеттік қызмет көрсету саласында сақтау, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру; 

2) әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарын әзірлеу және халыққа атаулы әлеуметтік көмек көрсету мен жұмыспен қамту мәселелер бойынша мониторингті жүзеге асыру;

3) жұмыспен қамту мәселелер бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

4) бюджет қаражаттарын тиімді және мақсатты пайдалануға бақылауды қамтамасыз ету;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

18. Функциялары:

1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарды қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдану;

2) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету;

3) жергілікті бюджеттен жәрдемақыларды тағайындау және төлеу, атаулы әлеуметтік көмек және басқа әлеуметтік төлемдер бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсету;

5) әлеуметтік көмекке мұқтаж тұлғалардың контингентін анықтау;

6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, халықты жұмыспен қамту және азаматтарға ұсынылатын әлеуметтік көмек түрлері мәселелері бойынша ақпараттандыру;

7) әлеуметтік төлемді алуға құқығы бар азаматтарды, сондай-ақ аз қамтамасыз етілген, жұмыссыз және әлеуметтік көмекті қажет ететін азаматтарды жеке есепке алуды жүргізу;

8) оның құзырына кіретін хаттар, шағымдар мен азаматтардың жеке мәселелері  сұрақтары бойынша белгіленген тәртіпте қарайды;

9) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) құжаттарды ресімдейді;

10) мүгедектерді жүріп-тұру құралдарымен, протездік-ортопедиялық бұйымдармен, сурдо-тифлотехникалық құралдарымен, санитарлық-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

11) бірінші топ мүгедектеріне, жүріп-тұруы қиын мүгедектерге жеке көмекші қызметін және естімейтіндігі бойынша мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметін ұсыну бойынша мүгедектерге құжаттарды ресімдейді;

12) тұрғын үй көмегін көрсетеді;

13) үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек баларды материалдық қамтамасыз ету көмегін көрсетеді;

14) оралмандар мәселелері бойынша жұмыс ұйымдастырады және жүргізеді;

15) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға есеп жүргізеді және тіркейді;

16) белгілейді мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота тұлғаларға, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және азаматтардың арасынан жастар, жұмысынан айырылған немесе қамқорлығынсыз қалған, кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз болып табылатын білім беру ұйымдарының түлектері;

17) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту туралы қолданыстағы заңнаманы насихаттау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және өткізеді;

18) әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелері бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізеді;

19) мүгедектерді әлеуметтік қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізеді;

20) жалғызбасты 1,2 топ мүгедектеріне қосылған күтім әлеуметтік көмек көрсетеді;

21) Қазақстан Республикасының (стандарттарына, регламенттеріне) нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетеді;

22) Бөлім жанындағы құрылатын Кеңестердің, Комиссиялардың жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етеді;

23) Әрекетке қабілетсіз кәмелетке толған тұлғаларға       қатысты органның қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын жүзеге асырады;

24) Әкім аппараты және аудан мәслихаты мен жоғары тұрған органмен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;

25) Іс жүргізуді енгізу және құжаттамалық қамтамасыз етуді, кадрлық, ұйымдастырушылық, бақылау және құқықтық жұмыстарды қамтамасыз етеді;

26) Бөлімнің ведомстволық, қаржылық, статистикалық есеп, жоспарлау - экономикалық қызметін, кассалық және банктік операциялар бойынша есепке алу мен есептілікті жүргізу.

19. Құқықтары:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, әлеуметтік көмекке талапкерлерден қажетті құжаттарды сұрау, ұсынылған құжаттардың анықтығын тексеруді жүзеге асыру;

2) Бөлімнің компетенциясына кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік және басқа да органдардан тегін негізде ақпарат сұрау және алу;

3) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте семинарлар мен отырыстарды өткізу;

4) Ішкі қолдану үшін пайдаланатын ұсынылған құжаттардың көшірмесін растау;

5) Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;

6) Қажетті мемлекеттік қызмет көрсету үшін қосымша ақпарат алуға сұрау салу арқылы тиісті мемлекеттік органдарға жүгіну;

7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамада көзделген және нормативтік актілеріне сәйкес Комиссиялар құру;

8) Қолданыстағы заңнамалық актілермен қарастырылған өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

Міндеттері:

  1.  Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
  2. заңнамалық белгіленген тәртіппен Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы бөлімнің құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді аударуды қамтамасыз ету;
  3. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жоғары тұрған органға сәйкес ақпаратты ұсынуға тиісті;
  4. Бөлім әкімші болып, тиісті мәслихатпен бюджеттік бағдарламаларды бекіту үшін аудан әкімдігіне енгізеді;
  5. жергілікті бюджеттің (нақтылауымен) бекітуімен аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысу;
  6. Бөлімнің құзырына жататын мәселелерді шешу жөнінде аудан әкімінің қарауына ұсыныстар енгізу;
  7. Бөлімге жүктелген қажетті жұмыстарды орындау үшін мемлекеттік органдардан ақпараттық, әдістемелік, нормативтік материалдарды, статистикалық мәліметтерді алу;
  1. заңнамалық белгіленген тәртіппен қоғамдық мониторинг жүргізетін

үкіметтік емес құрылымдарға тиісті ақпаратты ұсыну;

  1. жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
  2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

 

3.Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

        20. Бөлімнің  басшылығын бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

        21. Бөлімнің бірінші басшы қызметіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, осы лауазымға аудан әкімімен тағайындалады және босатылады.

        22. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, бөлімнің бірінші басшысының қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

        23. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттілігі:

        1) Бөлімнің міндеттері мен өкілеттіліктерін, сонымен қатар бөлімшенің функцияларын анықтайды;

        2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, бөлімнің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

        3) Заңнамамен белгіленген тәртіпте бөлімнің қызметкерлеріне қойылған тәртіп бойынша тәртіптік жаза қолданады;

        4) Бөлім бойынша бұйрықтар шығарады;

        5) Бөлімнің қызметкерлеріне материалдық көмек көрсету және көтермелеу туралы шешімдер қабылдайды;

        6) Бөлімнің мүдделерін мемлекеттік органдар мен басқа да мекемелерге ұсынады;

        7) Аудан әкімдігі мен әкімінің алдында өзінің жұмысы мен мекемедегі қызметі туралы есеп береді;

        8) Өз компетенциясының шегінде бөлімнің қаражаты мен мүлігіне иелік етеді;

        9) Өзінің өкілеттілігінің шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге міндетті және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын оның бағыныштылары бұзған үшін дербес жауапкершілік тартады;

        10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бөлімнің басқа да өкілеттіліктерін жүзеге асырады.

 

4. Бөлімнің мүлкі

 

        24. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

Бөлімнің  мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

        25. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

         26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

 

 

5. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату

 

        27. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

        28. Бөлім қысқартылған (таратылған) кезде несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншігінде қалады.

 

 

 

 

 


Дата редактирования: 07 Февраля 2018 09:54

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»