В Осакаровке:  -1°C , Влажность 79%, Давление 718, ветер 1 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Іріктеу бойынша іс-шараларды өткізудің критерийлері

 «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобаларды»

іріктеу бойынша іс-шараларды өткізудің критерийлері

 

Әдістемелік ұсынымдар Қарағанды облысында «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобаларды» іріктеу бойынша іс-шараларды (бұдан әрі – Іс-шаралар) ұйымдастыру және өткізу тәртібін регламенттейді.

Іс-шаралар қоғамдық бірлестіктерге көмек көрсету және халықтың әлеуметтік осал топтарының, оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру мақсатында әзірленді.  

 

1. Іс-шараны ұйымдастырушы

 

1. Іс-шараны облыстық деңгейде ұйымдастырушы Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі –  Басқарма), өңірлік деңгейде Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламлар бөлімдері (бұдан әрі –  Бөлімдер) болып табылады.

2. Облыстық деңгейде іріктеу турының ұйымдастыру қызметін үйлестіру үшін Басқарма Үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу жөніндегі комиссияларды құрады.

3. Әлеуметтік жобаларды іріктеу жөніндегі комиссияның құрамына «Нұр Отан» партиясы филиалдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Үйлестіру кеңесінің мүшелері, ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалдарының өкілдері, әкімдердің мүмкіндіктері шектеулі азаматтар мәселелерімен айналысатын кеңесшілері және басқа да мүдделі адамдар қосыла алады.

 

2. Іс-шараларды өткізу тәртібі

 

1. Өңірлік деңгейде әлеуметтік жобаларды іріктеуді ағымдағы жылдың өтініш түскен уақыттан бастап тамыз айына дейінгі кезеңде Комиссия жүргізеді.

2. Әлеуметтік жобалардың авторлары қызметі халықтың әлеуметтік осал топтарының, оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған қоғамдық бірлестіктер, мүгедектер ұйымдары, өзге де мекемелер және ведомстволар, жеке тұлғалар және басқа да үкіметтік емес ұйымдар болады (бұдан әрі – Қатысушылар).

3. Комиссия әлеуметтік жобаларды іріктеу үшін 5 балдық жүйе бойынша мынадай бағалау өлшемшарттарын айқындайды:

1) жобаның Байқау мақсаты мен шарттарына сәйкес келуі: «Халықтың әлеуметтік осал топтарын қоса алғанда, азаматтарға медициналық, әлеуметтік, білім беру және басқа салаларда қолдау көрсету, сондай-ақ жұмыс орындарын ашу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу»;

2) жобаның өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығы;

3) жобаны сапалы жоспарлау (іс-шараларды жобаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес нақты іске асыру);

4) жоба нәтижесінің қолжетімділігі;

5) осыған ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесінің болуы (ағымдағы жобаны жалғастыру және кеңейту);

6) қосымша қаржыландыру көздерінің болуы (қайырмалдық, гранттар, қайырымдылық, әлеуметтік тапсырыс, өз қаражаты);

7) аумақтық қамтуы (жобаны масштабтау);

8) өмірлік қиын жағдайға тап болған халықтың қамтылу үлесі;

9) жобаның ұзақтығы (1 жылдан кем емес);

10) жобаны іске асыруға еріктілерді тарту.

4. Көрмеге қатысуға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар:

1) ұсынылған құжаттарды, презентация материалдарын ресімдеудің сапасы;

2) жобалардың слайдтар, роликтер түріндегі презентациялау ұзақтығы 3-5 минут болатын презентациялық материалдарын құрастыру;

3) өткен жылғы республикалық Көрмеге ұсынылған жобалар қайталап қаралмайды.

5. Қажеттілік туындаған кезде Комиссия мүшелері «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобаларды» іріктеу өлшемшарттарына түзетулер енгізеді.

6. Іріктеу турына қатысуға өтінім қосымшадағы нысан бойынша
(№ 1 қосымша) өңірлік деңгейде өткізілетін іріктеу турының басталған уақытынан бастап ұсынылады.

7. Қатысушылардың қолына жобаның толық материалдарының қабылданғаны туралы хабарламалар беріледі.

8. Жоғарыда аталған өлшемшарттардың талаптарын сақтамаған жағдайда Комиссия қатысушыларға ұсынылған материалдарды кері қайтарып береді.

9. Жобаларды іріктеу кезінде даулы сұрақтар туындаған жағдайда Комиссия төрағасының шешімі басымды құқыққа ие болады.

10. Комиссия іріктеп алған жобалар материалдары ағымдағы жылдың      1 тамызына қарай Министрлікке республикалық Көрмеге жолданады.

11.Жұмыспен қамту және әулеметтік бағдарламалар бөлімінен кеңес алуға болады, мекен-жайы Осакаровка к., 1-я Семилетка көш., 1а, анықтама үшін телефон 8(72149)43-3-33

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобаларды» іріктеу бойынша іс-шараларды өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға

1-қосымша

 

Әлеуметтік жобаларды іріктеу бойынша іс-шараға қатысу үшін өтінім

 

1.

Әлеуметтік жобаның авторы

 

2.

Әлеуметтік жобаның атауы

 

3.

Жобалардың өңірлерде іске асырылған кезеңі

 

4.

Жобаның әлеуметтік маңыздылығы

 

5.

Қысқаша аннотациясы

 

6.

Жобамен қамтылған адамдар санаты және саны

 

7.

Қаржыландыру көздері

(мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, тартылған қаражат)

 

8.

Қол жеткізілген нәтижелер (оңалтудан өткен, жұмысқа орналастырылған, қамтылғандардың және  т.б. саны)

 

9.

Презентациялық материал (жобаның логотипі, слайдтар және DVD форматтағы роликтер)

 

10.

Қосымша ақпарат (телефон, факс, e-mail және т.б.)

 

 

 

 

 


Дата редактирования: 17 Марта 2017 11:55

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»