В Осакаровке:  9°C , Влажность 40%, Давление 716, ветер 7 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

2015-2017 жылдарға арналған Аудандық келісіміне толықтыру

Осакаров ауданы әкімі, кәсіподақтар бірлестіктері,

аудандық кәсіпкерлер  және жұмыс берушілерінің арасындағы

2015-2017 жылдарға арналған Аудандық келісіміне

толықтыру

 

Біз, Осакаров ауданының атқару органдарының, жұмыскерлердің бірлестіктері, аудан кәсіпкерлердің, жұмыс берушілердің уәкілетті өкілдері (одан әрі-Жақтар) әлеуметтік серіктестік міндеттерін басшылықа алып, 2015-2017 жылдарға арналған Аудандық келісімге (одан әрі-Қосымша келісім) келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдадық:

1. 2 тарау «Халықты жұмыспен нәтижелі қамту және адам капиталын дамытуға көмек беру» тармақтарын келесі мазмұндармен толықтырылсын:

2.7. Кәсіпорынның экономикалық жағдайын әлсіретуге алып келетін өндіріс көлемінің, орындалған жұмыстардың және қызмет түрлерінің көлемі төмендеген жағдайда жұмыс берушілер Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жұмыскерлердің қысқаруын азайту (минималдандыру), сондай-ақ, төменде көрсетілген шаралар жолымен шешуді міндетіне алады:

- жұмыс тоқтап тұрған жағдайда жұмыскердің келісімін алмастан денсаулығына зиян келмейтін, орындаған жұмысына төленетін басқа жұмысқа көшіруді;

- әкімшілік-басқару шығындарын қысқарту.

2.8. Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 52 бабының 1 тармағы 3 тармақшасында қарастырылған негізде еңбек келісім шартын бұзу кезінде (жұмыс берушінің экономикалық жағдайын әлсіретуге алып келетін өндіріс көлемінің,орындалған жұмыстардың және қызмет түрлерінің көлемі төмендеген жағдайда), жұмыс беруші кәсіпорын кәсіподағы немесе жұмыскерлердің өкіліне жұмыс берушінің актісі жобасын (бұйрық) және хабарламасын береді. Бұл бұйрық және хабарламада еңбек келісім шартын бұзуға негіз болған себептер көрсетіледі  (жұмыс берушінің экономикалық өзгерістері  мен еңбек келісім шартын бұзудың қажеттілігі арасында тікелей байланыстың болуы), заңнамада қарастырылған мерзімде есепке алумен қатар жұмыс берушінің актісі шықпастан 30 күн мерзімде кәсіподақ және жұмыскерлер өкілдерінің негізделген (мотивацияланған) пікірлерін алуға.

2. 6 тарау «Әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік жауапкершілікті дамыту»

6.2.тармағын келесі мазмұндағы тармақшамен толықтырылсын:

- ұжымдық келісім шарттың маңыздылығын, жұмыс беруші мен жұмыскердің арасындағы әлеуметтік диалогты ұйымдастыру механизмдерін, еңбек ұжымдарында әлеуметтік шиеленісті шешу және алдын алу тәртібін түсіндіру бойынша біріккен шаралар өткізу.

Осы Қосымша келісім қол қойған күннен бастап өз күшіне енеді және Осакаров ауданы әкімінің, кәсіподақтар бірлестіктерідің, аудандық жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер қауымдастықтарының арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған Аудандық келісімнің ажырамас бөлігі болып саналады.

3. Келісімнің мәтіні екі апталық мерзімде аудандық «Сельский труженик» газеттетінде жариялауы қажет.

 

 

Аудандық келісімге осы толықтыруларға қол қойғандар:

 

 

Осакаров ауданының әкімі

                          Қ. Шайжанов

Аудандық кәсіподақтар бірлестіктерінен

 

                           Л. Комарова

 

 

Ауданының кәсіпкерлер палатасының директоры

 

 

 

 

                            Б. Сыздыкова

 

 

 

 

Дата редактирования: 20 Апреля 2017 17:18

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»