В Осакаровке:  4°C , Влажность 67%, Давление 716, ветер 7 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Жаңа фоматтағы атаулы әлеуметтік көмек.

Жаңа фоматтағы атаулы әлеуметтік көмек.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап көпбалалы отбасыларға арналған арнайы мемлекеттік жәрдемақы, аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына арналған мемлекеттік жәрдемақы   және аз қамтылған үй шаруашылықтарына бері­летін атаулы әлеуметтік көмектің орнына  отбасының табысына сәйкес берілетін жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек тағайын­далады.

        Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек шартсыз және шартты ақшалай көмек болып 2 түрге бөлінеді.

        Шартсыз ақшалай көмек, құрамында еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларға (мәселен қарт зейнеткерлер мен мүгедектер отбасыларына) немесе еңбекке жарамды мүшелері еңбекпен қамту шараларына белгілі бір себептермен қатыса алмайтын отбасыларға (мысалы мектеп жасындағы балалары бар жалғызбасты аналарға) беріледі. Мұндай отбасылардан жәрдемақы алуы үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді.

        Шартты ақшалай көмек  әрбір отбасы мүшесіне,   сондай-ақ  отбасының барлық еңбек етуге қабі­летті мүшелері жұмыспен қамту шараларына мін­детті түрде қатысқан жағдайда (тұрақты және уақытша жұмыс орындарына, жастар тәжірибесі, кәсібі немесе мамандығы бойынша оқыту немесе қайта оқыту), жеке қосалқы шаруашылығын дамытуға және жеке кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыруға беріледі.

Барлық сұрақтар бойынша мына мекен жайға: осакаровка кенті 1-ши Семилетка көшесі 2,Осакаров ауданының Халықты жұмыспен қамту орталығы КММ-сіне жолығуларыңызға болады. Тел:872149-41133,79038

 


Дата редактирования: 10 Ноября 2017 15:51

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»