В Осакаровке:  10°C , Влажность 83%, Давление 708, ветер 12 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

2018 жылдан бастап Қазақстанда ақшалай әлеуметтік көмек жаңа ережелер бойынша көрсетілетін болады.

2018 жылдан бастап Қазақстанда ақшалай әлеуметтік  көмек жаңа ережелер бойынша көрсетілетін болады.

Үкімет әлеуметтік көмекті жаңғырту, оның атаулығын жоғарылату және әлеуметтік масылдықты төмендету шеңберінде тиісті жұмыс жүргізуде.

Ұлт жоспарының 84-қадамын іске асыру үшін қолданыстағы үш жәрдемақыны біріктірунегізінде2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірыңғай жәрдемақы –жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті (бұдан әрі – АӘК) енгізу қарастырылған:

- 4 және одан да көп баласы бар отбасыларға арнайы мемлекеттік жәрдемақы (отбасының кіріс деңгейін есептеусіз барлық көпбалалы отбасыларға республикалық бюджет есебінен төленетін);

- мемлекеттік балалар жәрдемақысы (жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60%-нан төмен отбасыларына жергілікті бюджет есебінен төленетін);

- атаулы әлеуметтік көмек (жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40%-нан төмен отбасыларына жергілікті бюджет есебінен төленетін).

Мемлекет пен әлеуметтік жәрдемақы алушылардың арасындағы өзара міндеттемелердің жоқтығы, сонымен қатар оларды шартсыз беру тәртібі еңбекке қабілетті алушыларды еңбекке ынталандырмайды жәнеоларда масылдық көңіл-күй қалыптастырады.

Осыған орай, АӘК жаңа форматындаәлеуметтік келісімшарт жасау арқылы тараптардың міндеттемелері қарастырылған.

Анықтама: әлеуметтік келісімшарт 6 айға дейін создыру мүмкіндігімен 6 айға қол қойылады.

Әлеуметтік келісімшартқа қол қоя отырып, тараптар өздеріне өзара міндеттер жүктейді: әлеуметтік қызметтер – жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге күш салуға және төлемдерді төлеуге, ал отбасыныңеңбекке қабілетті мүшелері – отбасыназ қамтылған топ құрамынан шығаруға бағытталған әлеуметтік бейімдеу мен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына адал қатысуды.

Аз қамтылған отбасылардың еңбекке қабілетті мүшелерінәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде оқу шығыстарын төлеу, әлеуметтік еңбек орындарындағы жалақының 35%-ын субсидиялау, жоғарғы оқу орындары түлектеріне арналған жастар практикасын төлеу немесе жеңілдік шарттар қарастырылған микрокредит түрінде мемлекеттік қолдау алуына болады.

 

Бұл ретте АӘК жан басына шаққандағы орташа  табысы ең төмен күнкөріс деңгейі(бұдан әрі – ЕТКД) шамасының 50%-дан төмен отбасыларына көрсетіледі.

Отбасының әрбір мүшесіне арналған АӘК мөлшері отбасының нақтыжан басына шаққандағы табысы мен               ЕТКД-ның 50%-ыныңайырмасына тең болады.

Анықтама: 2017 жылғы 1 қаңтарда бекітілген ЕТКД мөлшері 24459 теңгені құрады, 2018 жылғы 1 қаңтарда оны 28284 теңгеге дейін жоғарлату жоспарлануда (Республика бойынша).

 

Аз қамтылған отбасының 18 жасқа толған еңбекке қабілетті мүшелері өздеріне әлеуметтік келісімшартпен жүктелген міндеттердіорындамаған жағдайдажәрдемақы мөлшерін қысқарту тетігі қарастырылған: бірінші рет - отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің АӘК 50%-ға, ал қайталаған жағдайда  100%-ға қысқартылады.

Бұл ретте, объективті себептерге байланысты жұмыспен қамтудың белсенді және әлеуметтік бейімдеу шараларына қатыса алмайтын азаматтардың кейбір жекелеген топтары(I және II топ мүгедектері,уақытша еңбекке қабілетсіздікке әкелетін ауруларға шалдыққан азаматтар, зейнеткерлер және т.б.) үшін АӘК шартсыз сипатқа ие бола отырып, әлеуметтік келісімшарт жасамастан төленетін болады.

Үкіметтің пайымдауынша, АӘК жаңа форматын енгізу әлеуметтік көмектің атаулығынкүшейтуге, әлеуметтік масылдықтың алдыналуға, еңбек белсенділігін ынталандыруғамүмкіндік береді.

Нәтижесінде бұлаз қамтылған азаматтардың өмір сүру деңгейіне оң әсер етеді.

Анықтама:мысалы, 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбекке қабілетті екі ата-анасы бар төрт балалы аз қамтылған отбасының табысы 24,5 мың теңгені құрайтын (ең төменгі жалақының мөлшері) жалпы соммасы 34,3 мың теңгені құрайтын үш жәрдемақы алса, онда АӘК жаңа форматын енгізгеннен кейін отбасы алатын жәрдемақылардың мөлшері60,4 мың теңгеге дейін немесе 76%-ға өсетін болады.

 

Сонымен қатар, жоспарланған АӘК жаңа форматын енгізу табысыең төмен күнкөріс деңгейінің50%-нан жоғары болатын көп балалы отбасылардыай сайынғы әлеуметтік қолдаусыз қалдырар еді (арнайы мемлекеттік жәрдемақы әр отбасына 4,16 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде).

Осыған орай, 2018 жылғы1 қаңтарға дейін арнайы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған барлық отбасыларолардың балалары 18 жасқа толғанға дейін ала беретін болады.

 

Осакаров ауданының жұмыспен

қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімі


Дата редактирования: 07 Ноября 2017 17:59

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»