В Осакаровке:  -9°C , Влажность 39%, Давление 728, ветер 5 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Осакаровка ауданындағы Рухани келісім күніне байланысты өткізілген іс-шаралар туралы мәлімет

                                                                                        

Осакаровка ауданындағы Рухани келісім  күніне байланысты өткізілген іс-шаралар туралы мәлімет

 

Осакаровка ауданының ішкі саясат  бөлімі аудан әкімі орынбасары ұйғаруымен   Рухани келісім күнін өткізу  туралы іс-шара жоспарын жасады

        Осы жоспарға байланысты келесі іс-шаралар өткізілді:

        2016 жыл 12 қазан  Осакаровка кенті әкім аппараты ғимаратында жергілікті  қоғамдастықтың аудан бас имамымен кездесуі өтіп, 20 адам қатысты.

       2016 жыл 17 қазан мұражай қызметкерлері ішкі саясат бөлімімен бірлесіп осакаровка кентінің  №1 орта мектебінде «Рухани келісім-бірліктің бастауы» тақырыбында  дәріс өткізді. Қатысушылар саны 30 адам.

       Ішкі саясат бөлімі Жастар ресурс орталығымен бірлесіп 2016 жыл 17 қазанда тарихи-өлке мұражайында  «Нұр Отан» (Бекова Д.Е.- «Нұр Отан» партиясының  аудандық  филиал төрағасы орынбасары) партиясы өкілдері, Этномәдени бірлестіктер (Кошевец В.Н., Попандопуло О.Н.), Қоғамдық келісім кеңесі (Шакирбеков И.М. - төрағасы), Аналар кеңесі (Ваксман В.В. – төраға орынбасары, Журавлева Т.А. - мүшесі)  аудан жастарымен  «Бейбітшілік пен келісім- Тәуелсіз Қазақстан таңдауы» тақырыбында  кездесу өтті.  Кездесуге 40 астам жұмыскер  жастар қатысты.

       18 қазанда Орталық аудандық  кітапханада  және Молодежный кенті кітапханасында «Діні күшті елдің- іргесі берік» атты кітап көрмесі және Осакаровка кенті Орталық балалар кітапханасында «Рухани келісім-Халық бірлігіне апрар жол» атты тематикалық көрме өтті.

       2016 жыл 18 қазанда ауданның барлық мектептерде «365 күнге созылған Рухани келісім күні» атты  сынып сағаты өтіп, оған барлық мектеп оқушылары қатысты. Қатысушы 9-11 сыныптар  арасында  аудан мектептерінде «Жүректен жүрекке» атты дөңгелек стөл өтті.  Жұмысқа қатысушылар саны 900 астам.

       2016 жыл 18 қазанда Жастар ресурс орталығы тарихи-өлке мұражайында  дәстүрлі діни конфессия өкілдері аудан бас имамы Яхияев Ж.А және провославие шіркеуі бастығы Сенькина М.И қатысуымен  «Тәуелсіздік негізі – рухани келісім» тақырыбында  дөңгелек стөл өткізілді. Кездесуге 35 астам жастар және Осакаровка  мектебінің жоғарғы сынып оқушылары  қатысты.

      «Сельский труженик»  аудандық газетінде,  аудан әкімі аппараты және Орталық кітапхана  сайттары жүйесінде 2016 жылдың 10-22 қазаны аралығындағы ауданда өткізілген  барлық іс-шаралар, Рухани келісім күніне арналды.

 

Бөлім басшысы                                                             Д. Мулдагалиева     


Дата редактирования: 24 Октября 2016 09:23

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»