В Осакаровке:  10°C , Влажность 83%, Давление 708, ветер 12 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Заңнамаға өзгеріс.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Заңнамаға өзгеріс.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатын мүгедектер үшін 2 түрлі төлем бір төлемге біріктірілетіні қарастырылған.

Төлемдердің жалпы көлемі төмендемейді, басқару тәртібі жеңілдетіледі – Өтініш беруші тарапынан 2 өтініштің орнына 1 өтініш берілетін болады.

Көлемдері:

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы көлемі (Күнкөріс құны 28284 теңгені құрайды):

·Жалпы аурулар, Еңбек шағымдары, 1 топтағы кәсіби аурулар мүгедектеріне(1,92)– 54306 теңге.

·Жалпы аурулар, Еңбек шағымдары, 2 топтағы кәсіби аурулар мүгедектеріне (1,53)– 43275 теңге.

·Жалпы аурулар, Еңбек шағымдары, 3 топтағы кәсіби аурулар мүгедектеріне (1,04)– 29416 теңге.

·16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға (1,4)– 39598 теңге.

·1 топтағы бала жасынан мүгедектер, 16 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға (1,92) – 54306 теңге.

·2 топтағы бала жасынан мүгедектер, 16 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға (1,59) – 44972 теңге.

·3 топтағы бала жасынан мүгедектер, 16 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға(1,2) –33941 теңге.

·Шұғыл әскери қызметкерлер арасынан (әскери қызметті өтеу кезіндегі) 1 топтағы мүгедектеріне (2,81) – 79479 теңге.

·Шұғыл әскери қызметкерлер арасынан (әскери қызметті өтеу кезіндегі)2 топтағы мүгедектеріне(2,4) – 67882 теңге.

·Шұғыл әскери қызметкерлер арасынан (әскери қызметті өтеу кезіндегі) 3 топтағы мүгедектеріне(2,01) – 56851 теңге.

·Әскери қызметкерлер арасынан (әскери қызмет міндетін атқаруға қатысы жоқ) 1 топтағы мүгедектеріне (1,92) - 54306 теңге.

·Әскери қызметкерлер арасынан (әскери қызмет міндетін атқаруға қатысы жоқ) 2 топтағы мүгедектеріне (1,53) - 43275 теңге.

·Әскери қызметкерлер арасынан (әскери қызмет міндетін атқаруға қатысы жоқ) 3 топтағы мүгедектеріне (1,04) - 29416 теңге.

·Әскери қызметкерлер арасынан (әскери қызметін атқару кезінде алдырылған) 1 топтағы мүгедектеріне(3,44) – 97297 теңге.

·Әскери қызметкерлер арасынан (әскери қызметін атқару кезінде алдырылған) 2 топтағы мүгедектеріне (2,65) – 74953 теңге.

·Әскери қызметкерлер арасынан (әскери қызметін атқару кезінде алдырылған) 3 топтағы мүгедектеріне (2,01) – 56851 теңге.

Арнайы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу тек төмендеглер үшін сақталады:

1) Байқоңыр қаласының тұрғындары

2) 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жыл ұзақтығы немесе жасына байланысты зейнетақылары мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының сәйкестендірілген көлемінен жоғары алатын зейнеткерлер.

2015 жылғы 28 қазандағы №369 «Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау сұрақтары бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Заңына сәйкес,«Бірге тұратын кәмелетке толмаған 4 және одан көп балалы, көп балалы отбасы» санаты бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы бүгінгі күні аз қамтылған отбасылар үшін 3 белсенді төлем түрлері бар жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке айналады:

- Арнайы мемлекеттік жәрдемақы.

- Атаулы әлеуметтік көмек.

- 18 жасқа дейінгі мемлекеттік жәрдемақы.

1999 жылғы 5 сәуірдегі №365 «Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Бірге тұратын кәмелетке толмаған 4 және одан көп балалы, көп балалы отбасы» санаты бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақысын тағайындау алынып тасталды.

2018 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған «Бірге тұратын кәмелетке толмаған 4 және одан көп балалы, көп балалы отбасы» санаты бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы төлемі аяқталу мерзіміне дейін жалғасады.


Дата редактирования: 11 Декабря 2017 17:21

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»