Құндызды ауылдық округіндегі көшелерді қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабы 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Құндызды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Осакаров ауданы, Құндызды ауылдық округіндегі көшелері келесідей:
1) Шұңқыркөл ауылындағы Центральная көшесін - Тәуелсіздік көшесіне;
2) Шұңқыркөл ауылындағы Остановочная көшесін -Бейбітшілік көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім Е.Омашев
Дата редактирования: 17 Июля 2018 13:20